Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Немесе Кандинский – Клерамбо синдромы





Психикалық суреттеменің ядросы болып әртүрлі психикалық автоматизмдер (ойлағыш, сезім, қозғалғыш) және физикалық немесе психикалық әсер ету сандырағы мен көрінеді. Алғашқы рет В.Х.Кандинский (1885) мен Клерамбо(1926) психикалық автоматизм синдромын ашып анықтаған. Психикалық автоматизмдердің 3 түрі байқалады:

1.ассоциативтік (идеаторлық, идеовербалдік)

2.сенсорлық (сенестопатикалық, сезгіштік)

3.қозғалғыштық (моторлық, кинестетикалық)

Идеаторлық психикалық автоматизм – «ой жүгіртуімен, ағуымен, ойлардын дыбыстануымен, басқа ойларды салынуымен, ойлардың жасанды болыуымен, «ой оқуымен» көрінеді, ойдың жанғырыуы байқалады, абыржушылық дамиды, естің қажетті материалын еске сақтау мен еске алу қиындайды. Ұйқы үстірт, нашар болады, қорқыныш, қайран қалу, т.б. кездеседі.қ автоматизм – ішкі ағза әсерінен көрінеді, жағымсыз, ауру сезімімен жүреді. Науқастарды бірнәрсе басып тұрғандай, өзі айналып тұрғандай, суықты, ыстықты т.б. сезімдерді айтады, олар сыртынан арнайы әсерімен шақырылғанын сезінеді. Сенсорлы автоматизмде науқастар ағзасында физиологиялық әсерлер: жыныстық қозу, тәбетінің бұзылуы, дәм сезу бұзылуы, зәр шығаруды ұстай алмауы әсер ету сандырағымен шақырылады.

Қозғалғыш (моторлық) автоматизм – бұл сыртқы күш әсерінен қозғалыстар туындайды деп санау. Басында жеке керексіз, еріксіз немесе мимикалық қозғалыстар туындайды. Қозғалыс автоматизмі әсер ету сандырақпен бірігіп жүреді. Қозғалыс автоматизміне психомоторлық галлюцинация (Сегла) жатады. Бұл бұзылыстың 3 сатысын бөліп көрсетуге болады.

1) науқас іштей ойлағандағы,тілі мен ернінің сырттай қозғалмасада, науқасқа қозғалғандай сезімінің болуы.

2) оймен айтылған сөздер дыбысталып, бір мезетте ерін мен тілдің сәл – пәл қозғалғанын сезінуі

3) нағыз артикуляциялық қозғалыс туындап, сол себепті науқас еріксіз сөздерді және сөз тіркестерін айта бастайды.

Психомоторлық галлюцинация ассоциативтік және қозғалыс автоматизінін бұзылуларының қосылуымен көрсетіледі.

Науқастар өзінің іштей «мен» атты сезіміне ішкі жан дүниесінің жатуының бұзылуы, сыртқы заттардың, техникалық әлдебір әсерлері негізінде бұзылған деп есептейді.

Жалған елестер – Кандинский-Клеромбо синдромының “ядролық” бұзылыс болып табылады.

В.Х. Кандинский анықтамасы бойынша: ақиқат мазмұнға жақын, аңдудың бейнелі сандырағы, жекеленген вербальдық галлюцинацияда қорқыныш, үрей, абыржуды білдіретін транзитті пароноидты синдромы. Оның шынайы галлюцинациядан айырмашылығы - анық объективті іс әректтің сипатының жоқ болуында.

Жалған елестер көбіне сандырақтың сыртқы әсерлермен, басқалардың реттеуімен жүреді деп сезінеді, бұл әсер ету сандырағы. Оған сыртқы және басқа бір күштің қосылуымен сандырақ әсері туады. Сандырақтың туындауына әсер етуші сыртқы күштерді: ғылыми жетістіктер, космос пен лазер, атом техникалық жетістігі т.б.Әсерлердің негізгі мақсаты науқастың ойынша, оны тәрбиелеп, ақыл айтып, болашаққа дайындау болып саналады. Науқаста ішкі ойлау диалогы көрінуімен байланысты, ойлау, үнсіз сөйлеу, телепатиялық ойлау, ойды беру т.б. сезімдер идеаторлық автоматизм бұзылуына байланысты жүреді. Көбіне бұнда сезімдер депрессиямен жүреді.

 

Парафрендік синдром.

 

Парафрендік синдром (Е. Dupre, 1914) тылсым дүние, ұлылық сандырақпен немесе жүйелі сандырақ әсерімен көрінеді. Сандырақ ойлары көбіне есту галлюцинациясымен немесе псевдогалюцинациямен және психикалық автоматизммен жүреді. Көбіне алдамшы еспен фантастикалық конфабуляциямен көрінеді. Науқастар өздерін әлем билеушісі, өлмейтін адамдар деп санайды, атақты жазушылардың кітаптарын өзім жаздым деп айтады. Ұлылық сезіммен, ойлаумен конфабуляция құралады, космосқа ұшулар туралы ойлар т.б. айтады.

Науқастың көңіл күйі көтеріңкі болады кейде депрессиялық күйде болады.

Парафрендік синдромның құрылымы:

1.Қисынсыз аңду және әсер ету сандырағы.

2.Ұлылық сандырақ.

3.Фантастикалық (қийял ғажайыптық) конфабуляциялар.

4.Эйфория.

Котар синдромы – науқас өзін керемет қылмыскер деп санайды. Дүние жүзіндегі ашу мен ызаны мен басқарам, соғыстар, өлімдер менің әсерімнен болып жатыр деп, өзін осы үшін жазалайды. Ол өзінің жаза ретінде өмір бақи өмір сүремін деп есептейді. Сонымен қатар, ол ағзасы қандай да бір белгі бергендей, не ішкі ағзасында бірнәрсе бұзылып жатқандай, не миым жоқ, не мен өлген мәйітпін,осы күйде мәңгі өмір сүремін дегендей сөздер айтады.

Парафрендік синдром кезінде ұлылық сандырақ дамиды. Науқас өзін ұлы реформатор, жаңалық енгізуші,әлемді құтқарушы мын деп есептейді.

Экспансивтік сандырақ, көбіне қудалау, улану, физикалық жою сандырағымен дамиды. Науқас өзін басқа ортада, үлкен жиында жүргендей сезімде болады.

Парафрендік синдомның дамуы аурудың созылуын және үдуін дәлелдейді. Парафрендік синдром жиі шизофренияда кездеседі. Кейде созылмалы конфабуляторлық парафрения жарақаттық, алкогольдік генезі бар психоздарда және кәрілік психоздарда, жиі кәрілік кемақылдылық кезінде кездеседі.

 

 

4. Кататониялық синдром

Кататониялық синдром (кататония) - кататониялық ступор немесе гиперкинез (кататониялық қозу) түрінде қозғалыс бұзылыстармен көрінетін психикалық бұзылыстың симптомокомплексі. Кататония термині және синдромның анық клиникалық сипатын K Kahlbaum (1863- 1874) жазған. Негізінде, өте терең деңгейге жететін және эмоционалдык сфера мен таным процесстердің артынан, тәртіптің, жүйеасты ерікті реттеуін және психомоторикасын қамтитын психикалық қызмет бұзылысы жатыр, ол әртүрлі парабулиялық симптомдармен көрінеді.

Психикалық бұзылыстардың қарама–қарсы екі кеселмен кататониялық қозу және кататониялық тежелумен (ступормен) ерекшеленеді.

 

4.1. Кататониялық қозу

Кататониялық қозу – алғашқы сәтте абыржушылық, шаттандырушылық сипатта болады. Сөзі көбіне байланыссыз, бір сөзді немесе бір сөйлемді қайта қайталап айтады (вербигерация). Сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Байланыс сөздер кейде қысқа уақыт үнсіздікке әкеледі, не болмаса кенет орнынан тұрып, не қашып кетуге, бір орнында айналады, билей жөнеледі, өзінің киімін жыртады. Осындай іс әрекеттердің барлығы еш бір себепсіз болады. Науқас мимикасы сыртқы кейпі мен іс әрекетпен, ортаға сәйкес емес (парамимия). Іс әрекеті қайталамалы (эхопраксия). Қойған сұраққа қатысы жоқ, мағынасыз жауап қайтарады. Науқаста белсенділігі бірден жоғалуы, тез ашуланып, тез басылуы мен үнсіздік, қатысы жоқ адамша тынышталуы да мүмкін.

Бұл қозғалыстар мақсатсыз ұмтылумен көрінеді, маниакалдік жағдайдан айырмашылығы іске ұмтылу. Сөздер бөлек, науқастардың қозғалысымен мимикасының мәнерленуімен, театралдылығымен стереотиптік ерекшеленеді, кейде импульсивтік әрекеттер де байқалады, эхолалия, эхопраксия пайда болады. Активтік немесе пассивтік негативизм жиі пассивтібағыну, амбиваленттілік, инстинктивтік әрекеттердің бұрмалануы және күшею белгілері сирек кездеседі.

Кататониялық қозу ішкі бірлік пен мақсатты бағытын жоғалтқан. Науқастардың іс әрекеттері табиғи емес, реттіліксіз, жиі мотиві жоқ және кенеттен (импульсивтілік), оларда бір жайлар көп (стереотипиялар) айналадағы адамдардың қимылын, қозғалысын, позасын (эхопраксия) қайталайды. Сөздері жиі символдық айтылулармен, неологизмдермен, бір фразаларды және сөздерді (вербигерация) қайталаумен жүреді, сонымен қатар айналадағы адамдардың сөздерімен айтылуларын қайталайды (эхолалия). Кейде рифмаланған сөздер болуы мүмкін. Қойылған сұрақтарға мәні сәйкес келмейтін жауап қайтарады.

Үздіксіз, байланыссыз сөзді қозу кенеттен, аз уақытта толық үнсіздікпен алмасады. Кататониялық қозу әртүрлі аффективтік бұзылыстармен - патетика, экстаз, ашулану, ызалану, кейде қатыспауымен, немқұрайлықпен қатар жүреді.

Кататониялық қозудың түрлері:

1.Абыржу-патетикалық.

2.Кататонді-гебефрендік.

3.Импульсивтік.

4.Үнсіз.

 

4.2. Кататониялық ступор

Кататониялық ступор – кататониялық қозудан соң іле-шала немесе аурудың ең басында, кейде күтпеген жерде пайда болады. Ол үнсіздікпен, қимылсыздықпен, кейде бұлшық ет тонусының жоғарылауымен болады. Кататониялық ступор қатты қозудан ерекшеленеді.

Кататониялық ступорда бірінші шайнау бұлшық етінде, одан мойын және желке, одан иық бұлшық еттерінде, білезік, соңында аяқ бұлшық етінде жоғарғы тонус байқалады (кататония). Кататониялық ступордың жиі симптомына пассивтік бағыну жатады. Науқастың аяқ қолдарын, позасын және басқа іс әрекеттің өзгерісіне қарсылық болмайды. Каталепсия бұлшық еттің тонусының жағдайын ғана сипаттамай, пассивтік бағынуының бірі болып табылады.Жоғарғы бұлшық еттің тонусында науқас алдыңғы тұрған қалпын сақтайтын күйде болады (балауыздық икемділік) мойын бұлшық етінде, одан кейін аяқ бұлшық еттерінде иялы, көпке мәншіл болып келеді. Сондай – ақ көз қарашығының ұлғаюы, ауырсынуға жауап болмайды. (Бумке симптомы).

Ступор жағдайда ауру сұраққа жауап бермейді, бірде дыбыс шығармайды. Маңайындағыларға да, өз жағдайына да көңіл бөлмейді.

Кататониялық ступордың негізгі симптомы - науқасты төсекке жатқызып басынан жастықты алып тастаса, ол ұзақ уақыт басын көтеріп жата береді, егер шалқасынан жатқан науқастың басын көтерсе, оның басы, кейде иығы да біраз көтеріліп тұрады – бұл ауалы жастық симптомы (психикалық жастық симптомы, E Dupre).

Ақырғысымен, ступор кезінде қарама қарсы бұзылыстар байқалады - науқстың сөзге және әсіресе сөйлесетін адамдар әрекетіне себепсіз қарсы әрекетпен көрсетеді. Негативизмнің бірнеше түрі бар. Пассивтік негативизм кезінде науқас айтылған бұйрықтар мен ұсыныстарды елемей, орындамайды, ал егер біреу істесе (тамақ ішкізгісі, киіндірмекші, тексермекші болса және т.б.) бұлшық ет тонусы күрт жоғарылауымен жүретін қарсылық көрсетеді. Активтік негативизм айтқан істердің орнына басқа әрекеттерді немесе тура қарама қарсы әрекеттер жасайды. Мысалы: науқасқа ас бергенде ішпейді, егер ыдысты әкетпекке іс қылса науқас қайтадан жармасып, тамақты жейді.

Кататониялық ступорда сөз бұзылыстары мутизммен көрінуі мүмкін, сөз сөйлеу мүмкіндігі сақталады, бірақ науқас айналасындағы адамдармен сөз қатынасы жоқ. Кататониялық ступоры бар науқастар жиі ауруға тән позаларда болады. Жатқанда бүйірінде, эмбрионалды (жатыр) кейіпте жатады, отырғанда басын түсіреді және қолын дене бойымен созады, отырғанда тізесін бүгіп отырады. Кейбір науқастар бетін ашық қалтырып, басын халатпен немесе көрпемен жауып алады «капюшон симптомы»

(П. А. Останков, 1936).

Кататониялық ступор соматикалық бұзылыстармен жүреді. Науқастар ариды, авитаминоз симптомы болуы мүмкін. Аяқ қолдары цианозды, табандары мен алақандарында ісіну бар. Теріде эритематоздық дақтар пайда болады. Секреторлық функциялар бұзылысы - сілекей ағу, тершеңдік, себорея әрқашан болып тұрады. Қарашықтары кішірейген, көп жағдайларда қарашық реакциясы ауырсыну тітіркендіргішіне болмайды, артериялық қысымы төмен.

Кататониялық ступордың түрлері:

1. Балауыздық икемділік пен

2. Негативизммен

3. Бұлшық еттерінің мелшиіп қатып қалуымен

Кататониялық синдром арнайы емес және түрлі психикалық бұзылыстар \шизофрения, аффективті психоз, олигофрения және т.б.\ құрылымында байқалуы мүмкін.

 

5. Гебефрениалық синдром

Гебефрениалық синдром - қозғалыс және сөйлеу қозулары, ақымақтық және аффекттің өзгеруілердің уйлестіруі. Қозғалыс қозуы - мазақтау, тыржиту, айналасындағы кісілерді мазақ ретінде қимылдарын қайталау.

Ауруханада киімдерін, газеттерді және т.б. қолдана отырып, науқастар өздеріне экстравагантты киімдер ойлап табады. Олар айналасындағы адамдарға орынсыз немесе арсыз сұрақтармен естерін шығарып, оларға бөгет жасауға ұмтылады, аяқтарына жығылады, киімдерін ұстайды, итереді. Қозу регрессиялық элементтерімен бірге жүруі мүмкін. Осылай, науқастар тамақ ішу үшін, отырып емес, түре келіп ішеді, басқа жағдайларда олар аяғымен үстел басына шығып кетеді, қасықты қолданбай, қолмен тамақ ішеді, шөлпілдеп, түкіріп, кекіреді. Науқастар кейде қуанышты отырып күледі және қарқылдайды, кейде ыңырсып, шыңғырып, жылап ұлыйды, кейде сіресіп, агрессивті болады. Сөздері жиі байланыссыз, неологизмдармен, аз қолданатын сөздермен, эхолалиямен бірге жүреді. Басқа жағдайларда науқастар ұятсыз өлендер мен сөздер айтады. Гефебрениалық синдром құрылымында тұрақсыз галлюцинаторлық және сандырақ бузылыстар пайда болады. Жиі кататониялық симптомдар болады. Егер олар турақты болса гебефренді кататониялық синдром туралы айтуға болады.

Гебефрениалық синдром жас науқастарда жайылған түрінде көрінеді. Гебефрениалық синдром жиі шизофренияда, сирек эпилепсияда – сананың өзгерген жағдайларында, бас – ми жарақатымен байланысты, реактивтік және интоксикациондық психоздарда кездеседі.

 

6. Сананың бұузылуы синдромдары

«Сананың бұлыңғырлануы» терминнің клиникалық анықтамасы жоқ. Сананың тек психологиялық физиологиялық және философияық анықтамасы бар. Клиникалық анықтамасының қиындығы бұл термин өзінің ерекшеліктеріне қарай өте әр түрлі синдромдарды біріктіреді. Бұл синдромды (сананың бұзылуы) сипаттау қиын. Оны теріс белгілермен сипаттау оңайға түседі «айналаны дұрыс бағалай алумен».

Сананың бұзылуы синдромы – бұл психикалық әрекеттің ең терең дәрежелі дезорганизациясы. Сонымен қатар, барлық психикалық функцияның бір уақытта бұзылуы және орын, уақыт, айналасына, тұлғасына бағдары бузылады. Сананың бұзылу синдромының негізгі белгісі - науқас айналасымен байланысын жоғалтады. Барлық сананың бұзылу синдромдарына жалпы сипат тән, бұл реттілікті бірінші K. Jaspers көрсеткен.

Сананың алжасу жағдайын сипаттайды:

1) Науқас айналасына айқын емес, қиын, бөлікті қабылдуы және одан алыстау, абыржушылық байқалады.

2) Дезориентировканың әр түрлі түрлері – ортаға, уақытқа, айналасындағы адамдарға, сол уақыттағы жағдайға, өзіндік тұлғасына, осы көріністердің барлығы бірге немесе кейбіреулері болуы мүмкін.

3) Кейбір дәрежедегі ойдың байлансыздығы, ол әлсіздікпен немесе көз қарасын білдіре алмаумен, сөз бұзылуымен жүреді.

4) Сананың алжасуы кезеңіндегі толық немесе бөліктік амнезиядан: осы кезеңіндегі байқалған психопаталогиялық бузылыстардың – галюцинациялар, сандырақ, сирек – айналадағы оқиға бөліктері үзік- үзік есінде қалады.

Сананың бузылу синдромының негізгі жалпы белгісі - науқастың айналадағы байланысын жоғалту, ол болып жатқан жағдайды қабылдауы, түсінуі және есте сақтауы толық немесе жартылай көрінеді. Бұл жағдайларда ой бұзылған, соңында сана бұзылу кезеңінде толық немесе бөлікті ұмытылады. Сана бұзылу синдромын физиологиялық жағдаймен салыстырады, өйткені адам түсінде айналысындағы ортамен байланысын үзеді. Бірақ физиологиялық ұйқы бір түрлі жағдай емес екені мәлім, онда анық түнде көп алмасатын екі фазасы анықталған. ақырын ұйқы мидың белсенді белгілерімен жүретін және түс көрмейтін, парадоксальды немесе тез ұйқы ми белсенділік белгілері аз мөлшерде және ұйқымен көрінеді. Сана бұзылу синдромдары арасында екі топ жағдайлар анықталған:

1. Сананың өшу синдромдары, психиқалық әрекет соңына дейін редуцерленеді және толық болмайды

2. Сананың алжасу синдромдары сыртқы ортадан шектелген мида көбінесе түске ұқсас интенсивті психологиялық әрекеті

6.1. Сананың өшу синдромдары.

Сана анықтығының денгей терендігіне байлнысты сананың өшуінің келесі дәрежелерін ажыратады: обнубилиция, сомноленттілік, сопор, кома. Көбінесе жағдай нашарлағанда бүл дәрежелер бір бірін алмастырады.

1. Обнубиляция – «Сананың бұлттануы», «Санаға жалық». Науқастадың реакциясы, бірінші орында, сөздер ақырындайды, назар бұзылуы, ұмытшақтық, жауапта кателіктер пайда болады. Жиі көңіл- күйдің немқурайлы болуы. Бүл жағдайлар бірде минуттарға созылса, екншісі, мысалы, өршу, салдану немесе ми ісіктерінде алғашқы формасында узақ уақыт болады

2. Есеңгіреу – сананың анықтығының төмендеуі және бір уақытта оның болмауы. Есеңгіреудің негізгі көрінісі барлық сыртқы тітіркендіргіштерге қозу табалдырығының жоғарлауы.

Науқастар қатысусыз, айналасы қызықтырмайды, науқастар қойылған сұраққа тез мән бермейді және салыстырмалы қарапайым немесе тек өте қарапайымды сұрақтардың ғана мағынасын түсінеді. Ойлануы тежелген және баяулаған. Жауаптары бір текті қозғалыс белсеңділігі төмендеген: науқастар аз қозғалады, қимылдары баяу, қозғалыстары икемсіз байқалады. Мимикалық реакциялар азайған. Есеңгіреу кезеңі әдетте толық немесе жартылай толық амнезирленеді.

3. Сопор психикалық қабілетің толық болмауымен жүреді. Науқас қозғалысыз жатады, көздері жабық, бет мимикасы жоғалған. Науқаспен сөйлесу мүмкін емес. Қатты тітіркендіргіштер (сәуле, қатты ауырсыну тітіркендіргіш) стеротиптік қорғаныс қозғалыстармен, сирек дауыс реакцияларын шақырады.

4. Кома әр түрлі тітіргендіргішке реакцияның жоқ болумен, есінің жоғалуы. Тек шарттық ғана емес, шартсыз да рефлекстер жоғалады: қарашықтардың жарыққа реакциясы жыпылықтау рефлексі, корнеалды рефлекс.

Сананың өшу синдромы интоксикацияларда алкоголда, көміртек газ және т. б. зат алмасу бұзылыстар (уремия, диабет, бауыр жетіспеушілігі), бас ми жарақатарында, ми ісігінде, ОНЖ –ның басқа органикалық, тамырлық ауруларда кездеседі.

 

Сананың өшу синдромдарының салыстырмалы мінездемесі

Кесте 2

Синдром Сөйлесу Ауырсыну Рефлекстер
Есенгіреу + + +
Сопор - + +
Кома - - -

 

 

6.2. Сананың алжасу синдромдары

Делириоздық синдром (делирий) – сананың алжасуы шынайы көру галюцинациялар мен иллюзиялармен басым, қорқу, қозғалыс қозуы басым болатын аффект өзгерістері. Делирий – сана-сезім бұзылысының ең жиі кездесетін турі. Делирийде уақытқа, айналысына бағдары бузылады, тұлғалық бағдары сақталған. Көптеген иллюзиялар мен шынайы галлюцинациялар (көру, есту, тактильды) байқалады. Науқастар үрей мен қорқынышты сезеді. Козғалыс қозулары байқалады, олардың тәртібі галюцнацияларға сайкес, жиі қорқынышты. Әрекеттерде қорғанысты немесе агрессивті бағыттар бар.

Делирий жағдайында сананың бузылуының барлық ерекшкліктері байқалады. Науқастар галлюцинаторлық алаңдауға берілгені сонша, тіпті оларға айтылған сөздерге тез мән бермейді, шынайы жағдайдың заттары оның санасында бұрмаланғаны сонша, олар болып жатқаның мәнін түсінбейді, жай-күйлерді талдай алмайды, медициналық мекемеде екенін түсінбейді. Ойлар ретсіз, хаотикалық болады. Психоз аяқталғаннан кейін бөліктік амнезия байқалады. Галлюцинаторлық бейнелер жақсы, ал шынайы – оқиғалар жаман есте сақталады. Делирий ағымы көптеген ерекшіліктермен сипатталады. Бұл психоз жедел басталса да, симпотомдары белгілі бір реттілікте өршиді. Психоздың толық құрылымына бірнеше сағаттан екі тәулікке дейін уақыт керек. Оның басталуы әдетте кеш түсүмен, түннің жақындаумен байланысты. Делирий дамуында бірнеше кезеңінен турады. Психоз басталуындағы ерте белгілері не өршитін үрей, тынымсыздық, қауыптың болуын сезуі, жалпы сезімталдықтың жағарлуы (гиперестезия) жатады. Науқастар ұйықтай алмайды, бөлмедегі кездейсоқ дыбыстарға, кішкентай, мәнсіз заттарға мән береді. Егер ұйықтауға тырысса көз алдына ашық қорқынышты бейнелер пайда болады (гипногогикалық галлюцинациялар), осыдан науқастар оянады. Кейде галлюцинациялар ұйқыдан тұрғаннан кейінде жалғасады (гипнопомпиқалық галлюцинациялар). Үрей өршіп айқын алдамшы иллюзялар болады. Науқастар санасында үй заттардың (қабырға кағаз суреті, жиһаз сырттары, еден сызықттары және дастархандағы) белгілі мүсінмен бейненің фантастикалық бүрмалануы тән. Қабырға кағазындағы гүлдер шығынқы болып, қабырғадан өседі, дақтар кішкентай қоңыздарға айналады, кресло сызықтары бет секілді болып көрініп езуін тартып және тыржыйта бастайды (парейдоликалық иллюзиялар). Бұл кезде науқастарды Липман симптомы арқылы (көз алмасын басқанда галлюцинациялар пайда болады) галлюцинациярдың пайда болуы дайындығын көруге болады.

Бірінші галлюцинациалар бейнелері жиі өрілмелі сызықтар ретінде көрінеді (жіп шоғыры, төбеден салбырап тұрған талшық, серпантин, өрмектің шоғыры жыландардың үйірі). Одан кейін күрделі галлюцинациялар пайда болады: бөлме адамдарға, жануарларға толады. Науқастар олардан корғануға ұмтылып, пәтерінен қуып, колымен ұстап алмақшы болады, пышақпен сілтейді. Одан кейін делирийдің жайылған суреті барлық жағдайдың толық бұрмлануына әкеледі, науқастар жұмыста немесе шарап дүкенінде екен деп сезінеді, аңдып жүрген адамдарды көріп қашуымен, құтылмақшы болады, осы жағдайдан шығалмайды, өйткені жағдайдында шынайы заттарды көрмейді, бұл кезең қатты қорқынышпен және өткір психомоторлық қозумен сипатталады.

Делирйдің ұзақтығы бірнеше (екі-бес) күн. Күндіз олар тыныш жүреді, төсекте жеңіл қалғумен жатуы мүмкін, бірақ сұраған кезде галлюцинациялар сақталады. Кешке таман жағдайы төмендеп, қабылдаудың жаңа алдаулары пайда болып психомоторлы қозу жоғарлайды. Делирйдің аяқталуы - науқас ұйықтайды және 8-12сағат терең ұйқыдан кейін психоз белгілерсіз оянады. Біраз уақытқа дейін психоздың болған кездері шын екен (резидуальдық сандрақ) деп ойлайды, бірақ бұндай алдамшы талғамдар тұрақсыз және келесі бірнеше сағатардан кейін арнайы емсіз жазылады. Психоз аяқталғанан кейін басынан өткен алдамшы қабылдау туралы көп айтады, бірақ шынайы оқиға есінде жоқ. Психоздың басы есінде жақсы сақталады. Делирйдің пайда болу себебі әр түрлі экзогенді және соматогендік аурулар болады (интоксикация, инфекциялар, қалтырау жағдайлары, бас-ми жарақаты, күю аурулары, тамыр жетіспеушілігі).Негізгі аурудың жағымсыз әсері (соматикалық, инфекциялық) және т.б. делирйдің ауыр фомасы (кәсіптік және мусситерленген) дамуына әкелуі мүмкін.

Кәсіптік делирий (жұмыстық делирий, жұмыс сандрағы) әдетте күнде жасалатын бір түрлі қимыл қозғалыс қозулар, тамақ ішу, үй жинау т.б. немесе науқастың кәсібіне байланысты қимылдар, тауар жіберу, тігу, касса аппаратында жұмыс істеу және т.б қайталамалы түрде жасау.

Кәсіптік делирийде қозғалыс қозу шектелген кеңістікте болады, ол бөлек сөздердіайтады, немесе мылқау болумен жүреді. Галлюцинациямен сандрақ болмайды немесе рудиментарлық. Сөйлесу жиі болмайды. Кейде бір типтік жауап айтады. Оның мазмұны патологиялық уайымдаумен көрінеді.

Мусситерлнген делирий (сыбырлаумен делирий, тыныш сандырағы) төсекте ғана болатын, өзінің көріністері мен әрекеттің толықтығымен бір тектілігінен айырылған, бағытталмаған қозғалыс қозумен болатын делирий. Науқастар бір нәрсені шешеді, қағады, ұстайды, бұл қозғалыстар жиі «жинау» сөзімен анықталады. Сөз қозуы ақырын, бөлек дыбыстыр, буындар, одағайлар айтылумен анықталады. Мусситирленген делирий әдетте кәсіптікті алмастырады. Кәсіптік және әсіресе мусситирленген делирий күндіз есеңгіреу симптомымен алмасуы мүмкін. Бұл жағдайда есеңгіреудің тереңдігі негізгі аурудың ауырлағанын көрсетеді.

Этиологиялық факторға байланысты \интоксикациялар көп жиілікпен\, делирий вегетативтік және неврологиялық бұзылыстармен жүреді. Вегетативтік бұзылыстар ішінде - тахикардия, тахипноэ, тершеңдік, артериялық қысым деңгейі жоғарлаумен құбылып тұруы, ал неврологиялық симптом ішіне бұлшық ет гипотониясы, гиперрефлексия, тремор, атаксия, конвергенция әлсіздігі, нистогмоид, Маринеску симптомы жатады. Мусситирленген ауыр делирийде бірінші кезекте артериялық қысым төмендейді, коллаптоидты жағдайлар дамуы мүмкін, орталықтан пайда болатын айқын гипертермия, ағзаның сусыздану симптомы байқалады. Неврологиялық симптомдар ішінде шүйденің региттілігі, Керниг симптомы, оралды автоматизм симптомы, көз симптомдары \нистагм, птоз, страбизм\, атетоидты және хореоформды гиперкинездер болады.

Делирий ұзақтығы әдетте үштен жеті күн аралығында. Бұзылыстар ұзақ ұйқыдан кейін жоғалады. Орташа ұзақтығы қысқарған жаққа да, ұзарған жаққа да делирийді анықтайтын бар симптомдар ауытқиды. Соматикалық әлсіреген науқастарда, бірінші кезекте егде жастағы адамдарда жайылған және ауыр делириоздық суреттер бірнеше аптаға созылуы мүмкін. Жайылған делирийді басынан кешірген науқастар уайымының мазмұны естерінде сақталған. Әдетте бұл еске түсірулер үзілген, әр жерден алған және психопатологиялық симптомдарға жатады (галлюцинациялар, аффекттивтік сандырақ). Кәсіптік және мусситирленген делириймен ауыратын науқастарда толық амнезия байқалады. Жиі делирий астениямен алмасады, ауыр жағдайларда Корсаков синдромы дамуы мүмкін.

Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезенге бөлуге болады (Либемейстер), яғни делирий біртіндеп дамиды:

1 - көбінесе кешкі уақытта басталады, науқас қозып, көп сөйлеп (тіпті кейде байланыссыздыққа дейін), қимылдайды, мимикасы жоғарылайды. Сахна тәрізді еске түсулер болады. Гиперестезия. Көңіл-күй деңгейі тұрақсыз. Тітіркенгіштік пен қырсықтық пайда болады. Ұйқысыздық, көптеген қорқынышты түстер. Қорқыныш пен үрей. Таңертен әлсіздік пен ұйқышылдық.

2 - жоғарыда аталғандардың барлығы да күшейеді және олардың көрінісіне иллюзиялар қосылады. Тұрақсыз сипатта жергілікті және уақыттық бағдар бұзылады. Көптеген гипногогикалық елстер пайда болады. Симптоматика тұрақсыз болғандықтан, қысқа уақыттық «люцидті терезелер» пайда болады.

3 – парейдолиялар елестерге ауысады, көбінесе сахна тәрізді елестер. Аффективтік садырақ мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Жалған бағдар бірақ, өзіндік «мен» сақталады.

4 – негізгі аурудың қолайсыз дамуында (соматикалық, инфекциялық, интоксикациялық) делирийдің ауыр түрі дамуы мүмкін – кәсіптік және мусситтерленген.Кәсіптік делирий – науқастың кәсібін көрсететін, қимыл-қозғалыстық қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий (делирий сыбырлаумен, «тыныш сандырақ») – төсекпен шектеледі және біртекті (корфология симптомы), координациялық емес қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий көбінесе кәсіптік делирийге ауысады.

Делирий ұзақтығы 1 тәулікке созылса – абортивті болып саналады, егер бірнеше аптаға созылса – пролонгирленген болып саналады.

 

Онейроидтық синдром (онейроид, онейроидтық сананың алжасуы, түсті сананың алжасуы) фантастикалық көру, псевдогаллюцинациямен жүретін, түс тәрізді сананың алжасуы.

Уақытқа, айналасына бағдары бұзылады. Тұлғалық бағдары сақталады. Делирийден қарағанда бұл өте терең сананың алжасуы. Депрессия, орталық ми патологиясымен байланысты манияларда кездеседі. Басынан күрделі фантастикалық уайымды кешуімен ерекшеленеді, соғыс сахнасы, әлемдік апат, басқа планетаға ұшу, уақыт машинасымен өткен кездерге саяхат жасау, жұмаққа немесе тозаққа бару.

Иллюзорлық бейнелер шынайы әлем фактілеріне сәйкес емес, қарапайым қабылдау сферасы жеткізе алмайтын \псевдогаллюцинациялар\ құбылыстар. Жиі науқастар оқиғаларға ойша қатысады, бірақ сырттан өзін бақылай алады, бірақ осы бір керемет ғажайыптан алған әсерлерін сыртқа көрсетуге, байқатуға еш мүмкіндігі болмайды. Науқастардың қозғалысы кататониялық синдром көріністерімен көрінеді, стериотиптік тербелу, мутизм, негативизм, балауызды икемділік, импульсивтік істер. Кейде науқас сұраққа түсініксізсөздермен жауап береді, бұл кезде бағдарының бұзылғанын көруге болады.

Онейроидта «екі жалған бағдар» симптомы болуы мүмкін, бұл кезде науқастар психиатриялық клиниканы қарапайым науқасы ретінде сезініп және сонымен қатар бір уақытта фантастикалық оқиғаларда қатысады / басқа галактиканың адамы, қорықпайтын батыр, адамдарға жарық әкелетін сиқырлы асыл тас және т.б./. Жиі ұмтылу қозғалыс байқалады, үлкен салмақтарды орнынан алмастыру – науқастар кеңістікті және уақыттан өтіп, жамандықпен жақсылық күштері күреседі, адамзат басына қайғы туады деп көрінеді.

Психоз құрылымы салыстырмалы тез жүріп, бірнеше аптаға созылады. Басталып келе жатқан психоздың бірінші белгісі - ұйқының бұзылуы және үрей сезімінің жоғарлауы. Мазасыздық сасқалақтау дәрежесіне тез жетеді. Айқын галлюцинациялар және дереализацияның пайда болуы, бөлікті, жүйеленбеген сандырақ ойлардың \жедел сезімдік сандырақ\ негізі болып табылады. Бірінші басталған қорқыныш экзальтирленген экстаз немесе немқұрайлық аффектімен ауысады. Науқастар тынышталады, жан-жағына қарап, бояу мен дыбыстарға қызығушылықпен қарайды. Одан кейін жиі кататониялық ступор немесе қозу дамиды. Сананың онейроидты бұлыңғырлану ұзақтығы әртүрлі болады. Жиі психоз бірнеше аптадан кейін жоғалады. Психоздан баяу шығады. Психоздан шыққанда делирийге қарағанда амнезия айқын болады. Науқастар ауру уайымдарының кейбір фрагменттерін сипаттайды, бірақ әңгімесі басынан кешкен оқиға секілді ретті емес.

Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезенге бөлуге болады:

1. Бастапқы кезең –аафективтік бұзылыстармен сипатталады. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айларға созылуы мүмкін.

2. Сандырақтық көңіл-күй кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

3. Жедел қияли парафрения немесе бағдарлы онейроид кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.

4. Шынайы онейроид кезеңі – қияли сандырақ қосылады.

 

Делирий мен онейроидтың салыстырмалы мінездемесі

Кесте 3







ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...

Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...

Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:

Клиникалық белгілер Делирий Онейроид  
Этиология Экзогенді Эндогенді  
Ұзақтығы Сағаттар-күндер Күндер-апталар  
Ағымы Толқынды Стабильді
Тәулік уақыты Түнгі Бәрі бір
Галлюцинациялар Шынайы Жалған
Тақырыбы   Микро-, макро-, зоопсиялар, кәсіби және тұрмыс елестер Қиял ғажайыптылық, мегаломаниялық  
Ортаға бағдары Өзгерген, өз-өзіне дұрыс Толық өзгерген  
Уақытқа бағдары Кәзіргі заман Бұрынғы, болашақ замандары  
Ассоциациялар Фрагментарлы Байланысты  
Өзіндік сана   Сақталынған Басқа кейіпке түсу, қос бағдарлану  

©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.