Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Туысы Rhinoestrus (Brauer, 1886)





Rhinoestrus туысы үш түрден тұрады: Rhinoestrus рurpureus (ақ басты немесе орыс бөгелегі, белоголовый овод, русский овод), Rhinoestrus latifrons (келте бөгелек, коротыш) және Rhinoestrus usbekistanicus (аз тікенді бөгелек, малошип)

 

Rhinoestrus рurpureus, Rhinoestrus latifrons және Rhinoestrus usbekistanicus

Overview/Cипаттамасы: Rhinoestrus рurpureus, Rhinoestrus latifrons және Rhinoestrus usbekistanicus (Ринэстроз) – жылқының танау, маңдай қуыстарында паразиттік тіршілік ететін көбінесе созылмалы түрде өтетін, бөгелектердің балаңдары қоздыратын, тыныс алу жүйесінің қабынуымен, тыныстың тарылуымен сипатталатын энтомоз ауру. Rhinoestrus рurpureus, Rhinoestrus latitrons және Rhinoestrus usbekistanicus түрлерінің балаң құрттары қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Ринэстроз» деп атайды. Ринэстроз жылқы шаруашылығына үлкен экономикалық зиян келтіреді. Балаң құрттар жылқыларда іріңді дерматит, іріңді-геморрагиялық ринит және гайморит тудырады. Ауру жылқыларда демікпе, пысқыру және жөтелу байқалады [ Deconinck P et al., 1996 ].

Classification/Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Brachycera (қысқа мұрттылар), Тұқымдасы: Oestridae (бөгелектер), Туысы: Rhinoestrus (жылқының танау қуысының бөгелектері), Түрлері: Rhinoestrus рurpureus (Brauer, 1858), Rhinoestrus latifrons (Gan, 1947) және Rhinoestrus usbekistanicus (Gan 1947).

Aetiology/Этиология: Ұзындығы 8-12 мм жететін қызыл-қоңыр түсті бөгелектер (танау қуысының бөгелектері, носополостные овода, nasal bots). Аналығы тірідей туатын паразитке жатады (viviparous, тірідей балаң құрт туатын бөгелектер, живородящие). Даму айналымы толық емес: 1) балаң сатылар (Б1, Б2 және Б3), 2) қуыршақ және 3) имаго. Жұмыртқа сатысы болмайды. Аналығының құрсағында жұмыртқа дамып, аналығы балаң құрттарын жылқының танауына 40 см ара-қашықтықта тірідей 8-40 дана бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Аурудың бастау көзі балаң құрттың бірінші сатысының (Б1) танау қуысының кілігейлі қабатына енуінен басталады. Балаң сатылар жылқының танау (Б1), жұтқыншақ, өңеш және кеңсірік қуыстарында (Б2 және Б3) 6-10 ай бойы паразиттік тіршілік етеді. Даму айналымы 12 айға созылады. Ауруды балаң құрттар қоздырады. Жылқылардың зақымдануы жазда жүреді.

Morphology/Морфология: Rhinoestrus spp. ұзындығы 8-12 мм жететін қызыл-қоңыр түсті бөгелектер. Басы үлкен, ақ түсті. Дене бөлігінде төрт қара ұзын жолақтар бар. Құрсағы сопақ, түксіз. Аяқтары қысқа. Қанаттарында үш дақ орналасқан. Бірінші сатыдағы балаң құрттың (Б1) ұзындығы 1мм, түсі қоңыр және басында ілмекшелері бар. Үшінші сатыдағы балаң құрттың (Б3) ұзындығы 17 мм, түсі қызыл.

Life cycle/Даму айналымы: Аналығы жылқының танау қуысына бірінші сатыдағы балаң құрттарды (Б1) тірідей шашады. Бірінші сатыдағы балаң құрттары (Б1) танау қуысының кілегейлі қабатын өткір ілмешектерімен тесіп, енеді. Танау қуысында бірнеше апта немесе бір ай паразиттік тіршілік етеді. Кейін бірінші сатыдағы балаң құрттар (Б1) кеңсірік қуысына, жұтқыншаққа, өңешке еніп, екінші сатыдағы балаң құртқа (Б2) айналады. Сосын үшінші сатыдағы балаң құртқа (Б3) айналады. 9-10 айдан кейін үшінші сатыдағы балаң құрт (Б3) қайтадан танау қуысына барып, кілегейлі қабығын тесіп, жерге түсіп, қуыршақ сатысына айналады. 1-2 айдан кейін қуыршақтан ересек сатысы ұшып шығады. Даму айналымы 12 айға созылады.

Індеттік деректері/Epidemiology: Бөгелектер шілде-қазан айларында ұшады және бөгелектердің ұшуы 16-400С жүреді. Ауруға құлындар мен ересек жылқылар бейім келеді.

Pathogenicity/Патогенезі: Балаң құрттар танау қуысының кілегейлі қабатын зақымдайды, нәтижесінде танау қуысының кілгейлі қабаты катаральды қабынады, сосын ринит пен ларингит пайда болады.

Clinical signs/Аурудың сырт белгілері: Ауру жылқыларда демікпе (dyspnea), пысқыру (sneezing) және жөтелу (cough) байқалады [ Deconinck P et al., 1996 ].

Pathology/Патология: Патолого-анатомиялық сойып зерттеу: Сойып зерттеу барысында танау қуысында ринит, экссудативті қабынуы, балаң құрттар жұтқыншақта, кеңсірікте байқалады (12-сурет) [ Otranto D et al., 2004 ].

12- сурет. Ринэстроз кезіндегі жылқының кеңсірік қуысындағы патологиялық өзгерістер: танау қуысындағы ринит, экссудативті қабынуы және балаң құрттардың кілегейлі қабатқа жиналуы. Otranto et al., 2004. Vet Parasitol. 2004 Jun 10;122(1):79-88.

Excretory-secretory products, ESP/Экскреторлы-секреторлы өнімдер. Rhinoestrus spp. балаң құрттарына cілекей бездері мен денесі арқылы соматикалық протеиндерді (larval somatic proteins) бөледі [ Milillo P et al., 2010 ].

Immunity/Иммунитет: Rhinoestrus spp. балаң құрттарына қарсы гуморальды иммунитет пайда болады [ Milillo P et al., 2010 ]. Rhinoestrus spp. ауруы кезінде иммуноглобулин A (IgA) және иммуноглобулин М (IgМ) антиденелері түзіледі [ Ramadan M.Y et al., 2013 ].

Diagnosis/Диагноз: Диагнозды кешенді түрде қоямыз: 1) Antemortem/Малдың тірі кезінде: Індеттік деректеріне, Клиникалық белгілеріне, Басқа аурулардан ажыратып балау зерттеулеріне және Зертханалық зерттеулерге сүйенеміз: (а) Серологиялық: Rhinoestrus spp. балаң құрттарына cілекей бездері мен денесінен дайындалған соматикалық протеиндерді қолдану арқылы (молекулярлық салмағы 240 kДa, 80 kДa, 70 kДa, 55 kДa and 30 kДa) полиакриламид геліндегі ақуыздардың электрофорез әдісімен (SDS-PAGE) Rhinoestrus spp. ауруын анықтаймыз [ Milillo P et al., 2010 ]. (b) Молекулярлық әдіс: ПТР - (PCR, ПЦР) базалық әдіс Rhinoestrus spp. қоздырушыларын цитохромоксидаза (ағылш. COI) генімен және рибосомалық 16S, 28S рРНК гендерін кодтау арқылы Rhinoestrus spp. қоздырушыларын анықтауға немесе ажыратуға болады [ Otranto D et al., 2005 ] және Қосымша зерттеулерге сүйенеміз: Шаруашылықтан жиналған бөгелектерді энтомологиялық әдістермен зертханалық зерттеу. 2) Postmortem / Малдың өлі кезінде: Патолого-анатомиялық сойып зерттеулерге сүйенеміз. Соңынан мал дәрігері барлық зерттеулерге (індеттік, клиникалық, ажыратып балау, зертханалық, қосымша, патолого-анатомиялық және гисто-патологиялық зерттеу қорытындыларына қарап) сүйене отырып, диагноз қояды.

Treatment/Емі: Эквисект паста жылқыны емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданылады:

 

Дәрінің атауы, өндіруші компания, мемлекет және т.б Химиялық құрамы Қолданылу мөлшері Қолданылу мақсаты Қолданылу тәсілі Шектеу, ескерту және т.б
Эквисект паста(«Фармбиомедсервис», Ресей). Полимерлі шприц-дозатор түрінде шығады. 1% Аверсектин С Пастаны шприц-дозатордың көмегімен тілдің түбіне енгізіп, басын бірнеше секунд көтеріп тұрамыз (100 кг салмаққа/2 г паста) Стронгилидоздар, параскаридоз, оксиуроз, парафиляриоз, және басқа нематодоздарға қарсы, сонымен қатар гастрофилез бен ринэстрозға қарсы қолданылады Пастаны шприц-дозатордың көмегімен тілдің түбіне енгізу арқылы Етті 14 күннен кейін пайдалануға болады

Дезинсекциялық ерітінді: Интермитокс (Intermitox) - («InterHygiene GmbH», Германия) ерітіндісін эктопаразиттерге қарсы қора-жайды өңдеуге болады. Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60% (Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2 аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60% ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20 күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз (200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен).

Prevention and control/Алдын-алу: Жылқыларды таңертең және кешке жаю. Қора жайды жәндіктерге қарсы өңдеу күзде жүргізіледі. Қаңтар-Ақпан айларында жылқыларды ауруды анықтау үшін диагностикалық шаралар жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін Эквисект пастасымен («Фармбиомедсервис», Ресей) 2 айда бір рет жылқылар дәріленеді. Ауру анықталса жылқылар емделеді. Қора-жайдағы қиды өз кезегінде жинаған жөн.

Әдебиеттер:

1. Deconinck P, Pangui L.J, Githego A, Dorchies P. Prevalence of Rhinoestrus usbekistanicus (Gan 1947) in donkeys (Equus asinus) in Senegal. Rev Elev Med Vet Pays Trop. 1996;49(1):38-40. [Article in French]

2. Milillo P, Traversa D, Elia G, Otranto D. Analysis of somatic and salivary gland antigens of third stage larvae of Rhinoestrus spp. (Diptera, Oestridae). Exp Parasitol. 2010 Apr;124(4):361-4. doi: 10.1016/j.exppara.2009.11.014.

3. Otranto D, Colwell DD, Milillo P, Di Marco V, Paradies P, Napoli C, Giannetto S. Report in Europe of nasal myiasis by Rhinoestrus spp. in horses and donkeys: seasonal patterns and taxonomical considerations. Vet Parasitol. 2004 Jun 10;122(1):79-88.

4. Otranto D, Milillo P, Traversa D, Colwell DD. Morphological variability and genetic identity in Rhinoestrus spp. causing horse nasal myiasis. Med Vet Entomol. 2005 Mar;19(1):96-100.

5. Ramadan M.Y, Abla D. Abd El mageid and Abdelwahab M.G. Ecological and Immunological Studies on Rhinoestrus purpureus infecting Donkeys in Egypt and Its Controlwith Doramectin and Ivermectin. Nature and Science 2013;11(9). pp.:96-102

 

Туысы Cephalopina

Cephalopina туысы тек бір түрден тұрады: Cephalopina titillator (Clark 1797)

 

 







Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...

ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

Что будет с Землей, если ось ее сместится на 6666 км? Что будет с Землей? - задался я вопросом...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.