Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Организация учета банковских расчетных операций





Правильная организация учета банковских операций имеет важное значение для контроля за сохранностью ТМЦ и денежных средств, финансово-хозяйственной деятельностью аптечных организаций, а также состоянием расчетов. Бухгалтеры должны тщательно проверять хозяйственную целесообразность и законность каждой расчетной операции, отраженной в выписках банка и приложенных документах. Все данные из выписок банка сверяют с книгами учета взаимных расчетов, которые ведутся в аптечных организациях.

 

ЛИТЕРАТУРА

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 418-426.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 201-228.

 

КОНТРОЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ (ОБРАТНАЯ СВЯЗЬ)

1. Виды расчетов и их назначение.

2. Порядок открытия счетов и условия безналичных расчетов.

3. Основные формы расчетов через банк:

а) расчеты платежными поручениями;

б) аккредитивная форма;

в) расчеты переводами через предприятия связи РК;

г) расчеты в порядке плановых платежей.

ДӘРІС 24

ТАҚЫРЫП: ДӘРІХАНА ҰЙЫМЫНДАҒЫ ШЫҒЫН АЙНАЛЫМЫНЫҢ ЕСЕБІ

МАҚСАТЫ

Студенттерді дәріхана ұйымындағы шығын айналымын есепке алу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Шығын айналымының есебінің міндеті.

2. Шығын айналымының жіктелуі.

 

Шығын айналымын есепке алудың міндеті

Шығын айналымы – бұл айналым процесіне қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Айналым шығындарының екі түрі бар. Біріншісі құн формасының өзгеруімен, сату-сатып алу процесімен байланысты, яғни таза шығындар; екіншісі – айналым сферасындағы өндірістің жалғасуымен (тауарларды жетілдіру, қаттау, буып-түю, тасымалдау, сақтау және т.б.). Айналым шығыны, сауда үстемесі және табыс жоспарлы ретте екі көрсеткіште белгіленеді: абсолютті сомада және тауарайналымына пайыздық қатынаста. Дәріхананың есепке алу және есеп беру мәліметтерінде де осы көрсеткіштерде анықталады. Шығын айналымының деңгейі – бұл шаруашылық есептегі дәріхана ұйымдарының сапалық көрсеткіші.

Бухгалтерлік есептің негізгі міндеті – шығын айналымының сметасының сақталуын жүйелі бақылау, жеке баптар бойынша және толығымен шығын айналымы бойынша жүргізілетін жұмсалулардың шаруашылық қажеттілігін жән мақсаттылығын тексеру. Дәріхана шаруашылығындағы жалпы кіріс дәріхана ассортиментіндегі сатылған тауарлар бойынша жеңілдіктер мен сауда үстемелерінің есебінен және олардың сатып алу бағасы бойынша түзіледі. Жалпы кіріс пен шығын айналымы арасындағы айырмашылық дәріхана ұйымының табысын құрайды.

 

Шығын айналымының жіктелуі

Экономикалық мазмұны бойынша дәріхана ұйымының барлық шығынын төрт топқа бөлуге болады:

1) тірі еңбекті төлеумен байланысты шығындар (жалақы, өндірістік бағдарламаны орындағаны үшін сыйлық ақы);

2) материалдық жұмсалуларға байланысты шығын айналымы (амортизациялық бөлінулер, аз бағалы инвентардың тозуы, көмекші, құрылыс материалдарының, отынның, жанар-жағар майдың және т.б. шығындары);

3) халық шаруашылығының басқа салаларының қызметін төлеу бойынша шығындар (транспорттық, коммуналдық, байланыс және т.б.);

4) товарлық жоғалулар (табиғи шығын, тара бойынша жоғалулар және т.б.),

Тауарайналымының көлемінің әсер ету дәрежесіне байланысты шығын айналымын шартты-ауыспалы және шартты-тұрақты деп жіктеуге болады. Шартты-ауыспалы шығындарға тауарайналымының өзгеруіне сәйкес сомалық мәнде азаятын немесе көбейетін шығындар жатады (жалақы, транспорттық шығындар, санитарлық-гигиеналық киімнің, аз бағалы инвентардың тозуы, тауарлық жоғалулар және т.б.). Бұл шығындар абсолютті сомада және тауарайналымына пайыздық қатынаста жоспарланады және есепке алынады. Шартты-тұрақты шығындарға тауарайналымының көлеміне байланысты емес және мөлшері бірқатар басқа факторларға (жалгерлік төлем, ағымдағы жөндеу жұмысы, бөлменің және инвентардың күтімі бойынша шығындар, негізгі заттардың тозуы) тәуелді болатын шығындар жатады.

Деенмен барлық айналым шығындары дәріханада қалыптаспайды. Орталықтандырыл-маған және орталықтандырылған айналым шығындары және бөлінулері болады. Орталықтандырылмаған айналым шығыны – бұл тікелей дәріхананың өзінде болатын барлық шығындар (транспорттық шығындар, жалақы, ағымдағы жөндеу, тауарлардың табиғи шығыны, жалгерлік төлем және т.б.). Орталықтандырылған шығындар – бұл дәріхана шаруашылығының жоғары буынында қалыптасатын шығындар (кадрларды дайындау, жарнама, дәрі-дәрмектердің талдауы, жоғары тұрған ұйымға бөлінетін шығындар, дәріханалық қоймаға төлеген бөлінулер). Олар шаруашылық есептегі дәріханалық ұйымдар есебінен жабылады.

Кейде дәріхана ұйымының шығын айналымын жеткізу бойынша шығындарға (теміржол, су және жермен тасымалдау шығындары, тауарларды салып жіберу бойынша пошта шығындары және т.б.) және таурларды сату бойынша шығындарға (жалақы, жалгерлік төлем, тауарлардың табиғи шығыны, дәрі-дәрмектердің төлемі, іссапарлар және т.б.).

Қазіргі уақытта шаруашылық есептегі дәріхана ұйымдарында шығын айналымына келесі баптар бойынша шығындарды жатқызады:

1. Теміржол, су және жермен тасымалдау бойынша шығындар.

2. Жалақы, негізгі және қосымша.

3. Жалға алу, бөлмелердің және инвентардың күтімі бойынша шығындар.

4. Ағымдағы жөндеу жұмысына шығындар.

5. Тауарлрады жетілдіру, қаттау және сақтау бойынша шығындар.

6. Несие бойынша шығындар (сальдо).

7. Тара бойынша жоғалулар (тарамен операция бойынша кірістерді алып тастағанда).

8. Норма шегіндегі тауарлар шығыны.

9. Өзге шығындар.

10. Жарнама бойынша шығындар.

11. Кадрларды дайындау бойынша шығындар.

12. Дәрі-дәрмектер мен дәрілік заттардың талдауы бойынша шығындар.

13. Жоғары тұрған ұйымдарға бөлінулер.

14. Дәріханалық қоймаға, жабдықтау базаларына төленген бөлінулер.

1-9 баптар орталықтандырылмаған шығындарға жатады, 10-12 баптар – орталықтандырылған шығындарға және 13-14 – бөлінулерге жатады.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 446-450.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 290-291.

Қосымша:

1. Гореньков В.Ф. Учет и отчетность в аптеках. Минск. «Вышэйшая школа», 1988. – С. 160-162.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Шығын айналымын есепке алудың міндеттері.

2. Шығын айналымының жіктелуі:

· экономикалық мазмұны бойынша;

· тауарайналымының көлемінің әсер ету дәрежесі бойынша – а) шартты-ауыспалы; б) шартты-тұрақт; в) орталықтандырылмаған; г) орталықтандырылған.

3. Шаруашылық есептегі дәріханалардағы шығын айналымының баптары.


ДӘРІС 26

ТАҚЫРЫП: ТАУАРЛЫҚ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ИНВЕНТАРИЗАЦИЯСЫ

МАҚСАТЫ

Студенттерді тауарлық-материалдық құндылықтарға инвентаризация жүргізу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Инвентаризацияның міндеті.

2. Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережесі.

 

Инвентаризация – бұл материалды құндылықтардың, сонымен бірге ақшалық заттар мен есеп айырысулардың жай-күйін және нақты болуын мезгіл сайын тексеру. Инвентаризация нәтижелерін есепке алу және есеп беру мәліметтерімен салыстыру, құндылықтардың сақталу және пайдаланылу дұрыстығын белгілеу.

 

Инвентаризацияның міндеті

1. Негізгі заттардың, тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың, сонымен бірге аяқталмаған өндіріс көлемдерінің нқты боуын анықтау;

2. Құндылықтар мен ақшалық заттардың нақты мөлшерін бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру арқылы олардың түгелдігін бақылауды қамтамасыз ету;

3. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, аз өтетін, толық емес және сұраныс жоқ, сонымен бірге дәріхана желісінде қолданылмайтын тауарларды анықтау.

4. Материалды құндылықтар мен ақшалық заттарды сақтау шарттары мен ережелерінің, сонымен бірге құрал-жабдықтардың қолданылу ережелерінің сақталуын тексеру.

5. Тауарлық-материалдық құндылықтардың және ақшалық заттардың балансында ескерілген сомалардың, шығын, тауарлар қалдығына сауда үстемесінің, дебиторлық және кредиторлық қалдықтардың және баланстың басқа да баптарының сомаларының нақтылығын тексеру.

6. Әрі қарай қолдану мақсатымен нормадан тыс және қолданылмайтын материалды құндылықтарды табу, анықтау.

Инвентаризация келесі жағдайларда міндетті түрде жүргізіледі:

1. Бухгалтерлік есеп және баланс туралы қағидаға сәйкес белгіленген мерзімде;

2. Материалды жауапты адам ауысқан кезде – істерді қабылдап авлу - өткізу күнінде;

3. Ұрлау, жоғалу және жымқыру фактілері, сонымен бірге құндылықтардың бұзылуы анықталған жағдайда – мұндай фактілер анықталғаннан кейін тез арада;

4. Өрт немесе стихиялық апаттан кейін – тезарада;

5. Тауарлық-материалдық құндылықтарды және негізгі заттарды қайта бағалау кезінде. Егер барлық тауарлық-материалдық заттардың тек 1/3-ге дейін мөлшері қайта бағаланса (ақшалық мөлшерде), онда қайта бағаланған материалды заттарға ғана инвентаризация жүргізуге болады.

 

Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережелері

1. Ұйымның мүліктеріне және міндеттемелеріне инвентаризация жүргізу үшін инвентаризациялық комиссия құрылады, оның құрамын ұйым жетекшісі бекітеді.

2. Инвентаризациялық комиссияның құрамына әкімшілік өкілдерін, бухгалтерлік қызмет, ішкі бақылау қызметкерлерін жәе басқа да мамандарды, қажет болған жағдайда сыртқы аудит қызметінің өкілдерін кіргізу ұсынылады.

3. Мүліктің нақты боуын дәл және толық тексеру үшін инвентаризациялық комиссия жұмыс күшімен, техникалық жарамды салмақ өлшейтін, өлшегіш және бақылау приборларымен, өлшеу тарасымен және т.б. қамтамасыз етілуі керек.

4. Тағайындалуы туралы бұйрық бекітілгеннен кейін инвентаризациялық комиссияның төрағасына жетккшінің қолы қойылған жазбаша нұсқау беріледі, онда комиссия құрамынан басқа келесілер көрсетіледі: бұйрықтың нөмірі және күні, инвентаризация жүргізілетін объект, жұмыстың басталу және аяқталу мерзімдері.

5. Инвентаризацияны жүргізуге дейін инвентаризациялық комиссия мүшелері танысуы керек:

· осы объект бойынша жүргізілген соңғы инвентаризацияның материалдарымен;

· соңғы инвентаризацияның нәтижелері бойынша қабылданған іс-шаралармен.

6. Мүліктің нақты мөлшеріне тексеру жүргізуге кіріспес бұрын инвентаризациялық комиссия келесілерді жүзеге асыруы қажет:

· мүліктерді сақтауға арналған жеке кіретін және шығатын есігі бар жертөлелерді, қосалқы бөлмелерді және басқа да сақтау бөлмелерін пломбылау;

· салмақ өлшегіш приборлардың дұрыстығын тексеру;

· инвентаризация кезеңіне соңғы алынған кіріс және шығыс құжаттарының реестрін немесе инвентаризациялануға жататын мүліктердің қозғалысы туралы есепті алу.

7. Инвентаризациярың басталу кезеңіне жауапты сақталуға түскен барлық мүліктер кіріске алынғаны, тізімнен шығарылғаны және барлық оның есебіндегі барлық кіріс және шығыс құжаттарының бухгалтерияға өткізілгені туралы материалды жауапты адам қолхат береді.

8. Мүліктердің инвентаризациясын мүліктің орналасқан жерібойынша жүргізеді.

9. Нақты қалдықтарын тексеру міндетті түрде материаолды жауапты адамның қатысуында жүргізеді, бірақ материалды жауапты адам өз бөлімшесінде инвентаризациялық комиссияның мүшесі бола алмайды.

10. Мүліктің нақты мөлшерін тексеру барысында материалды жауапты адам ауысқан жағдайда инвентаризациялық тізімде мүлікті қабылдап алған адам оны қабылдап алғаны туралы, ал тапсырған адам - тапсырғаны туралы қолдарын қояды.

11. Егер мүліктің инвентаризациясы бірнеше күн бойы жүргізілсе, онда инвентаризация жүргізілетін мүлік сақталатын бөлме күн сайын комиссия мүшелерінің және материалды жауапты адамның қатысында мөрленеді.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 314-319.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 46-56.

3. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации. Генеральный план счетов. Сборник документов. – Алматы: Раритет, 2000. – С. 208.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Инвентаризация түсінігіне анықтама беру.

2. Инвентаризация міндеті.

3. Инвентаризацияны жүргізудің жалпы ережелері.

4. Қандай жағдайларда инвентарищация міндетті түрде жүргізіледі.

 


ДӘРІС 27

ТАҚЫРЫП: ИНВЕНТАРИЗАЦИЯ

МАҚСАТЫ

Студенттерді инвентаризацияны жүргізу және оны құжатта ресімдеу тәртібімен таныстыру.

 

ЖОСПАРЫ

1. Инвентаризацияны жүргізу тәртібі

2. Инвентаризация құжаттарын ресімдеу

Инвентаризация – бұл ұйымның қаржылық міндеттемелері мен мүлкінің нақты жағдайын анықтау үшін және оны бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру үшін қолданылатын тәсіл.

Есеп беру жылындағы инвентаризацияның санын, оны өткізу уақытын, тексерілетін қаржылық міндеттемелер мен мүліктердің тізімін фармацевтикалық ұйымның жетекшілігі өздері бекітеді (инвентаризацияны өткізуді міндетті түрде талап ететін жағдайлардан басқа кезде).

Инвентаризацияны жүргізу кезінде комиссия құрамын қалыптастырудан басқа, дайындық іс-шараларының қатарына кіреді: «Инвентаризация өткізу туралы» бұйрықты шығару; инвентаризацияны өткізу мерзімі мен тексерілетін мүліктердің түрлерін анықтау; ішкі инструкцияларды – ескертулерді жасау. Мүліктің нақты мөлшерін тексеруді бастамас бұрын инвентраизациялық комиссия инвентаризация алдындағы соңғы кіріс және шығыс құжаттарын немесе материалды құндылықтар мен ақшалық заттардың қозғалысы туралы есепті алуы керек.

Инвентаризация кезінде мүліктің нақты санын міндетті түрде санау, өлшеу, салмағын өлшеу арқылы анықтайды. Мүліктің нақты саны және ескерілген қаржылық міндеттемелердің нақтылығы туралы мәліметті инвентаризациялық тізімге немесе инвентаризация актіне 2 данада жазады.

Комиссия құрастыратын инвентаризациялық тізімдер есетеу құралдарын қолдану арқылы да және қолмен де толтырылады. Инвентаризацияланатын құнды материалдардың және объектілердің аты, олардың саны тізімдерде номенклатурасы бойынша және есепке алынған өлшем бірліктерінде көрсетіледі.

Тізімнің әрбір бетінде осы бетте жазылған материалды құндылықтардың реттік нөмірінің саны және натуралды көрсеткіштердегі санының жалпы мөлшері, қандай өлшем бірлігінде (дана, килограмм, метр және т.б.) берілгеніне қарамастан жазумен көрсетіледі.

Тізімнің соңғы бетінде бағасын тексеруі, құнын анықтауы және қорытындысын шығаруы туралы белгіні осы тексеруді жүргізген адамдар қолдарын қоя отырып жасайды.

Инвентаризациялық комиссия негізгі заттардың, қордың, тауарлардың, ақшалық заттардың, басқа да мүліктердің және қаржылық міндеттемелердің нақты қалдығы туралы мәліметтердің тізімге енуінің толықтығын және дәлдігін, инвентаризация материалдарының өз уақытында және дұрыс ресімделуін қамтамасыз етеді.

Тізімге инвентаризациялық комиссияның барлық мүшелері және материалды жауапты адам қол қояды. Оның соңында материалды жауапты адам комиссияның мүлікті оның қатысында тексергендігін, комиссия мүшелеріне қандай да бір претензиясының жоқтығын және тізімде көрсетілген мүліктерді өзінің жауапты сақтауына алғандығын дәлелдейтін қолхат береді.

Жалға алынған немесе әрі қарай өңдеуге алынған жауапты сақтаудағы мүліктерге жеке тіңзімдер құрастырылады.

Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттарды материалды жауапты адам инвентаризациялық комиссия мүшелерінің қатысында қабылдайды және «Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалды заттар» деген атпен жеке тізімге енгізеді.

Ұйым жетекшісі мүліктің нақтылығын белгіленген мерзімде дәл және толық тексеруді қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасау керек (жүктерді қайта өлшеу және орнынан қозғау үшін жұмыс күшімен, техникалық жарамды салмақ өлшейтін, өлшегіш және бақылау құралдарымен, өошеу тарасымен қамтамасыз ету).

Мүліктің нақтылығын тексеру міндетті түрде материалды жауапты адамсның қатысында жүргізіледі.

Инвентаризация аяқталғаннан кейін инвентаризацияның дұрыс жүргізілгендігіне бақылау тексеруі жүргізілуі мүмкін. Оны фармацевтикалық ұйымды немесе бөлімді ашқанға дейін міндетті түрде инвентаризациялық комиссияның мүшелерінің және материалды жауапты адамның қатысуында жүргізу керек. Инвентаризацияның қорытындысын есептеуді жеңілдету үшін фармацевтикалық сауда ұйымы бөлімдер және толығымен кәсіпорын бойынша «Жинақ инвентаризациялық тізімін» жасауы мүмкін.

Инвентаризация нәтижелері қаржылық міндеттемелер және мүліктің жеке түрлері бойынша «Инвентаризация актінде...», сонымен бірге «Инвентаризация нәтижелерінің біріктіру ведомостында....» ресімделеді.

Инвентаризация кезінде анықталған мүліктің нақты санының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы «ҚР бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы Заңға» сәйкес келесі тәртіпте тіркеледі:

· артық болып шыққан негізгі заттар, материалды құндылықтар, ақшалық заттар және басқа мүліктер кіріске алынады;

· заңдылықпен белгіленген тәртіпте бекітілген норма шегіндегі жоғалулар ұйым жетекшісінің нұсқауы бойынша сәйкесінше өндіріс және айналым шығынына немесе бюджеттік ұйымдарда қаржыландырудың (қордың) азаюына қарай тізімнен шығарады. Шығын нормасы тек нақты жетіспеушіліктерді анықтаған кезде қолданылуы мүмкін;

· материалды құндылықтардың, ақшалық заттардың және басқа да мүліктердің жетіспеуі, сонымен бірге табиғи шығын нормасынан тыс бүлінулер кінәлі адамдардан өндіріледі.

Инвентаризация нәтижелері инвентаризация аяқталған айдың есебінде көрсетілуі, ал жылдық инвентаризация бойынша – жылдық бухгалтерлік есепте. Есеп беру жылында жүргізілген инвентаризация нәтижелерінің мәліметтері инвентаризация анықтаған нәтижелердің ведомостында біріктіріледі.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – С. 314-319.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA. – Том I. – 2003. – С. 46-56.

3. Стандарты бухгалтерского учета, методические рекомендации. Генеральный план счетов. Сборник документов. – Алматы: Раритет, 2000. – С. 208.

 

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (КЕРІ БАЙЛАНЫС)

1. Инвентаризация – бұл...

2. Инвентаризацияны жүргізу кезіндегі дайындық іс-шаралары.

3. Инвентаризация кезінде нақты мүлікті анықтау тәртібі.

4. Инвентаризациялық комиссияның міндеттері.

5. Инвентаризациялық тізімді ресімдеу тәртібі.

6. Инвентаризация кезінде түскен тауарлық-материалдық құндылықтарды құжатта ресімдеу.

 

 

Фармацевтикалық факультет

ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАРЛЫҚ)

САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Курс 4

Пән: «ФАРМАЦИЯНЫҢ БАСҚАРЫЛУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАСЫ»

Құрастырушылар:

Доц. Шопабаева А.Р.

оқыт. Елшібекова Қ.М.


ТАҚЫРЫП: ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ. НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІ БОЛЖАУ ӘДІСТЕРІ

МАҚСАТЫ

Студенттерді дәріхана ұйымдарының (фирмалардың) қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі экономикалық көресткіштерін экономикалық талдау және болжау әдістеріне үйрету.

Үйрету міндеттері – студенттерді таныстыру:

· экономикалық талдаудың әдістерімен;

· дәріхана ұйымдарының (фирмалардың) қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін болжау әдістерімен.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. Дәріхана ұйымының қызметінің экономикалық талдауы.

2. Экономикалық талдау пәні.

3. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері:

· салыстыру;

· топтау;

· баланстық байланыс;

· графикалық.

4. Экономикалық талдаудың мақсаты.

5. Дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын жасау тәртібі.

6. Дәріхананың сауда-қаржы жоспарының әдістері мен тәсілдері:

· нормативті;

· экономикалық тиімділік;

· статистикалық;

· эксперимент.

 

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тақырып бойынша негізгі тұүсініктерді оқып-үйрену. Кіші топтардағы жұмыс. Презентация:

· Экономикалық талдау пәні.

· Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдер.

· Экономикалық талдаудың мақсаты.

· Дәріхана ұйымының қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын жасау тәртібі.

· Дәріхана ұйымының сауда-қаржы жоспарын жасау әдістері.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: Академия, 2003.

3. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

2. Абдуллин К.А. Анализ и планирование хозяйственно-финансовой деятельности аптечных организаций. – Алматы, 2003. – 78 с.

3. Кодекс Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения».

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Дәріхана ұйымының қызметінің экономикалық талдауы.

2. Дәріхананың сауда-қаржы жоспарының әдістері мен тәсілдері:

· нормативті;

· экономикалық тиімділік;

· статистикалық;

· эксперимент.

Вариант 2

1. Экономикалық талдау пәні.

2. Дәріхананың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарын жасау тәртібі.

Вариант 3

1. Экономикалық талдаудың мақсаты.

2. Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері:

· салыстыру;

· топтау;

· баланстық байланыс;

· графикалық.

 

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ НАРЫҚТАҒЫ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ӘРЕКЕТІ, ТҰТЫНУШЫЛАР ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

МАҚСАТЫ

Студенттерді фармацевтикалық нарықтағы негізгі экономикалық заңдардың әрекетімен және тұтынушылар іс-әрекетінің заңдылықтарымен таныстыру.

Үйрету міндеттері –студенттерді таныстыру:

· негізгі экономикалық заңдардың әрекетімен;

· фармацевтикалық нарықтағы тұтынушылардың іс-әрекетінің заңдылықтарымен.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. Нарық, сұраныс түсініктеріне анықтама беру.

2. Сұраныс заңы.

3. Ұсыныс заңы.

4. Нарықтық тепе-теңдік – ұсыныс және сұраныс.

5. Сұраныстың бағалық икемділігі.

6. Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласы.

7. Икемді және икемсіз сұраныс.

8. Жеке икемділік.

9. Нарықтық экономика жағдайындағы тұтынушылардың іс-әрекеті.

10. Тұтынушылар іс-әрекетіне әсерін тигізетін факторлар.

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Тақырыптың негізгі түсініктерді үйрену. Кіші топтардағы жұмыс. Презентация:

· Сұраныс заңы. Ұсыныс заңы.

· Нарықтық тепе-теңдік – ұсыныс және сұраныс.

· Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласы.

· Нарықтық экономика жағдайныдағы тұтынушылардың іс-әрекеті. Тұтынушылар іс-әрекетіне әсерін тигізетін факторлар.

 

ӘДЕБИЕТ

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: Академия, 2003.

3. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Нарық, сұраныс түсініктеріне анықтама беру.

2. Тұтынушылар іс-әрекетіне әсерін тигізетін факторлар.

Вариант 2

1. Сұраныс заңы.

2. Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласы.

Вариант 3

1. Ұсыныс заңы.

2. Икемді және икемсіз сұраныс.

Вариант 4

1. Нарықтық тепе-теңдік – ұсыныс және сұраныс.

2. Жеке икемділік.

Вариант 5

1. Сұраныстың бағалық икемділігі.

2. Нарықтық экономика жағдайындағы тұтынушылардың іс-әрекеті.

 

ТАҚЫРЫП: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ БАҒАЛЫҚ САЯСАТЫ

МАҚСАТЫ

Баға түзудің жалпы принциптерін оқып-үйрену.

 

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. Нарық типтері.

2. Бағалық саясат әдістері.

3. Бағаны есептеу әдістері.

4. Бағаны түзету тәртібі.

 

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Сұрақтар бойынша пікірталас:

· Сұраныс заңы.

· Ұсыныс заңы.

· Нарықтық тепе-теңдік – ұсыныс және сұраныс.

· Сұраныстың бағалық икемділігі. Сұраныстың бағалық икемділігінің формуласы.

· Нарықтық экономика жағдайында сатып алушылардың мінез-құлқы. САтып алушылардың іс-әрекетіне әсер ететін факторлар.

 

Кіші топтардағы жұмыс

1. Баға түзу міндеттерін қою.

2. Баға түзу әдістерін таңдау.

3. Жаңа тауарға бағаны белгілеу.

4. Жеңілдікпен және есептеулермен бағаны белгілеу.

5. Бағаның инициативалы өзгеруі.

6. Фармацевтикалық тәжірибедегі баға саясатының ерекшеліктері.

 

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва: Медицина, 1999. – 624 с.

 

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ

Вариант 1

1. Таза бәсекелестік нарығы.

2. Баға түзу міндеттері.

Вариант 2

1. Монополистік бәсекелестік нарығы.

2. Өнімдерге бағаны анықтау.

Вариант 3

1. Олигополия.

2. Бағаны өзгерту стратегиясы.

 

Вариант 4

1. Таза монополия.

2. Фармацевтикалық тәжірибедегі баға саясатының ерекшеліктері. Баға прогрестің қозғаушы күші ретінде.

 

Вариант 5

1. Баға түзу міндеттерін қою.

2. Бағаның инициативалы өзгеруі.

Вариант 6

1. Сұранысты анықтау.

2. Дискриминациялық бағаны белгілеу.

Вариант 7

1. Шығынды бағалау. Бәсекелестер бағасы мен тауарларына талдау жасау.

2. Өтімге (сатуға) дем беру үшін бағаны белгілеу.

Вариант 8

1. Баға түзу әдістерін таңдау.

2. Жеңілдікпен бағаны белгілеу.

Вариант 9

1. Таза бәсекелестік нарығы.

2. Соңғы бағаны белгілеу.

Вариант 10

1. Монополистік бәсекелестік нарығы.

2. Жаңа тауарға бағаны белгілеу.

Вариант 11

1. Олигополия.

2. Тауарлық номенклатура шегінде баға белгілеу.

Вариант 12

1. Таза монополия.

2. Жаңа тауарға бағаны белгілеу.

 

 

ТАҚЫРЫП: ДӘРІЛІК ЗАТТАРҒА БАҒА ТҮЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЫҢҒАЙЛАРЫ

МАҚСАТЫ

Студенттерді дәрілік заттарға баға түзудің әдістемелік ыңғайларына үйрету.

Үйретудің міндеті: нарық типтерін, бағалық саясат әдістерін және бағаны есептеу әдістерін білу.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ

1. Баға – түсінігі, түрлері және құрылымы.

2. Бағаның негізгі түрлері:

· мемлекеттің қатысу дәрежесіне байланысты – еркін, реттелетін;

· келісу мерзімдері бойынша – қатаң (қатты), жылжымалы, тұрақсыз;

· әрекет ету аймкғы бойынша – бірыңғай, аймақтық;

· тауарлық айналыс сферасы бойынша: көтерме, бөлшек;

· айырбас процесінің стадиясы бойынша – сатып алу, сату.

3. Бөлшек және көтерме ұйымның бағасының құрылымы.

4. Баға саясатын жүзеге асыру этаптары.

5. Баға түзу мақсаттары.

6. Баға түзуші факторлардың жүйесі:

· ортасы – мемлекет, экономика, нарық типі, дәстүр;

· ұсыныс – жабдықтаушылар, тауар-ауыстырғыштар, шығын, бәсекелес субъектілер және объектілер;

· сұраныс – тауар, тұтынушы.

ҮЙРЕТУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ

Сұрақтар бойынша пікірталас:

· Баға – түсінігі, түрлері және құрылымы.

Презентация:

· Көтерме және бөлшек ұйымның бағасының құрылымы.

· Баға түзуші факторларндың жүйесі.

Ситуациялық есептерді шешу:

«Дәрілік препараттарға бағаны мемлекеттік реттеу туралы» Үкіметтің қаулысы бойынша, 01.05.2000 бастап өмірлік маңызы бар дәрілік заттар тізіміне кірген дәрілер үшін белгіленген:

1) ДЗ (жеңілдікпен және тегін рецептпен босатылатындардан басқасы) бағаны қалыптастыру кезінде қолданылатын шекті көтерме үстемелер құралады:

· тікелей сатып алулар кезінде ДЗ отандық өндірушінің нақты босату бағасына 15% (мемлекеттік тіркеу бағасынан аспайтын);

· тікелей сатып алулар кезінде ДЗ шетелдік өндірушінің контракт бағасына 25 % (жүкті кеденде ресімдеумен байланысты шығындарды ескермегенде);

· тікелей өндірушілерден өзіндік қаржысы есебінен дәрілік заттарды сатып алатын көтерме сауда ұйымының босату бағасына 10%;

2) дәрілік заттарға (жеңілдікпен және тегін рецептпен босатылатындардан басқасы) бағаны қалыптастыруда қолданылатын шектің бөлшек үстемелер құралады:

· тікелей сатып алулар кезінде ДЗ өндірушінің нақты босату бағасына 35% (мемлекеттік тіркеу бағасынан аспайтын);

· көтерме сауда ұйымдары арқылы сатып алу кезінде көтерме сауда ұйымының босату бағасына 25%;

3) дайын есірткі ДЗ босатуға құқы бар дәріхана мекемелері мен көтерме сауда ұйымы үшін:

· шекті көтерме үстеме – 10%;

· шекті бөлшек үстеме – 10%.

Үйрету есебі: Дәріханаға көтенрмесауда ұйымынан бағасы 109,90 теңгеден алынған «Но-шпа» 40 мг № 100 (өмірлік маңызы бар ДЗ тізіміне енгізілген) үшін максимальды мүмкін болатын бағаны есептеу керек.

1. Максимальды мүмкін болатын үстемені қосамыз (2 п. қара) – 25%: 109,90 х 1,25 = 137,38 тг.

2. 10% ставкасы бойынша НДС қосамыз: 137,38 х 1,1 = 151,12 – максималды баға.

Төменде келтірілген препараттарға дәріхана үшін максимальды мүмкін болатын бағаны есептеңдер:

5-НОК № 50 – 357,00 Валидол с глюкозой № 10 – 21,00

Аллохол № 10 – 50,00 Викосол 0,15 мг № 30 – 57,00

Анальгин 0,5 № 10 – 22,00 Валокордин 50 мл – 450,00

Ангисепт 0,5 № 10 – 24,50 Холосас 140 г – 150,00

Бальзам «Золотая звезда» 4 г – 85,00

ӘДЕБИЕТ

Негізгі:

1. Багирова В.Л. Управление и экономика фармации. – Москва: Медицина, 2004. – 716 с.

2. Лоскутова Е.Е. Управление и экономика фармации. Фармацевтическая деятельность. Организация и регулирование. – Москва: ACADEMIA, 2003.

3. Абдуллин К.А. Экономика фармации. Учебное пособие. – Алматы, 2006. – 195 с.

Қосымша:

1. Криков В.П., Прокопишин В.И. Организация и экономика фармации. – Москва, 1999.

СҰРАҚТАР БОЙЫНША БА







Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...

Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

Что способствует осуществлению желаний? Стопроцентная, непоколебимая уверенность в своем...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.