Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







A) Созылмалы гангренозды пульпит





B) Созылмалы фиброзды периодонтит

C) Созылмалы фиброзды пульпит

D) Созылмалы гранулденген периодонтит

E) Созылмалы гранулематозды периодонтит

{Дұрыс жауабы}= A

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-371 б.)

{Курс}=6

{Семестр}=12

 

$$$006

30 жастағы ер адам ауыз қуысының қатты ауратынына шағымданады. Ауру сезімі сөйлегенде және тамақ қабылдағанда күшейе түседі. Объективті: ауыспалы қатпардың сілемейлі кабығында, 34 тістің деңгейінде гиперемияланған сілеймейлі қабағы негізінде шеттері тегіс, гиперемияланған жолақпен қоршалған эрозия байқалады. Эрозия фибринозды қақпен жабылған, ауыршаң, көлемі 4 мм.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Созылмалы механикалық жарақат

B) Созылмалы қайталамалы герпестік стоматит

C) Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит

D) Белдеме теміреткі

E) Веррукозды лейкоплакия

{Дұрыс жауабы}= С

{Күрделігі}= 2

 

$$$007

47 жастағы ер адам дәрігерге профилактикалық қаралу мақсатында келген. Анамнезінен: 25 жыл бойы темекі тартады, науқас ыстық және ащы тағамды жүйелі түрде пайдаланады. Қарап тексергенде: ұрттың шырышты қабығында, езу аймақтарына жақын күңгірт ошақтары байқалады. Ошақтар үшбұрыш пішінді, шеттері тегіс.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Лейкоплакия, жалпақ түрі

B) Қызыл жегі,типтік түрі

C) Лейкоплакия, веррукозды түрі

D) Папулезды мерез

E) Гиперпластикалық кандидоз

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделігі}= 2

 

$$$008

29 жастағы ер адам жайсыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының 37,5 °С жоғарылауына шағымданады. Екі күн бұрын қызылиектің қатты аурсынуы, қанағыштығы, ауыз қуысынан жағымсыз иіс пайда болды. Объективті: қызарған, ісінген сілемейлі қабығы негізінде қызыл иек жиектерінің кір-сұр түсті өліеттенген ошақтары анықталады. Тістерде көп мөлшерде жұмсақ қақтары бар. Сілекей қою, тұтқыр. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,0х109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ. Ортопантомограммада сүйек тінінің өзгерістері жоқ.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Жедел катаральды гингивит

B) Жедел миелобласттық лейкоз, ауыз қуысындағы көріністер

C) Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі

D) Жаралы гингивит

E) Агранулоцитоз, ауыз қуысындағы көріністер

{Дұрыс жауабы}= D

{Күрделігі}= 2

 

$$$009

32 жастағы ер адам тілінің түрі өзгеше болуына, ауызынан нашар иіс шығуына шағымданады. Пациент қатерлі ісікпен ауырып қалғам жоқ па деген қорқынышпен келген. Объективті: тіл арқасында – ретсіз орналасқан терең сайлар байқалады. Сайлар түбінде – тамақ қалдықтары бар. Жіптәрізді бүртіктер сақталған. Эпителий бүтіндігін анықтайтын сынама теріс.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Ромб тәрізді глоссит

B) Түленген глоссит

C) Қатпарлы тіл

D) Глоссодиния

E) Қара түкті тіл

{Дұрыс жауабы}= С

{Күрделігі}= 2

 

$$$0010

42 жастағы әйел адам төменгі сол жақ тісте тісжегі қуысының болуына шағымданады. Қарап тексергенде: 4.6 тістің дистальді-шайнау беткейінде терең тісжегі қуысы бар, тіс қуысымен жалғасқан. Зондпен терең шұқып тексергенде ауырмайды. Перкуссия ауырсынусыз, түбір ұшы бойы аймағының кілегей қабаты түсі өзгермеген. Рентгенограммада медиальді түбір ұшы аймағында периодонталды саңылау біркелкі кеңейген.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Созылмалы гранулденген периодонтит

B) Созылмалы гранулематозды периодонтит

C) Созылмалы фиброзды периодонтит

D) Созылмалы гангренозды пульпит

E) Созылмалы фиброзды пульпит

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 2

{Оқулық}= (Боровский Е.В., Терапиялық стоматология, Мед. информ. агентство, 2007-389 б.)

{Курс}=6

 

$$$0011

46 жастағы науқас стоматологқа ауыз қуысын протездеуге дайындау мақсатымен келген. Объективті тексергенде қатты таңдайдың артқы 1/3 бөлігінің бұлыңғыр кілегей қабығы негізінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Ортасында нүкте тәрізді орналасқан ұлғайған майда сілекей бездерінің шығару өзегінің сағалары байқалады.

Алғашқы диагнозыңыз:

A) Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі

B) Қызыл жегі, типтік түрі

C) Екіншілік мерез

D) Созылмалы атрофиялық кандидоз

E) Таппейнер лейкоплакиясы

{Дұрыс жауабы}= E

{Күрделігі}= 2

 

$$$0012

28 жастағы ер адам тістің тістеген кезінде қатты ауыратынына шағымданады. 3 күн бұрын тіске девитализациялаушы паста қойылды, тіс уақытша пломбамен жабылған. Объективті: 1.2 тісте уақытша пломба сақталған, перкуссияда қатты ауырсынады. Тіс тұсындағы ауыспалы қатпардың түсі өзгеріссіз.

Аталған препараттардан қайсы тістің түбір өзегін медикаментозды өндеу үшін антидот ретінде көрсетілген:

A) Йодинол

B) Гипохлорит натрия

C) Хлоргексидин

D) Крезофен

E) Фурациллин

{Дұрыс жауабы}= А

{Күрделігі}= 2

 

$$$013

35 жастағы әйел адам стоматологиялық емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді беткейінде тісжегі қуысы анықталды, тіс қуысымен байланысқан. Зондпен шұқып тексеру және перкуссия ауру сезімін тудырмайды.

Аталған тексеру әдістерінен қайсы дифференциалды диагностикалау үшін көрсетілген:

A) Трансиллюминация

B) Рентгенография

C) Виталды бояу

D) Тіс қозғалғыштығының дәрежесін анықтау

E) Шағымын және анамнезін дәлдеу

{ Дұрыс жауабы }= В

{Күрделігі}= 3

 

$$$014

20 жастағы ер адам төменгі оң жақ тістің ауыратынына шағымданады. Аллергоанамнезі теріс. Қарап тексергенде: 46 тістің шайнау беткейінде терең тісжегі қуыс анықталады. Зондпен шұқып тексергенде тіс ұлпасының ұрттық-медиалды мүйізше тұсында ауру сезімі байқалады. Электроодонтодиагностикасының көрсеткіші – 22 мкА.

Аталған емдеу әдістерінен қайсы көрсетілген?

A) Консервативті

B) Девиталды экстирпация

C) Виталды ампутация

D) Девиталды ампутация

E) Виталды экстирпация

{ Дұрыс жауабы }= А

{Күрделігі}= 3

 

$$$015

30 жастағы әйел адам тістің тамақ қабылдағанда және температуралық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Ревматоидтық артритпен ауырады. Анамнезінен – бір қатар антибактериалды препараттарға аллергиясы бар. Объективті: 47 тістің дисталды беткейінде ұлпамаңы дентин деңгейінде тісжегі қуыс анықталады. Зондпен шұқып тексергенде тіс ұлпасының ашылған мүйізше тұсында ауру сезімі пайда болады. Перкуссия ауырсынусыз.

Аталған емдеу әдістерінен қайсы көрсетілген?

A) Консервативті

B) Девиталды экстирпация

C) Виталды ампутация

D) Девиталды ампутация

E) Виталды экстирпация

{ Дұрыс жауабы }= В

{Күрделігі}= 3

 

$$$016

55 жастағы ер адам жоғарғы жақсүйек алдыңғы бөлігіндегі тістер арасы ашылуына шағымданады. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызылиектің сілемейлі қабығы бозғылт-қызыл түсті, тығыз. Пародонталды қалталары жоқ. Тістері тұрақты. 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема. 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Көптеген сына тәрізді ақаулары байқалады.

Аталған тексеру әдістерінен қайсы дифференциалды диагностикалау үшін көрсетілген?

A) Реодентография

B) Рентгенография

C) Реопародонтография

D) Окклюзиография

E) Полярография

{ Дұрыс жауабы }= В

{Күрделігі}= 3

 

$$$017

37 жастағы ер адам жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қарап тексергенде: еріннің қызыл жиегінде - жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршіктәрізді инфильтраты бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынбайды.

Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет?

A) Гемагглютинация реакциясы

B) Манту реакциясы

C) Вассерман реакциясы

D) Лейкоциттер агломерация реакциясы

E) Лейкоцитолиз реакциясы

{Дұрыс жауабы}= C

{Күрделігі}= 3

 

$$$018

17 жастағы жігіт төменгі сол жақ тістің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратынына шағымданады. Объективті: 37 тістің шайнау беткейінде ұлпамаңы дентин деңгейінде тісжегі қуыс анықталады. Зондпен шұқып тексергенде тісжегі қуысының түбі әлсіз ауырады.

Аталған тексеру әдістерінен қайсы дифференциалды диагностикалау үшін көрсетілген?

A) Перкуссия

B) Рентгенография

C) Шағымын және анамнезін дәлдеу

D) Электроодонтодиагностика

E) Дентинді виталды бояу

{Дұрыс жауабы }= D

{Күрделігі}= 3

 

$$$019

57 жастағы әйел адам дәрігер-стоматологқа жоғарғы сол жақ тіспен тістеген кезде ауыратынына шағымданып келген. Қарап тексергенде: 24 тіс сауытының түсі өзгерген, тісжегі қуыс тіс қуысымен байланысады. Тіс перкуссияда ауырсынады. Эндодонтиялық емдеу барысында тіс түбірінің ұрттық өзегінде файл сынып қалған.

Аталған физиотерапиялық емдеу әдістерінен қайсы көрсетілген?

A) Депофорез

B) Лазеротерапия

C) Озонотерапия

D) Диатермокоагуляция

E) УВЧ-терапия

{Дұрыс жауабы }= А

{Күрделігі}= 3

 

$$$020

25 жастағы әйел адам жоғарғы оң жақ тіс сауыты түсінің өзгеруіне шағымданады. Бір жыл бұрын тіс травмасы болған. Қарап тексергенде: 1.1 тістің сауыты бұзылмаған, сұр түсті. Ауызішілік рентгенограммада: 1.1 тіс түбірі ұшы аймағында – сүйек тіні деструкция ошағы, шеттері тегіс емес, көлемі 0,5х0,3 см.

Аталған пломбалық материалдардан қайсы тіс түбір өзегін уақытша пломбалау үшін көрсетілген?

A) Абсцесс ремеди

B) Эндометазон

C) Эндофилл

D) Метапекс

E) Цинк-эвгенолды қойыртпақ

{Дұрыс жауабы }= D

{Күрделігі}= 3

 

 







ЧТО ТАКОЕ УВЕРЕННОЕ ПОВЕДЕНИЕ В МЕЖЛИЧНОСТНЫХ ОТНОШЕНИЯХ? Исторически существует три основных модели различий, существующих между...

ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

Что делает отдел по эксплуатации и сопровождению ИС? Отвечает за сохранность данных (расписания копирования, копирование и пр.)...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.