Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Агрохимия зерттеулері нысандары





Агрохимиялық зерттеудің басты нысаны – өсімдік. К.А.Тимирязев өсімдіктердің қоректік заттарды қажетсінуін анықтау және мүмкіндігінше дәл белгілеу үшін тиісті тәжірибе жүргізу керек екендігін атап көрсетті. Қажетті заттарды өсімдіктердің қаншалықты мөлшерде талап ететініне орай реттеп, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қолданған жағдайда агротехникалық талаптар да сақталады. Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің екінші нысаны – топырақ болып саналады. Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін, физикалық қасиеттерін, құрамындағы қоректік заттардың жалпы және өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшері мен өзгеруін агрохимиялық зерттеу әдістерінің көмегімен анықтайды. Үшінші нысаны – тыңайтқыштар. Тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттері, оларды топыраққа енгізгенде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы, тыңайтқыш қолдануды ауыспалы егістегі басқа агротехникалық шаралармен үйлестіру мәселелері зерттеледі.Бұл нысандар бірбірімен тығыз байланысты болғандықтан оларды біріктіріп тексеру агрохимиялық зерттеулер әдістеме ғылымының басты міндеті.

Агрохимиялық зерттеулер әдістемесінде түрлі тәсілдер қолданылады:

1. Егістік, вегетациялық, лизиметрлік тәжірибелер. Бұл тәжірибелердің көмегімен өсімдіктің қоректенуінде жеке химиялық элементтердің маңызы, олардың дақылдар үшін қолайлы арақатынасы мен мөлшері жөніндегі мәселелерді шешуге, өсімдіктердің қоректік заттарды сіңіру механизмін зерттеуге мүмкіндік береді.

2. Өсімдік, топырақ, тыңайтқыштар үлгілерін сандық және сапалық жағынан зерттеудің зертханалық тәсілі. Аталған тәсілді қолданып агрохимия нысандарының құрамын жан-жақты талдауға болады.

3. Биофизикалық және микробиологиялық тәсілдер. Бұл тәсілдермен физикалық құбылыстар мен микробиологиялық үрдістерді зерттейді.

4. Математикалық тәсілге тәжірибелердің нәтижелерін статистикалық өңдеу жатады. Ол үшін дисперсиялық талдау кеңінен қолданылады.

Жоғарыда аталған тәсілдер зерттеу жұмыстарында әр уақытта тепе-тең дәрежеде қолданылмайды, бірін-бірі алмастырмайды, керісінше, толықтырып отырады. Толықтыру нәтижесінде ғана зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, алға қойған мақсатқа жетуге болады. Себебі өсімдіктердің қоректенуіне қолайлы жағдай түғызу үшін тыңайтқыштарды қолданудың және олардың топырақпен әрекеттесуін анықтаудың, олардың ара қатынасы мен топыраққа енгізу тәсілдерін сақтаудың маңызы зор. Сондай-ақ, агрохимиялық зерттеу тәсілдерін ауыспалы егіс жүйесінің ерекшеліктері мен суармалы жерлердің жағдайына сәйкес пайдаланған дұрыс.

Агрохимиялық әдістерді қолданған ғалымдар:

француз ғалымы Ж.Б.Буссенго (1802-1887 жж.) 1837 жылдан бастап өсімдікті таза құмда өсіру жөнінде алғашқы тәжірибелер жүргізді. Ол үшін қыздырылған құмға аздаған күл қосып, ешқандай органикалық зат және өсімдіктің атмосферадағы азотқа қажетін анықтау үшін азот енгізген жоқ. Осылайша ол вегетациялық әдістің негізін қалады.Сондай-ақ Буссенгоны ең алғашқы агрохимиялық тәжірибе стансасын ұйымдастырушы деп санауға болады. Ол 1834 жылдан бастап ауыспалы егістегі жеке элементтердің кірісі мен шығысын есептеп шығаруға әрекет жасады. Буссенго агрохимиялық зерттеуде химиялық талдаудың сандық тәсілдерін қолдану арқылы егіншіліктегі заттардың айналымын анықтады.Агрохимиялық зерттеу әдістемесінің дамуына ағылшындық ғалым Д.Б.Лооз (1814-1900 жж.) біршама үлес қосты. Ол 1843 жылы ғылыми мекеме – Ротамстед тәжірибе стансасын ұйымдастырды. Мұнда тыңайтқыштардың дақылдарға әсерін зерттеу мақсатында көпжылдық егістік тәжірибе салынды. Сөйтіп Ротамстед тәжірибе стансасы агрохимиялық ғылыми-әдістемелік орталыққа айналды.Лооз 1836-1838 жылдары вегетациялық тәжірибелер жүргізу арқылы өсімдік үшін фосфордың маңызын анықтады. Бұл тәжірибеде Лооз фосфор тыңайтқышы ретінде күкірт қышқылымен өңделген сүйектің күлін пайдаланды. Ал 1840 және 1841 жылдары бұл тыңайтқыштың ауыл шаруашылығы дақылдарына әсерін егістік тәжірибелерде сынады. Лооз 1843 жылы азот тыңайтқышының үдемелі мөлшерінің бидай дақылына әсерін білу үшін егістік тәжірибе салды.

Агрохимиялық зерттеулер осы жолмен дамыды және

агрохимиялық зерттеулер әдістемесінің қолданылу ауқымы

барған сайын ұлғайып, маңызы арта түсуде. И.С.Дикусар (1897-1973 жж.) вегетациялық тәжірибе көмегімен аммоний селитрасы құрамындағы азотты өсімдіктің қабылдау ерекшеліктерін, яғни орта реакциясына байланысты екенін, сонымен бірге аммиак өсімдіктің калийді қабылдауын төмендететінін, керісінше,фосфорды сіңіруін жоғарлататынын дәлелдеді.

 

37. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясына талдау жасап, классификациясын тоқталыңыз.

Дәннің жекелеген қасиеттері мен оны сақтау кезінде жүретін процестердің өзара байланысы, олардың ортаның негізгі факторларына байланыстылығы, дәннің сапасы мен күйіне тигізетін әсер етуі осының бәрі сайып келгенде дәнді сақтау тәртібіне (режиміне) байланысты. Астық сақтау тәсілдері де негізінен олардың физикалық және физиологиялық қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты топтастырылған. Одан басқа қолданылатын тәсілдердің тиімділігі елдің техникалық және экономикалық деңгейінен, ауа райы ерекшеліктеріменен және де басқа шарттармен анықталады. Астық өндіру маусымды процесс, ал оны тұтыну жыл бойына созылады. Астықтан жылына азықтық, жемдік және тұқымдық қор жиналады. Оларды тұтыну мұқттаждығына сай әртүрлі мерзімде сақтауға тура келеді. Сондықтан астық сақтау қысқа және ұзақ мерзімді болады.

Бірінші тәсіл сөткелеп, 1-3 айға созылатын болса, екінші тәсіл бірнеше жылға созылады. астық сақтаудың негізгі коры кіші дәннің шығынсыз ысырапсыз болуын қамтамасыз ету.

Астықтың сусымалдығына байланысты дәнді қаптап және үйінді түрде сақтау тәсілдері кең тараған.

Астықты негізгі сақтау тәсілі қоймаларда үйінді (үйме) күйінде сақтау. Бұл тәсілдің қойманың сиымдылығын тиімді пайдалану, астық өңдеуді механикаландыру, астық қорының зиянкестерімен күресуді ұйымдастыру, дәннің сапасын бақылау сияқты жұмыстарды дұрыс жолға қоюға мүмкіндігі мол.

Қаптап сақтау тәсілі, тұқымдық және басқа арнаулы дәндердің түрлерін қаптап, жекелеп сақтау үшін тиімді. Астық сақтаудың негізгі үш тәртібі қолданылады: 1) құрғақ күйде; 2) салқындатылған күйде; 3)ауасыз ортада. Сақталып жатқан астықтың сапасын арттыруға мүмкіншілік тудыратын басқа да әр түрлі технологиялық процестер де қолданылады. Оларға жататындар кептіру,қоспалардан тазарту, желдету, зиянкестерден қорғау, консервілеу және т.б.
Дәнді құрғақ күйде сақтау

Дәнді құрғақ күйде сақтау астықтың көптеген бөліктеріндегі ылғалдың жеткіліксіздігінен физиологиялық құбылыстардың төмен, баяу деңгейде жүретіндігіне негізделген. Ылғалдығы 12-14% (шекті деңгейден 1,5- 2% төмен) зиянкестермен зақымданбаған астықтұқымдастар дәні мен бұршақтұқымдастар тұқымы дұрыс сақталған жағдайда анабиоз күйінде жатады.

Астықты құрғақ күйде сақтау - тұқымдық дәндер үшін негізгі тәсіл. Құрғақ дән қашық жерлерге теміржол және су транспортымен тасымалдауға жарамды. Ұзақ мерзім сақтау үшін де сапалы құрғақ дән қойылады. Әйтсе де, ылғалдығы 12 - 14% дән элеваторларға тек ауаның салыстармалы ылғалдығы төмен немесе орақ кезінде, ауа райы құрғақ болап тұрған аудандардан ғана түседі басқа аудандарда орақ маусымындағы ауа райы жағдайының ерекшеліктеріне байланысты дәнінің көп бөлігі ылғал және балауса күйінде қабылданады.

Дәнді салқын күйде сақтау

Дәнді салқын күйде сақтау тәртібі төмен температурада негізгі дақыл дәнінің, арамшөптер тұқымының, микроорганизмдердің, жәндіктердің тіршілігі күрт төмендеп кететініне немесе тіпті тоқтап қалатынына негізделген. Астықтың жылу өткізгіштігінің төмендігі арқасында оның салқындаталған күйін элеваторларда сақтағанда бір жылға дейін, қоймаларда алты айдан астам уақыт бойы сол күйде ұстап тұруға болады.

Астыққа 5 - 10 °С шамасандағы температура қолайлы. Сондықан біздің еліміздің көпбөлігінде астықты ауамен желдетуді тәуліктік температура ауасуын пайдалана отырып, дәнді салқын күйде сақтауға жағдай жасауға болада. Салқындатуды элеватор қораптарында ылғалды,балауса, орып жиналған астықға кептіргенге дейін уақытша ғана сақтау үшін пайдаланады.

Астық дайындау жүйесіндегі кәсіпорындар үшін үймедегі дәннің температурасы 10 °С болса, ол салқындаталған болып табылады. Бүкіл үйме температурасы 0 °С-тан 10 °С аралығында болса, ол бірінші дәрежеде, ал 0°С-тан төмен болса екінші дәрежеде салқындатылған болып саналады.

Дәнді 0°С-қа дейін одан сәл төмендеу салқындату оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Одан әрі салқындату (мұздату) технологиялық әрі экономикалық тиімділікті төмендетуге әкеп соғуы мүмкін; өйткені, бұл ылалдылығы жоғары дәннің өнгіштігін - 10 - 20 °С температура кезінде-ақ күрт азайтып жіберуі мүмкін. Оның үстіне шамадан тыс салқындату қыстан көктемгі-жазғы жағдайға көшу кезіндегі үйме температурасының күрт өзгеруінен пайда болатын астықтың үстіңгі қабатының қызуына тосқауыл бола алмайды. Астықты атмосфералық ауамен салқындатудың екі түрлі тәсілі бар пассивті және активгі.

Дәнді ауасыз ортада сақтау

Дәнді ауасыз ортада сақтау ондағы барлық тірі организмдердің оттегін тұтынатынына, пайдаланатынына негізделген. Дән арасындағы ауада оның болмауы дәннің тыныс алу қарқынын төмендетеді. Мұндай жағдайда астықтағы микроорганизмдердің көбі тіршілігін тоқтатады. Жәндіктер мен кенелер дамымайды, дән мен арамшөптер тұқымы анаэробты тыныс алуға көшеді.

Ылғалдылығы төмен немесе шекті мөлшер шамасындағы дән ауасыз ортада сақтағанда ұндық, нандық, азықтық және жемдік қасиетін сақтайды. Анаэробты сақтау ылғалдылығы шекті мөлшерден жоғары дәннің сапасын нашарлатады (жылтырлығгынан айрылады, қоңыраяды, спирт иісі шығады, майдың қышқылдың саны артады). Бірақ нандық және жемдік қасиеті сақталады. Ауасыз сақтаудан болатын бір жай - дәннің өнгіштігі жойылады. Сондықтан, мұндай әдіс себуге арналған дән үшін ұсынылмайды.

Ауасыз сақтау былайша жүзеге асырылады: өздігінен консервілену (дәннің тыныс алуынан табиғи қолмен көмір қышқыл газының көбейіп, оттегінің азаюы); дән аралығына ауаны ығыстырып шығаратын газ жіберу; ауаны сорып алу. Ең оңай, арзан және кең тараған әдіс - дәннің өздігінен консервіленуі.

Дәнді химиялық консервілеу

Астық сақтау кезінде оның құрамындағы жекелегек бөліктерінің тіршілігін әр түрлі химиялық заттармен өңдеу арқылы баяулату немесе тоқтату химиялық консервілеу деп атайды.

Дәнді химиялық консервілеудің мынадай мүмкіндіктері бар: 1) ұзақ уақыт сақтағанда дәнді астық қоры зиянкестерінің дамуынан қорғау; 2)ылғалдылығы жоғары дәндегі микрофлора тіршілігін жою; 3) дәннің өздігінен қызуын тоқтату.

Құрғақ дәнді өңдеу үшін карбофос пайдалануга болада. Микрофлораның жақсы ингибиторы - натрий пиросульфиті, пропион қышқилы және басқа да төмен молекуланы карбон қышқылдары. Химиялық консервілеу көбінесе жемдік астық және тұқымдық дән сақтауда

 

38. Өсімдіктерді қорғау құралдарына мысалдар келтіріп, сипаттаңыз. Пестицидтер классификациясы

Ауыл шаруашылығында егіннің арамшөп, түрлі аурулар мен зиянкестерсіз болмайтыны бәріне мәлім. Сондықтан, дәнді дақылдар егуде түрлі аурулардан қорғау заттары қолданылады, яғни олар: химиялық, механикалық, агротехникалық және биологиялық, ең жақсы нәтиже олардың рационалды қолданған кезде болады. Механикалық қорғау әдістері зиянкестердің, жәндіктердің жұмыртқаларын және личинкаларын жою тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс көкөністер мен гүлді өсімдіктерді өсіргенде қолданылады.Өсімдіктерді қорғау құралдарының химиялық түріне пестицидтер жатады.

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

1. хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.

2. Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

3. Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.

4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.

5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған.

Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік. Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.

Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу – тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.

 

39. Тыңайтқыштар, биологиялық активті заттар, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану мен алудың заманауи технологиясына сипаттама беріңіз.

Тыңайтқыштар — құрамында қоректік элементтер болатын заттар. Өсімдіктердің толық, өсіп-жетілуіне қажет элементті қоректік элемент дейді. Өсімдіктердің өсіп, өнім беруі үшін қажет қоректік элементтердің маңызы ерекше. Фотосинтез кезінде өсімдіктердің жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шақты.

Шығу тегіне қарай органикалық және бейорганикалық тыңайтқыштар деп, ал агрегаттық күйіне қарай тыңайтқыштар қатты (селитра, фосфор тұздары) және сұйық (аммиак суы) болып бөлінеді.

Тыңайтқыштар — өсімдіктердің топырақтан қоректенуін жақсарту үшін қолданылатын органикалық және минералдық заттар. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады.

Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор.

Ауыл шаруашылығы практикасында егіншілікті химияландыру, оны жедел дамытудың куатты факторы екенін сенімді дәлелдеп берді. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, зығыр, күнбағыс тағы басқа дақылдар тұқымындағы май мөлшерін көбейтеді. Калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырының қант, картоптың крахмал мөлшерін арттырады.

Ауыл шаруашылығында егіннің арамшөп, түрлі аурулар мен зиянкестерсіз болмайтыны бәріне мәлім. Сондықтан, дәнді дақылдар егуде түрлі аурулардан қорғау заттары қолданылады, яғни олар: химиялық, механикалық, агротехникалық және биологиялық, ең жақсы нәтиже олардың рационалды қолданған кезде болады. Механикалық қорғау әдістері зиянкестердің, жәндіктердің жұмыртқаларын және личинкаларын жою тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс көкөністер мен гүлді өсімдіктерді өсіргенде қолданылады.Өсімдіктерді қорғау құралдарының химиялық түріне пестицидтер жатады.

Биологиялық активті заттар, биопрепараттар — адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар.

Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т.б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі.

Ал құрамында фосфор бактериялары бар — фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделіфосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы — ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады.

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.

Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:

6.хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалыққосылыстардиоксиндерменқосылысып, тұрақтыорганикалыққосылыстартүзеді.

7.Фосфорорганикалықинсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктіңөсуінреттегіштержәнет.б. Бұлартопырықтажәнебасқаортадатезірекыдырайды.

8.Карбаматтыинсектицидтер – карбаминқышқылыныңкүрделіэфирлері (севин). Бунақденелілердіңжекелегентүрлерінеғанаәсеретеді, ал жануарлар мен адамдарғазияныжоқ.

9.Хлорфеноксиқышқылтуындыллары – дефолиант ретінде су қоймаларындаөсетінөсімдіктердіжоюүшінқолданады.

10. Пиретроидтытабиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы. Бұлинсектицидтердіңжаңатүрі, оны табиғиматериалдарданбөліпалған. Мысалы, түймедақөсімдігініңсығындысынантабиғипиретрин-І алынған. Бұданбасқаөтеқаттыәсерететінжасандыпиретроидтер де алынған.

40. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің дамуына талдау жасаңыз. Топырақты қорғау заманауи технологиясы.

Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа ажыратылады.

· Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру-тайпалық қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп-кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара, жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге бағытталған. Мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен какао өсіруге маманданған.

Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік-латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта жүргізіледі:

а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш өсіру);

ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық алынатын өсімдіктер) күш-көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал шаруашылығымен ұштасады;

б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал шаруашылыры бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі.

Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай-ақ тыңайтқыш сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне бөлінеді:

а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка, Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары;

ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және бау-бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония) аумақтары;

б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар). Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік аймақтарындағы дамушы елдер;

в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой). Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары;

г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті-етті ірі қара, ет бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары;

ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау-бақша, жем дайындау, сүтті-етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері мен Жапонияға тән.

Топырақ жамылғысын қорғау және оны тиімді пайдалану топырақта оған тән емес физикалық, химиялық немесе биологиялық агенттердін болуын немесе ол агенттердің қажетті орташа жылдық деңгейден асып түсуін топырақ, ластануы дейді. Топырақ ластануының мынадай түрлері бар: минералды техногенді қалдықтармен ластану; улы органикалық және бейорганикалык, қосылыстармен ластану; радиоактивті заттармен ластану. Топырақтың ластануы қоршаған ортаға қауіпті, өйткені улы заттар қоректік тізбек арқылы топырақтан өсімдікке, өсімдіктен жануарға, жануардан адам организміне түседі. Қалыпты табиғи жағдайда топырақта болып жатқан процестердің бәрі тепе-теңдікте болып, онда өздігінен тазару процестері жүріп жатады. Адамның шаруашылық қызметінің дамуы барысында топырақ құрамының өзгеруі, тіпті бұзылуы жүріп жатыр. Қазіргі таңда планетадағы әрбір адамға бір гектарға жетер-жетпес айдалатын егістік жерден келеді. Осы аз көлемнің өзі адам тіршілігі арқасында одан да бетер азаюда. Құнарлы жерлердің үлкен бөлігі тау-кен жұмыстары, өнеркәсіп орындары мен қалалар салу әсерінен жарамсыз болып жатыр. Ормандарды кесу, табиғи өсімдіктер жамылғысын бұзу, агротехникалық талаптарды сақтамай жерді қайта-қайта жырту топырақ эрозиясының пайда болуына, яғни, топырақтың құнарлы қабатының желмен және сумен жуылып, бұзылуына алып келеді.
Эрозия қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінің үлкен жауы болып отыр. Соңғы тек жүз жылдың ішінде су мен жел эрозиясы нәтижесінде планетада 2 млрд гектар ауыл шаруашылығының құнарлы жерлері жарамсыз болып қалған.

Антропогендік әсердің бір салдары - топырақ жамылғысынын қарқынды ластануы. Ластанушылар ролін металдар мен олардын қосылыстары, радиоактивті элементтер, улы химикаттар атқаруда.

Топыраққа қауіпті ластаушылардың бірі сынап пен онын қосылыстары жатады. Сынап қоршаған ортаға улы химикаттармен, металдық сынап және оның қосылыстары бар өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен түсуде.

Топырақ үшін қауіпті ластаушылардың тағы бірі - қорғасын. Бір тонна қорғасын балқытқан кезде қалдықтармен бірге қоршаған ортаға 25 кг қорғасын бөлінеді. Жоғарыда айтылғандаи, қорғасын қосылыстары бензиннің құрамында да кездеседі Сондықтан автокөліктер қорғасынмен ластаудың көзі болып табылады

Қара және түсті металлургия орталықтарының төңірегіндегі топырақтар темірмен, мыспен, мырышпен, марганецпен, никелмен, алюминимен және басқа да металдармен ластанған. Көптеген жерлерде олардың концентрациясы шекті мөлшерден ондаған есе асып түседі.

Радиоактивті элементтер топыраққа атомдық энергияны пайдалануға қатысы бар ғылыми-зерттеу ұйымдары мен АЭС, атомдық жарылыстар немесе өнеркәсіп орындарының сұйық және қатты қалдықтарын кетіру кезінде түсуі мүмкін.

Топырақтың химиялық құрамына - тыңайтқыштар мен зиянкестерге, арам шөптерге, ауруларға қарсы әртүрлі химиялық заттар қолданылатын ауыл шаруашылығы да әсер етеді. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы процесіндегі зат айналымға түсетін заттардың мөлшері өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттардан кем түспейді. Айта кетерлігі, тыңайтқыштар мен улы химикаттарды қолдану жылдан-жылға артып келеді. Ал топырақтың құнарлылығы алынған өнім мен ондағы өсетін өсімдіктердің түрлік құрамына байланысты. Қазіргі кездегі топырақты ластаушыларының негізгі көздері мыналар:

· пестицидтер;

· минералдық тыңайтқыштар;

· өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы қалдықтары;

· атмосфераға өнеркәсіп орындарынан бөлінетін газды-түтінді заттар;

· Мұнай және Мұнай өнімдері.

Топыраққа антропогендік әсер ету оның деградацияға ұшырауына (эрозия, ластану, тұздану және батпақтану, шөлейттену) алып келеді. Сондықтан топырақ ластануын болдырмау үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

· табиғатты қорғайтын заңдарды бұлжытпай орындау;

· қоршаған ортаның сапасына бақылау жүргізетін мекемелер қызметін дұрыс ұйымдастыру;

· топырақты ластаушы заттардың қасиеттерін, жылжу

тәртібін, топырақ процестеріне қатысуын зерттеу;

· зиянды заттардың шекті мөлшерлерін нормалау;

· қауіптілігі бойынша пестицидтерді топтастырып, кейбір

түрлерінің қолданылуын шектеу;

· ауыл шаруашылығында зиянкестермен, арам шөптермен

күресу үшін химиялық әдістердің орнына биологиялық әдістерді қолдану және т.б.

 

 

42. Дән партиясын жинаудан кейінгі өңдеу мен қабылдау әдістемесіне баға беріңіз. Сақтау кезіндегі дәндік массаларды бақылау қалай жүргізіледі?

Дән партиясын дән массасы деп те атайды. “Дән массасы” термині әр түрлі қажеттіктер үшін қолданылатын дән тұқымдастары мен түрлерінің техникалық сипаттамасы. Кез келген дән массасы тұрады: негізгі астықтан [дәнек], көлем жағынан және әр түрлі дән массасының сапалық негізінен, қоспалардан, микроорганизмдерден. Астық пен қоспалардың әр түрлі конфигурациясы, олардың бірдей емес өлшемдері олардың жинағанда саңылаулар пайда болады және де ауаның олуына әкеледі. Ол дәндік массасының барлық компененттерінің өзгеруіне әкеледі, түсі өзі өзгереді, сонымен бірге атмосфералық ауадан тіпті құрамы, қысымы, температурасы да өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар дән партиясында жәндіктер және кенелер болуы мүкін. Олар дән массасы үшін бесінші қосымша және қажет емес зат ретінде есептелінеді. Осыған сәйкес, дән массасын сақтау және өңдеу кезінде тірі организм







Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...

ЧТО ТАКОЕ УВЕРЕННОЕ ПОВЕДЕНИЕ В МЕЖЛИЧНОСТНЫХ ОТНОШЕНИЯХ? Исторически существует три основных модели различий, существующих между...

Что способствует осуществлению желаний? Стопроцентная, непоколебимая уверенность в своем...

Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.