Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Отряд. ПОГАНКАЛАР (РОDІСІРЕDIFОКМЕS)





Поганкалар гагарларға туыстық жағынан жақын. Олардан мөлшері жағынан кішірек әрбір саусақтарының айналасында жарғақтары болады. Бұлардың ішінде үлкен поганка немесе чомга кең тараған (Роdіісерs сгіsіаtиs).

1 Поганкалар негізінен су насекомдарымен және оларды личинкаларымен, кейде шаяндармен, моллюскалармен және ұсақ балыктармен қоректенеді. Қоректерін іздеп, судың 7 метрдей тереңдігіне сүңгиді. Поганкалардьщ ұясы түрлі шөптесін заттардан жасалып, су бетінде қалқып жүреді, оншама терең болмайды, 2—7 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын атасы мен анасы кезектесіп басады. Өздері ұядан кеткенде, ұяның бетін шөптің қалдықтарымен жауып кетеді.

Поганкалар өмірінің барлығын дерлік суда өткізеді. Дем алу үшін ғана судан қайырларға шығады. Олар ұшар алдынан жү-гіріп барып көтеріліп шапшаң ұшады.

Поганкалардың еті қатты және дәмсіз, әрі оның етінен ба-лықтың дәмі шығып тұрады. Бұлардың терісі әйелдердің көй-лектерін әсемдеуге, бас киімдер, муфтылар, жағалар және пальтолар тігуге пайдаланылады. Олардың 'терісінен жасалған киімдер әсем, төзімді және жауынға, қарға шыдамды болады. Бізде поганка, гагарлар аз ауланады.

3. Отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (SТЕGАNОРОDЕS)

Ескек аяқтылар тұщы суда, көбінесе теңізде тіршілік ететін аяқтары қысқа, төрт саусағы кең жарғақпен қосылған, ал үлкен саусары кейін қарай емес Ішіне қарай қараған құстар. Тұмсығы ұзын екі жақ сүйегінің аралығындә азды-көпті созылмалы жалаң тері қалта болады. Монагамды. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз, қызылшақа болып, ата-анасының екеуі де қоректендіреді. Солтүстік аймақтан баска жердің барлырына Да тараған.

Б і р қ а з а н д а р т ұқымдасына (Реlесапіdае) өте ірі, тұмсықтары екі жағынан қысыңқы төменгі жағының аралығы-на орналасқан созылғыш, тері қалтасы болады. Тұмсығының ұшы ілмек тәрізді иілген. Денесі аумақты, мойны ұзын жіңіш-ке, ал аяқтары және құйрығы қысқа, жалпақ келеді.

Бірқазандардың бізде екі түрі кездеседі: ақ немесе бұйра (Реіесаnus сгіsриs) және қызғылт (Р. опосгоtalиs). Дене мөл-шерлері, әсіресе ақ бірқазанның ірі, салмақтары 12 кг дейін

жетеді.

Бізде бірқазандар: Қара, Каспий, Арал теңіздерінің және Кавказ, Орта Азияның ірі өзендері мен көлдерінің жағалаула-рында кездеседі. Өзендер мен көлдердің қалың қамысты жа-йылмаларына өсімдік тектес заттардан бөгеттер жасап, ұяларға жұмыртқаларын топтанып жүріп салады. Бірқазандар балықтарды су құзғындарымен бірігіп аулайды. Бірқазандар жақсы жүзгенімен, суға сүңги алмайды. Бірқазандар кейде балық аулау кезінде судың жиегінен алысырақ барып жиекке қарай қатарласып тұрып, бір мезгілде судың бетін қанаттары-мен сабалап, дауыстап балықтарды жағаға қарай үркітіп, ай-дайды. Сөйтіп, жағада қайырлап қалған балықтар бірқазан-дардын, қорегі болады.

С у қ ұ з ғ ы н д а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Рһаіасгосогіdае) дене мөлшері орташа және ұсақ құстар жатады. Бірқазандар-ға қарағанда денесі ықшамды аяғы денесінің артына таман орналасқан түрлер жатады. Қонып отырған кезде құйрығы-нын. қатты қауырсындарына тіреп денесін тік бағытта ұстап отырады. Тұмсығы цилиндр пішіндес ұшы үлкен ілмекті болады. Гамақ қалтасы аса айқын емес: СССР-де кездесетін түрлерден үлкен еу құзғыны көбірек кездеседі. Бұлар теңіздердің жағалауларына, өзендердің сағалары мен үлкен көлдердің жағалауына топтанып жүріп ұяларын салады. Олар ұяларын су маңайындағы қамысқа, ағаштарға, немесе тастарға жасайды. Балаларын асырауға ата-аналары да бірдей қатысады. Ата-анасы балапандарына келіп, кең етіп ауыздарын ашқанда балапандары олардың жемсауындағы балықтарын алып жейді. Су құзғындары балықпен қоректенгенмен көпшілік жерлерде айта қалғандай зияны тимейді.

4. Отряд. ДЕГЕЛЕК (АИСТ) ТӘРІЗДІЛЕР (СІСОNIFОRМЕS)

Дегелек тәрізділер — дене мөлшері әр түрлі көпшілігі ірі, ұзын иілімді мойынды, ұзын аяқты құстар. Олардың аяқтары сирақ бөлімінің жартысына дейін жалаңаш, қауырсынсыз, төрт саусақты; оның алдыңғы үш саусақтарының арасы кішірек тері жарғақтармен қосылған. Тұмсығы түрлі пішінді, көпшілігінің тұмсығы үшкір, қатты затты шоқуға ыңғайлы келеді. Бұлар жануар қоректілігімен және балапандарының жұмыртқадан

қызылшақа, дәрменсіз болып шығуымен сипатталады. Бала-пандары толық жетілгенше ұзақ уақыт ұяларында болып, ата-аналары қоректендіреді.

Арктика мен Антарктикадан басқа жердің барлығына тараған.

Дегелек тұқымдасына (Сісопііdае). ұзын үшкір тұмсықты, отрядтың ірі құстары топтасады. Олардың тұмсығы ұзын, тік және үшкір келеді. Бұл құстардың көмекейінде дыбыс шығаратын қатпарлары болмайды. Сондықтан көпшілігі да-уыс шығармайды.

Бұл түрлер біршама құрғақ далада, орманда, тауда кейде батпақты жерлерде тіршілік ететіндігімен сипатталады. Жай-шылықта да және ұя салар кезде де қосарланып жүреді. Ұяла-рын үлкен етіп ағаштарға, жарларға кейде (ақ дегелек) адам құрылыстарының, маңайына бұтақтан салады. Олар жылына 3— 5 жұмыртқа туады, ал жұмыртқаның басылу мерзімі 30 күн-ге жетеді. Кесірткелермен, жыландармен, бақалармен, моллюс-калармен және насекомдармен қоректенеді. Жемін әдетте жер бетінен теріп жейді.

Бізде үнемі ауыл маңына үялайтын ак, дегелек (Сісопіа сісо-піа), керісінше адамнан қашатын қара дегелек (Сісопіа піgга) кездеседі.

Ивистер тұқымдасына (ІЬіdіdае) үлкендіктері орташа, сыртқы пішіні жағынан жылқышыларға ұқсас құстар топтасады. Олар тұмсықтарының жіңішке, орақ тәрізді иіліп қарабайларда (Ріеgаdіs fаlсіпеllиs) немесе тұмсықтарының ұшының күрек тәрізді жалпақ болып — қалбағай (Рlаtеlа Іеи-сагоdіа) келуімен сипатталады. Бұл көрсетілген екі түрдің екеуі де еліміздің оңтүстік бөлімінде қалың қамыстарда ұялайды.

Құтан тұқымдасы (Агdеidае). Құтандар туысына тұмсығы тік, әрі ұзын болатын біршама ірі құстар жатады. Тұмсығы екі жағынан қысыңқы және жиегінде ұсақ тісшелері болады. Көпшілігі топталып жүреді. Бұлар ұяларын ірі ағаштарға немесе қалың қамыстарра салады. Қоректері көбінесе балық-тар, амфибилер, шаян төрізділер және насекомдар. Оларды судан аулайды. Кэдімгі көк құтан (Агdеа сіпегеа) біздің фаунамызда орта және оңтүстік облыстарда көбірек кездеседі.

Үлкен ащ құтан (Еgгеtt аІhа) біршама назар аударарлық. Оның түсі жынысына, жасына және жыл маусымына қарамас-тан үнемі ақ түсті болады. Күй салтанаты кезінде арқасын қуа-лай құйрық қанатының үстіне дейін жалданып ұзын қауырсын-дар “эгретка” немесе “эспри” пайда болады. Бізде Европа-лық бөлімнің оңтүстігінде, Кавказда, оатүстік-батыс Сибирьде, бүкіл Орта Азия мен Қиыр Шығыстың қолайлы жерлерінде ұялайды.

Зиянды насекомдарды құртып, ауыл шаруашылығына аздап пайдасын тигізеді. '

5. Отряд. ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР (АNSIRІFОRМЕS)

Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойын-ды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған, Әдетте олардың тұмсығы жалпақ, үстіңгі жарынан төмен қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталран, тұмсығының ұшында мүйізді бөлімі болады, оны “тырнақша” деп атайды. Тұмсығының үстіңгі бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде (крохалдарда) жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құймышақ безі жақсы дамыған.

Еркектерінің шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұ-мыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние жүзінде 200-дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының көптеген түрлері шығарылған.

Аққулар тұқымдас тармағы (Суgпіпае). Бұл тұқымдас тар-мағына қаз тәрізділер отрядынын, ішіндегі ірі құстар жатады. Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Түсінде жы-ныстық диморфизмі жоқ. Бізде аққулардың үш түрі кездеседі, оның ішінде көбірек кездесетіндері: 1. Үншіл ақщулар (Суgпиз суgnus). Олардың тұмсығының үсті бүтіндей қара, тек қана ас-тыңғы бөлімі сарғылттау келеді. Мойынын әр уақытта тік ұстайды. Шиқылдауық аққу (Суgпиз оlог) түмсығы қызғылт, оның түп жағында қатты дөңесі бар; мойнын “5” тәрізді қалыпта ұстайды.

Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Еркектері ұяларының маңайларында жүреді, бірақ баладан басып шыға-руға катыспайды. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.

Бұлардың терісінен “қүс ішіктерін” жасайды.

Қаздар тұқымдас тармағы (Апsегіпае). Бүл тұқымдас тармағына нағыз қаздар жатады. Олардьщ мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал мойын омыртқаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмай-ды. Қаздар, әсіресе тундраға көбірек тараған. Бізде 11 түрі бар. Көбірек тараған түрі сұрқаз (Апsег апsег). Осы Кездегі қолда өсірілетін қаздардың көпшілігі, сұрқаздан келіп шыққан. Қы-тайда және шығыс Сибирьдің оңтүстігін мекендейтін қ ұрғақ мұрын (Суgпорsіs суgпоіdез) деген түрі кездеседі. Осы кездегі

Қытайдың қазы деп аталатын үй қаздарының тегі осы кұрғақ мұрын қаздардан шыққан. Арктикада қараша қаздар (Вгаntа) және гуменниктер (Апsег fаЬаІіs) көп тараған.

Біздің қаздардың барлығы да — жыл құстар, ұяларын адам сирек кездесетін су қоймалары көп, батбақты және тоғайлы жерлерге салады. Қаздар суға қарағанда, құрғақ жерді көбірек мекендейтінін естен шығармау керек. Қаздар қоректерін жерден теріп жейді, ал су олар үшін ішуге, түлеу кезеңін өткізуге және тынығуға қажет. Қаздардың барлығы да жақсы жүзеді, нашар сүңгиді.

Ұяларын салуға еркегі де, ұрғашысы да қатысады, ал жұ-мыртқасын тек қана ұрғашысы басуы мүмкін. Еркегі ұяның маңайында жайылып жүреді немесе ішінде жұмыртқасы жоқ бос ұяда отырады. Қаздардың барлық түрі де 4—6 шамасын-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 25— 28 күн басады. Балапандары ұяларында бір тәуліктен артық болмайды, Жүндері құрғаған соң ата-аналарының соңынан еріп кетеді.

Қаздар тоғайлы жердің өсімдіктерінің жапырағымен, тамы-рымен, сабағымен және тұқымымен қоректенеді. Түлеген кезде бұлардың бірнеше жүздегені бір жерге жиналады. Түлегенде қанаттарының қауырсындары бір мезгілде түгелдей түсіп, жетіледі. Соның нәтижесінде, бұл уақытта қаздар ұшу қабілетінен мүлдем айрылады.

Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Кас-пий теңізінің жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.

Ө з е н ү й р е к т е р і т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы н а (Апаtі-пае) 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныс-тық айырмасы бар. Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.

Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек (Апаз рlatуrhyпсһа), сұр үйрек (А. stерега), біз құйрық (А. асиfа), ұ сақ шәрегейлер (Qиегgиеdиlа) т. б. жатады.

Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларды мекендейді. Қолайлы батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ те-рең суларға ұяламайды. Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік.

Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, онда-ғьі басқа құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6—14, сұр үйрек 7—13, бізтұмсық 6—12 жұмыртқа салады, жұмыртқа басу мерзімі 24—28 күн. Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы үлкен.

С ү ңг у і р ү й р е к т е р т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы (ҒиІі-

guligae.

Сүңгуірлер дене мөлшері әр түрлі болатын тұмсығы жалпақ, тұмсығының ұшында жіңішке қатты тырнақшасы бар құстар. Артқы саусағының тері қатпары басқа үйректерден гөрі жалпағырақ. Бұлардың түсі кәдімгі үйректерге қарағанда сол-ғындау келеді. Бұл тұқымдас тармағына түрлі сүңгуір үйрек-тер: қызылбасты сүңгуір (Nугоса fегіпа), айдарлы чернеть (Nугоса fulіgиlа, гоголь (Висерһаlа сіапgиlа), түрпан (Оіdеmіа fизса), гаганың (Sоmаtегіа) бірнеше түрлері жатады.

Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен үйректерінен бұлардың өзгешелігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда, теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз коректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қоғалып жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.

Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірнешеуі бірігіп жерге, кейбір түрлері (гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыс-таған және түлеген кезде бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты, нашар исі болса да, олардың көпшілігінін, кәсіптік маңызы бар.

Гагалар орташа үйрекпен, майда қаздың үлкендігіндей. Ер-кектері шағылысу кезінде ашық түсті келеді. Ұрғашыларының түсі біркелкі қоңыр-бурыл түсті болады. Жыл маусымына бай-ланысты және ересек болған сайын жыныс диморфизмінің өзгергенін де жақсы байқауға болады. Барлық түрі де солтүстікте мекен етеді. Біздің елімізде гагалардың төрт түрі кездеседі. Бұлардың ішінде кэдімгі гага (Sотаtегіа тоllіssіmа) назар аударарлық. Олар поляр шеңберіндегі тундра кеңістігінде, негізінен теңіздердің жиегінде көбірек кездеседі, ал ағашты тундраны сирек мекендейді.

Гагалардың басқа түрлері, Арктика теңіздерінің немесе Ты-нық мұхиттың солтүстік бөлімдерінде мекен етеді. Гагалар қысқа қарай ұя салатын жерлерінен тым алыс емес жерлерге, теңіздің батыс, немесе шығыс жағалауын жағалап отырып, суы қатпайтын жерлерге қарай ұшады. Кәдімгі гагалар ұяларын судың тасты жағалауларына салады. Басқа гагалар тундра батпақтарына да ұялайды. Ұяларында 3 — 8 жұмыртқасы болады, жұмыртқаларын басу мерзімі 28 күн. Тек қана кәдімгі гагалар ұялайтын кезінде ғана бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді, ал басқа гагалар ұя салатын кезінде де жеке-жеке жүреді. Гагалардың барлығыда ұяларының түбіне, өзінің бауырындағы мамығынан жұлып жұмсақ төсеніш жасайды. Ұрғашылары ұясынан басқа жаққа кеткенде мамықтарымен жұмыртқалардың бетін жауып кетеді. Бұл мамық өте бағалы болып саналады. Ол жылы, жеңіл және ұзаққа шыдайды, ұйысып қалмайды. Мұндай мамық бір ұяда 18 — 21 г шамасында болады.

Гагалар адамға тез үйір болатын сенгіш құс. Гагалар сол жуас мінезді болуының себебінен, адам мекен еткен жерлерге ұяларын салады, ал адам олардың мамығын сол маңнан жинап алып пайдаланады.

Крохалдер (Мегgіпае) тұқымдас тармағы жіңішке қармақ тәрізді тұмсығының болуымен сипатталады. Олардың тұмсығының жиегінде мүйізді тісшелері болады. Крохалдер балықтар-мен қоректенеді.

6. Отряд. КҮНДІЗП ЖЫРГҚЫШТАР (ҒАLСОNNІҒОRMЕS)

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жала-ңаш терілі бөлімі болатын кұстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлар-дың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқа-дан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызыл шақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына бөлінеді.

А м е р и к а қ ұ м а й л а р ы о т р я д т а р м а ғ ы (Саtһаг-tае) Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Американың оң-түстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жырт-қыш құстар болып табылады. Олар жер бетінде жақсы жүгіреді, қорегін көбінесе иіс мүшелерінін, жәрдемімен іздеп табады. Төменгі көмекейінің дыбыс бұлшық еттері болмайды, сондықтан да бұл құстар мылқау үнсіз, кеңсірік перделері болмайтын құстар. Тіршілік етуіне қарағанда біздің таз қараларға ұқсайды, көпшілігінде бұлар өлекселермен және майда омыртқалылармен қоректенеді. Олардың мойны жалаңаш, қауырсыны болмайды. Өлекселермен қоректенудің салдарынан бірнеше түрлері тауларда және далаларда, кейде тоғайларда да мекендейді. Бұлардың бір түрі кондор (Sигсогаmрһиз gрурһиs) деп аталады.

Қ а л ы п т ы ж ы р т қ ы ш қ ұ с т а р о т р я д т а р м а ғ ы (Ғаlсопеs). Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұнқарлар және қырғи тәрізділер.

С ұ ң қ а р л а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Ғаlсопіdае) — орташа және ұсақ құстар жатады. Астыңғы жағының езуіне жақын же-рінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Ірі сұңқарлардың түрлері: лашын (Fаlсо регеgгіпиs), шұбар сұңқар (Ғаісо gиrfаtсо) сирек кездесетін құстар. Негізінен бұлар

құстарды ауада ұшып бара жатқанда кағып жейді, бұл сұңқар-лар шапшаң ұшады. Олар ұяларын ағаштың басына, жарларға, жыраларға салады. Пайдалы кұстарды қырып, кейбір жерлерде зиянын тигізеді. Ірі сұңқарларды адам қолға үйретіп, басқа құстарды аулайды.

Ұ с а қ с ұ ң қ а р л а р д ы ң т ү р л е р і: күйкентай (Ғаісо vеsреrіпеs), тұрымтай (Ғаlсо соІumЬагіиs), бөктергі (Ғаісо tіnсиlиs). Бұлар негізінен ашық жерлерді мекен етеді. Ұяларын ағаштың басына, тастардың арасына, жартастарға, жыраларға салады. Ұшу шапшаңдықтары жоғарыда көрсет-ілген түрлерден бәсең. Жемдерін ұшып жүріп те, жерден де ұстап жейді. Тышқан сияқты кемірушілермен, насекомдармен, кейде құстармен де қоректенеді. Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдалы құстар.

Қ ы рғ и т ә р і з д і л е р тұқымдасы (Апgиіlіdае). Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты өткір тісшесі болмайтын қанаттары қыскарақ және моқалдау келетін жыртқыштар. Біздегі бүркіттер тұқымдасы мына топтарға жіктеледі: оларға қ ырғи (Ассіріtег gепitаІіs), қаршыға (Ассіріtег піsиs) жатады. Олардың да қанаттары қысқарақ және моқалдау келеді. Құйрығы денесімен салыстырғанда ұзын болады. Олар орман құстары. Ағаш арасында шапшаң ұшуға икемделген. Бұлар құстармен, оның ішінде үй кұстарымен қоректеніп, шаруашы-лыққа зиянын тигізеді.

Қ ұ л а д ы н д а р (Сігсиs суапеиs). Бұлардың құйрықтары және аяқтары ұзын болады. Құладындар үш топқа бөлінеді: беткей құладыны (Сігсиs суапеиs), дала құладыны (С. тасгои-гиs) және саз құладыны (С. аегиgіпоsиs). Олар тундрадан бас-қа жердің барлығында да болады және ашық жерлерді мекен етеді. Бұлар жемін жер бауырлап қалықтап ұшып жүріп, жер-дегі шөптердің арасындағы ұсақ омыртқалыларды қағып ұстап, қоректенеді. Көпшілік түрі пайдалы.

Кезқұйрықтардың (Міlvиs kогsсһип, М.mіlvиs) құйрығы екі айыр болады. Әдетге өзен, көлдердің маңайында мекен етеді. Бұлар қалықтап ұшады. Жалпы алғанда кезқұйрықтар пайда-лы қүстар болып есептеледі. Олар кемірушілермен, саршұнақ-тармен, құстармен, балықтармен және насекомдармен қоректенеді.

Бүркіттердің басқа құстардан бір ерекшеліктері, саусақта-рына дейін қауырсынмен қапталған. Қанаттары жалпақ және моқал келеді. Олар шапшаң, бірақ салмақты үшады. Бізде бестен артығырақ түрі бар. Олардың ішінде көбірек тараған түрлері орманда мекен ететін бүркіт (Аgиіlа сһгузаеtоs), оңтүстіктегі далалы жерді мекен ететін қыран — қара бүркіт (Апgиіlа піраІепsіs) және орманды ендікте мекен етуші шаңқылдауық бүркіт (Апgиіlа сlапgа) немесе тау қыраны т. б.

Қыран — қарадан басқасы ағаштарға, немесе жарлардың қуысына ұяларын салады. Қыран-қара ұясын жерге, немесе бұталарға салады. Ұяларында 1—3 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 40—45 күнге созылады. Жемдерін қалықтап үшып жүріп көріп, кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Олар негізінен тышқан тәрізді кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, насекомдармен қоректенеді.

Әсіресе қыран-қара пайдалы, олар ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін насекомдар мен кемірушілерді жейді. Бүркіт-терді адам қолға үйретіп түлкі, қасқыр, ақбөкендерді және дуадақтарды аулауға пайдаланады.

Ж а м а н с а р ы н е м е с е а қ с а р ы (Виtео), Олар бүркіттерге жақын, бірақ кішірек және қауырсыны саусақ-тарына дейін қаптап тұрмайды. Бізде кэдімгі жамансары (Вutео Ьutео) кездеседі. Олар ұяларын ағаштарға салады. Басқа түрлері жер үстіне, әдетте өзендердің жағалауларына, тастың қуыстарына салады. Ұясында 2—4 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны басу мерзімі бір айға жуық.

Ақсарылар жемдерін аңдығанда ауада қалықтап ұшып, не-месе биігірек жерге шығып отырып, жасырынып барып ұстайды.

Ақсары өте пайдалы құс. Олар ауыл шаруашылығына зиян-ды кемірушілермен, насекомдармен қоректенеді. Пайдасын жете білмей жыртқыш құстарды атқанда ақсарыларды да атып жіберушілер кездеседі.

Қ ұ м а й л а р д ы ң барлығы — ірі құстар. Басында және мойнында қауырсындары болмайтындығы арқылы айыруға болады. Тырнақтары моқал, тұмсығы төмен қарай иілген. Биологиялық ерекшелігі, олар бірыңғай өлекселермен қоректенеді. Негізгі түрлері: сип (Gурs fulvиs), қозықұмай (Gираёtиs ЬагЬаtиs) және қара құмайлар (Аеgуріиsтопасһиs) болып есептеледі. Бұлар көбінде таулы жерлерді мекендейді. Ұяларын ағаштарға және жартастарға салады. Қейбір түрлері (сип) топталып жүріп ұялайды. Ұяларында 1—2 жұмыртқа болады, ал жұмыртқасын басу 55 күнге созылады.Сөздерінің өте жақсы көруі нәтижесінде, ауада қалықтап ұшып жүріп жемдерін тауып жейді. Пайдалы құстар. Қозықұмайлар тұяқты жануарларды жеп зиянын тигізеді. Бірақ бұлар өте сирек кездесетін құстар, сондықтан олардың зияны оншама көп емес.

7. Отряд. ТАУЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР (GАLLIРОRМЕS)

Тауық тәрізділер барлық жерлерге тараған. Олардың дене-лері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түлері — полигамдар, ұрпақтарына камқорлықты ұрғашылары ғана атқарады. Балапандары жұ-

мыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік, экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шырарылған.

Ш ө п ш е к т а у ы қ т а р т ұ қ ы м д а с ы (Меgіипіdае). Тынық мұхиттың аралдарында, Австралияда тіршілік етеді. Бұлардың жұмыртқасы ірі болады, оны шіріген шөптесіндердің арасына қазып салады. Жұмыртқаларынан күннің жылуымен, шіріген көннің қызуының әсерінен балапан шығады.

Қ ы р ғ а у ы л д а р т ұ қ ы м д а с ы (Рһаsіапіdае). Бұлар оңтүстік және қоңыржай ендіктерге көбірек тараған. Аяқтарының саусақтары қауырсынсыз, еркектерінің аяғында үлкен тепкілері болады. Саусақтарында мүйізденген ірі қабыршақтары болмайды. Бұларға жататындар: Солтүстік Америка күрке тауығы (Меlеаgгіs gаIIораvо) ол осы кездегі үйде асыралатын күрке тауықтардың арғы тегі, африка цесаркасы (Міmida mеlеаgгіs), үнді павлиндары (Раvо сгіstatиз), Индияның жабайы тауықтары. Олардың ішіндегі айрықша маңызы бары банкив немесе бута қызыл тауықтары (Gаlиs gаlиs). Бұта тауығынан үй тауықтары шыққан. Бұл тұқымдасқа қырғауылдар, бөденелер, кекіліктер т. б. жатады.

Б ө д е н е (Соtигпіх соtигпіх) тауық тәрізділер отрядының ішіндегі — ең кішісі, салмағы 100—120 г болады. Бұлар — жыл құсы. Біздін, бөдене Индияда, Африкада, ал бір азғанасы оңтүстік Европада және Закавказьеде қыстап шығады. Олар көбінесе ашық жерде, далада, тоғайлықта мекендейді. 12—15 кейде 20-ға дейін жұмыртка туады. Жұмыртқасынан шамамен 21 күннен кейін балапан шығады. Олар түрлі ұсақ омыртқасыздармен, өсімдіктермен, олардың жемістерімен және дәндерімен қоректенеді. Күзге қарай өте қатты семіреді, Қырым, Кавказ жерлеріне қайта ұшқан уақытта оларды көп аулап ұстайды.

Ш і л (Реrdіх регdіх). Бұлардың салмағы 400—500 г болатын кішірек құс, түсі қоңыр-сұр, еркегі де, ұрғашысы да бір түсті болады. Біздін, елімізде терістік тайгаға дейін кең тараған. Соңғы жүз жылдың ішінде, ағаштарды кесу және жерді жырту-дың салдарынан, шілдер солтүстікке қарай ауысқан. Кәсіптік маңызы бар құстардан кекіліктің ерекшелігі, бұлар адамның өңдеген, жерлерінде жақсы мекен ете алады. Таза жер бетінің құсы. Ұяларын шұңқырларға жасап, түбіне жұмсақ, құрғақшөп және қауырсындарын төсейді, 12—26 'жұмыртқа туады да, оны 21 күн басады. Етінің дәмді болуы, өсімталдығы, қыстақтардың маңайына мекендеуі құс аулау шаруашылығы үшін өте тиімді болады.

Кекілік (Аlесtогіs gгаеса) шілдерден көрі ірірек, салмағы 450—700 г болады. Бізде Қавказдың, Орта Азияның, Алтай-дың таулы аймақтарында бір түрі кездеседі. Жақында бұлар Қырымда жерсіндірілген.

Кавказдың, Қазақстанның, Орта Азияның, Алтайдың таула-рында тау күрке тауығы деп қате аталатын ұ ларлар (Теtгао gаllиs) мекен етеді. Еркегінің салмағы 3 кг, ұрғашысы 2 кг бо-ады. Еркегі мен ұрғашысын түсіне қарап ажыратып болмайды.

Қырғауылдар негізінен оңтүстік Азияға тараған. Бізде кәдімгі қырғауыл (Рһаsіапиs соlсһісиs) деген түрі мекендейді. Ер-кегінің түсі айқын ашық, ал ұрғашысы сұрғылт түсті болады.

Советтер Одағында Еділдің құйылысында, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда, Қиыр Шығыста, Приморье өлкесінің он,-түстік бөліміне тараған. Қырғауыл негізінен жер бетінің құсы. Қалың қамыста, бұталы тоғайда, қалың орманда мекендейді. Олар ұясын жерге салады, негізінен қорегін жерден теріп жей-ді. Сондықтан да қары қалың жерлерде, тіршілік ете алмайды. Өсімдік дәндерімен, жемістермен және насекомдармен қоректенеді.

Қырғауылдар жерге төгілген астықтардың дәндерін теріп жейтін, болғандықтан егін шаруашылығына зиянсыз. Бұл пай-далы құсты ағаш еккен далаларымызға көп етіп жерсіндірудің маңызы үлкен.

Б ұ лд ы р ы қ т ұ қ ы м д а с ы (Теtгаопіdае). Бұлар солтүс-тік және қоңыржай аймақтарда кездеседі. Қары көп және суық жерлерде мекендеулеріне байланысты, олар көпшілігінде ағаштарда тіршілік етеді. Қысты күні қатып тұрған бұтақтардан мықтап ұстайтын саусақтарында мүйізді қатты тісшелері болады. Балақтары азды-көпті қауырсынды. Тепкілері жоқ. Танауы қауырсындармен жабылған.

Тундрада, тайгада және Сибирьдің ағашты даласында ақ кекілік'(Lаgориs Іаdориs) деген түрі тіршілік етеді. Оның үлкендігі көгершіндей (салмағы 500—850 г), жазда қоңыр-қызғылт, ал қыста ақ түсті болады. Олар мүкті батбақтарда, қалың бұталарда мекендейді. Жемістермен, дәндермен, насекомдармен, ал қыста тек қана тал және қайыңның бүрлерімен қоректенеді. Қатты қоректерін ұсақтау үшін майда тастарды жұтады. Ұяларын жерге салады. Ұяларында 6—16 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 23 күнге созылады. Кәсіптік құс. Арктикалық тундрада — тундра кекілігі (Lаgориs тиtиs) деген түрі кезде-

седі.

Бұлдырық (Lигигиs tеtгіх) үй тауығының үлкендігіндей бо-лады. Еркегі қара түсті, ұрғашысы қоңыр-қызғылт болады. Бізде бұлар ағашты және ағашты далалы жерлерде мекендейді. Бұлдырықтар — бұталы, маңайында ашық жерлері бар тоғайларда көбірек кездеседі. Бұлдырық қыста жерге қонақтап, күндіз ағаштың арасында болады. Жазда жерде тіршілік етеді.

Ұясын жерге салады. Ұясында 4—12-ге дейін жұмыртқасы болады. Оны 23 күн басып, балапан шығарады. Балапанына тек қана ұрғашысы қамқорлық етеді. Күзге қарай топтанып жайылады.

Жазда көк өсімдіктермен, жемістермен және насекомдар-мен қоректенеді. Бұлдырықтар күзде ағашы жоқ далада да кездеседі. Қоректік затпен бірге ұсақ тастарды да жұтады. Бұлдырық қар түскен соң негізінен қайыңның және басқа өсімдіктердің жемісімен, бүршіктерімен қоректенеді. '

Бұлдырықтардың жұтқан ұсақ тастарының маңызы үлкен. Жас бұлдырықтар ұсақ тастарды, өзінің бірінші тіршілік ете бастаған күнінен бастап, теріп жей бастайды. Жыл мерзімінің өзгеруіне байланысты, бұлдырықтардың қарнындағы тастардың саны да өзгеріп отырады (15 г). Қыстың аяғында қарнындағы ұсақ тастардың да саны азаяды. Қыстың аяқ кезінде тастар үйкеліп мүжілудің, қимен бірге түсіп қалудың нәтижесінде ол азайып кетеді. Бұлдырықтардың құс аулау кәсібіндегі маңызы үлкен.

Меңіреу құрлар бұл тұқымдастың ішіндегі ең ірісі. Бізде кә -дімгі меңіреу құр (Теtгао игоgаllиs) көбірек тараған. Еркегінің салмағы 3—5,5 кг, ұрғашысының салмағы — 2—3,5 кг болады.

Меңіреу құр — құс аулау кәсібінде маңызды орын алады.

Шұбар құр (Теігаstеs Ьопаsіа) — құр тұқымдастарының ең ұсағы, салмағы 400 е болады. СССР-де батыс шекарадан, Қолыма өзеніне және Сахалинге дейін, орманды ендіктерде кең тараған. Бұлар Кавказдың, және Камчатканың ормандарында болмайды. Шұбар құр — ағашты жердің тұрақты құсы.

Шұбар құрлар ұяларын бұталардың түбінде шұңқырлап са-лып, құрғақ шөптер, жапырақтар төсейді. Ұяларында 6—14 жұмыртқалары болады, оны басу мерзімі үш аптаға созылады. Балапандары жұмыртқадан шыққаннан соң бірнеше.сағаттан кейін анасының артынан ілесіп кетеді. Еркектері ұя салу, балапандарын тәрбиелеуге қатыспайды.

Шұбар құр негізінен өсімдік тектес заттармен қоректенеді. Жазда өсімдіктің жас сабақтарымен, жемістерімен және насе-комдармен қоректенеді. Бұл кезде қоректерін жерден теріп жейді, ал қыста емен мен қайыңның бүрлерін жейді.

СССР-де құс аулау кәсібінде шұбар құрлар бірінші орын алады. Оларды түрлі тұзақ арқылы ұстап, мылтықпен атып ау-лайды.







Конфликты в семейной жизни. Как это изменить? Редкий брак и взаимоотношения существуют без конфликтов и напряженности. Через это проходят все...

ЧТО ТАКОЕ УВЕРЕННОЕ ПОВЕДЕНИЕ В МЕЖЛИЧНОСТНЫХ ОТНОШЕНИЯХ? Исторически существует три основных модели различий, существующих между...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.