|
Oestrus ovis (Linnaeus 1758)Overview/Cипаттамасы: Oestrus ovis (Эстроз, Oestrosis, nasal bots) – қойда және ешкіде паразиттік тіршілік ететін, жүйке жүйесінің бұзылуымен, ринитпен және тыныстың тарылуымен сипатталатын бөгелектің балаң құрттары тудыратын энтомоз ауру. Oestrus ovis қоздырушыcы қоздыратын ауруды ғылыми тілде «Эстроз» деп атайды, сонымен қатар халық арасында ауруды «Пысқырық», «Маңқа», «Танау құрт» және «Қойдың кеңсірік құрты», «Жалған айналма» деп атайды. Бұлар бүкіл дүние жүзінде кең таралған паразиттер. Эстроз қой шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіреді. Балаң құрттар кеңсірік қуысына бекініп, ұлпаларды бұзып, қой мен ешкіні «Миаз» ауруына шалдықтырады [ Zumpt F., 1965 ]. Миазбен ауырған малдың күйі нашарлайды, тынысы тарылады, танауынан сора ағады, аузымен дем алады, өкпенің абсцессі дамып, кахексия кесірінен өлімге ұшырайды [ Dorchies P et al., 2000 ]. Эстроз зоонозды энтомозға жатады [ Fathy F.M et al., 2006 ]. Classification/Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы: Oestrus (қойдың танау қуысының бөгелектері), Түрлері: Oestrus ovis (Linnaeus 1758). Aetiology/Этиология: Қой бөгелегінің ересек шыбындарының (имаго) пішіні үй шыбындарына ұқсас (полостные овода, овечьи овод, sheep bot fly, nasal bots). Денесінің ұзындығы 10-12 мм, түсі сарғыш-сұрдан сарғыш-қоңырға дейін өзгереді. Аналығы тірідей туатын паразитке жатады (viviparous, тірідей балаң құрт туатын, живородящие). Даму айналымы толық емес: 1) балаң сатылар (Б1, Б2 және Б3), 2) қуыршақ және 3) имаго. Жұмыртқа сатысы болмайды. Шағылысу ауада жүреді. Шағылысқаннан кейін аталығы өледі. Аналығының құрсағында 24 тен 600-ге дейін жұмыртқа дамып. 3-4 аптадан кейін аналығы 3-3,5 шақырымдай ұшып, балаң құрттарын қойдың танауына 40 см ара-қашықтықта тірідей шашады. Аурудың бастау көзі балаң құрттың бірінші сатысының танау қуысының кілігейлі қабатына енуінен басталады. Балаң сатылар қойдың танау, кеңсірік қуыстарында (Б1), маңдай және мүйіз қуыстарында (Б2 және Б3) 6-10 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ауруды балаң құрттар қоздырады. Morphology/Морфология: Қой бөгелегінің ересек шыбындарының (имаго) пішіні үй шыбындарына ұқсас. Денесінің ұзындығы 10-12 мм, түсі сарғыш-сұрдан сарғыш-қоңырға дейін өзгереді (Сурет-9). 3 сатыдағы балаң құрттың (Б3) ұзындығы 10-30 мм, олардың артқы жағы енділеу болады. Арқа жағында қоңыр сызықтары байқалады (Сурет-10) Сурет-9. Oestrus ovis түрінің имагосы Cурет-10. O. ovis түрінің 3-сатыдағы балаң құрты Life cycle/Даму айналымы: Аналығы қойдың танау қуысына бірінші сатыдағы 600-дей дана балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Танау қуысында бірнеше апта немесе бір ай паразиттік тіршілік етеді. Кейін бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) кеңсірік қуысына, жұтқыншаққа, өңешке еніп, екінші сатыдағы балаң құртқа (Б2) айналады. Сосын үшінші сатыдағы балаң құртқа (Б3) айналады. 9-10 айдан кейін үшінші сатыдағы балаң құрт (Б3) қайтадан танау қуысына барып, кілегейлі қабығын тесіп, жерге түсіп, қуыршақ сатысына айналады. 46 күннен кейін қуыршақтан ересек сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға созылады. Індеттік деректері/Epidemiology: Эстроз Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Ауруға жас төлдер мен ересек қойлар шалдығады. Pathogenicity/Патогенезі. Балаң құрттар кеңсірік қуысына бекініп, ұлпаларды бұзып, қой мен ешкіні «Миаз» ауруына шалдықтырады [ Zumpt F., 1965 ]. Миазбен ауырған малдың танау қуысы ринитке айналып, танауынан сора ағады [ Dorchies P et al., 2000 ]. Кеңсірік қуыстарында балаң құрттар миграция жасап, миды зақымдап, «Жалған айналма» ауруына шалдықтырады [ Mozaffari AA et al., 2013 ]. Clinical signs/Аурудың сырт белгілері: Ауырған қойлардың танауынан сора ағып, үшкіреді [ Angulo-Valadez CE et al., 2008 ]. Миазбен ауырған малдың күйі нашарлайды, тынысы тарылады, танауынан сора ағады, аузымен дем алады, өкпенің абсцессі дамып, кахексия кесірінен өлімге ұшырайды [ Dorchies P et al., 2000 ]. Pathology/Патология: Cойып зерттеу барысында қойдың кеңсірігі мен маңдай қуысында синусит, ринит, катаральді, іріңді экссудат және әр түрлі сатыдағы балаң құрттар байқалады (сурет-11) [ Negm-Eldin M.M et al., 2015 ]
Сурет-11. Қойдың кеңсірігі мен маңдай қуысындағы патологиялық өзгерістер және балаң құрттар: көк стрелка (Б1 сатысы), сызықшасы бар стрелка (Б2 сатысы) және қара стрелка (Б3 сатысы). [En] A sagittal section sheep head showing various larval stages of nasal pot (the dotted blue arrow: L1, the blue arrow: L2, the dotted black arrows: the initial stages of larvae L3, the black arrow: more advanced L3). Negm-Eldin M.M et al., 2015. J. Adv. Vet. Anim. Res., 2(4): 382-387. Excretory-secretory products, ESP/Экскреторлы-секреторлы өнімдер. Oestrus ovis (Diptera: Oestridae) балаң құрттары молекулярлық салмағы 28 кДа (Килодальтон, кДа) болатын протеин кешенін (pc28) сілекей бездері арқылы синтездейді [ Tabouret G et al., 2001 ]. Oestrus ovis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттың (Б2) тазартылмаған экстрактіні (L2CE), O. ovis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттың (Б2) сілекей безінің антиген құрамын (L2SGC) және O. ovis түрінің үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3) сілекей безінің антиген құрамын (L3SGC) өз иесінің ағзасында бөледі [ Angulo-Valadez CE et al., 2008 ]. Immunity/Иммунитет. Oestrus ovis (Diptera: Oestridae) инвазия кезінде табиғи жағдайда ауырған қойдың қанында иммуноглобулин G (IgG) антиденелері және танау қуысы, қарын және ішек кілегейлі қабаттарында иммуноглобулин A (IgA) антиденелері түзіледі [ Silva B.F et al., 2012 ]. 28 kДa Anti-pc28 антидене титрін қолдану қойдың Oestrus ovis инвазиясында гуморальды иммунитетті қалыптастырады [ Tabouret G et al., 2001 ]. O. ovis инвазия кезінде табиғи жағдайда ауырған қойдың қанында IgG, IgM and IgA антиденелері түзіледі [ Suárez J.L et al., 2005 ]. Иммунизация/ Immunization. Oestrus ovis 3 сатыдағы балаң құртының экскреторлы-секреторлы өнімінен дайындалған (L3ESP) толық және толық емес Фрейнд адъюванты арқылы қозыларды иммунизациялау жақсы нәтиже береді (39%) [ Frugère S et al., 2000 ]. Diagnosis/Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз: 1) Antemortem/Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне, Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық зерттеулерге сүйенеміз: Серологиялық: Oestrus ovis 1 сатыдағы балаң құртының (Б1) экскреторлы-секреторлы өнімінен (ESP, еxcretory-secretory products) және 3 сатыдағы (Б3) балаң құрттың тазартылмаған экстрактісінен (crude extract, CE) дайындалған антигендерді қолдану арқылы ИФТ (ELISA, ИФА) әдісімен Oestrus ovis ауруы кезінде иммуноглобулин G (IgG) антиденесін анықтаймыз [ Alcaide M et al., 2005 ]. 29.0, 42.0 және 58.0 кДа болатын O. ovis балаң құрттарынан дайындалған экскреторлы-секреторлы өнімі мен соматикалық антигенін (Б2, Б3) полиакриламид геліндегі ақуыздардың электрофорез әдісі (SDS-PAGE, sodium dodecyl sulfate polyacrylamide gel electrophoresis) және иммуноблоттинг (immunoblotting) әдістерін қолдану арқылы анықтаймыз [ Alborzi et al., 2014 ]. O. ovis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттың (Б2) тазартылмаған экстрактіні (L2CE), O. ovis түрінің екінші сатыдағы балаң құрттың (Б2) сілекей безінің антиген құрамын (L2SGC) және O. ovis түрінің үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3) сілекей безінің антиген құрамын (L3SGC) қолдану арқылы ИФТ (ELISA) әдісімен IgG антиденесін анықтаймыз [ Angulo-Valadez CE et al., 2008 ] және Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен зертханалық зерттеу. 2) Postmortem / Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге сүйене отырып, диагноз қояды. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды. Treatment/Емі: Цифлунит Флок («Нита фарм», Ресей), Ивермек («Нита фарм», Ресей) және Клозан 100 (Interchemie, Голландия) дәрілері малды емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданылады:
Prevention and control/Алдын-алу: Қора жайды жәндіктерге қарсы өңдеу күзде жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін Цифлунит Флок («Нита фарм», Ресей) дәрісімен бір рет қойлар дәріленеді. Ауру анықталса қойлар емделеді. Қора-жайдағы қиды өз кезегінде жинаған жөн. Әдебиеттер: 1. Alborzi A, Jolodar A, Seyfi Abad Shapouri M, Bagherian Pour E. Isolation and identification of excretory-secretory and somatic antigens from the Oestrus ovis larvae by SDS-PAGE and immunoblotting. Vet Res Forum. 2014 Fall;5(4):307-11. 2. Alcaide M, Reina D, Frontera E, Navarrete I. Analysis of larval antigens of Oestrus ovis for the diagnosis of oestrosis by enzyme-linked immunosorbent assay. Med Vet Entomol. 2005 Jun;19(2):151-7. 3. Angulo-Valadez CE, Scala A, Grisez C, Prevot F, Bergeaud JP, Carta A, Cepeda-Palacios R, Ascencio F, Terefe G, Dorchies P, Jacquiet P. Specific IgG antibody responses in Oestrus ovis L. (Diptera: Oestridae) infected sheep: associations with intensity of infection and larval development. Vet Parasitol. 2008 Aug 17;155(3-4):257-63. doi: 10.1016/j.vetpar.2008.05.015. 4. Dorchies P, Bergeaud JP, Tabouret G, Duranton C, Prevot F, Jacquiet P (2000). Prevalence and larval burden of O. ovis (Linne 1761) in sheep and goats in northern Mediterranean region of France. Veterinary Parasitology, 88: 269-273. 5. Fathy FM, El-Barghathi A, El-Ahwal A, El-Bagar S (2006). Study on human ophthalmomyiasis caused by O. ovis larvae in Sirt-Libya: Parasitic features clinical Presentation and management. Journal of the Egyptian society of Parasitology, 36: 265-282. 6. Frugère S, Cota Leon A, Prévot F, Cepeda Palacios R, Tabouret G, Bergeaud JP, Duranton C, Dorchies P, Jacquiet P. Immunisation of lambs with excretory secretory products of Oestrus ovis third instar larvae and subsequent experimental challenge. Vet Res. 2000 Sep-Oct;31(5):527-35. 7. Mozaffari AA, Shojaeepour S, Cheshmeh GGS (2013). High mortality rate due to false gid in a sheep herd. ISRN Veterinary Science, 2013: Article ID 650358. http://dx.doi.org/10.1155/2013/650358. 8. Negm-Eldin M.M, Elmadawy R.S and Hanan G.M (2015). Oestrus ovis larval infestation among sheep and goats of Green Mountain areas in Libya. J. Adv. Vet. Anim. Res., 2(4): 382-387. 9. Silva BF, Bassetto CC, Amarante AF. Immune responses in sheep naturally infected with Oestrus ovis (Diptera: Oestridae) and gastrointestinal nematodes. Vet Parasitol. 2012 Nov 23;190(1-2):120-6. doi: 10.1016/j.vetpar.2012.06.004. 10. Suárez J.L., Scala A., Romero J.A., Paz-Silva A., Pedreira J., Arias M., Díaz P., Morrondo P., Díez-Baños P., Sánchez-Andrade R. Analysis of the humoral immune response to Oestrus ovis in ovine. Veterinary Parasitology. Volume 134, Issues 1–2, 25 November 2005, Pages 153–158 11. Tabouret G, Prevot F, Bergeaud JP, Dorchies P, Jacquiet P. Oestrus ovis (Diptera: Oestridae): sheep humoral immune response to purified excreted/secreted salivary gland 28 kDa antigen complex from second and third instar larvae. Vet Parasitol. 2001 Oct 31;101(1):53-66. 12. Zumpt F (1965). Myiasis in man and animals in the old world. Butterworth, London; pp 267.
Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычислить, когда этот... Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам... Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право... ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования... Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:
|