Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ





Каз

Педиатрия 02_

Тақырып «Балалар жұқпалы аурулары» 03_

 

$$$001

Дельта-вирустың ерекшелігі:

A) HBsAg болмаса, HDV реплицирленбейді

B) Вирусты гепатит «В»-да HDV суперинфекция процестің хронизациясына әкелмейді

C) HDV қанда HCV болса реплицирленеді

D) HDV қанда HЕV болса реплицирленеді

E) HDV HBV репликациясын төмендетпейді

{Дұрыс жауап}= A

 

$$$003

Бала 9 айда, жедел ауырған. Ауруы дене температурасының 38,60С жоғарылауынан басталған, динамикада мұрын бітелуі қосылған. Түскен кездегі шағымдары: дене температурасы 39,50С, селқос, тері жабындылары бозғылт, периоральды цианоз. Беті ісінген. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы болбыр, түйіршіктелген. Конъюктивасы гиперемияланған. Өкпесінде қатқыл тыныс, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелі жиі, ылғалды. ТАЖ 58 рет минутына. Бауыры қабырға доғасынан 3 см төмен. ЖҚА: НВ 120 г\л, Эритроцит 3,5 * 10 12 лейкоцит-12,8x109/л, Э-2%, т-5%, С- 5%, Л-32%, М-6%, ЭТЖ-18 мм/сағ. Сіздің болжам диагнозыңыз:

А) Қызылша

В) Риновирусты инфекция

С) Аденовирусты инфекция

D) Респираторно-синцитиальды инфекция

Е) Тұмау

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$006

Науқас О., 12 жаста, жедел ауырған, ауруы дене температурасының 39-40оС жоғарлаған, қалтырау, басының қатты ауруы, қайталамалы құсу. Эпид. анамнез: 2 апта бұрын ШҚО апайына барған, орманда болған.. Объективті: мойнының, кеудесінің терісі гиперемияланған, склералары инъекцияланған, жарықтан қорқады, көз алмаларында ауырсыну, 2 рет сұйық нәжіс, ішінде, бұлшықеттерінде ауырсыну. Бүгін жұтыну бұзылыстары, дауысының өзгеруі, афония, қылилық байқалған. Үйде бір реттік тырысулар болған. Болжам диагноз қойыңыз:

a) Жапондық энцефалит

b) Кенелік энцефалит

c) Герпетикалық энфцефалит

d) Энтеровирусты энцефалит

e) Экономо Энцефалит

{Дұрыс жауап}= В

 

$$$007

4 жастағы балада 4 апта бойы балада жабысқақ, құрғақ жөтел, соңғы 5 күнде жөтелі ұстама тәрізді сипатта. Өзін-өзі сезінуі ұстамадан тыс кезеңде қанағаттанарлық. Дене температурасы қалыпты. Қарау кезінде араңында: бөбешікте жара және склерасына қан құйылу. ЖҚА: лейкоциттер -17,0* 109/л, т/я-3%, с/я-14%, л – 83%, ЭТЖ – 5 мм/сағ. Диагноз қойыңыз:

А) Көкжөтел

В) Бронхопневмония

С) ЖРВИ, ларинготрахеобронхит

D) Тыныс алу жолдарында бөгде зат

Е) Туберкулезды бронхоаденит

{Дұрыс жауап}= А

 

$$$008

12 айлық бала, сұйық нәжіске, қайталамалы құсуға, тамақтан бас тартуға шағымданады. Қарау кезінде: ұйқышыл, тері қатпары баяу жазылады, көзі кіртиген, сұйықтық іше алмайды. Жағдайын жіктеңіз және ем тағайындаңыз:

A) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 4-сағат ішінде

B) Диарея. Шамалы сусыздану. Б жоспары 6-сағат ішінде

C) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 3-сағат ішінде

D) Диарея. Ауыр сусыздану. В жоспары 6-сағат ішінде

E) Диарея. Шамалы сусыздану. А жоспары. Сұйық нәжістен кейін регидрон

{Дұрыс жауап}= C

 

$$$010

Ұл бала 12 жаста, 10 күн бұрын ауырған. Ауруы біртіндеп басталған. Алдымен бас ауруы, кейін дене температурасының жоғарылауы қосылған. Динамикада бас ауруы күшейген, ұйқысы бұзылған; барлық күндері қызба сақталуда. Аурудың 8-ші күні кеуде клеткасының бүйірінде аздаған розеолезді бөртпе дамыған. Қарау кезінде: бала тежелген. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, брадикардия. Асқазан-ішек жолдары – іші кепкен; жұмсақ, оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Қай зерттеу әдісі аурудың бірінші аптасында және қызба кезеңінде аурудың этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді:

A) Копрокультура

B) Биликультура

C) Гемокультура

D) Уринокультура

E) Миелокультура

{Дұрыс жауап}= C

 

$$$011

Науқас 10 жаста, ауруының 14-ші күні түсті. Шағымдары: шамалы бас ауруы, әлсіздік, дене температурасының кешке қарай жоғарлауы, тершеңдік, қалтырау. Эпид.анамнез – ауылда тұрады, сауылмалы сүт ішеді. Объективті: түскен кезде –дене температурасы 38,10С, терісі бозғылт, ылғалдылығы жоғары, микрополиаденит. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры +2 см, көкбауырдың төменгі шеті пальпацияланады. ЖҚА – Нв-115 г/л, Эр-3,5х1012/л, ЭТЖ-10 мм/сағ, Л-3х109/л, т-1, сег-35, л-58, м-7. Диагноз:

A) Безгек

B) Іш сүзегі

C) Бруцеллез

D) Псевдотуберкулез

E) Туберкулез

{Дұрыс жауап}= C

 

$$$021

Бала 4 жаста, жұтыну кезінде тамағында ауырсынуға шағымданады. Анасы баласының денесінде бөртпенің бар екеніне және күніне 5-6 рет патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, шаршағыштықтан, тамағындағы ауырсынудан басталған. Бала бала-бақшаға барады, балалар арасында катаральды белгілер мен асқазан-ішек бұзылыстарымен аурулар кездескен. Қолында, көбінесе алдыңғы бүйір беткейінде шамалы дақты- папулезді бөртпе бар. Ауыз қуысында – таңдай доғалары, бадамша бездері гипеpемияланған, олардың фонында беті ақ, жеңіл алынатын жабынмен жабылған эрозиялар бар. Диагноз қойыңыз.

A) Аденовиpусты инфекция

B) Энтеpовиpусты инфекция

C) Күл ауруы

D) Жұқпалы мононуклеоз

E) Иеpсиниоз

{Дұрыс жауап}= B

 

$$$024

Бала 6 жаста, ауырғанына 3 апта болды. Анамнезінен: әкесі аңшылықпен айналысады. Объективті: дене температурасы 37,80С. Терісі бозғылт, қабағы ісінген, көз саңылауы сығырайған, іріңді бөлініс. Конъюнктиваның гиперемияланған фонында гранулемалар. Құлақ маңы және шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бауыры +1,5 см қабырға доғасынан төмен. ЖҚА: НВ-110 г/л, Эр.-3,7*1012/л, Л-11*109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Диагноз қойыңыз.

A) Листериоз жайылмалы түрі

B) Листериоз бездік түрі

C) Листериоз, көз-бездік түрі

D) Листериоз, терілік түрі

E) Листериоз, ангинозды-септикалық түрі

{Дұрыс жауап}= C

06_02_Жұқпалы аурулар_каз

ВВВВ

$$$001

35 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні жеткізілді. Шағымдары: басының қатты ауруы сильную, айқын әлсіздік, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 39,6°С-қа дейін жоғарылауы. Эпид.анамнез: 2 апта бұрын қала шетіндегі көлге барып демалған. Объективті: жағдайы ауыр, солғын, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, ыстық. Өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы таза. Іші кепкен. Үлкен дәреті 2 күн болмаған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Безгек

B) Бруцеллез

C) Бөртпе сүзегі

D) Іш сүзегі

E) Ку-қызбасыі

{Дұрыс жауабы}= D

 

$$$002

20 жастағы студент 5-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0єС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Жалпы қан анализінде: лейк.-25Ч109/л, т/я нейтр.-11%, с/я нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Грипп

B) Эпидемиялық бөртпе сүзегі

C) Геморрагиялық лихорадка

D) Менингококкты инфекция

Е) Инфекциялық мононуклеоз

{Дұрыс жауабы}= D

 

$$$003

22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9єС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0-2,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритр.-2,9Ч1012/л, Нв-101 г/л, лейк.-6,9Ч109/л, СОЭ-22 мм/сағ.

Диагноз дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі?

A) Қанның қалың тамшысы мен жұқа жағындысы

B) Қанды қосарланған ортаға себу

C) Провачек риккетсиялармен КБР

D) Қанды өтті ортаға себу

E) Қанды транспортты ортаға себу

{Дұрыс жауабы}= A

 

$$$004

(№33 қаулыға сәйкес) сальмонеллезбен ауыратын науқастарды ауруханадан шығару ережелері қандай?

А) Сальмонеллезді антигендермен қанды серологиялық талдауы

В) Антибактериалды емнен кейін қанды бактериологиялық себуі

С) Антибактериалды емнен кейін несепті бактериологиялық себуі

D) Антибактериалды емнен кейін нәжісті бактериологиялық себуі

E) Антибактериалды емнен соң 3 күннен кейін нәжісті бактериологиялық себуі

{Дұрыс жауап} –Е

 

$$$005

15 жасар жасөспірім, жұқпалы аурулар бөлімшесіне тері қабаты мен склерасының сарғаюына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 күн болған: дене қызуының 38оС жоғарылауы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, жүрек айну, бір рет құсу болған.Эпиданамнез: отбасында 4 жасар інісі вирусты гепатит A мен ауырған. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жабындылары және склерасы аздап сарғайған. Бауыр қабырға доғасынан 1,0 см төмен, консистенциясы эластикалық, сезімтал. Нәжісі ахолиялық. Зәрінің түсі қоңыр түсті.

Диагноз қою үшін қандай маркер маңызды болып табылады?

A) anti-HBcor IgM

B) anti-HbeAg

C) anti-HAV IgM

D) anti-HAV IgG

E) anti-HDV IgM

{Дұрыс жауап}=C

 

$$$006

Ер адам35 жаста, жұқпалы аурулар бөлімшесіне жүрек айнуына, құсуға, терісінің және склерасының сарғаюна, зәрінің түсінің өзгеруіне, буындарындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 ай бұрын стоматолог дәрігерінде емделген. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары сарғайған, іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан 2,0 см төмен. Биохимиялық қан талдауында АЛТ 1050 ммоль/л (қалыптыда 41), АСТ 650 ммоль/л, жалпы билирубин 265 ммоль/л, тікелей 197 ммоль/л.

Диагнозды қою үшін қай маркер дәлелдеуші болып табылады?

A) HBsAg

B) anti-HDV

C) anti-HEV

D) anti-HAV-IgM

E) anti- HAV-IgG

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$007

48 жастағы ер адам 15­-ші мамырда ауруханаға келіп түсті. 4 күн бойы дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, бас ауруы, денесінің сынып ауыру сезімі мазалаған. Бүгін мұрынан қан кеткен. Қызылорда обылысының ауданының тұрғыны. Дене қызуы - 39,00С. Беті мен мойыны гиперемияланған, конъюнктивит, аңқасында гиперемия байқалады. Оң жақ қолтық астында гемморагиялық бөртпе көрінеді. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) Конго­-Қырымдық геморрагиялық қызба

B) Иерсиниоз

C) Бөртпе сүзегі

D) Іш сүзегі

E) Менингококкцемия

{Дұрыс жауап }=A

 

$$$008

Бойжеткен, 16 жасар, лицей оқушысы, ауруының 1-ші күні түскен. Жедел ауырған: кенеттен температурасы 40°С дейін жоғарылап, қатты басы ауырған, құсу жеңілдік әкелмеген. Жалпы жағдайы ауыр, айқын гиперестезия. Көз қарашығы кеңейген, жарыққа сезімтал. Желке бұлшық еттерінің кернеулігі өте айқын, Керниг симптомы екі жақты оң мәнді. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 130 рет, ҚҚ – 100/50 мм.сын.бағ. Гемограммада: лейкоциттер – 18х109 /л., т/я –12, с/я- 82, моноциттер-2, лимфоциттер- 6, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Жұлын-ми сұйықтығы: лайлы түстес, қысыммен ағады, Панди реакциясы (+++), цитоз: 1 мкл 900 жасушалар нейтрофилдер (83%) есебінен.

Менингококты инфекцияның қай түрі туралы ойлауға болады?

А) Менингит

B) Менингококкцемия

С) Менингоэнцефалит

D) Менингококкцемия+ менингит

Е) Менингококкцемия + менингоэнцефалит

{Дұрыс жауап}=А

 

$$$009

23 жастағы әйел жұқпалы аурулар ауруханасында «Жедел В вирусты гепатит, орташа ауырлықта (HbsAg+, HbeAg+, aHBcorIgM+)» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Эпид.анамнезден: 2 ай бұрын әйел босанған. Босану ауыр өтіп, қан құйылған. Қанды АИВ- инфекциясына зертеу кезінде ИФА қорытындысы екі рет «күдікті» болды.

Қандай зерттеу әдісі диагнозды дәлелдейді?

A) Комплементті байданыстыру реакциясы

B) Иммунофлюоресцентті әдіс

C) Иммуноферментті анализ

D) Иммундық блоттинг

E) Иммунограмма

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$010

Жұқпалы ауру жағдайы мүмкіндігін анықтауға қандай мәліметтер қажет?

A) Эпизоотологиялық мәліметтер

B) Эпидемиологиялық мәліметтер

C) Клиникалық-зертханалық тестілер

D) Аурудың клиникалық көрінісі

E) Зертханалық-этиологиялықзерттеулер

{Дұрыс жауап}=B

 

$$$011

Қатты ауру сезімді, жергілікті гиперемияланған және гипертермиялы, және периаденитті ірі лимфоденит қай ауруға тән?

A) Оба

B) Бруцеллез

C) Туляремия

D) АИВ-жұқпасы

E) Жұқпалы мононуклеоз

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$012

Қызылода облысының тұрғыны, 36 жаста. Шағымдары: дене қызуы 39-40С дейін, қалтырау, денесінің құрысуы, басының ауруы, шаб аймағының оң жағында ауру сезімі әсерінен науқас қозғала алмайды. Кеше кешке жеде ауырған. Улану белгілеріне байланысты науқастын жағдайы ауыр. Пульс 120 минутына, АҚ -100/70 мм/сағ. Шабының оң жақ аймағында қозғалыссыз, қатты ауру сезімді, жергілікті гиперемиялы және гипертермиялы лимфитүйіндерден тұратын үлкен конгломераты көрінеді. Кеше дәрігерді шақырды, ол хирургқа көрінуге кеңес берді.

Жағдайды стандарттық анықтауға сәйкес қандай эпидемиологиялық мәліметтерді нақтылау қажет?

A) Кененің шағуы

B) Бүргенің шағуы

C) Масаның шағуы

D) Иттің тістеуі

E) Москиттердің шағуы

{Дұрыс жауап}=B

 

$$$013

26 жастағы ер адам оң қолының сұқ саусағында жараның пайда болуына шағымданып, емханаға келеді. Кәуәп пісіруші болып жұмыс істейді. 5 күн бойы дене қызуы көтеріліп ауырған. Ауырғанына 4 күн болғанда саусағындағы жараны анықтаған. Жарасы ауырмайды, бірақ қолы шынтағына дейін ісінген. Жағдайы орташа. Оң қолының сұқ саусағында бөліндісі бар жара байқалады, айналасындағы тіндер қызарған, қолы қатты ісінген. Оң жақтық лимфаденит. Гемограммада: лейкоциттері – 20х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф – 88%, лимф. – 6%, мон. -2%.

Жағдайды стандартты анықтауға сай қандай лабораторлық зерттеу диагнозды дәлелдейді?

A) ИФА

B) ТЕГАР

C) ТЕИФР

D) Қанды бактериологиялық әдіспен зерттеу

E) Қанды бактериоскопиялау

{Дұрыс жауап}=D

 

$$$014

42 жастағы ер адам Батыс Қазақстан обылысындағы Ақсай қаласының обылыстық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Дене қызуының жоғарылауына, бас ауыруына, бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Тәуліктік диурез – 400 мл. Беті мен мойыны қызарған, беті ісінген. Биохимиялық қан анализінде: қалдықты азот – 40 моль/л, несепнәр – 20 моль/л. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер – 6х109/л, т/я нейтроф.-4%, с/я нейтроф. – 68%, лимф. –32%, мон. -6%, тромбоциттер - 95х109/л. Жалпы зәр анализінде – ақуыз 0,33 г/л.

Жағдайды стандартты анықтау бойынша диагнозды қандай лабораторлық зерттеу дәлелдейді?

А) Полмеразды-тізбекті реакция

B) Зәрді бактериологиялық себу

C) Қанды бактериологиялық себу

D) Зәр микроскопиясы

E) Қан микроскопиясы

{Дұрыс жауап}=A

 

 







Конфликты в семейной жизни. Как это изменить? Редкий брак и взаимоотношения существуют без конфликтов и напряженности. Через это проходят все...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

ЧТО ТАКОЕ УВЕРЕННОЕ ПОВЕДЕНИЕ В МЕЖЛИЧНОСТНЫХ ОТНОШЕНИЯХ? Исторически существует три основных модели различий, существующих между...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.