|
Журнал: Бастауыш мектеп 4, 2010ж 3-4 бетЖ.Аймауытов Психология.Алматы. 1995 -78 б журнал «12 жылдық білім» №4, 2006ж
3 Тәжірибелік – эксперименттік бөлім Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу жұмысы үш кезеңде жүзеге асырылды: 1. Анықтау кезеңі; 2. Қалыптастыру кезеңі; 3. Қорытынды кезеңі. Ең бірінші анықтау кезеңінде2 «а», «б» сынып оқушылары арасындасауалнама алынды. Анықтау кезеңіне бақылаушы және эксперимент тобының 41 оқушысы қатысты. Анықтау кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді. 1. Сауалнамалар жүргізу Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау. Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының ерекшеліктерін, қызығушылық кеңдігін, қызығушылықтың пайда болу себептерін анықтау. 1.Қазақ тілі 2.Математика 3.Әдебиеттік оқу 4.Дүниетану 5.Еңбек 6.Бейнелеу өнері 7.Музыка 8.Дене шынықтыру Нәтижелерді өңдеу: 1,2, кестелерге сүйене отырып нәтижесін шығару. Кесте 1
Кесте 2
Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзғарастарын анықтауға арналған сауалнама Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқуға және оқытуға деген көзқарасын анықтау. 1.Мектепте оқу саған... Ұнайды Ұнамайды Ойланбадым
2. Сабақта мұғалімнің саған көңіл аударғаны... 3. Мұғалімнің саған сенім білдіргені... 4.Саған сенімсіздікпен қарағаны... 5.Тапсырманы жүктегені... 6. Басқаларға көбірек көңіл аударғаны... 7.Жаттығуларды достарыңмен бірге орындау... 8. Достарыңның кеңесін тыңдау... 9. Өз пікіріңмен бөлісу... 10.Сенде туындаған проблеманы достарыңның білгені... 11.Достарыңмен шешімін бірге іздестіру... 12.Сыныптастарыңмен достық қарым – қатынас... 13.Тақырып бойынша ақпаратты достарыңмен бірлесе отырып іздену... 14.Мұғалімнің сені еңбегің үшін марапаттауы... 15.Ата-анаңның сенің жеңіске жеткеніңді білгені...
Оқушылардың оқытуға және оқуға деген көзғарастарын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесін гистаграмма 1-ден көре аласыздар
Гистаграмма 1
Үй жұмысын орындау мақсатында жүргізілген сауалнама. 1. Сен үй тапсырмасын қалай орындайсың? а) өз бетінше; ә) кейде ата – ананың көмегін қажет етемін; б) үнемі ата – ана қадағалауымен; 2. Үй тапсырмасын өз бетінше дұрыс орындауға қандай жағдай кедергі болады? а) жаңа сабақты түсінбеуден; ә) мұғалім орындайтын жолын түсіндірмейді; б) ата – анам көмектеспейді. 3. Үй тапсырмасының қандай түрде берілгендігін қалар едің? а) тек оқып келу; ә) құрастыру, шешу; б) түсінгенін жазып келу; 4. Үй тапсырмасын бағалауды қалай жүргізгенді қалайсың? а) сабақ үстінде; ә) жинап алып тексеру; б) жауап беруге қиналамын; Үй жұмысын орындау мақсатында жүргізілген сауалнаманың нәтижесін төмендегі гистограмма 2 көре аласыз. Гистограмма 2
Оқушыларға арналған сауалнама Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін, жекелей, топпен жұмыс жасауы, өзін-өзі бағалауын анықтау. Нұсқау: Берілген бланкіде сұрақтарға жауап «иә», «жоқ», «кейде», «жауап бере алмаймын» деген түрде берілген.
Кесте 3
Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін, жекелей, топпен жұмыс жасауы, өзін-өзі бағалауын анықтауға арналған сауалнаманың нәтижесін кесте 4 көре аласыз
Кесте 4
Оқушылардың сыныпқа, сабаққа деген қызығушылық деңгейін анықтау. 1. Саған мектепте ұнай ма? 2. Сабақ кестесі ұнай ма? 3.Сен таңердең оянғанда, мектепке баратыныңа қуанасың ба? 4.Сен мектепке барғын келмей, әлде үйде қалғын келе ме? 5.Егер мұғалімің ертең мектепке бәрі келу міндетті емес десе, саған ұнай ма? 6.Сабақ кестесінен кей күндері 1-2 сабақты алып тастаса, саған ұнай ма? 7.Үй тапсырмаларын бермесе екен деп ойлайсың ба? 8.Мектептеріңде қандай да бір сабақтарды қалдырып, қалғандарын алып тастаса, ұнатар ма едің? 9.Сен ата –анаңа мектеп жайлы жиі айтасың ба? 10.Сен мұғалімінің қатал болмағаның қалар ма едің? 11. Өз сыныбыңда сенің достарын көп пе? 12.Сенің сыныптастарың саған ұнай ма? 13.Тапсырмаларды түсінесің бе?
Егер жауап иә болса- 3 ұпай Білмеймін -1 үпай Жоқ болса -0 ұпай
Жоғары деңгей (30-25балл)- оқушының мектепке қатынасы оң: жоғары екенің көрсетеді, яғни бағдарламасын оңай игеріп,оқу материалдарын оңай меңгереді, мәліметтерді толық игерген мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды, тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды өзіндік жұмысқа барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды тапсырмаларды мұқият орындайды сыныпта жоғарғы мәртебеге ие. Орта деңгей (24-15 балл)- оқушының мектепке жақсы көзқараспен қарайды,оқу материалын ұғады,оқу бағдарламасының негізгісін игереді, тапсырмаларды өз бетімен,тиянақты орындайды,бірақ бақылауды керек етеді, көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды. Төмен деңгей (14-0балл)- оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығы нашарлығына реніш білдіреді; көңіл –күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады: оқу материалдарын фрагмент арлы меңгереді: өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді: сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді: пассивті; сыныпта жақын достары жоқ. Оқушылардың сыныпқа, сабаққа деген қызығушылық деңгейін анықтау сауалнамасының нәтижесін гистограмма 3көре аласыз.
Гистограмма 3
Ата-аналарға арналған сауалнама Мақсаты: Сауалнамаға берген жауап арқылы баланың мектепте өзін-өзі қаншалықты ыңғайлы сезінетінін, білім алу құштарлығын, бойындағы орын алған соңғы өзгерістерді анықтайды.
2кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді a) Сабақтар өткізу b) Тәрбие сағаттарын өткізу c) Дидактикалық тапсырмалар өткізу Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Эксперимент тобында жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілді. Мысал ретінде бірнеше сабақтарды қарастырайық. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ. Сыныбы: 2 «Б» Күні:09.03.16 Тақырыбы: Наурыз - жыл басы. Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Наурыздағы тілекөлеңін жатқа сұрау. ІІІ. Өткенді пысықтау. Наурыз қандай мейрам? Адамдар қалай тойлайды? ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Наурыз жыл басы. Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс. Наурыз - жыл басы. Оқып, мазмұнын ашу. ә/ Сөздік жұмыс Тошала – қыста ет сақтайтын бөлме б/ тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу ҮІ Түсінгендерін тексеру а/ сұрақтарға жауап алу: қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата - Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал. б/ жұмбақты шешу. Қос қанатын иіп ап Жарға келіп қонады Кара киім киіп ап Балшықтан үй соғады /қарлығаш/ ҮІІ Бекіту: Табиғатты қорғай білуге баулу ҮІІІ. Үйге тапсырма: Наурыз - жыл басы өлеңін мәнерлеп оқу. 174 бет YIY.Бағалау ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ. Сыныбы: 2 «Б» Күні:12.03.16 Тақырыбы: Әбілмансұр. М.Әуезов. Мақсаты: «Өнегелі өмір» тарауы жайлы түсінік бере отырып, М.Әуезовтың«Әбілмансұр» мәтінін оқып, мазмұнын ашу. Абылай өмірі туралы түсінік беру. Мәнерлеп оқи білуге, өз ойларын қорытып айтуға баулу. Ержүректікке, батылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: Абылайхан, қазақ билерінің суреті. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, әңгімелеу, өзіндік. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік ІІ. Мақсат қою кезеңі: Өнегелі өмір тарауы жайлы түсінік беру. «Елдің атын ер шығарады» дегендей әр халықты басқа жұрт ер жүрек батырларынан, ұлы адамдарынан таниды. Мысалы: Абай атамыз арқылы басқа елдер қазақ жұртын біледі. Ендеше елі үшін еңбек етіп, елінің атын шығарған ұлы адамдар туралы оқып, танысайық. ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. а/ М.Әуезов - /1897-1961/ жайлы түсінік беру. ә/ Әбілмансұр мәтінін оқып, түсіндіру. Абылай хан қазақ халқының әйгілі ханы. Төле бидің тәрбиесінде болған. Әбілмансұр – Сабалақ – Абылай. б/ Дәптермен жұмыс. Абылай, Төле би, Сабалақ, қанжығалы Бөгенбай, Әбілмансұр. ІҮ. Білімдерін тексеру. Мәтінді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. а/Сұрақтарға жауап алу. Абылай бала кезінде неліктен Сабалақ атанған? Төле би оның ел билейтінін қайдан білді? Елін қорғағысы келген Сабалақты Төле би қалай аттандырды? Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. Мәтінді мына ретте әңгімеле. Бала Сабалақ. Сабалақтың соғысқа аттануы. Батыр Абылай. Абылай кімдерден бата алған.Мәтіннен Сабалақтың Төле биге өтініш жасаған жерін тауып оқу. ҮІІ.Қорыту. Абылай хан кім?Патриоттық тәрбие беру. ҮІІІ. Үйге тапсырма: Әбілмансұр мәтінін мазмұндап келу. 183-185 бет YIY.Бағалау
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ. Сыныбы: 2 «Б» Күні:15.03.16 Атан түйе шөккен жер Мақсаты: 1 Райымбек батыр туралы мағлұмат беру, мәтіннің мазмұнын түсіндіру2. оқушылардың оқу дағдыларын жетілдіру.3. Ержүректікке, батырлыққа баулу Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу. Түр і: аралас Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Әбілмансұр оқу, мазмұндау ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Атан түйе шөккен жер ІҮ.Жан-жақты білімін тексеру. Сөзжұмбақты тақтаға іліп, оқушыларға шештіріп, өздеріне жаздырту. Жаудан елді қорған тағы бір батыр туралы білгің келеді ме? Сөзжұмбақтың ортасында тұрған сол батырдың есімін оқы. Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі бойынша Ү. Жаңа сабақ: 1. Райымбек батыр туралы «Атан түйе шөккен жер» мәтінің дұрыс, түсініп оқып беру. Оқушыларға тізбектей оқыту 2. Сергіту сәтін өткізу 3. Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу, дәптерлеріне жаздыру Атан түйе – 4 жастан асқан түйе. Қоныстанады – орналасады. Мінәжат ету – құрметтеп, бас ию. 4. Берілген суретке зер сал. - Суретке қандай ат қоя аласың? Суретпен жұмыс.Суреттегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсың? Ерекше ерлік көрсеткен найзалы батырды кім деп айтар едің? Оған қарсы шапқан жау жағының күші қандай деп ойлайсың? Оны неден аңғардың? Шайқас немен аяқталады деп есептейсің? ҮІ. Қорыту. Сұрақтарға жауап алу. Осы суретпен берілген мәтін арасында қандай байланыс бар? Мәтіннен Райымбек батырдың сөзін тауып оқы. Халық Райымбек батырды неге құрметтейді? ҮІІ. Үйге тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын ату. 187-188 бет. Батырлық, ерлік туралы 3-4 мақал-мәтел тап. YIY.Бағалау
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ. Сыныбы: 2 «Б» Күні:02.04.16 Тақырыбы: Бала Абай. М.Әуезов. Мақсаты: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру. Кейіпкерлерге мінездеме беру мен түр тұлғасын сипаттаудың ерекшелігін меңгерту. Танымдық қабілеттерін дамыту. Мәтінге берілген сұрақ-тапсырмалар арқылы оқу әрекеттерін арттырып, белсенділікке дамыту.Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу. Көрнекілік: суреттер Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту ІІІ. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім?Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер? ІҮ. Мақсат қою кезеңі Бала Абай. Ү. Жаңа сабақ. а/ М.Әуезов туралы түсіндіру. ә/ Абай атамыз жайлы түсіндіру б/ Бала Абай оқып, түсіндіру в/ тақырыпты оқу.Іштей оқу,тізбектей оқу. ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Әңгіме кім туралы екен? Абай кім? Абай неге үйден шықпайтын болды? Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді? Абай тағы кім әңгіме айтатын? Бірде Абайлардың үйіне кім келді? Барлас ақын Абайға неліктен ұнады? ҮІІ.Қорыту. Бүгін не білдік?Абай туралы қосымша деректер. Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер? ҮІІІ. Үйге тапсырма: Бала Абай мәтінін мазмұндап келу 192-193 бет YIY.Бағалау
ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ. Сыныбы: 2 «Б» Күні:09.04.16 Тақырыбы: Бала Тұрар Мақсаты: Тұрар Рысқұлов туралы мәлімет беру. Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу. Міндеттері: 1. Оқушыларға Тұрар Рысқұловтың балалық шағынан мәлімет беру, оқиғаны айтуға, ой-пікірін білдіруге үйрету. 2. Сөздік қорын дамыту 3. Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: суреттер Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. Түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Т.Жұртпай Бала Мұхтар мен Абай мәтінінің мазмұнын сұрау. ІІІ. Білімдерін тексеру: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов кімдер? ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Бала Тұрар Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді оқу. Сөздік жұмыс, қысқаша мәлімет беру.Көрнекілікпен жұмыс. Тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу. Дәптермен оқу ҮІ Түсінгендерін тексеру: Мұғалімнің көңілі неліктен Тұрарға ауды? Тұрардың сабаққа селқостығы неде? Атамырза Тұрарға неліктен күлді? Оның күлкісіне мұғалім қандай әңгіме айтты? ҮІІ Бекіту: Мәтін кім туралы екен? Тұрар мен Атамырзаны сипаттандаршы? ҮІІІ.Үйге тапсырма: Бала Тұрардымазмұндап келу. 205-208 бет YIY.Бағалау
ДҮНИЕТАНУ Сыныбы: 2 «Б» Күні:09.03.16 Тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Мақсаты: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы түсінік беру, жан-жануарларға қамқорлық жасауға баулу, бүкіл жанды табиғаттың қорек тізбегі арқылы бір-бірімен байланысы туралы ұғым қалыптастыру. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Көрнекілік: түрлі түсті суреттер Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қоя отырып ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс. Жануарлар қандай жерде тіршілік етеді, қалай тіршілік етеді.Дәптермен жұмыс, суретпен жұмыс жасау. ҮІ Түсінгендерін тексеру: Жануарлар тіршілігіне не қажет? ҮІІ Бекіту: ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай мазмұндап келу. YIY.Бағалау
ДҮНИЕТАНУ Сыныбы: 2 «Б» Күні:06.04.16 Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары. Мақсаты: Оқушыларға жабайы және үй жануарларымен таныстыру;оларды ажырата білу; жануарлардың тіршілігі, мекендейтін ортасы туралы таныстыру;өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту; топта жұмыс істеуге дағдыландыру; оқушыларға жануарлардың пайдасы зор екенін айтып, аңдарды аялауға тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Көрнекілік: түрлі түсті суреттер Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Жануарлардың мекендеу ортасын мазмұнын сұрау. ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақтар қоя отырып. Жабайы, үй жануарлары қайда мекендейді? Тағы қандай басқа жануарлар туралы айтасыңдар? ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Жабайы және үй жануарлары. Ү. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.Жабайы және үй жануарларын ажыратуға үйрену. Сурет бойынша жұмыс істеу. Қосымша өз білетіндерін сұрау. Әңгіме әдісін қолдану. ҮІ Түсінгендерін тексеру. Жабайы жануарға не жатады? Үй жануарына ше? ҮІІ Бекіту: Біз осы сабақтан не үйрендік?Қандай жаңа мәліметтер алдық? ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жабайы және үй жануарлары тақырыбын мазмұндап келу. 95-97 бет YIY.Бағалау
МАТЕМАТИКА Сыныбы: 2 «Б» Күні:18.03.16 Тақырыбы:Санды бірнеше бірлікке арттыруға (кемітуге) арналған есептер. Мақсаты: Үш таңбалы сандарды қосу және азайтуға тапсырмалар орындай отырып, оқушы білімдерін тексеру Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Көрнекілік: үлестірмелі тапсырмалар Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткенді қайталау. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Үш таңбалы сандарды оқу, жазу,салыстыру. ІҮ. Жаңа сабақ. №1 ауызша 440+50=490, 44 онд. + 5онд. = 49 онд. №2. Сандарды оқу(ауызша), №3. 652=600+50+2, 775=700+70+5, №4. 650-40, 520+30, 670-50. №6.Көк – 14 Қызғылт - 15 Үрледі - 18 Қалды -? (14+15)-18=11 Жауабы: Қалды 11 Ү. Түсінгендерін тексеру: 460-60, 480-60, 130+55, 684+76. ҮІ. Бекіту: ҮІІ. Үйге тапсырма: №7,8 222бет ҮІІІ. Бағалау МАТЕМАТИКА Сыныбы: 2 «Б» Күні:06.04.16 Тақырыбы: Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні. Мақсаты: Көбейтуді үйрету. Түсіндіру. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа тәрбиелеу. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік Көрнекілік: үлестірмелі тапсырмалар Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1 000-99, 459+38, 1010-58, 683+84. ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Көбейту. Көбейткіштер. Көбейтіндінің мәні. ІҮ. Жаңа сабақ. №1. Есептің шешуін түсіндіру. №2. Қосындыны көбейтумен алмастыру. 3+3+3+3, 14+14+14, 5+5+5. №3.Көбейтіндіні қосумен алмастыру. 6х4, 12х5, 7х3, 48х2. №5. 5х3=15, 3х4=12. №8. Р= 3см+3см+3см+3см=12см, Р=5см х 4=20см Ү. Түсінгендерін тексеру: 56+24-22, 60-29, 40+27, 42-14-18. ҮІ. Бекіту: ҮІІ. Үйге тапсырма: №4,7, 238бет ҮІІІ. Бағалау ҚАЗАҚ ТІЛІ Сыныбы: 2 «Б» Күні:15.03.16 Тақырыбы: Сын есім және оның анықтамасы. Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер бойынша Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік ІІ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау. ІІІ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу.Зат есім деген не? Сұрақтары қандай? Сын есім деген не? Сұрақтары? ІҮ.Жаңа сабақ: 412-жаттығу мәтінді оқып, сын есімдерді табу, сын есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын айту. 413- жаттығу Бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып жаз. Тақтай, көше, көл, жылқы, кесе. 414- жаттығу суреттегі заттарды суреттеп айту. 415- жаттығу ребусты шешіп, сын есім екенін дәлелдеу. Ү.Қорыту. Сын есім деген не?Үлестірмелерге жауап алу. YI.Үйге тапсырма: 416-жаттығу әңгіме құрау. YII.Бағалау ҚАЗАҚ ТІЛІ Сыныбы: 2 «Б» Күні:18.03.16 Тақырыбы: Сын есім. Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріп айта және жаза білуге үйрету. Тілін, сөздік қорларын дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер бойынша Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Түрі: аралас сабақ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау. ІІІ. Білімдерін тексеру: Көркем жазу.Зат есім деген не? Сұрақтары қандай? Сын есім деген не? Сұрақтары? Сан есім? Сұрақтары? ІҮ.Жаңа сабақ: 422-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу.Сын есімдерді табу 423- жаттығу. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді койып жазу. Әселдің қандай? Көйлегі бар. 424- жаттығу. Сын есімдерді үлгі бойынша мағынасына қарай топтастыру. Үлкен, ірі, коңыр, дәмді, тәтті. Ү.Қорыту. Сын есім деген не?Үлестірмелерге жауап алу. YI.Үйге тапсырма: 425- жаттығу YII.Бағалау
Қарама –қарсы мағыналы сөздерге мысал келтір
Төменде берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат:
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жаздырту ... адам,... оқушы,... тау,... ат,...бөлме,... қала. Амалдарды орында: 708 + 168 654+190 833- 65 632 – 340 725 – 506 293 +356 823 + 88 987 – 97 846 -348 654+238 Есепті шығар: Жүк машинасы ауылдан қалаға дейінгі жолдың 274 км жүріп өтті. Қалаға дейін әлі оның жүріп өткен жолынан 165км артық жол қалды. Қала мен ауылдың арасы неше км? Өрнек құржәне оның мәнін тап: А) 620 мен 220 сандарының айырмасын 8-ге бөл. Б) 96 мен 16 сандарының бөліндісін 10 есе арттыр.
Бос орындарға теңдік дұрыс болатындай етіп сандар қой. 8 жүзд.=…бірл. 650=…онд. 7м 58см =…см 46 онд.= …бірл. 9 жүзд.=….бірл. 630 тиын. =…теңге. ….тиын.
Тәрбие сағаты «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры... Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право... Что делает отдел по эксплуатации и сопровождению ИС? Отвечает за сохранность данных (расписания копирования, копирование и пр.)... ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования... Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:
|