Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Мускатты бауыр (Мускатная печень)





Анықтама:Веналық толыққандылық- кезінде қанның әкелетін мөлшері азайып, мүше мен тінге қан жиналады.

Этиологиясы: Ағза венасының ісікпен немесе тыртық тінмен сырттан қысылуы;Сипек жағдайда ағза венасының тромбозды даму мүмкін.

Жіктелуі: веналық гиперемия жалпы және жергілікті түрі болады.Веналық жалпы гиперемия жедел және созылмалы деп бөлінеді.

Макроскопиялық көрінісі:Веналық қан ұзақ іркілген;ұлғайған;қатайған;жиегі доғал;сарғыш реңді; кесіндісі қоңыр қызыл дақты;мускат жаңғағы сяқты тарғыл.

Асқыныуы:қан қысымы арта келе бөлшектердің орталығына қан құйылып, гепатоциттерде дистрофия, некроз бен атрофия дамиды.Ал шет жағындағы гепатоциттер керісінше центробулалық гепатоциттер тәрізді ұлғаяды. Қан құйылған және өлі гепатоцит аймағын дәнекер тін жайлайды.

Нәтижесі: Капилляр – паренхималық тежем қалыптасып, гипоксия үдей түседі, бауырда атрофиялық және склероздық өзгерістер өрши береді.Ақырында бауырда іркілулік фиброз дамиды.Дәнекер тін тым қарқынды өссе, шала жаңғырғвн гепатоциттер регенерат – түйіндер түзіп,қалпынан тайған мүшенің сыртқы пішіні өзгереді.Нәтижесінде бауырдың іркілулік (мускат)циррозы қалыптасады.Әдетте жүрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінен дамитындықтан, оны жүректік цирроз деп те айтады.

 

Невринома

Анықтамасы: невринома – қатерсіз ісік, шар немесе сопақша тәріздес.

 

44.Ожирение сердца (Жүректің майлануы)

Анықтамасы:Кардиомиоциттерге май қышқылдары көбірек тасылып келгенде, жасуша ішіндегі май- белок кешендері ыдырағанда майдың артық жиналуы.

Этиологиясы: Фанероз, инфильтрация, бұрмаланған синтез, трансфориация.

Жіктелуі:Ақшыл сары түсті жолақтар түрінде көрінеді. Жолбарыс терісіне ұқсас сары жүрек

Макроскопиялық белгсі:Жүрек үлкейіп, қуыстары кеңіп, босап қалады.Кесін қарағанда миокард көмескі, сарғыш қоңыр түсті көрінеді.

Асқынуы: Жүрек жеткіліксіздігі.

Нәтижесі:Жүрек бұлшық еті атрофиясы, жүрек жеткіліксіздігі, аритмия, асистолия, ішкі ағзалар инфаркты

 

47. Тері папилломасы

Анықтамасы:жайпақ және өтпелі эпителийден дамыған қатерсіз ісік.

Этиологиясы:көбінесе вирусты. Эпителийдің базальды қабығының астында орналасқан эпителий жасушасының ядросында пайда болады. Қоздырушы вирусы-папилломавирус.

Микроскопиялық белгілері:Көпқабатты жалпақ қасаңданатын эпителиймен жабылған. Отмечается Эпителий қабаттары мен қасаң қабаттарының үлкеюімен сипатталады.Эпителий полярлы және кешенді.

 

Жіктелуі:Туа біткен,жүре пайда болған, Ювенилді, Рецидивті

Асқынуы:Әртүрлі инфекциялық аурулар,терінің басқа бөлігіне және мүшелерге ауысуы мүмкін,қатерлі ісікке айналуы мүмкін.

Нәтижесі:Оңай зақымдалып,тез қабынады. Папилломаны алып тастағаннан кейін кейбіреуі қайталанса, кейде қатерлі ісікке айналады.

 

 

49. Механикалық сары ауру кезіндегі бауыр

А. Пат.процестің анықтамасы. Механикалық сары ауру (бауырастылық сарғаю) – кезінде өт өз жолдары арқылы дұрыс жүрмей, экскрециясы (шығару) қиындап, кейде кері ағады (регургитация). Ол өт жолдарының ішінде немесе сыртында өтті бауырдан шығаруға кедергі туғызатын себептерден дамиды.

В. Этиологиясы –

*өт жолдарының тасты ауруында;

*қатерлі ісігінде;

*ұйқы безінің бас жақ бөлігінің немесе өлтабардың қатерлі ісігінде;

*өт өзектері тума бітеу болғанда (атрезия) немесе дұрыс жетілмегенде (гипоплазия);

*қақпалық лимфа түйіндері мен бауырда қатерлі ісік метастаздары пайда болғанда байқалады.

С. Жіктелуі: Сарғаюдың 3 түрлі даму механизмі бар:

а) бауырүстілік (гемолиздік)

б) бауырлық (паренхималық)

в) бауырастылық (механикалық)

Механикалық сары ауру кезінде 3 кезең болады:

1. Холестатикалық – өт жолдары бітелген кезде өт ағысы бұзылады.

2. Цитолитикалық – өттің тұрып қалуы гепатоцитолизді шақырады.

3. Аралас – холангиттің пайда болуы мен бауырдың құрылымдық – функционалдық өзгерістерінің бірігуі.

 

Д. Микроскопиялық белгілері:

 

Микропрепараты (а, б). Механикалық сары ауру кезінде бауыр: өт капиллярларында, гепатоциттердің цитоплазмасында, бауыр үлестерінің купфер жасушаларында, үлесше аралық өт жолдарында сары-қоңыр түсті өттің жиналуы. (жасуша ішілік және жасуша сыртылық холестаз). Өт капиллярларының жарылысы гепатоциттер некрозына әкеледі және бауыр тінінде қоңыр түсті «өт өзеншелері» түзіледі. Кеңейген, өтке толы өт жолы (1), «өт өзеншелері» (2б), дистрофия және гепатоцит некроздары.

Окраска гематоксилином и эозином: а - х200, б - х 100

Е. Асқынулары:

- өт іркілген жерде өлі ошақтар қалыптасып, орнын дәнекер тін жайлап, салдарлық билиарлы цирроз дамиды.

- іркілген өт өзекшелерді кернеп, өт капиллярлары жыртылады.

- қанда өт қышқылы көбейіп (холемия), тері ғана сарғайып коймай,оның жалпы уытты әсерінен организм уланады.(холалемия).

- уытты әсерден қанның ұю қасиеті құлдырап, қанды ошақтар пайда болады. (геморрагиялық синдром).

- организмнің аутоулануынан бүйрек зақымдалып, бауыр-бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі байқалады.

Ж. Нәтижелері: Бауыр жеткіліксіздігі

 

52.. Жайпақ жасушалы қасаңды рак

Анықтамасы:жалпақ және өтпелі эпителиймен жабылған кілегейлі қабықшаларда дамитын қатерлі ісік.

Этиологиясы: темекі шегу, күйдіретін заттарды ішкен кезде көмейдің жайпақ жасушалы қасаңды рагына алып келеді.Экологиялық қолайсыздық;зиянды өндірістердегі жұмыс; тым ыстық тағамдарды қолдану;алкоголь пайдалану.

Микроскопиялық белгілері:Ұялар түзетін атипиялы эпителий тізбектерінен құралады,інжуге ұқсас құрылымдар түзіледі (рак інжуі)

Жіктелуі:Жайпақ жасушалы рак 2-ге бөлінеді: қасаңды және қасаңсыз

Асқынуы:метастазданады, лимфа түйіндеріне қатерлілік туғызады, ісік дамыған жерінен қасындағы мүшелерді зақымдайды.

Нәтижесі: қауіпті,бірақ химиотерапия арқылы кейбір түрлерінің (көмейдегі,терідегі) қолайлы нәтижесін алуға болады.

 

58. Мидың гуммасы (мерездік гранулема)

Анықтамасы:мерездің кеш сатысынан кейінгі 3-5 жылдан кейін дамитын,мидың жұмсақ қабығының зақымдалуы. Сирек кездеседі

Этиологиясы:жыныстық жол арқылы беріледі, белгілі бір венерологиялық немесе инфекциялық аурулармен ауырған кезде. Қан арқылы да, гигиеналық заттарды ортақ қолданудан да пайда болады.

Микроскопиялық белгілері: лимфоциттер, плазмалы жасушалар,эпителиоид жасушалардан

құралған. Инфильтратпен шектелген.

 

Жіктелуі: мидың гуммасы: Бас миының гуммасы және жұлын миы гуммасы

Асқынуы:мидың жұмсақ қабығынан қатты қабығына жайылуы мүмкін. Бас миында бассүйек ішілік қысымның жоғарылауына алып келеді. Жұлын миында мойын және ортаңғы кеуде аймақтарына таралады.

Нәтижесі.Көбінесе қолайлы, егер де дұрыс ем жүргізілсе. Алайда мүгедектікке әкеліп соқтыруы мүмкін.

 

 

60.. Организациябелгілері бар тромб.

Пат. Процестің анықтамасы: Тромб – қанның тірі организмнің тамырларында немесе жүрек қуыстарында ұюы. Ұйыған қанның жентегі – тромб деп аталады.

Этиологиясы: қандағы немесе тіндегі жолашар белоктар, яғни ұю факторлары біртіндеп жанданып, баспалдақтап жүзеге асатын үрдіс. Қанды ұйытатын ішкі және сыртқы жүйелер бар.

Микроскопиялық белгілері:

1) Интимадан шыққан дәнекер тінмен жабылған. 2) Эндотелиймен шақырылған каналдың тромбтары, саңылаулары байқалады.

Жіктелуі: ақ тромб, қызыл тромб, аралас тромб, гиалинді тромб.

Асқынуы:

· Тромбылы васкулит;

· Тромбылы эндокардит;

· Инфаркт ошақтары;

· Атеросклероз;

Нәтижесі:

Қолайлы ақыры:

1. Тромбының асептикті аутолизі.

2. Қолайсыз ақыры:

1. Тромб бактериялық эмболдар жайылады.

 

 







Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...

ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...

Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.