Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Тегі Parasitiformes (Паразитиформды кенелер)





 

Қазақстанда 3 отряд тармағы (акариформды, паразитоформды және аз зерттелген пішендік кенелер), 10 тұқымдасы, 58 туысы, 236 түрі (иксодид кенелерінің 51 түрі және гамаз кенелерінің 100 түрі бар). Кенелер омыртқасыздарға жатады. Дүние жүзінде 35000 кенелердің түрі сипатталған. Кенелер –космополиттер (дүние жүзінде кең таралған). Олар бүкіл жерде өмір сүреді (су, топырақ, өсімдік және жануарлар). Паразиттік кенелер өз иесін қоректену үшін пайдаланады: олар өз иесін қысқа уақыт пайдаланады (Аргас кенелері), басқалары бірнеше күн өз иесінде қоректенеді (иксодид немесе жайылым кенелері) және басқалары өз иесінің денесінде өмірінің соңына дейін тоғышарлық етеді (саркоптоидоздық кенелер). Паразитоформды кенелер Ixodidae және Argasidae тұқымдасынан тұрады.

 

Тұқымдасы Ixodidae (иксодид немесе жайылым кенесі)

 

Ixodidae (иксодид немесе жайылым кенелері) тұқымдасына жататын кенелер алты туысқа бөлінеді: 1) Ixodes (жабысқақ кене), 2) Dermacentor (тері жырғыш кене, ақ кене), 3) Hyalomma (шыны көзді кене, тас кене, қызыл кене), 4) Heamaphisalis (қан сүйгіш кене), 5) Rhipicephalus (желпуіш басты кене) және 6) Boophilus (бұқа сүйгіш кене).

 

Иксодид кенелерінің морфологиясы: Кенелердің тұрқы 1-6 мм жетеді, тойынған қан сорғыш кене денесі 25 мм дейін ұлғаяды. Түстері ақшыл қоңыр немесе қара түсті. Тұмсықтары қан соруға өте жақсы бейімделген. Паразиттi кенелердiң ауыз аппараты – тесiп-сорғыш болады. Кенелердің денесі (идиосома) домалақ немесе сопақ пішінді. Акариформдық кенелер денесі екіге протеросомаға, (алдыңғы жұп аяғы мен ауыз аппараты) және гистеросомаға (құрсағы мен артқы жұп 2 аяғы) бөлінген. Сыртқы кутикула қабаты қатты қалың әр түрлі пішіндегі қалқаншаларды құрайды. Гнатосома (тұмсық бөлігі) екі хелицерден және екі пальпадан тұрады. Тұмсық түбі алтыбұрышты, тікбұрышты, трапеция тәрізді болады. Пальпа төрт буыннан тұрады. Тістері 2-6 қатар болып гипостомда орналасады [ Тарасов В.В., 1996 ]. Хелицердің түбі цилиндр тәрізді. Хелицер ішкі және сыртқы буыннан тұрады. Сыртқысында тістері оналасады. Хелицердің футляры сыртынан гипостомды жауып тұрады [ Тарасов В.В., 1996 ]. Арқа қалқанша идиосоманы жауып тұрады. Қалқаншаның құрылымы тығыз және хитинді болады. Көздері арқа қалқаншасының маңында орналасады. Ixodes және Haemaphysalis туыс кенелерінде көз болмайды [ Тарасов В.В., 1996 ]. Кенелерде тыныс алу жүйесі тыныс түтікшесінен (трахея) тұрады, түтікше сыртқы тыныс алу мүшесінен (стигма) ашылады. Тыныс түтікшесі 4 жұп аяғының түбіндегі перитремада жатады. Аналь және жыныс тесігі вентральды жақта орналасады. Аналь тесігі 4 жұп аяғының түбінде орналасады. Жыныс тесігі екінші жұп аяқтың аяқтарының түбінде орналасады. Балаң кененің 3 жұп және нимфа мен ересек (имаго) кенелердің 4 жұп аяқтары болады. Аяқтары алты буыннан тұрады: тазик, ұршық, сан, сирақ, өкше және табан. Кененің табаны жастықшадан, тырнақтан және сорғыштан тұрады (олардың көмегімен өз иесіне жабысады). Бірінші жұп аяғының табанында Галлер мүшесі орналасады (бұл мүше өз иесін іздеуге көмектеседі). Санында, сирағында және 1-4 жұп аяқтарының табанында сезім мүшелері орналасады [ Тарасов В.В., 1996 ] (17-сурет).

17-сурет. Иксодид кенелердің аналығы мен аталығының құрылысы

Жыныс диморфизмі: Иксодид кенелері дара жыныстылар. Аналық кенелер – тұмсығының түбінде сезім саңылаулары болады (бұлар сезім мүшелерін атқарады). Пішіні алмұрт тәрізді, сопақ, үшбұрышты пішінді. Арқа қалқаншасы (скутум) денесінің алдыңғы бөлігіндегі тұмсық түбінде орналасқан және денесінің үштен бір бөлігін алып жатады. Жыныс тесігі 4 жұп аяқтың аяқтарының маңында орналасады [ Тарасов В.В., 1996 ] (18-сурет).

18-сурет. Ixodes ricinus түр кенесінің аналығының құрылысы: А-дорсальды жағы және В-вентральды жағы. 1- тұмсық түбі; 2-пальпалар; 3-гипостом; 4- сезім саңылауы; 5-арқа қалқаншасы (скутум); 6- иығы; 7-аллоскутум; 8-жыныс тесігі; 9-аналь тесігі; 10-перитрема; 11-кокса; 12-цервикальды қарықша; 13- бүйір қарықшасы; 15- ортаңғы қарықша; 16- артқы бүйір қарықшасы; 17- аналь қарықшасы

Аталықтары – арқа қалқаншасы (скутум) денесінің барлық бөлігін жауып жатады. Қалқаншаның соңғы жағында фестондар орналасқан. Ортаңғы фестон (парма) көлденең қалқаншадан бөлініп тұрады. Құрсақ қалқаншалар денесінің барлық дорсальды жағын жауып жатады. Жыныс тесігі 2 жұп аяқтың аяқтарының маңында орналасады [ Тарасов В.В., 1996 ] (19-сурет).

19-сурет. Ixodes ricinus түр кенесінің аталығының құрылысы: А-дорсальды жағы және В-вентральды жағы. 1- тұмсық түбі; 2-пальпалар; 3-гипостом; 4- арқа қалқаншасы (скутум); 5-иығы; 6-жыныс тесігі; 7-аналь тесігі; 8-перитрема; 9-аналь қарықшасы; 10-аданальды қарықша; 11-эпимеральды қарықша; 12- ортаңғы қарықша; 13-прегенитальды қарықша; 14-кокса; 15-ұршық; 16-сан; 17-сирақ; 18-өкше; 19-табан; 20-І кокса; 21-тісше 4 кокса; 22-жарғақты шылау; 23- сорғыштар; 24-тырнақ; 25-Галлер мүшесі; 26-жалған буын.

Жұмыртқасы – диаметрі 0,5-1 мм. Түсі ашық-сары немесе қошқыл түсті. Жұмыртқалары топтасып жатады [ Тарасов В.В., 1996 ]. Балаң кенелері – 3 жұп аяқтары болады, жыныс тесігі және сезім саңылаулары және перитремасы жоқ. Пальпалары 2-3 буынға бөлінеді,бір жұп анальды қалқаншасы бар. Арқа қалқаншасы денесінің алдыңғы бөлігін алып жатады. Нимфа – 4 жұп аяқтары болады, перитремасы бар, жыныс тесігі және сезім саңылаулары жоқ. Анальды қалқанша бірден үшке дейін жұптан тұрады (20-сурет).

20-сурет. Dermacentor variabilis түр кенесінің аталығы, аналығы, балаң кенесі және нимфасы.

Дамуы: Кенелердің дамуы толық метaморфозды. Даму айналымы келесі сатылардан тұрады: 1) жұмыртқа, 2) балаң кене, 3) нимфа және 4) имаго. Имаго: Иксодид кенелер қан сорғыштар. Тек Hyallomma туыс кенесі өз иесінің ізіне түседі. Иксодид кенелері жайылым және ін кенелері деп бөлінеді. Жайылым кенелері өз иелеріне шөптен немесе бұтадан шабуылдайды. Тойынған кенелер өз иесінің денесінен сыртқы ортаға түседі. Аналықтары 1500-20000 мың жұмыртқаларын топырақтың саңылауына және т.б бөледі. Олардың иелері – жануарлар, адамдар, құстар және т.б. Имагосының қан сору ұзақтығы 5-15 тәулікке созылады [ Дербенева-Ухова В.П., 1974 ]. Имагосының өмір сүрі ұзақтығы 2-3 жыл. Өз иесінің ағзасында имаго қан сору кезеңінде ғана болады [ Тарасов В.В., 1996 ].

Шағылысу кезеңі: Шағылысу (копуляция) өз иесінің денесінде өтеді. Қанға тойынған кенелер өз иесінің денесінен сыртқы ортаға түсіп, топырақтың жырасына барып, 4-60 күнде жұмыртқалайды. Жұмыртқалау 1-2 айға созылу мүмкін [ Тарасов В.В., 1996 ]. Аналықтары 1500-20000 мың жұмыртқа бөледі. Жұмыртқа – кененің түріне байланысты эмбриональды даму кезеңі 2 аптадан 10 аптаға дейін созылады. Балаң кене – дамуы 1-4 апта. Аш жағдайда бірнеше айдан екі жылға дейін өмір сүреді. Қан сору ұзақтығы 2-5 тәулік [ Тарасов В.В., 1996 ]. Нимфа – дамуы 1-4 апта. Келесі сатыға өту үшін қан сору керек. Аш жағдайда бірнеше айдан екі жылға дейін өмір сүреді. Қан сору ұзақтығы 3-8 тәулік [ Тарасов В.В., 1996 ]. Имаго – аталықтары аналығымен өз иесінің денесінде шағылысқаннан кейін өледі. Қанға тойынған аналықтары өз иесінен сыртқы ортаға түсіп, сыртқы ортада жұмыртқалайды.

Иксодид кенелерінің даму айналымы және табиғи жағдайда риккетсия қоздырушысының берілуі: Көк түспен боялған стрелкалар иксодид кенесінің табиғи жағдайда даму кезеңдерін келтіреді: (1) қанға тойынған аналық кенелердің жұмыртқалауы; (2) сыртқы ортада жұмыртқадан балаң кененің шығуы; (3) балаң кенелердің ұсақ жануарлардың денесіне жабысып, тоғышарлық етуі; (4) қанға тойынған балаң кене нимфа сатысына түлейді; (5) нимфалар ұсақ немесе ірі жануарлардың денесіне жабысып, тоғышарлық етуі; (6) нимфалар ересек сатыға айналып, ірі жануарларға немесе адамдардың денесіне жабысып, тоғышарлық етуі. Үзілген қызыл стрелкалар риккетсияның трансовариальды (7) және трансфазалық (8) берілуін көрсетеді. Қызыл стрелкалар риккетсия қоздырушысының адамға нимфа (9) немесе имаго (10) арқылы берілуін көрсетеді [ Eremeeva M.E and Dasch GA., 2015 ] (21-сурет).

21-сурет. Иксодид кенелерінің даму айналымы және табиғи жағдайда риккетсия қоздырушысының берілуі/ Photo courtesy of Eremeeva M.E and Dasch G.A., 2015. Front Public Health. 2015 Apr 21;3:55. doi: 10.3389/fpubh.2015.00055.

Биологиялық ерекшеліктері: 1) Үш иелі кене: Кенелер өз иесінің денесінде қан сору кезінде болады. Індік паразитизмде – сол түр кенелер өз иесінде барлық сатылардан өтеді. Жайылымды кенелердің балаң кенесі мен нимфасы рептилиялар мен ұсақ сүтқоректілерде қан сорады, ал имагосы ірі жануарлардан қан сорады (22-сурет). 2) Екі иелі кене: Балаң кене қан сору кезінде өз иесінде қалады. Осы жерде балаң кене нимфаға ауысады. Нимфа сатысы өз иесінің денесінен түсіп, имагоға айналып, басқа екінші иесіне жабысып, қан сорады. 3) Бір иелі кене: Балаң кене, нимфа және имаго сатылары бір иесінің денесінен қан сорады. Тойынған аналық сатысы жерге түседі.

22-сурет. Иксодид кенелерінің үш иелі даму айналымы. Rhipicephalus sanguineus түрінің даму айналымы

Иксодид кенелерінің зияны: Кенелер адамдарға, жануарларға және т.б вирустарды, риккетсияларды, бактерияларды және протозооздарды таратушылар болып есептелінеді. Кенелердің адамдарға, жануарларға және т.б ауру тарататын ауруларды дүние жүзінде «Tick-borne diseases (TBDs) / Кене аурулары» терминімен сипаттайды.

Иксодид кенелер тарататын аурулардың тарихы: Алғаш рет кенелерді және олар тарататын ауруларды Кильборн и Смит зерттеп, 1893 жылы Американың Техас штатында ірі қараның қызбасын (Ірі қара бабезиозы) кене тарататынын анықтады. 1800 жылы АҚШ-да кенелер тарататын «Жартасты таулардың таңбалы қызбасы (Лихорадка Пятнистая Скалистых Гор/Rocky Mountain spotted fever, RMSF)» ауруын алғаш рет адамдардан зерттелінді. 1906 жылы Чикаго университетінің патологы Риккетс Х.Т. Миссула қаласы мен оның маңында «Жартасты таулардың таңбалы қызбасы» ауруының шығу себебін (зертханалық жануарларға биосынама қою арқылы) 3 жыл зерттей келе ауруды адамдарға Dermacentor туысындағы кенелер жұқтырады деген тұжырымға келіп, зертханалық жануарлар қанынан таяқша пішінді сопақ микроорганизмдерді тапты. 1916 жылы ауру американдық ғалым Риккетстің есімімен аталды. 1919 жылы Wolbach деген ғалым Rickettsia rickettsi қоздыратын ауруды «Жартасты таулардың таңбалы қызбасы/Rocky Mountain spotted fever, RMSF» деп атады.

Кенелер тарататын жануарлардың аурулары: Кенелер тарататын аурулар (Tick-borne diseases, TBDs) мал шаруашылығына үлкен экономикалық шығын келтіреді. Дүние жүзінде жануарлар арасында кенелер тарататын аурулардың (TBDs) маңызды төрт тобы бар: Theileriosis (Тейлериоз), Babesiosis (Бабезиоз), Аnaplasmosis (Анаплазмоз) and Heartwater (Сowdriosis/ Гидроперикардит) [ Marcelino I et al., 2012 ].

Кенелер тарататын адамдардың аурулары: CDC (Centers for Disease Control and Prevention) мәліметтеріне сүйенсек АҚШ-да адамдарға кенелер келесі ауру түрлерін жұқтырады: Anaplasmosis (Анаплазмоз), Babesiosis (Бабезиоз), Borrelia mayonii (Боррелиоз), Borrelia miyamotoii (Иксодовый клещевой боррелиоз), Colorado tick fever (Колорадо безгегі), Ehrlichiosis (Эрлихиоз), Heartland virus (вирус «Хартленд»), Lyme disease (Лайм ауруы, Лайм-боррелиоз), Powassan disease (Вирус Повассан), Rickettsia parkeri rickettsiosis (Риккетсиоз), Rocky Mountain spotted fever (RMSF) (Жартасты таулардың таңбалы қызбасы), STARI (Southern tick-associated rash illness/Южный клещ связанный с сыпью), Tickborne relapsing fever (TBRF) (Клещевые возвратные лихорадки, КВЛ), Tularemia (Туляремия) және 364D rickettsiosis (Риккетсиоз) [ CDC, 2016 ].

Кенелер тарататын ауруларға қарсы жануарларды вакцинациялау: Кенелер тарататын аурулардың (TBDs) алдын алу үшін дүние жүзінде оларға қарсы вакциналар құрастырылды [ Minjauw B and McLeod A., 2003 ]. Theilaeria annulata базалы шизонттардың клетка культурасынан алынған тірі және аттенуацияланған вакцина (Ракшавак-Т/«Rakshavac-T®», National Dairy Development Board, India) шетелдерде ірі қарада Тейлериоздың алдын алу үшін қолданылады [ Minjauw B and McLeod A., 2003 ]. Ракшавак-Т вакцинасы Қазақстанның ветеринариялық препараттары және азық қоспаларының мемлекеттік реестрінде тіркелген және бұл вакцина біздің елімізде ірі қарада Тейлериоздың алдын алу үшін қолданылады.

Anaplasma marginale ауруының алдын алу үшін ірі қараға өлі және тірі вакцина эксперимент жүзінде жақсы нәтиже берді [ Kocan K.M et al., 2003 ]. Rickettsiales Ehrlichia (Cowdria атымен белгілі) ruminantium ауруының алдын алуда тірі және рекомбинантты вакцина (ДНК-лы және/немесе протеин базалы) ірі қараға эксперимент жүзінде жақсы нәтиже берді [ Simbi B.H et al., 2006 ].

Babesia bovis ауруын қарсы тірі аттенуацияланған вакцина құрастырылды [ Alonso M et al., 1994 ]. Қан паразиті (hemoparasite) Babesia bovis ауруының алдын алу үшін ірі қараға рекомбинантты Bovipain-2 атты вакцина эксперимент жүзінде жақсы нәтиже берді [ Mesplet M et al., 2010 ]. Тірі аттенуацияланған вакцина Babesia bovis және Babesia bigemina ауруын қарсы ірі қараға эксперименттік иммунизациялау кезінде жақсы нәтиже берді [ Ojeda J.J et al., 2010 ].

Кене антигенінен жасалған кенелерге қарсы қолданылатын рекомбинантты вакциналар: Кененің «суболезин» (subolesin) атты антигенінен дайындалған рекомбинантты антиген Anaplasma marginale және A. phagocytophilum ауруына қарсы эксперименттік иммунизациялау кезінде жақсы нәтиже берді [ de la Fuente J et al., 2006 ].

Anti-tick «Bm86 (Tick-GARD)» атты рекомбинантты вакцина Boophilus annulatus ауруының алдын алады және осы түрдің балаң кенесіне әсер етеді [ Pipano E et al., 2003 ].

Рекомбинантты Ixodes ricinus (IrFER2) және Rhipicephalus microplus (RmFER2) ферритин 2 протеиндері Escherichia coli бөлініп алынып, ірі қараны, қоянды иммунизациялау үшін қолданылады [ Hajdusek O et al., 2010 ]. «Fer2 (ferritin 2)» атты рекомбинантты вакцина ірі қарада Rhipicephalus microplus and Rhipicephalus annulatus кенелеріне қарсы эксперименттік иммунизациялау кезінде >64% және 72%, нәтиже берді [ Hajdusek O et al., 2010 ].

Аргентиналық Rhipicephalus microplus А штаммынан дайындалған антиген рекомбинантты ішек антигені «Bm95» деп аталады [ Sugumar P et al., 2011 ]. «Bm95» атты рекомбинантты вакцина Индиялық Rhiphicephalus haemaphysaloides түр кенесіне қарсы ірі қараны эксперименттік иммунизациялау кезінде > 98.7%, 84.6% және 78.9% нәтиже берді [ Sugumar P et al., 2011 ]. Аргентиналық B. microplus A штаммынан дайындалған «Bm95» атты антиген гликозилденген және жартылай рекомбинантты протеиндерін Pichia pastoris дрожжынан өндіру арқылы дайындалды [ García-García J.C et al., 2000 ]. «Bm95» атты рекомбинантты вакцина Boophilus microplus түр кенесіне қарсы ірі қараны эксперименттік иммунизациялау кезінде жақсы нәтиже берді [ García-García J.C et al., 2000 ].

«Элонгациялық фактор 1а (Еlongation factor 1a, EF1a)», «Убиквитин (ubiquitin, UBQ)» және «Суболезин (Subolesin, SUB)» антигендері Rhipicephalus (Boophilus) microplus BM86 және BM95 антигендерден жасалған. Rhipicephalus microplus BM95 атты иммуногенді пептидтер Anaplasma marginale түр кенесінің негізгі беткі қабатты ақуыз (протеин) 1a (major surface protein, MSP1а) N терминалды аймағымен (BM95-MSP1a) Escherichia coli мембранасынан жасалып, қояндардың Rhipicephalus microplus кенелеріне қарсы қорғану қасиетін жоғарылатты. «SUB-MSP1a, EF1a-MSP1a және UBQ-MSP1a» (құрамында BM95-MSP1a және SUB-MSP1a химералық протеиндер бар) протеиндері ірі қараның кенелеріне қарсы эксперименттік түрде иммунизациялау кезінде >60% нәтиже берді [ Almazán C et al., 2012 ].

Туысы Ixodes (жабысқақ кене) (Latreille, 1795)

Ixodes туысының Қазақстанда 23 түрі бар. Бұл кенелер орманды, орманды-далалы және далалы жерлерде мекендейді.

Classification/Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Тап: Arthropoda (буын аяқтылар), Кіші табы: Acari (кенелер), Жамағаты: Arachnida (өрмекші тәрізділер), Тегі: Parasitiformes (Паразитиформды кенелер), Тұқымдасы: Ixodidae (иксодид кенелері немесе жайылым кенелер), Туысы: Ixodes (жабысқақ кене), Түрлері: Ixodes persulcatus (Schulze, 1930) және Ixodes ricinus (Latreille, 1795).

Ixodes ricinus(Latreille, 1795) (Собачий клещ, The castor bean tick). Географиялық таралуы: Орманды, орманды-далалы және далалы жерлер. Кенелердің өмірі орманды жерлерде немесе мезофильді өсімдік формациясында өтеді. I. рersulcatus және I. ricinus түр кенелерінің ареалы жылу мен ылғалдылықтың әсерінен ендік пен бойлық бағытта өтеді. Сондықтан бұл түрлер таулы аймақтағы биіктікте өмір сүреді [ Филлипова Н.А., Панова И.В., 1997 ]. Иелері: Ixodes ricinus түр кенелерінің 100 аса иелері бар (жануарлар, құстар және т.б). Морфологиясы: Аш кенелердің тұрқы 6-8 мм. Денесі (идиосомасы) сопақ пішінді. Тұмсығы (гнатосомасы) тұмсық түбінен, хелицерлерден, төрт буынды пальпадан тұрады. Аналығының, нимфасының және балаң кенесінің денесінің алдыңғы бөлігін арқа қалқаншасы жауып жатады, ал аталығында қалқанша барлық денесін жауып жатады. Құрсақ қуысында денесінің үштен бір бөлігін жыныс тесігі, ал төменгі үштен бір бөлігін аналь тесігі алып жатады (23- сурет). Кенелердің Галлер мүшесінен басқа бунақтың дорсальді, вентральді және латеральді бетінде 4 морфологиялық типті сенсилла табылған. Олар ретсіз, жолақсыз механорецепторлы сенсиллалар, бір ретті бір жолақты хеморецепторлар, бір ретті көп жолақты хемо-механорецепторлар және көпретті көпжолақты сенсиллалар деп жазған [ Леонович С.А., 1999 ]. I. ricinus түр кенесінің Галлер мүшесі Гуанин мен басқа да туындыларын сезетінін анықтаған [ Леонович С.А., 1999 ].

23-сурет. Ixodes ricinus түр кенесінің балаң кенесі (а), нимфасы (b), аналығы (c) және аталығы (d).

Дамуы: Ixodes ricinusтүр кенелерінің дамуы толық метаморфозды. Даму айналымы келесі сатылардан тұрады: 1) жұмыртқа, 2) балаң кене, 3) нимфа және 4) имаго. Орманды, жайылымды және шабындықтарда мекендейді. Алғашқы көктем мен соңғы күз мезгілдерінде белсенді, болып, ұсақ және ірі омыртқалы сүтқоректілерде паразиттік тіршілік етеді. Өз иелерін кенелер термо-, вибро- және хемо-рецепторларының көмегімен табады. Аналығының қан сору ұзақтығы (6-7 ден 16 күнге дейін), ал аталығында аздау. Аналығы 100 ден 10 000 дана жұмыртқаларын ағаш қабығының жырасына салып, аналығы өлімге ұшырайды. 2-4 аптадан кейін жұмыртқадан балаң кене шығады (үш жұп аяғы болады) және балаң кенелерде тыныс жүйесі мен жыныс жүйесі болмайды. Олар 2-4 күн қанмен қоректеніп, нимфаға айналады (тыныс жүйесі мен төрт жұп аяғы болады). Нимфа сатылары қанмен қоректеніп, 3-5 күннен кейін имагоға айналады. Имаго 3-6 жыл өмір сүріп, аш жағдайда 2-3 жыл өмір сүреді. Кенелердің экологиясы мен фенологиясы: Ixodes ricinus түр кенелерінің белсенді болуы наурыз бен көкек айларында топырақ температурасы 5-7°C болғанда жүріп, жылдың аяғында аяқталады [ Riedl H., 1973 ]. Медициналық және Ветеринариялық маңызы: Жануарлар мен адамдардың уақытша эктопаразиттері ретінде I. ricinus түр кенелері Энцефалит, Лайм ауруын, Бабезиоз, Анаплазмоз (Anaplasma phagocytophilum), Бартеллиоз (Bartonella birtlesii) ауруын трансмиссивтік жолмен таратады. I. ricinus түр кенелері адамдар мен жануарлар арасында Бартеллиоз (Bartonella birtlesii) ауруын таратады [ Reis C et al., 2011 ]. Экскреторлы-секреторлы өнімдер: Ixodes ricinus түр кенелері Катепсин L/cathepsin L (IrCL1) ферментін бөледі және фермент ішекте, сілекей бездерінде, жұмыртқалықтарында және Мальпигий түтікшесінде болады [ Franta Z et al., 2011 ], сонымен қатар кенелерде Легумаин типті аспарагинил эндопептидаза/Legumain-type asparaginyl endopeptidase (IrAE) ферменті ішектерінде орналасады [ Franta Z et al., 2010 ]. Протеолитикалық ферменттер аспарагин (Катепсин D) және цистеин (Катепсин B, L және C) Ixodes ricinus түр кенелерінің ішектерінде орналасады [ Sojka D et al., 2008 ]. Ғалымдар Tumour necrosis factor-alpha (TNF-alpha)/Қатерлі ісік некрозының факторы альфа атты қабыну медиаторларын Ixodes ricinus түр кенелерінің сілекейі мен сілекей бездерінен бөліп алды [ Koník P., 2006 ]. Кенелерді жинау және зертханалық жағдайда түрлерін анықтау: Кенелерді биотоптан жинау әдістері: кенелерді өз биотобынан жинау үшін “Сүйреткі” және “Отамалы” әдістерін қолдану. Кенелерді мал денесінде жинау: жануарлар кенелерінің иелерін анықтау үшін барлық мал басының бес немесе он пайызын бөліп алып, кенелерді жинап алады. Зертханалық жағдайда иксодид кенелерінің түрлерін анықтау: зерханалық жағдайда Помаранцев әдісі (1950) арқылы кенелердің түрлерін анықтау [ Померанцев В. И., 1950 ]. Иксодид кенелерін ауру қоздырушыларына зертханалық зерттеу: ПЦР және ИФТ әдістері арқылы кенелерді ауру қоздырушыларына анықтауға болады. Кенелерді жою шаралары: кенелерді жануар денесінде жою үшін реппеленттік және акарацидтік ерітінділерді қолдану. Кенелерді биотопта және қорада жою үшін акарацидтік ерітінділерді қолдану.

Ixodes persulcatus(Schulze, 1930) (Таёжный клещ, The Taiga tick). Географиялық таралуы: Алыс Шығыс тайганың орманды, орманды-далалы және далалы жерлерінде кенелер таралған. Кенелердің өмірі орманды жерлерде немесе мезофильді өсімдік формациясында өтеді. I. рersulcatus және I. ricinus түр кенелерінің ареалы жылу мен ылғалдылықтың әсерінен ендік пен бойлық бағытта өтеді. Сондықтан бұл түрлер таулы аймақтағы биіктікте өмір сүреді [ Филлипова Н.А., Панова И.В., 1997 ]. Кенелер Ресейдің Урал, Алтай және Алыс Шығыс өңірлерінде кең таралған [ Дербенева-Ухова В.П., 1974 ], сонымен қатар Карелия, Удмуртия, Сібірдің оңтүстік-тайгалы ормандарында. Иелері: Омыртқалы жануарлардың 182 түрінде кене тоғышарлық етеді [ Федоров В.Г., 2009 ]. Морфологиясы: Аш кенелердің тұрқы 6-8 мм. Идиосомасы сопақ пішінді. Гнатосомасы тұмсық түбінен, хелицерлерден, төрт буынды пальпадан тұрады. Аналығының, нимфасының және балаң кенесінің денесінің алдыңғы бөлігін арқа қалқаншасы жауып жатады, ал аталығында қалқанша барлық денесін жауып жатады. Құрсақ қуысында денесінің үштен бір бөлігін жыныс тесігі, ал төменгі үштен бір бөлігін аналь тесігі алып жатады (24-сурет). Кенелердің Галлер мүшесінен басқа бунақтың дорсальді, вентральді және латеральді бетінде 4 морфологиялық типті сенсилла табылған. Олар ретсіз, жолақсыз механорецепторлы сенсиллалар, бір ретті бір жолақты хеморецепторлар, бір ретті көп жолақты хемо-механорецепторлар және көпретті көпжолақты сенсиллалар деп жазған [ Леонович С.А., 1999 ]. I. ricinus түр кенесінің Галлер мүшесі гуанин мен басқа да туындыларын сезетінін анықтаған [ Леонович С.А., 1999 ].

21-сурет. Ixodes persulcatus түр кенесінің аналығы (♀, сол жақта) мен аталығы (♂, оң жақта). Автор Бутаков Е.И// Диссертация на соискание учёной степени кандидата биологических наук. Москва, 2016, c.47

Дамуы: Ixodes persulcatusтүр кенелерінің дамуы толық метаморфозды. Даму айналымы келесі сатылардан тұрады: 1) жұмыртқа, 2) балаң кене, 3) нимфа және 4) имаго. Орманды, жайылымды және шабындықтарда мекендейді. Алғашқы көктем мен соңғы күз мезгілдерінде белсенді, болып, ұсақ және ірі омыртқалы сүтқоректілерде паразиттік тіршілік етеді. Өз иелерін кенелер термо-, вибро- және хемо-рецепторларының көмегімен табады. Аналығының қан сору ұзақтығы (6-7 ден 16 күнге дейін), ал аталығында аздау. Аналығы 100 ден 10 000 дана жұмыртқаларын ағаш қабығының жырасына салып, аналығы өлімге ұшырайды. 2-4 аптадан кейін жұмыртқадан балаң кене шығады (үш жұп аяғы болады) және балаң кенелерде тыныс жүйесі мен жыныс жүйесі болмайды. Олар 2-4 күн қанмен қоректеніп, нимфаға айналады (тыныс жүйесі мен төрт жұп аяғы болады). Нимфа сатылары қанмен қоректеніп, 3-5 күннен кейін имагоға айналады. Имаго 3-6 жыл өмір сүріп, аш жағдайда 2-3 жыл өмір сүреді. Кенелердің экологиясы мен фенологиясы: I. persulcatus түр кенелерінің белсенді болуы температура 10-12°C жүріп, өз иелеріне шабуылдайды [ Григорьева Л.А., 2015 ]. Нимфасы мен балаң кенесі ұсақ сүтқоректілерде (кеміргіштер, кірпішешендер), құстарда, сирек бауырымен жорғалаушыларда паразиттік тіршілік етеді (жыландар және т.б) [ Бутаков Е.И, 2016 ]. Имагосы ірі үй және жабайы сүтқоректілерде паразиттік тіршілік етеді [ Бутаков Е.И, 2016 ]. Балаң кенелер мен ересек сатылардың түлеуі шілденің аяғы мен тамызда жүреді [ Григорьева Л.А., 2015 ]. Медициналық және Ветеринариялық маңызы: Жануарлар мен адамдардың уақытша эктопаразиттері ретінде I. ricinus түр кенелері Энцефалит және Лайм Боррелиоз ауруын трансмиссивтік жолмен таратады.

 

 

Әдебиеттер:

1. Бутаков Е.И. Эффективность инсектоакрацидных препаратов на основе природных биологически активных веществ против наиболее распространенных эктопаразитов сельскохозяйственных животных// Диссертация на соискание учёной степени кандидата биологических наук. Москва, 2016. – 142 с.

2. Григорьева Л.А. Особенности развития таежного клеща Ixodes persulcatus P. Sch. в условиях природных биотопов Ленинградской области//Труды Зоологического института РАН. Том 319, № 2, 2015, c. 269–281

3. Дербенева-Ухова В.П. Руководство по медицинской энтомологии. Под ред. В.П. Дербеневой-Уховой. М., «Медицина», 1974, 360 с.

4. Леонович С.А. Сенсорные системы паразитических клещей: Автореф. докт. дисс. СПб: Нака 1999, 236 стр.

5. Померанцев, В.И. Иксодовые клещи (Ixodidae) / В.И. Померанцев // Фауна СССР. Паукообразные. – Л., 1954. – Т. 4. – Вып. 2. – 224 с.

6.Тарасов В.В. Медицинская энтомология. М.: Изд-во МГУ, 1996 – 353 с.

7. Федоров В.Г. Позвоночные животные – хозяева клеща Ixodes persulcatus P Sch. в Западной Сибири//Естеств. и гумнизм. том 5, вып. 1, Омск, 2009, с. 66-67;

8. Филлипова Н.А, Панова И.В. Географическая изменчивость половозрелый фазы Ixodes ricinus (Ixodidae) в восточной части ареала// Журнал Паразитология. Санкт-Петербург, Наука, 1997, том 31, вып. 5, с. 386-388.

9.Almazan C, Moreno-Cantú O, Moreno-Cid J.A, Galindo R.C, Canales M, Villar M, de la Fuente J. Control of tick infestations in cattle vaccinated with bacterial membranes containing surface-exposed tick protective antigens. Vaccine. 2012 Jan 5;30(2):265-72. doi: 10.1016/j.vaccine.2011.10.102.

10. Alonso M, Blandino T, Mendoza E, Savon L, Camacho M. Development of a Babesia bovis live attenuated vaccine. Arch Med Res. 1994 Summer;25(2):273-7.

11. СDC. Tickborne Diseases of the United States, 2016. http://www.cdc.gov/ticks/diseases/

12. Coumou J, Wagemakers A, Trentelman J.J, Nijhof A.M, Hovius J.W. Vaccination against Bm86 Homologues in Rabbits Does Not Impair Ixodes ricinus Feeding or Oviposition. PLoS One. 2015 Apr 28;10(4):e0123495. doi: 10.1371/journal.pone.0123495.

13. de la Fuente J, Almazán C, Blouin E.F, Naranjo V, Kocan K.M. Reduction of tick infections with Anaplasma marginale and A. phagocytophilum by targeting the tick protective antigen subolesin. Parasitol Res. 2006 Dec;100(1):85-91.

14. Eremeeva M.E and Dasch G.A. Challenges posed by tick-borne rickettsiae: eco-epidemiology and public health implications. Front Public Health. 2015 Apr 21;3:55. doi: 10.3389/fpubh.2015.00055.

15. Franta Z, Frantová H, Konvičková J, Horn M, Sojka D, Mareš M, Kopáček P. Dynamics of digestive proteolytic system during blood feeding of the hard tick Ixodes ricinus. Parasit Vectors. 2010 Dec 14;3:119. doi: 10.1186/1756-3305-3-119.

16. Franta Z, Sojka D, Frantova H, Dvorak J, Horn M, Srba J, Talacko P, Mares M, Schneider E, Craik C.S, McKerrow J.H, Caffrey C.R, Kopacek P. IrCL1 - the haemoglobinolytic cathepsin L of the hard tick, Ixodes ricinus. Int J Parasitol. 2011 Oct;41(12):1253-62. doi: 10.1016/j.ijpara.2011.06.006.

17. García-García J.C, Montero C, Redondo M, Vargas M, Canales M, Boue O, Rodríguez M, Joglar M, Machado H, González I.L, Valdés M, Méndez L, de la Fuente J. Control of ticks resistant to immunization with Bm86 in cattle vaccinated with the recombinant antigen Bm95 isolated from the cattle tick, Boophilus microplus. Vaccine. 2000 Apr 28;18(21):2275-87.

18. Hajdusek O, Almazán C, Loosova G, Villar M, Canales M, Grubhoffer L, Kopacek P, de la Fuente J. Characterization of ferritin 2 for the control of tick infestations. Vaccine. 2010 Apr 9;28(17):2993-8. doi: 10.1016/j.vaccine.2010.02.008.

19. Kocan K.M, de la Fuente J, Guglielmone A.A, Meléndez R.D. Antigens and alternatives for control of Anaplasma marginale infection in cattle. Clin Microbiol Rev. 2003 Oct;16(4):698-712.

20. Marcelino I, de Almeida A.M, Ventosa M, Pruneau L, Meyer D.F, Martinez D, Lefrançois T, Vachiéry N, Coelho A.V. Tick-borne diseases in cattle: applications of proteomics to develop new generation vaccines. J Proteomics. 2012 Jul 19;75(14):4232-50. doi: 10.1016/j.jprot.2012.03.026.

21. Mesplet M, Echaide I, Dominguez M, Mosqueda J.J, Suarez C.E, Schnittger L, Florin-Christensen M. Bovipain-2, the falcipain-2 ortholog, is expressed in intraerythrocytic stages of the tick-transmitted hemoparasite Babesia bovis. Parasit Vectors. 2010 Nov 23;3:113. doi: 10.1186/1756-3305-3-113.

22. Minjauw B and McLeod A. Tick-borne diseases and poverty. The impact of ticks and tick-borne diseases on the livelihood of small-scale and marginal livestock owners in India and eastern and southern Africa. Edinburgh: Centre for Tropical Veterinary, Medicine, University of Edinburgh, UK; 2003.

23. Ojeda JJ, Orozco L, Flores R, Rojas C, Figueroa J.V, Alvarez J.A. Validation of an attenuated live vaccine against babesiosis in native cattle in an endemic area. Transbound Emerg Dis. 2010 Apr;57(1-2):84-6. doi: 10.1111/j.1865-1682.2010.01123.x.

24. Pipano E, Alekceev E, Galker F, Fish L, Samish M, Shkap V. Immunity against Boophilus annulatus induced by the Bm86 (Tick-GARD) vaccine. Exp Appl Acarol. 2003;29(1-2):141-9.

25. Reis C, Cote M, Le Rhun D, Lecuelle B, Levin M.L, Vayssier-Taussat M, Bonnet S.I. Vector competence of the tick Ixodes ricinus for transmission of Bartonella birtlesii. PLoS Negl Trop Dis. 2011;5(5):e1186. doi: 10.1371/journal.pntd.0001186.

26. Riedl H, Sixl W, Nosek J: Studien zur Synökologie des Frühsommer-Meningo-Enzephalitis(FSME)-Virus in Österreich (Übersichtsreferat und regionale Untersuchungen). Z. ges. Hyg. 1973; 19: 733–737

27. Simbi B.H, Bowie M.V, McGuire T.C, Barbet A.F, Mahan S.M. Evaluation of E. ruminantium genes in DBA/2 mice as potential DNA vaccine candidates for control of heartwater. Ann N Y Acad Sci. 2006 Oct;1078:424-37.

28. Sojka D, Franta Z, Horn M, Hajdušek O, Caffrey C.R, Mareš M and Kopáček P. Profiling of proteolytic enzymes in the gut of the tick Ixodes ricinus reveals an evolutionarily conserved network of aspartic and cysteine peptidases. Parasites & Vectors, 2008, 1:7. doi: 10.1186/1756-3305-1-7

29. Sugumar P, Chandran D, Sudha Rani G, Shahana P.V, Maske D.K, Rangarajan P.N, Mangamoori L.N, Srinivasan V.A. Recombinant mid gut antigen (Bm95) as a vaccine against Indian Rhiphicephalus haemaphysaloides in Bos indicus cattle. Res Vet Sci. 2011 Apr;90(2):262-8. doi: 10.1016/j.rvsc.2010.05.037.







ЧТО ТАКОЕ УВЕРЕННОЕ ПОВЕДЕНИЕ В МЕЖЛИЧНОСТНЫХ ОТНОШЕНИЯХ? Исторически существует три основных модели различий, существующих между...

Что делает отдел по эксплуатации и сопровождению ИС? Отвечает за сохранность данных (расписания копирования, копирование и пр.)...

ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.