Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Cephalopina titillator (Clark 1797)





 

Overview/Cипаттамасы: Cephalopina titillator (Цефалопиноз, Құмыр, Cephalopinosis) – түйенің танау, маңдай қуыстарында, торлы сүйекте паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары қоздыратын, тыныс алу жүйесінің қабынуымен, тыныстың тарылуымен, демікпемен және менингитпен сипатталатын энтомоз ауру. Cephalopina titillator түрінің балаң құрттары қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Цефалопиноз» деп атайды, сонымен қатар халық арасында ауруды «Құмыр» деп атайды. Бұлар бүкіл дүние жүзінде кең таралған паразиттер. Цефалопиноз түйе шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіреді және зоонозды энтомозға жатады. Түйелерде жұтқыншақ миаз ауруын тудырады [ Abd El-Rahman S.S et al., 2010 ]. Ауру түйе шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді, атап айтсақ ет, шұбат және тері беруі төмендейді [ Hall M.J.R. and Wall R., 1995 ]. Ауру түйелерді тыныс алу жүйесі зақымдалып (тыныстың тарылуы, демікпе, пысқыру) [ Hussein M.F et al., 1982 ], бактериялық инфекция салдарынан түйеде менингит дамып, өлімге ұшырайды [ Otranto D., 2001 ].

Classification/Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы: Cephalopina (түйенің танау қуысының бөгелектері), Түрлері: Cephalopina titillator (Clark 1797).

Aetiology/Этиология: Ұзындығы 8-11 мм жететін ашық қоңыр түсті ақ дақтары бөгелектер (танау қуысының бөгелектері, носополостные овода, nasal bots). Аналығы тірідей туатын паразитке жатады (viviparous, тірідей балаң құрт туатын бөгелектер, живородящие). Даму айналымы толық емес: 1) балаң сатылар (Б1, Б2 және Б3), 2) қуыршақ және 3) имаго. Жұмыртқа сатысы болмайды. Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып, аналығы балаң құрттарын түйенің танауына тірідей 800-900 дана бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Аурудың бастау көзі балаң құрттың бірінші сатысының (Б1) танау қуысының кілігейлі қабатына енуінен басталады. Балаң сатылар түйенің танау (Б1), жұтқыншақ, өңеш және кеңсірік қуыстарында (Б2 және Б3) 10-11 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ауруды балаң құрттар қоздырады.

Morphology/Морфология: Ұзындығы 8-11 мм жететін ашық қоңыр түсті бөгелектер. Басы үлкен, екі күрделі көзі мен үш қарапайым көздері бар. Дене бөлігінде ақ дақтары бар және құрсағының түсі күміс тәрізді (13-сурет). Бірінші сатыдағы балаң құрттың (Б1) ұзындығы 0,72 мм, түсі ақ және басында ілмекшелері бар. Үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3) ұзындығы 30 мм, түсі ашық сары (14-сурет).

13-сурет. Cephalopina titillator (имаго)

14-сурет. Cephalopina titillator (3-cатыдағы балаң құрттар, Б3)

Life cycle/Даму айналымы: Аналығы түйенің танау қуысына бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Танау қуысында бірнеше апта немесе бір ай паразиттік тіршілік етеді. Кейін бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) кеңсірік қуысына, жұтқыншаққа, өңешке еніп, екінші сатыдағы балаң құртқа (Б2) айналады. Сосын үшінші сатыдағы балаң құртқа (Б3) айналады. 10-11 айдан кейін үшінші сатыдағы балаң құрт (Б3) қайтадан танау қуысына барып, кілегейлі қабығын тесіп, жерге түсіп, қуыршақ сатысына айналады. 25 күннен кейін қуыршақтан ересек сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға созылады.

Індеттік деректері/Epidemiology: Ауруға боталарға қарағанда ересек түйелер бейім келеді [ Mumed A and Gemeda A.E., 2015 ]. Cephalopina titillator ауруына шалдыққан түйелерде экстенсивтілік 96,5 % жетеді [ Mumed A and Gemeda A.E., 2015 ].

Pathogenicity/Патогенезі: Балаң құрттар танау, кеңсірік және жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабатына жабысып, механикалық зақымдайды, нәтижесінде жұтқыншақтың кілгейлі қабаттарын және басқа ұлпаларды бұзады [ Hussein M.F et al., 1982 ]. Жұтқыншақтың бөліктерінде қабыну, дегенеративті және репаративті процестер дамиды [ Hussein M.F et al., 1982 ].

Clinical signs/Аурудың сырт белгілері: Ауру түйелерде тыныстың тарылуы, демікпе, пысқыру байқалады [ Hussein M.F et al., 1982 ] және бактериялық инфекция салдарынан менингит дамып, түйе өлімге ұшырайды [ Otranto D., 2001 ].

Pathology/Патология: Патолого-анатомиялық сойып зерттеу: Сойып зерттеу барысында кеңсірік жұтқыншақ аймақтың кілігейлі қабығының түсі қызару түрде (геморрагия) және ұлғайған (сурет 15-1). Кеңсірік жұтқыншақ аймақта қара-қоңыр түсті түйіндерде балаң құрттар көрінеді (сурет 15-2) және кеңсірік жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарында балаң құрттардың жабысқаны көрінеді (сурет 15-3) [ Abd El-Rahman S.S et al., 2010 ]. Гистопатологиялық сойып зерттеу: Кеңсірік жұтқыншақ аймақта ісікті дегенерация (сурет 15-4), кілігейлі қабықтың эпителийінің гиперплазиясы (сурет 15-5), кілігейлі қабықтың ошақты немесе шашыранды инфильтрациясы, сонымен қатар кілегей асты қабатында лимфоциттер, плазматикалық клеткалар, макрофагтар, эозинофилиялар және фибробластар байқалады (сурет 15-6), қан тамырлары жиналған (сурет 15-7). Шырыш асты негізде эозинофиля мен мононуклеарлы инфильтрациясы бар дегенеративті және некроз ошақтары байқалады (сурет 15-8). Балаң құрттар жабысқан жердегі лимфоидты түйіндерде абсцесс байқалады (сурет 15-9). Репаративті процесстер, сонымен қатар грануляциялық ұлпалардың түзілуі, ангиогенез, фибробласт және кальцификация көрінеді (сурет 15-10). Түйенің миындағы менингиттің дамуы (сурет 15-11). Қалқанша безінде жемсаудың дамуы салдарынан қалқанша бездің фолликулаларында коллоид дамыған (сурет 15-12) немесе фолликулярлы эпителийдің және базальды мембрананың құрылымының бұзылуы (сурет 15-13). Қалқанша безде гиперпластикалық жемсаудың дамуы (сурет 15-14) [ Abd El-Rahman S.S et al., 2010 ].

Сурет-15. Cephalopina titillator ауруы кезіндегі түйенің кеңсірік жұтқыншақ аймағындағы патологиялық өзгерістер: кеңсірік жұтқыншақ аймақтың кілігейлі қабығының түсі қызару түрде (геморрагия) және ұлғайған (сурет 15-1). Кеңсірік жұтқыншақ аймақта қара-қоңыр түсті түйіндерде балаң құрттар көрінеді (сурет 15-2) және кеңсірік жұтқыншақтың кілегейлі қабықтарында балаң құрттардың жабысқаны көрінеді (сурет 15-3). Кеңсірік жұтқыншақ аймақта ісікті дегенерация (сурет 15-4), кілігейлі қабықтың эпителийінің гиперплазиясы (сурет 15-5), кілігейлі қабықтың ошақты немесе шашыранды инфильтрациясы, сонымен қатар лимфоциттер, плазматикалық клеткалар, макрофагтар, эозинофилиялар және фибробластар байқалады (сурет 15-6). Гематоксилин-Эозин, x200. Abd El-Rahman S.S et al., 2010. Global Veterinaria 4 (2): 190-197, 2010

Сурет-13. Cephalopina titillator ауруы кезіндегі мүшелер мен ұлпалардағы патологиялық өзгерістер: жұтқыншақ өңеш аймағында қан тамырлары жиналған (сурет 15-7). Шырыш асты негізде эозинофиля мен мононуклеарлы инфильтрациясы бар дегенеративті және некроз ошақтары байқалады (сурет 15-8). Балаң құрттар жабысқан жердегі лимфоидты түйіндерде абсцесс байқалады (сурет 15-9). Репаративті процесстер, сонымен қатар грануляциялық ұлпалардың түзілуі, ангиогенез, фибробласт және кальцификация көрінеді (сурет 15-10). Түйенің миындағы менингиттің дамуы (сурет 15-11). Қалқанша безінде жемсаудың дамуы салдарынан қалқанша бездің фолликулаларында коллоид дамыған (сурет 15-12) немесе фолликулярлы эпителийдің және базальды мемрананың құрылымының бұзылуы (сурет 15-13). Қалқанша безде гиперпластикалық жемсаудың дамуы (сурет 15-14). Гематоксилин-Эозин, x400. Abd El-Rahman S.S et al., 2010. Global Veterinaria 4 (2): 190-197, 2010

Excretory-secretory products, ESP/Экскреторлы-секреторлы өнімдер. Cephalopina titillator түрінің 3 сатыдағы (Б3) балаң құрттары өз иесінің ағзасында асқорыту жүйелері (digestive tract contents, DTc) арқылы протеазаларды (трипсин және химотрипсин протеазалар, trypsin- and chymotrypsin-like proteases) және сілекей бездері (salivary gland contents, SGc) арқылы серин протеазаларды (serine proteases) бөледі [ Yousef H.A et al., 2015 ]. Өз иесінің ағзасында екінші сатыдағы балаң құрттар (Б2) молекулярлық салмағы 171 кДa және 29 кДa аралығында болатын экскреторлы-секреторлы өнімдер протеиндерін сілекей бездері және ішектері арқылы бөледі [ Musleh D.M et al., 2015 ].

Immunity/Иммунитет: Cephalopina titillator балаң құрттарына қарсы өз иесінде клеткалы және гуморальды иммунитет пайда болады [ Oryan A et al., 2008 ]. Cephalopina titillator ауруы кезінде түйенің ағзасыда иммуноглобулин G (IgG) антиденесі түзіледі [ Oryan A et al., 2008 ].

Diagnosis/Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз: 1) Antemortem/Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне, Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық зерттеулерге сүйенеміз: (а) Серологиялық: Аnti-C. titillator антиденесін қолдану арқылы ИФТ (ELISA) әдісімен 2 және 3 сатыдағы балаң құрттардың асқорыту жүйелерінің (digestive tract contents, DTc) және сілекей бездерінің (salivary gland contents, SGc), экскреторлы-секреторлы өнімдерінің (excretory secretory products, ESP) антигендеріне қарсы жүргізіп, C. titillator ауру анықталады [ Yousef H.A et al., 2016 ]. Тікелей емес ИФТ (Indirect ELISA) әдісімен C. titillator антигендерін (L3CE, L2CE, DTc, ESP and SGc) қолдану арқылы anti-C. titillator IgG антиденесін анықтаймыз [ Hendawy S.H.M et al, 2013 ]. (b) Молекулярлық әдіс: ПЦР - (PCR) базалық әдіс митохондриялық цитохромоксидаза (ағылш. mtCOI) генімен және рибосомалық 16S, рРНК гендерін секвинациялау арқылы C. titillator қоздырушыларын анықтауға болады [ Hendawy S.H.M et al, 2012 ] және Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен зертханалық зерттеу. 2) Postmortem / Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық және гистопатологиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.

Treatment/Емі: Аверсект-2 («Фармбиомедсервис», Ресей) дәрісі түйені C. titillator ауруына қарсы емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданылады:

 

Дәрінің атауы, өндіруші компания, мемлекет және т.б Химиялық құрамы Қолданылу мөлшері Қолданылу мақсаты Қолданылу тәсілі Шектеу, ескерту және т.б
Аверсект-2(«Фармбиомедсервис», Ресей). Streptomyces avermitylis cаңырауқұлағының ферментациясы жолынан алынып, әсер ететін зат сулы-спиртті полимерлі негіздегі аверсектин С-ің 1% иньекциялық ерітіндісі. 1% Аверсектин С Жалпы мөлшері (түйе): 1 мл/50 кг тірі салмаққа. Мөлшер саны жануардың салмағына байланысты қолданылады. Жануарларға (қой, ешкі, ірі қара, түйе, марал, шошқа) бөгелек ауруларына, ас қорыту және тыныс алу нематодоздарына, псороптозға, хориоптозға, саркоптозға, сифункулятоздарға қарсы қолданылады Иньекция түрінде мойын аумағының тері астына егу арқылы Етті 21 күннен кейін пайдалануға болады. Алдын алу мақсатында дәріні қазан-қараша айларында бір рет қолданған жөн

Дезинсекциялық ерітінді: Интермитокс (Intermitox) - («InterHygiene GmbH», Германия) ерітіндісін эктопаразиттерге қарсы қора-жайды өңдеуге болады. Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60% (Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2 аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60% ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20 күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз (200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен).

Prevention and control/Алдын-алу: Қора жайды жәндіктерге қарсы өңдеу күзде жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін Аверсект-2 («Фармбиомедсервис», Ресей) қазан-қараша айларында бір рет түйелер дәріленеді. Ауру анықталса түйелер емделеді. Қора-жайдағы қиды өз кезегінде жинаған жөн.

Әдебиеттер:

1. Abd El-Rahman S.S. Prevalence and Pathology of Nasal Myiasis in Camels Slaughtered in El-Zawia Province-Western Libya: with a Reference to Thyroid Alteration and Renal Lipidosis. Global Veterinaria 4 (2): 190-197, 2010

2. Hall M.J.R. and Wall R. 1995. Myiasis of humans and domestic animals. Advances in Parasitol., 35: 257-334.

3. Hendawy S.H.M, Allam N.A.T, Kandil O, Zayed A.A, Desouky A and El-Seify M.A. Immunological Evaluation of the Diagnostic Values of Cephalopina titillator Different Larval Antigens in Camels from Egypt. Global Veterinaria 10 (2): 158-164, 2013. doi: 10.5829/idosi.gv.2013.10.2.71161

4. Hendawy S.H.M, Allam N.A.T, Kandil O, Zayed A.A, Desouky A and El-Seify M.A. Partial COI and 16S rRNA Genes Sequences of Cephalopina titillator Mitochondrial DNA: Evidence for Variation in Evolutionary Rates within Myiasis-Causing Species. Global Veterinaria 9 (6): 769-778, 2012. doi: 10.5829/idosi.gv.2012.9.6.71149

5. Hussein M.F, Elamin F.M, El-Taib N.T and Basmaeil S.M, 1982. The pathology of nasopharyngeal myiasis in Saudi Arabian camels (Camelus dromedarius). Veterinary Parasitol. Feb., 9(3-4): 253-60.

6. Mumed A and Gemeda A.E. A Cross Sectional Study on Prevalence of Cephalopina titillator Infection in. Camel (Camelus dromedaries) in Dire Dawa Administrative Region, Ethiopia. Advances in Biological Research 9 (4): 225-229, 2015

7. Musleh D.M, Abdel-Meguid A.A and Mohamed N.T. Protein profile of alimentary canal and secretions of second instar larvae of Cephalopina titillator (Oestridae:Diptera). Int. J. Adv. Res. Biol.Sci. 2(8): (2015): 124–128

8. Oryan A, Valinezhad A, Moraveji M. Prevalence and pathology of camel nasal myiasis in eastern areas of Iran. Trop Biomed. 2008 Apr;25(1):30-6.

9. Otranto D., 2001. The immunology of myiasis: Parasite survival and host defense strategies. Trends in Parasitol., 17(4): 176-182.

10. Yousef HA, Afify A, Meguid AA, Hassan HM. Profiling of proteins and proteases in the products of the salivary gland, digestive tract and excretions from larvae of the camel nasal botfly, Cephalopina titillator (Clark). Z Naturforsch C. 2015 Jul 1;70(7-8):197-203. doi: 10.1515/znc-2014-4206.

11. Yousef H.A, Afify A, Meguid A.A, Hassa H.M. Analysis of larval antigens of Cephalopina titillator in the camelmucus for diagnosis of infestation. Biologia 71/4: 438—443, 2016. doi:10.1515/biolog-2016-0051

 

 

Туысы Gastrophilus

Gastrophilus туысы келесі түрлерден тұрады: Gastrophilus intestinalis, Gastrophilus haemorrhoidalis, Gastrophilus peсorum, Gastrophilus veterinus, Gastrophilus inermis, Gastrophilus nigricornis, Gastrophilus flavipes, Gastrophilus nasalis және Gastrophilus magnicornis.

 

Gastrophilus intestinalis, Gastrophilus haemorrhoidalis, Gastrophilus peсorum, Gastrophilus veterinus, Gastrophilus inermis, Gastrophilus nigricornis, Gastrophilus flavipes, Gastrophilus nasalis және Gastrophilus magnicornis

Overview/Cипаттамасы: Gastrophilus spp. (Гастрофилез, Gastrophilosis) – жылқының, сонымен қатар қашырдың және т.б тақтұяқтылардың ас қорыту жолдарында паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары қоздыратын, стоматитпен, анорексиямен, фарингитпен, қоңдылығының төмендеуімен, іш өтумен, коликпен және атаксиямен сипатталатын энтомоз ауру [ Dart AJ et al., 1987 ]. Gastrophilus spp. түрлерінің балаң құрттары қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Гастрофилез» деп атайды, сонымен қатар халық арасында бөгелек түрлерін «Қарынның үлкен бөгелегі, большой желудочный овод» (G. Intestinalis), «Қызыл құйрықты бөгелек, краснохвостый овод, или усоклей» (G. haemorrhoidalis), «Шөптік немесе шығыс бөгелегі, восточный овод, или травник» (G. peсorum), «12 иелі ішек бөгелегі, кишечный овод» (G. veterinus), «Кіші қарын бөгелегі» (G. inermis), «Қара мұртты бөгелек» (G. nigricoonis), «Есек пен қашыр бөгелегі» (G. flavipes) және «Ұзын мұртты бөгелек» (G. magnicornis). Гастрофилез ауруы кезінде балаң құрттар жылқыларда ас қорыту жолының миаз ауруын тудырады [ Ibrayev B et al., 2015 ]. Балаң құрттар созылмалы гастрит, перитонит, қарынның жарылуы және анемия тудырады [ Hoglund J et al., 1997; Brocard P, Pfister K., 1991 ].

Genomics/Геномика: 1.Митохондриялық геном (mt genome): Ғалымдар G. intestinalis түрінің митохондриялық геномын Қытайда (mt genome) анықтады [ Gao D et al., 2016 ]. Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында анықталған G. intestinalis түрінің митохондриялық геном салмағы 15,687 bp (а base pair) және Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданынан анықталған G. intestinalis түрінің митохондриялық геном салмағы 15,660 bp (а base pair) құрады (олар 37 геннен тұрады, оның ішінде 13 ген протеиндер, 22 ген (транспорттық) ақпараттық РНК (tRNA) және 2 ген рибосомалық РНК, rRNA) [ Gao D et al., 2016 ]. G. intestinalis түрінің митохондриялық геномы ғылыми молекулярлық деңгейде індеттің митохондриялық ДНК-ын (mtDNA) анықтауда маңызды орын алады [ Gao D et al., 2016 ]. G. intestinalis түрінің митохондриялық геномының базасы АҚШ Ұлттық Биотехнологиялық Ақпарат Орталығының сайтында тіркелген [ NCBI ]. 2. Рибосомалық рРНК: Gastrophilus spp. түрлерін митохондриялық цитохром оксидаза I (COI) және 16S және 28S рибосомалық РНК генінен тұрады [ Otranto D et al., 2005 ]. Gastrophilus spp. түрлерінің митохондриялық цитохром оксидаза I (COI) және 16S және 28S рибосомалық РНК генімен секвинациялаудың диагностикалық және филогенетикалық маңызы зор [ Otranto D et al., 2005 ].

Classification/Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы: Gastrophilus (horse botfly, желудочно-кишечные оводы лошадей, жылқының қарын бөгелегі), Түрлері: Gastrophilus intestinalis, Gastrophilus haemorrhoidalis, Gastrophilus peсorum, Gastrophilus veterinus, Gastrophilus inermis, Gastrophilus nigricornis, Gastrophilus flavipes, Gastrophilus nasalis және Gastrophilus magnicornis

Aetiology/Этиология: Ұзындығы 9-16 мм жететін cары-қоңыр, қара-қоңыр, сарғыш-қызыл және қара түсті бөгелектер (horse botfly, желудочно-кишечные оводы лошадей, жылқының қарын бөгелегі) [ Studzińska M.B and Wojcieszak K., 2009 ]. Даму айналымы толық метаморфозды өтеді: 1) жұмыртқа; 2) балаң сатылар (Б1, Б2 және Б3), 3) қуыршақ және 4) имаго. Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып, аналығы 500-700 дана жұмыртқаны жылқының дене бөліктеріне (ұрт, мойын және т.б) желімдеп кетеді, ал Gastrophilus peсorum түрінің аналығы жұмыртқасын шөпке желімдеп кетеді. Жұмыртқадан шыққан бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) теріні тітіркендіреді, теріні жалау арқылы бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) сілекеймен жылқының ағзасына түседі. Шөппен бірге Gastrophilus peсorum түрінің бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) жылқының ағзасына енеді. Аурудың бастау көзі балаң құрттың бірінші сатысының (Б1) сілекеймен немесе шөппен бірге ағзаның ас қорыту жолына енуінен басталады. Бірінші және екінші сатыдағы балаң құрттар (Б1, Б2) жылқының ас қорыту жолында және үшінші сатыдағы балаң құрттар (Б3) қарында 8-10 ай бойы паразиттік тіршілік етіп, сыртқы ортаға нәжіспен бірге түсіп, қуыршақтанып, ересек сатыға айналады. Тек G. haemorrhoidalis түрінің үшінші сатыдағы балаң құрты (Б3) сыртқа түспей, біраз уақыт тік ішекке бекінеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ауруды балаң құрттар қоздырады.

Morphology/Морфология: Ұзындығы 9-16 мм жететін cары-қоңыр, қара-қоңыр, сарғыш-қызыл және қара түсті бөгелектер (horse botfly, жылқының қарын бөгелегі) [ Studzińska M.B and Wojcieszak K., 2009 ]. G. intestinalis түр бөгелегінің түсі сарғыш түсті бөгелек, басы үлкен, аяқтары ұзын және құрсағы сарғыш-қоңыр түсті (14-сурет). G. intestinalis түрінің балаң құртының үшінші сатысының (Б3) тұрқы 20 мм, цилиндр тәрізді, ауыз ілмекшелері бар, денесінде екі қатар орналасқан тікенектері бар (15-сурет).

Сурет-14. Gastrophilus intestinalis түрінің бөгелегі (имаго) (сол жақ) және 15-сурет. Gastrophilus intestinalis түрінің балаң құртының үшінші сатысы (Б3) (оң жақ)

Life cycle/Даму айналымы: Gastrophilus spp: Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып, аналығы 500-700 дана жұмыртқаны жылқының дене бөліктеріне (ұрт, мойын және т.б) желімдеп кетеді. G. peсorum түрінің аналығы жұмыртқасын шөпке, G. veterinus түрі алқымына, мойынына, G. inermis түрі ұрт жағына, G. nigricornis түрі ұртына, мұрнының үстіне желімдеп кетеді. Жұмыртқадан бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) теріні тітіркендіреді, теріні жалау арқылы бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) сілекеймен жылқының ағзасына түседі. Шөппен бірге G. peсorum түрінің бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) жылқының ағзасына еніп, ас қорыту жолына түседі. Бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) түлеп, екінші сатыдағы балаң құрттарға айналып (Б2), қарынға түсіп, үшінші сатыдағы балаң құрттарға (Б3) айналады [ Roelfstra L et al., 2010 ]. Үшінші сатыдағы балаң құрттар (Б3) жылқының ас қорыту жолында 8-10 ай бойы паразиттік тіршілік етеді [ Cogley & Cogley, 1999 ]. Сосын сыртқы ортаға үшінші сатыдағы балаң құрттар (Б3) нәжіспен бірге түсіп, қуыршақтанып, 1-1,5 айдан кейін ересек сатыға айналады. Тек G. haemorrhoidalis түрінің үшінші сатыдағы балаң құрты (Б3) сыртқа түспей, біраз уақыт тік ішекке бекінеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ересек сатылары қоректенбейді және балаң құрт сатысында жинаған азық қорымен қоректенеді [ Hall & Wall, 1995 ].

Індеттік деректері/Epidemiology: Гастрофилездің бөгелектерінің Қазақстанның өңірлерінде (Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік және Орталық Қазақстан) төрт түрі анықталды: G. intestinalis (экстенсивтілігі:100%), G. haemorrhoidalis (100%), G. nasalis (100%) and G. pecorum (91.2%) [ Ibrayev B et al., 2015 ]. Гастрофилез ауруына 2 жастан асқан жылқылар бейім келеді [ Ibrayev B et al., 2015 ].

Pathogenicity/Патогенезі: Екінші және үшінші сатыдағы балаң құрттар (Б2 және Б3) қарынға және ішекке бекініп, көп бөлуының салдарынан ас қорыту жолы бітеліп, колик туындайды [ Mashayekhi M and Ashtari B., 2013 ]. Балаң құрттар созылмалы гастрит, перитонит, қарынның жарылуы және анемия тудырады [ Hoglund J et al., 1997; Brocard P, Pfister K., 1991 ]. G. intestinalis түрінің балаң құрттары қоздыратын ауруы кезінде жылқыларда гематологиялық көрсеткіш бойынша лейкоцитоз солға жылжиды, гипопротеинемия гипоальбуминемиямен және гипергаммаглобулинемиямен сипатталады [ Dart AJ et al., 1987 ].

Clinical signs/Аурудың сырт белгілері: G. intestinalis түрінің балаң құрттары қоздыратын ауруы кезінде жылқыларда анорексия, қоңдылығының төмендеуі, іш өту, колик және атаксия байқалады [ Dart AJ et al., 1987 ].

Pathology/Патология: Патолого-анатомиялық сойып зерттеу: Сойып зерттеу барысында қарын мен ішек жолдарында балаң құрттар байқалады (16-сурет) және қарынның кілегейлі қабығында кратер тәрізді өзгерістер байқалады (17-сурет) [ Studzińska M.B and Wojcieszak K., 2009 ]. Гистопатологиялық сойып зерттеу: Ас қорыту жолдары қызарған (геморрагия) және экзоцитоз эритроцитозды қосу арқылы макрофагтардан, лимфоциттерден және эозинофильдерден түрады [ Cogley TP., 1989 ].

Сурет-16. Қарын мен ішек жолдарында балаң құрттар байқалады (сол жақ) және Сурет- 17. Қарынның кілегейлі қабығында кратер тәрізді өзгерістер байқалады (оң жақ). Photo courtesy of Studzińska M.B and Wojcieszak K., 2009. Bull Vet Inst Pulawy 53, 651-655, 2009

Excretory-secretory products, ESP/Экскреторлы-секреторлы өнімдер. G. intestinalis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттары (Б2) өз иесінің ағзасында экскреторлы-секреторлы антигендерді бөледі [ Cortiñas Paredes F.J et al., 2010 ]. G. intestinalis түрінің екінші және үшінші сатыдағы балаң құрттары (Б2 және Б3) өз иесінің ағзасында экскреторлы-секреторлы антигендерді бөледі [ Roelfstra L et al., 2009 ]. G. intestinalis және G. nasalis түрлерінің екінші сатыдағы балаң құрттары (Б2) өз иесінің ағзасында экскреторлы-секреторлы антигендерді бөледі және ол антигендер былай аталады: Gasterophilus intestinalis (GphiL2ES) және Gasterophilus nasalis (GphnL2ES) [ Sánchez-Andrade R et al., 2010 ].

Immunity/Иммунитет: G. intestinalis балаң құрттарына қарсы өз иесінде гуморальды иммунитет пайда болады [ Roelfstra L et al., 2009 ]. G. intestinalis ауруы кезінде жылқының қанында қаңтар-шілде айларында иммуноглобулин G (IgG) антиденесі түзіледі [ Cortiñas Paredes F.J et al., 2010 ]. Gastrophilus intestinalis (GphiL2ES) және Gastrophilus nasalis (GphnL2ES) екінші сатыдағы балаң құрттардың (Б2) экскреторлы-секреторлы антигендеріне қарсы жылқы қанында қаңтар-шілде айларында иммуноглобулин G (IgG) антиденесі түзіледі [ Sánchez-Andrade R et al., 2010 ].

Diagnosis/Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз: 1) Antemortem/Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне, Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық зерттеулерге сүйенеміз: (а) Серологиялық: G. intestinalis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттар (Б2) өз иесінің ағзасында экскреторлы-секреторлы антигендерін қолдану арқылы ИФТ (ELISA) әдісін қолдану арқылы иммуноглобулин G (IgG) антиденесін анықтаймыз [ Cortiñas Paredes F.J et al., 2010 ]. Gastrophilus intestinalis (GphiL2ES) және Gastrophilus nasalis (GphnL2ES) екінші сатыдағы балаң құрттардың (Б2) экскреторлы-секреторлы антигендерін қолдану арқылы ИФТ (ELISA) әдісін қолдану арқылы иммуноглобулин G (IgG) антиденесін анықтаймыз [ Sánchez-Andrade R et al., 2010 ]. (b) Молекулярлық әдіс: PCR-RFLP (Polymerase chain reaction-restriction fragment length polymorphism) әдісі cox1 генімен секвинациялау арқылы G. intestinalis and G. nasalis қоздырушыларын анықтауға және ажыратуға болады [ Pawlas-Opiela M et al., 2010 ] және Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен зертханалық зерттеу. 2) Postmortem / Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық және гистопатологиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.

Treatment/Емі: Эквисект пастасымен («Фармбиомедсервис», Ресей) жылқыны емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданылады:

 

Дәрінің атауы, өндіруші компания, мемлекет және т.б Химиялық құрамы Қолданылу мөлшері Қолданылу мақсаты Қолданылу тәсілі Шектеу, ескерту және т.б
Эквисект паста(«Фармбиомедсервис», Ресей). Полимерлі шприц-дозатор түрінде шығады. 1% Аверсектин С Пастаны шприц-дозатордың көмегімен тілдің түбіне енгізіп, басын бірнеше секунд көтеріп тұрамыз (100 кг салмаққа/2 г паста) Стронгилидоздар, параскаридоз, оксиуроз, парафиляриоз, және басқа нематодоздарға қарсы, сонымен қатар гастрофилез бен ринэстрозға қарсы қолданылады Пастаны шприц-дозатордың көмегімен тілдің түбіне енгізу арқылы Етті 14 күннен кейін пайдалануға болады

Дезинсекциялық ерітінді: Интермитокс (Intermitox) - («InterHygiene GmbH», Германия) ерітіндісін эктопаразиттерге қарсы қора-жайды өңдеуге болады. Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60% (Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2 аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60% ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20 күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз (200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен).

Prevention and control/Алдын-алу: Қора жайды жәндіктерге қарсы өңдеу күзде жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін Эквисект пастасымен («Фармбиомедсервис», Ресей) 2 айда бір рет жылқылар дәріленеді. Ауру анықталса жылқылар емделеді. Қора-жайдағы қиды өз кезегінде жинаған жөн.

Literature/Әдебиеттер:

1. Brocard P, Pfister K (1991). The epidemiology of gasterophilosis of horses in Switzerland. Schweiz Arch Tierheilkd, 133, 409-416.

2. Cogley T.P. Effects of migrating Gasterophilus intestinalis larvae (Diptera: Gasterophilidae) on the mouth of the horse. Vet Parasitol. 1989 Jun;31(3-4):317-31.

3. Cogley, T.P. & Cogley, M.C. (1999) Inter-relationship between Gas-terophilus larvae and the horse’s gastric and duodenal wall with special reference to penetration. Veterinary Parasitology, 86,127–142.

4. Cortiñas Paredes F.J., Francisco I., Sánchez J., Mula P., Cazapal C., Suárez J. L., Vázquez L., Francisco R., Arias M. S., Díez Baños P., Scala A., Morrondo P., Paz Silva A., Sánchez-Andrade R. Chronobiology of Gasterophilus infestationsin silvopasturing horses from NW Spain. Rev. Ibero-Latinoam. Parasitol. (2010); 69 (1): 66-71

5. Dart AJ, Hutchins DR, Begg AP. Suppurative splenitis and peritonitis in a horse after gastric ulceration caused by larvae of Gasterophilus intestinalis. Aust Vet J. 1987 May;64(5):155-8.

6. Gao DZ, Liu GH, Song HQ, Wang GL, Wang CR, Zhu XQ. The complete mitochondrial genome of Gasterophilus intestinalis, the first representative of the family Gasterophilidae. Parasitol Res (2016) 115: 2573. doi:10.1007/s00436-016-5002-9

7. Hall, M.J.R. & Wall, R. (1995) Myiasis of humans and domesticanimals. Advances in Parasitology, 35, 257–334

8. Hoglund J, Ljungstrom BL, Nilsson O, Lundguist H, Osterman E, Uggla A (1997). Occurrence of Gasterophilus intestinalis and some parasitic nematodes of horses in Sweden. Acta Vet Scand, 38, 157-165.

9. Ibrayev B, Lider L, Bauer C. Gasterophilus spp. infections in horses from northern and central Kazakhstan. Vet Parasitol. 2015 Jan 15;207(1-2):94-8. doi: 10.1016/j.vetpar.2014.11.015.

10. Mashayekhi M and Ashtari B. Study of Gasterophilus role in Equine Gastric Ulcer Syndrome in Tabriz area. Bull. Env. Pharmacol. Life Sci., Vol 2 (12) November 2013: 169-172

11. National Center for Biotechnology Information (NCBI). Gasterophilus intestinalis. http://www.ncbi.nlm.nih.gov/sites/gquery?term=Gasterophilus%20intestinalis

12. Otranto D, Traversa D, Milillo P, De Luca F, Stevens J. Utility of mitochondrial and ribosomal genes for differentiation and phylogenesis of species of gastrointestinal bot flies. J Econ Entomol. 2005 Dec;98(6):2235-45.

13. Pawlas-Opiela M, Wojciech Ł, Sołtysiak Z, Otranto D, Ugorski M. Molecular comparison of Gasterophilus intestinalis and Gasterophilus nasalis from two distinct areas of Poland and Italy based on cox1 sequence analysis. Vet Parasitol. 2010 Apr 19;169(1-2):219-21. doi: 10.1016/j.vetpar.2009.12.030.

14. Roelfstra L, Vlimant M, Betschart B, Pfister K, Diehl PA. Light and electron microscopy studies of the midgut and salivary glands of second and third instars of the horse stomach bot, Gasterophilus intestinalis. Med Vet Entomol. 2010 Sep;24(3):236-49. doi: 10.1111/j.1365-2915.2010.00881.x.

15. Roelfstra L, Deeg C.A, Hauck S.M, Buse C, Membrez M, Betschart B and Pfister K. Protein expression profile of Gasterophilus intestinalis larvae causing horse gastric myiasis and characterization of horse immune reaction. Parasites & Vectors, 2009, 2:6. doi: 10.1186/1756-3305-2-6

16. Sánchez-Andrade R, Cortiñas FJ, Francisco I, Sánchez JA, Mula P, Cazapal C, Vázquez L, Suárez JL, Francisco R, Arias MS, Díez-Baños P, Scala A, Paz-Silva A. A novel second instar Gasterophilus excretory/secretory antigen-based ELISA for the diagnosis of gasterophilosis in grazing horses. Vet Parasitol. 2010 Aug 4;171(3-4):314-20. doi: 10.1016/j.vetpar.2010.03.034.

17. Studzińska M.B and Wojcieszak K. Gasterophilus sp. Botfly larvae in horses from the South-Eastern part of Poland. Bull Vet Inst Pulawy 53, 651-655, 2009

 

 

№4 зертханалық сабақ

 

Тақырып: Паразитиформды кенелердің диагностикалық ерекшеліктері: Иксодид және Аргас кенелері, олардың күрес шаралары.

 

Сабақтың мақсаты: Паразитиформды кенелердің диагностикалық ерекшеліктерін меңгеру.

Қысқартулар және т.б: CDC - (Centers for Disease Control and Prevention/Центры по контролю и профилактике заболеваний США); TBDs -(Tick-borne diseases/Кене аурулары);

Халықаралық атаулар: Centers for Disease Control and Prevention (СDC); Tick-borne diseases (TBDs);

 

Phylum/Тап Arthropoda (буын аяқтылар)

Arthropoda (буын аяқтылар) табы, Acari (кене) кіші табына жатады.

 







ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

Конфликты в семейной жизни. Как это изменить? Редкий брак и взаимоотношения существуют без конфликтов и напряженности. Через это проходят все...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.