Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Бап. Iшкi iстер органдары (полиция)





РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146, 147, 156, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 423 (бірінші бөлігінде), 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 458, 464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлiгiнде), 505, 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 572 (екінші бөлігінде), 574, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609, 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – iшкi iстер органдарының, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
2) осы Кодекстiң 146, 147, 192, 197, 198, 204, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3) осы Кодекстiң 196, 197, 204, 382 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 443, 444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484, 487, 510, 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 621 (бірінші бөлігінде), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444(екінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505, 572, 574, 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593 (бірінші бөлігінде), 594 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 598 (бірінші және екінші бөліктерінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;
5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 630, 631, 632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы және басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
6) осы Кодекстiң 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 505-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443, 444 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлiмшелерiнiң қызметкерлері;
8) осы Кодекстiң 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 395(бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдары полициясының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 492, 495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 685-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган

1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:
1) осы Кодекстiң 336, 359, 367, 410, 411, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);
3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға – онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 686-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

687-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегiуәкiлеттi орган

1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 344, 345, 346, 348, 349, 350, 352, 353, 354, 355, 356 (бірінші бөлігінде), 391, 392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393, 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық аға мемлекеттік пен аумақтық мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар – айлық есептік көрсеткіштің бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
4) Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасарлары – айлық есептік көрсеткіштің бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.

688-бап. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган

1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 356 (үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары мен аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 688-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

689-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган

1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган осы Кодекстің 289, 290, 291, 292, 293, 294 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 296 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 689-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

690-бап. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар

1. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдар осы Кодекстiң 144 (бірінші бөлігінде (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 172 (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалануды, тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын техникалық пайдалануды қоспағанда), 300 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 300-1, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтарды және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда), 302, 303 (барлық қуаттардағы қазандықтарды қоспағанда), 305 (күзет аймақтарындағы жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) қоспағанда)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары құқылы.
Ескерту. 690-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттiорган

1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 559, 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621(бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 624, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 441 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
Ескерту. 691-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

692-бап. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган

1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 636 (бiрiншi бөлiгiнде), 637 (бiрiншi, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он екінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640, 641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
Ескерту. 692-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

692-1-бап. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган

1. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде)-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мыналар:
1) ақпарат саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары;
2) ақпарат саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
Ескерту. 36-тарау 692-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң
83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),
86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 520-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 693-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

694-бап. Әдiлет органдары

1. әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 460, 464 (бiрiншi бөлiгiнде) және 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
Ескерту. 695-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.07.2016 № 12-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар

1. Көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 520-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (өз құзыретi шегiнде) қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалаларының көші-қон жөніндегі органының және көшi-қон жөнiндегi оған теңестiрiлген органының бастығы құқылы.

697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті орган

1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде),
230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi бөлiгiнде), 324, 325, 326 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi бөлiгiнде), 394, 395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 397 (бiрiншi, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 697-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган

1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкеркерге – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 698-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

698-1-бап. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган

1. Бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 190-1 және 297-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) 190-1-бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары және олардың ор







ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...

ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.