Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Бап. Арыз бойынша сот шешімі





1. Арыз берушінің арызы қанағаттандырылған жағдайда сот жоғалған құжатты жарамсыз деп танитын шешім шығарады. Бұл шешім арыз берушіге жарамсыз деп танылған құжаттың орнына қосымша немесе жаңа құжат беруге негіз болып табылады.
2. Төлемдік белгілерін жоғалтқан құжаттар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы арыз қанағаттандырылған жағдайда, сот жаңа құжат беру туралы шешім шығарады.

375-бап. Құжат ұстаушының мүліктің негізсіз сатып
алынғандығы туралы талап қою құқығы

Қандай да бір себептермен осы құжатқа өз құқықтары туралы уақытында мәлімдемеген құжат ұстаушы құжатты жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін жоғалған құжаттың орнына жаңа құжат алу құқығы берілген адамға мүліктің негізсіз сатып алынғандығы немесе сақталғандығы туралы талап қоя алады.

47-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА
МЕМЛЕКЕТТIҢ АУМАҒЫНДА ЭКСТРЕМИЗМДI НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТIК ӘРЕКЕТТI
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ҰЙЫМДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ ТЕРРОРИСТІК ҰЙЫМ ДЕП
ТАНУ ТУРАЛЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ ОНЫҢ ӨЗ АТАУЫН ӨЗГЕРТКЕНІН АНЫҚТАУ
ТУРАЛЫ, СОНДАЙ-АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНА
ӘКЕЛІНЕТІН, ОНДА БАСЫП ШЫҒАРЫЛАТЫН, ӘЗІРЛЕНЕТІН ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)
ТАРАТЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЭКСТРЕМИСТIК НЕМЕСЕ
ТЕРРОРИСТІК ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Бап. Арыз беру

Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы арызды прокурор осындай талаптарды мәлімдеген прокурордың орналасқан жері бойынша немесе осындай материалдар табылған жер бойынша сотқа береді.

377-бап. Арыздың мазмұны

Арызда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экстремистік немесе террористік деп танылуы мүмкiн әрекетті ұйымның Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында жүзеге асыру фактiсiн не оның өз атауын өзгерту фактісін, сондай-ақ ақпараттық материалдарда экстремизм немесе терроризм белгілерінің және (немесе) оған шақырудың болуы фактісін растайтын мән-жайлар жазылуға тиiс.
Прокурордың ұйымды экстремистiк немесе террористiк деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы арызында қамтылған материалдар шет мемлекеттердiң құзыреттi органдарынан алынған нақты деректердi де, оның iшiнде халықаралық соттардың және шет мемлекеттер соттарының сот шешiмдерiн қамтуы мүмкiн.

Бап. Арыз бойынша сот шешімі

Сот ұйымды экстремистік немесе террористік деп және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тани отырып, ұйымның қызметіне тыйым салу және оны тарату және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына ақпараттық материалдарды әкелуге, шығаруға, дайындауға және (немесе) таратуға тыйым салу туралы,
сондай-ақ ұйымның мүлкін тәркілеу және мемлекет кірісіне айналдыру туралы шешім шығарады.
Қазақстан Республикасының және (немесе) басқа мемлекеттiң аумағында экстремизмді немесе террористік әрекетті жүзеге асыратын ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, онда басып шығарылатын, әзірленетін және (немесе) таратылатын ақпараттық материалдарды экстремистік немесе террористік деп тану туралы соттың шешімі бұл туралы мәлiметтердi өз құзыретi шегiнде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның арнайы есепке алу жүйесiне қосу үшiн негiз болады.

48-тарау. ИНТЕРНЕТ-КАЗИНОНЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУМАҒЫНДА ТАРАТЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫНА ҚАЙШЫ
КЕЛЕТІН АҚПАРАТТЫ ҚАМТИТЫН ШЕТЕЛДІК БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫНЫҢ
ӨНІМІН ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ АРЫЗДАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Бап. Арыз беру

Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн ақпаратты қамтитын шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн заңсыз деп тану туралы арызды шетелдiк бұқаралық ақпарат құралының өнімінде заңды мүдделері қозғалған азаматтар мен заңды тұлғалар, прокурор немесе уәкiлеттi орган арыз берушiнiң орналасқан жерi бойынша бередi.

380-бап. Арыздың мазмұны

Интернет-казиноны, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы арызда интернет-казиноның заңсыз қызметі туралы не қандай ақпарат заңсыз деп танылуға жататыны туралы куәландыратын фактілер көрсетілуге және құжаттар қоса берілуге, сондай-ақ ақпараттық өнімнің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге, арызда жазылған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер жазылуға тиіс.

Бап. Арыз бойынша сот шешімі

Сот интернет-казино, Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімі заңсыз болып табылады деп танып, интернет-казиноның қызметін, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады. Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.

49-тарау. ШЕТЕЛДІКТІ НЕМЕСЕ АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕГІНЕН ТЫС ШЫҒАРЫП ЖІБЕРУ ТУРАЛЫ
АРЫЗ БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Бап. Арыз беру

Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды ішкі істер органдары шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болған және (немесе) тіркелген жеріндегі сотқа береді.

383-бап. Арыздың мазмұны

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызда Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғаны туралы куәландыратын мән-жайлар жазылуға тиіс.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызға шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын растайтын құжаттар қоса беріледі.

384-бап. Арызды қарау

1. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арызды сот іс қозғалған кезден бастап он күн ішінде қарайды.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы арыз шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қаралады.
3. Сот шығыстарын, сондай-ақ шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар не Қазақстан Республикасына шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шақырған ұйымдар немесе жеке тұлғалар көтереді. Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды өтеуге қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.







Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...

Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.