|
Туысы Hypoderma (Latreille, 1818)Стр 1 из 5Следующая ⇒ Беймазалар Беймаза - мазасыз қос қанатты, уақытша тоғышар етіп күнелтетін бір топ жәндіктерді (сона, шақпа шыбын, маса, шіркей, құмыты, тас шыбын) айтады. Олар көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың тасымалдаушылары болып табылады. 1. Ересек сатысы кәдімгі қос қанатты жәндік, денесі үш бөліктен құралған, олар бас, кеуде, құрсақ. Екі қанаты, екі зыңылдауықтары, екі күрделі және жәй көздері, екі мұртшалары бар. 2. Дара жыныстылар, ұрғашысы еркегінен үлкендеу болады. Тұмсықтары әр түрлі құрылған. 3. Көректенуіне қарай ұрғашымен еркек сатыларында тұмсығы екі түрлі болады. Еркектер қан сормайды. Олар өсімдіктердің, гүлдердің нәрімен, шырынымен көректенеді, сондықтан оларда жалағыш тұмсық болады. Ал, ұрғашылар нәрмен де қанмен де көректенеді, сондықтан оларда шанышпалы сорғыш немесе шанышпалы кескіш тұмсық болады. 4. Даму айналымы толық метаморфозды. Оның нобайы былай:Ж Б Қ Е. Әр компоненттің даму айналымы 20-30 күннен бір жылға дейін созылады. 5. Жұмыртқаларының өніп – жетілуіне қан өте қажет. Сондықтан ұрғашылар шағылысу процесінен кейін жұмыртқа саларда қан сорады. 6. Даму айналымына ерекше жағдайлар керек, ол су, ылғалды, шалшық, оты мол жерлер. 7. Бұларға ерекше жағдайлар қажет болған соң, көпшілігінің таралу аймақтары бір. 8. Ұшатын, көзге байқалатын кезі де бір. Ол көктем, жаз, күз айлары, яғни жылы кездер. 9. Күресу шаралары, күресу жолдары да өте ұқсас.
Тегі Diptera (қосқанаттылар) Тек Diptera келесі тектармақтарға жіктеледі: Nematocera (ұзын мұрттылар), Brachycera (қысқа мұрттылар) және Cyclorrhapha Тек тармақ Nematocera (ұзын мұрттылар) Nematocera (ұзын мұрттылар) тек тармағы келесі тұқымдастықтарға бөлінеді: Simuliidae (шіркейлер), Culicidae (масалар), Ceratopogonidae (құмытылар) және Psychodidae (бөкене шыбын) Тұқымдасы Simuliidae (шіркейлер) Туысы Simulium
Simulium (тасшыбындар, шіркейлер, мошки, a black fly) туысына жататын жәндіктерінің 900-дей түрі анықталған. Оның 322-сі бұрынғы Кеңес Одағында тіркелген. Ол біздің елімізде де бар. Ветеринарлық маңызы барлардың ішінде Simuliidae деген туысы өте жиі кездеседі. Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Nematocera (ұзын мұрттылар), Тұқымдасы: Simuliidae, Туысы: Simulium, Түрлері: Byssodon maculatus, Boopthora erythrocephala, Simulium longipalpe, Wilhelmia equina, Odagmia ornata, Simulium taxnogradskii және т.б Құрылысы: 1. Ересек сатысы: Дене тұрқы 2-6 мм-ге дейін. Қара, сұр немесе қара көк түсті. Басы жұмыр, астына қарай еңкейген. Мұртшасы ұзын, 11 мүшеден құралған, мұртшалар түксіз. Бастың екі жағында ірі күрделі фасетте көздер орналасқан. Бастың астынғы жағында тұмсық орналасады, аталықтарда ол жалағыш, ал ұрғашыларда – шанышпалы сорғыш болып келеді. Кеуде сегменттен құралған, үстіңгі жағынан бүкірлеу (өркешті), сыртында аздаған түктері және күміс дақтары бар. Қанаттары енді, сопақтау түссіз. Аяқтары қысқалау, жақсы жетілген табандарында қос тырнақшалары бар. Құрсағы қап тәрізді, тоғыз буылтықтан құралған. 2. Жұмыртқасы ақ түсті, кейін ішінде балаң қалыптасқан соң қоңыр немесе қара түске енеді, пішіні сопақ, болмаса үшбұрышты болып келеді. 3. Балаңдар құрт тәрізді ақ немесе қоңыр болады. Олардың ерекше құралған тұмсығы және сүзгіші бар. Балаңның кеуде жағында екі мүшелі ілгешектері бар, аяғы дененің артқы жағында жетілген сорғышы бар. Бұл ағзалардың қызметі – жорғалауға және суға қарсы жүзу үшін керек. 4. Қуыршағы балаң құрттар құрастырып кеткен пілләлардың ішінде болады. Алдынғы жағында екі тыныс алу түтіктері бар, көптеген майда түтікшелерден құралған (1-сурет). Сурет 1. Шіркейлер Даму айналымы: Толық метаморфозды даму шағылысу ауада өтеді, сосын шіркейлердің ұрғашысы қан сорады да, жұмыртқасын бөле бастайды. Олардың саны 100-800 болады. Олар жұмыртқаларын ағысы жылдам, суық, тұнық суға (өзен, жылға) салады. 4-12 күннен кейін жұмыртқалардан шиша тәріздес балаң құрттар шығады. 15-20 күннің ішінде балаңдар 4-5 ретке дейін түлейді. Тұрқы 4-10 мм-ге дейін жетеді. Сосын байпақ пішінді құты тоқып, қуыршаққа айналады. Пілләлардың бір жағы ашық, ішінен 2-8 тыныс алу, жіп тәрізді түтіктер шығады. 14-21 күнде ересек сатысы қалыптасып, пілләдан шығады. Ересек сатысы судың астынан ауа көпіргіштермен судың бетіне көтеріледі де қанаттарын сілкіп жіберіп, ұшып кетеді. Даму айналымы 50-60 күнде бітеді. Жылына шіркейлер 2—3 ұрпақ береді. Ересек шіркейлер 3 айға дейін өмір сүреді. Экологиясы мен фенологиясы: Шіркейлер ірі өзендердің алқабында, ағысы жылдам судың жанынан көп кездеседі. Ересек сатылары 2-10 шақырымға дейін ұшып, ал ауа легімен одан да ұзаққа жетеді, шамамаен 20 шақырымнан артық. Ауаның температурасы 15-20 градусқа жеткенде көбінесе шабуыл жасайды. Олар кешке, күн бұлтты болғанда кейде күндіз де ұшады. Шіркейлер көбінесе малды, адамды шағады. Бірақ, ірі қара мен жылқыларға тиіспейді. Келтіретін зияны: 1. Сыртқы тоғышар ретінде: - малдың мазасын алып, олар дұрыстап жайылмайды, 20-50% дейін сүтін азайтады. 10% - 20 % тірі салмағын төмендетеді, 5-6 минутқа дейін қан сорады; - сілекейінде улы қасиеттері бар. Сол себептен симулотоксикоз деген ауру қоздырады және дерматит пайда болады; Симулотоксикоз жіті түрде өтеді, кейде бір тәулік ішінде мал өліп те қалады. Тыныс алу жолдары ісініп, ауа жетпей сілекейі ағып, мал орнынан тұра алмай қалады. 2. Тасымалдаушы ретінде: - шіркейлер механикалық тасымалдаушы болып саналады. Адамның энцефалитін, оба вирустарын, мал топалаңы, тулеремиямен пастереллезды, құс боррелиозы мен лейкоцитозоонозды таратады. 3. Онхоцеркоз ауруының аралас иесі және тасымалдауышы болып саналады. Тұқымдасы Culicidae (масалар) Culicidae тұқымдасының келесі туыстары бар: Culex (сазды маса), Anopheles (безгек ауруын тарататын маса) және Aedes (вирусты маса).
Туыстары Culex, Anopheles және Aedes Culex, Anopheles және Aedes (маса, комары, mosquito) туысының екі мыңға жуық түрі белгілі. Бірақ бұрынғы Кеңес Одағында 82 түрі тіркелген. Көптеген туыстары бар. Алайда ветеринарлық және медициналық маңызы зор 3-4 туыс қана. Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Nematocera (ұзын мұрттылар), Тұқымдасы: Culicidae, Туысы: Culex (сазды маса), Anopheles (безгек ауруын тарататын маса) және Aedes (вирусты маса), Түрлері: Anopheles maculipennis, Aedes caspius caspius, Aedes dorsalis, Aedes flavescens, Aedes cyprius, Aedes vexans, Culex modestus, Culex pipiens pipiens, Culex p. molestus және т.б. Құрылысы: Масаның денесі сымбатты, ұзынша, тұрқы 4-11 мм. Түріне байланысты түсі сары, сұр, қоңыр немесе қара болып келеді. Денесі үш бөліктен құрылған. Басы онша үлкен емес, жұмырлау. Күрделі көздері ірі, бір – біріне жақын орналасқан, төбесінде қосылайын деп қалған. Мұртшалары ұзын, 15 мүшеден құралған, ұрғашыларда олар қысқалау, ал еркектерінде ұзынырақ, түкпен қапталған. Джонстов ағзасы бар, ол дыбыс естітін ағза. Тұмсығы еркектерде жалағыш, ұрғашыларда шанышпалы – сорғыш түрлі, өте ұзын. Кеудесі астынғы жағынан бүкірлеу, бүйірлерінде екі қос тыныс тесіктері бар (Сурет-2). Қанаттары ұзындау, түссіз. Оның артында екі ызылдақ бар. Аяқтары ұзын, бес бунақтан құралған, табандарында қос тырнақшалар орналасқан. Құрсағы ұзындау, 10 буылтықтан құралған, 9 және 10 буылтығы жыныс ағзаларына айналған. Безгек ауруын тарататын маса артқы жағын көтеріп отырады. Даму айналымы толық метаморфозды. Ж Б Қ Е
Сурет.2. Масалардың түрі: Aedes flavescens (сол жағы), Anopheles maculipennis (ортасы) және Culex pipiens pipiens (оң жағы) Еркек масалар жел жоқта ауада топ – тобымен жиналып, ызыңдаған дыбысты шығарып тұрады. Ұрғашы масалар сол топтың ішіне кіріп, еркектерді таңдайды, сосын екеуі бөлініп шығады, шағылысу ауада өтеді. Ұрғашылар ұрықтанған соң міндетті түрде қан сору керек, қанға тойған соң 5-7 күнде жұмыртқалар жетіледі, жәндік оларды сулы жерге, ылғалды топыраққа, суға 150-480 данадан салады. 2-10 тәуліктен кейін жұмыртқалардан ұзындау пішінді, қозғалымпаз, ұсақ балаңдар шығады, олар тез өседі, 4 рет түлейді, олар атмосфералық ауамен тыныс алады. Органикалық қалдықтармен көректенеді, бір айдың ішінде пісіп жетіледі, сосын қуыршақ дәуіріне айналады. Қуыршақ кезеңі 2-4 күнде бітеді, сосын одан ересек сатысы ұшып шығады. Ұрғашылардың 1-2-ден 17-18 дейін гонотрофикалық даму болады, еркектер 10-15 күн ғана өмір сүреді. Қысқа масалардың жұмыртқалары немесе ересек сатылары қалады. Бір жылда 5-6 генерация береді. Экологиясы, фенологиясы: Өте кен таралған жәндік. Табиғатта масалар қар толық ерімей, ерте шығады. Жаз кезенінің бірінші жартысында олардың саны көбейеді де күзде азаяды. Масалар – ымырт жәндіктері. Олар кешкі мезгілде, түнде, таң сәріде ұшады. Масалардың 2-3 түрі 35 шақырымға дейінгі қашықтыққа ұша алады. Масалар ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, бұғы және құстардың, адамның қанын сорады. Шошқаларды аз мазалайды. Ыстық кезде көбінесе тығылып қалады. Келтіретін зияны: 1. Уақытша сыртқы тоғышар ретінде. - маса ұрғашысы бір мезгілде 3 мг –ға дейін қан сорады. Масалар көп шаққанда мал қансызданып, әлсірейді; - маса шаққан жер тітіркенеді, ісінеді. Аллергиялық әсерін тигізеді; - масалар мазалаған малдың өнімі азаяды, сүт 20-50% кемиді. Мысалы, 30 күн қатарынан мал масаларға таланса әрбір сиырдан ~15 кг сүт, 6 кг дейін тірі салмағы кемиді. 2. Тасымалдаушы ретінде. - масалар 50-ге жуық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайды. Олар адам безгегі мен энцефалиті, африкалық оба мен шошқа экзантемозы, делбе, арбовирустар; - кейбір жұмыр құрттарға, яғни сеттарияларға аралық ие және тасымалдауышы болып саналады. Тұқымдасы Ceratopogonidae (құмытылар) Туыстары Culicoides және Leptoconops
Culicoides және Leptoconops (құмыты, мокрецы, sand flies, biting midges) туысындағы жәндіктердің 4000 түрі айқындалған, бірақ, арасында мыңға жуығы ғана қансорғыштар. Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Nematocera (ұзын мұрттылар), Тұқымдасы: Ceratopogonidae, Туысы: Culicoides және Leptoconops, Түрлері: Culicoides riethi, Culicoides puncticollis, Culicoides circumscriptus, Culicoides рulicaris kasachstanicus, Culicoides lailae, Culicoides reconditus, Leptoconops lucidus, Leptoconops bidentatus, Leptoconops mediterraneus және т.б Сырт құрылысы: 1. Ересек сатысы - имаго. Дене тұрқы 0,8-2,5-3 мм, көбінесе 1 мм шамасында. Бұлар беймазалардың ішіндегі ең майдасы. Сыртынан масаға ұқсас, бірақ, олардан ұсақтау және мығымды (дембелше, сом денелі) болады. Басы жұмыр, еңкейген, мұртшалары ұзын, 15 мүшеден құралған. Ұрғашысында қысқалу болып келеді. Ал, еркегінде ұзындау және түкпен қапталған. Екі күрделі ірі көздері бар, ол бүйрек пішінді. Тұмсығы ұрғашыларда шанышпалы сорғыш, еркектерінде жалағыш. Кеудесі дөңес. Қанаттары енді, түкті. Тыныш кезінде, жәндік отырған кезде қанаттар құрсақ үстінде бүктелген. Culicoides тұқымы өкілдерінің қанаттарында дақтар бар, ал, басқаларында түссіз, әр түрінің өзіне тиісті қанат суреті бар. Аяқтары ұзын, сымбатты, табандарында қос тырнақшалары бар. Құрсағы жұмыртқа тәріздес 10 буылтықтан құралған, түкті болып келеді. 2. Жұмыртқалары сопақ, 0,12-0,4 мм, жылтыр, басында ақшыл, сосын қоңыр болып қалады. 3. Балаңдар құрт тәріздес, ұзындығы 5-15 мм-ге дейін жетеді. 4. Қуыршағы қоңыр 5 мм (3-сурет).
Сурет 3. Құмытылар: Culicoides spp. және Leptoconops spp. Даму айналымы: Толық метаморфозды. 14-25-30 күнде бітеді, жылда 3-5-6 ұрпақ береді. Шағылысу ауада өтеді. Ұрықтанған соң кейбіреулеріне қан соруы қажет емес, автогенді даму, бірақ, көбісі міндетті түрде қан сорады. Бір жұмыртқалағанда 80-150-ге жуық жұмыртқа бөледі. Олар жұмыртқаларын ылғалды топыраққа, лайлы өзен, жылға жағаларына, шалшық суға, шіріп жатқан жапырақтарға, нәжіске, кейде саңырауқұлақтарға салады. 2-5 күннен кейін жұмыртқалардан жіп тәріздес өте тез қимылдап жүзетін балаңдар шығады. 4 рет түлеп, олар 15 мм-ге дейін ұлғаяды да қуыршаққа айналады. Онысы коректенбейді, көбінесе қозғалмайды. 3-5-7 күннен кейін қуыршақтан қанатты жәндік жер бауырлап шығады. Олардың біраз уақытқа дейін ұшатын қабілеті болмайды. Тек қана қанаттары кепкен кезде ұшады. Қыстан шығатындар жұмыртқалар мен балаң құрттар. Экология мен фенологиясы: Ылғалды аймақтарда кең тараған. Әсіресе, қалың ормандарда жақсы өмір сүреді. Олар желсіз, ауаның температурасы 14оС градустан жоғары деңгейде күннің шығысы мен батысы уақытында ұшады. Өрісте жайылып жүрген малды, қорада байлаулы тұрған малды да шағады. Мал денесінің жұқа терісі бар жерлерінен қан сорады. Ұрғашылар жұмыртқалаған жерден 400 метрге дейін ұшып барады. Ветеринарлық маңызы немесе келтіретін зияны: 1. Сыртқы тоғышар ретінде: - Өте мазасыз жәндіктер. Оларға таланған мал азығын жей алмастан, шыбындардан қорғанып жұмыс қабілетін және өнімділігін төмендетеді. Мысалы, әр сиырдан 30 күннің ішінде 9 кг дейін сүт, әр бас малдан 5 кг дейін тірі салмақ жоғалтады; - Сілекейлерінде улы заттар болған соң малда қышыма, аллергиялық ошақты дерматит, тері астындағы дәнекер ұлпаның ісінуі пайда болады. Түгі түсіп қалады. 2. Тасымалдаушы ретінде көптеген індет аурулардың қоздырғыштарын таратады. Мысалы, адамның жапон энцефалиттің, туляремияны, африкалық оба. 3. Мал мен адамда кездесетін Онхоцерк деген жұмыр құрттың аралық исі және тасымалдаушысы болып табылады. Тек тармақ Brachycera (қысқа мұрттылар) Brachycera тек тармағына тек бір тұқымдастық жатады: Tabanidae (соналар)
Тұқымдасы Tabanidae (соналар) Tabanidae тұқымдасы келесі туыстардан тұрады: 1. Tabanus (нақты сона, ірі қараның сонасы, horseflies, олардың 113 түрі бар); 2- Chrysops (алтын көзді сона, ала қанатты сона, златоглазики, пестряки, deer fly) және 3. Haematopota (жаңбыр сона, жауын сона, дождёвки, кроволизы, horse fly or notch-horned cleg fly).
Туыстар Tabanus, Chrysops және Haematopota Tabanus, Chrysops және Haematopota (сона, слепни, златоглазики, дождёвки, horseflies, deer fly) туысындағы жәндіктердің 3,5 мыңға дейін түрлері тіркелген. Бұрынғы Одақта 190 дейін түрі бар болатын, 12 туысқа бөлінген. Арасында ветеринарлық маңызы зор болып келетін 3-4 туыс қана. Қазақстанда оның 80-90-ға жуық түрі тіркелген. Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Nematocera (ұзын мұрттылар), Тұқымдасы: Tabanidae, Туыстары: Tabanus, Chrysops және Haematopota, Түрлері: Tabanus bovinus, Chrysops convarus, Chrysops sepulcralis, Chrysops relictus, Haematopota turkestanica және т.б Сырт құрылысы: Соналар қос қанатты қан сорғыш жәндіктер арасындағы ең ірілері, олардың дене тұрқы 6-30 мм, пішіні ұзынша. Түріне байланысты олар сары, сұр, қара – қошқыл, қара түсті болады. Басы үлкен, дөңестеу келеді. Көздері үлкен, күрделі, жалтылдап тұрады. Кейбір жерлерде төбесінде үш қарапайым көздері, немесе томпағы бар. Алға қарай 3-4 мүшеден құралған қысқа мұршалары созылған. Ұрғашылардың тұмсығы шанышпалы кескіш, ал еркектерінде жалағыш болып келеді. Тұмсығы бастың төменгі жағында орналасқан. Кеуде енді, салмақты, үш сегменттен тұрады және үш бұрышты қалқанмен аяқталады.Қанаттылардың артында ақ немесе қоңыр – сары зыңылдауықтар орналасқан. Бірінші және соңғы сегменттерінде тыныс тесіктері – стигмолары болады. Аяқтары жақсы жетілген, қысқаша, түкті, дара тырнақшалармен және үш жабысқыш сорғыштармен аяқталады. Құрсағы жалпақ, жеті сегменттен құралған және ұсақ түктері бар. Қан сорғаннан кейін сонаның көлемі үлкейеді (сурет 4).
Сурет 4. Соналар: Tabanus bovinus (сол жақта), Chrysops sepulcralis (ортасы) және Haematopota spp (оң жағы) Өсіп - өнуі: Даму айналымы толық метамарфозды. Шағылысу процесі ауада өтеді. Ұрықтанған соң ұрғашы малға не адамға шабуыл жасайды. Қан сорады, қан соруы 1,5 – 5 минутқа созылады. Сол арада 50-300 мг дейін қан сорылады. Ұрғашысы қанға тойғаннан кейін 3-4 күнде жұмыртқалары пісіп – жетіледі.Сосын ұрғашылар 1-2 сағатта жұмыртқа шашады. Жұмыртқаларды бірнеше қатар етіп өсімдіктерге жабыстырады.Олардың саны 200-ден 1000-ға дейін жетеді. Оларда 2-3 гонотрофикалық дамуы болады. Эмбрионалды кезең ауа райының жағдайына қарай 4-8 күннен үш аптаға дейін созылады. Бұл кезеңде жұмыртқаның ішінде балаң қалыптасады. Сыртқа шыққан балаңдар топ – тобымен жиналып піллә тәріздес болып суға немесе ылғалды жерге орналасады. Органикалық қалдықтармен көректенеді. Бірнеше рет түлеп, тұрқы 4-5 см –ге дейін ұлғаяды. Сонаның балаңдары сигаро тәрізді болып келеді, 12 сегменттен құралады, жерге еніп қыстап шығады. Көктемде балаңдар құрғақ жерге шығады да қуыршақ дәуіріне айналады. Қуыршақ кезеңі 5-7-14-21 күнде аяқталады, ересек сатысы ұшып шығады. Соналардың дамуы бір кейде екі жылға созылады. Індеттанулық мәліметтер: Соналар Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Әсіресе суы мен оты шүйгін жайылымдарда, кейбір аймақтарда бір мезгілде 20-30 түрі бірден байқалады. Ұшу кезеңі - көкек, мамыр айларынан, кыркүйек, қазан айларына дейін. Көбінесе соналар өте ыстық, қапырық кезде ұшады, кейбір түрлері жаңбырдың алдында өте мазасыз келеді. Соналар10-15 шақырым жерге дейін ұша алады. Келтіретін зияны: 1. Уақытша сыртқы тоғышар ретінде: - 50-300 мг шамасында қан сорады - сілекейінде улы заттар бар. Қан сорған жерлерінен біраз уақытқа дейін қан ағып тұрады. Өйткені, сілекейінде антикоагулянтты бар, қан айналу жүйесіне зақым келтіреді. - Тері жарақаттанады, ісінеді, қышиды. - Мал әлсірейді, өнімі төмендейді, сиырлар сүтін азайтады (15-20%-ке дейін), 6-15 кг тірі салмағын жоғалтады. 2. Тасымалдаушы ретінде: - инвазиялық ауруларды таратады: Атап айтқанда түйе мен жылқы трипаносомозы (су ауруы), қой және ірі малда анаплазмозы, ірі қара безноитиозы. - Індет ауруларды таратады: Олар тулерямия, ИНАН топалаң, қарасан, делбе, листериоз, пастереллез. Адамда – ку лихорадка; энцефалит. Тұқымдасы Psychodidae (бөкене шыбын) Psychodidae тұқымдасы келесі туыстардан тұрады: Phlebotomus (бөкене шыбын, үнсіз маса, sand flies, москит) және Sergentomyia Туыстары Phlebotomus және Sergentomyia Оның 300 түрі айқындалған. Бұрынғы Одақта кездесетін үнсіз масалар екі туысқа бөлінеді. Жіктелуі: Патшалық: Animalia, Топтама: Arthropoda (буын аяқтылар), Тап: Insecta (жәндіктер), Тегі: Diptera (қос қанаттылар), Тек тармағы: Nematocera (ұзын мұрттылар), Тұқымдасы: Psychodidae, Туыстары: Phlebotomus және Sergentomyia, Түрлері: Phlebotomus papatasi, Phlebotomus sergenti, Phlebotomus chinensi және т.б. Сырт құрылысы: 1. Имаго. Дене тұрқы 1,5-3,5 мм. Денесі қалың қоңыр сары түкпен қапталған. Басы үлкен емес, екі қара күрделі көзі бар. Басында алдына қарай созылған екі ұзын 16 мүшеден құралған мұртшалары бар. Тұмсығы шанышпалы сорғыш және жалағыш болып келеді. Кеудесі арқа жағынан бүкірлеу болады. Қанаттары енді, сопақтау немесе ланцет тәріздес. Артқы жағында үшкірлеу түкті болады. Жәй кезінде жәндік отырған кезде қанаттары дене өзегіне қарай 45оС граудсқа дейін көтеріліп тұрады. Аяқтары ұзын, жіңішке, табанларында екі тырнақшасы бар. Құрсағы ұзындау 10 буылтықтан құралған, соңғы екі буылтық жыныс ағзаларына айналған (сурет-5). 2. Жұмыртқалары ұзынша - сопақ, ақшыл, қоңырлау, ұзындығы 0,38 мм. 3. Балаңдар - құрт тәріздес, түсі қара, түкті. Ұзындығы 0,8-2,6 мм. 4. Қуыршағы - ұзындығы 3,0 мм, қара қоңыр, түйреуіш секілді ирелеңдеген. Сурет-5. Phlebotomus spp. Даму айналымы: Толық метаморфозды даму, 1,5-2 айда бітеді. Жылына 1-3 ұрпақ береді. Шағылысу процесі өткен соң үнсіз масалардың ұрғашысы қан сорады, сосын сәл ылғалды жерлерге, кеміргіштердің ініне, ағаштың жарығы шытынына, үйлердің астына, қоймаларға, қоқыр – соқырға жұмырталарын салып кетеді. Олардың саны 50-70-тен, 6-7 күннен кейін жұмыртқаларда балаңдар пісіп – жетіледі. 28-35 күнде олар бірнеше рет түлеп қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 10-12 күнге дейін созылады. Сосын ересек жәндік ұшып шығады. Экология және фенологиясы: Үнсіз масалар Молдавияда, Украинада, Кавказда, Орта Азияда, және Қазақстанда кездеседі. Әсіресе, республикамыздың оңтүстік аймақтарында кең орын алған. Ұшу кезеңі көкек, мамыр айларынан, қыркүйек айына дейін. Үнсіз масалар ымыртты жәндіктер. Олар күннің ұясына батар алдында, сосын күн батқан соң 1-2 сағатқа дейін байқалады. Күндіз олар күн түспейтін қараңғы қуыстарға тығылады. 1-1,5 шақырымға дейін ұша алады. Ветеринарлық маңызы немесе келтіретін зияны: 1. Сыртқы тоғышар ретінде малдан, адамнан қан сорып, мазасын алады. Бір сорған кезде 0,4-0,5 мм дейін қан сорып алады. Сілекейіндегі улы заттар теріні өте қатты қышытады. Шаққан жері ісіп, бөрітіп кетеді. Флебодермия деген ауруға айналады. Мал жайылмай арықтап кетеді, азыққа тәбеті болмайды, дене қызуы көтеріледі. 2. Тасымалдаушы ретінде: Кейбір түрлері (Ph. papatasi, Ph. sergenti, Ph. chinensi т.б) итпен, адамның Лейшманиозын тасымалдайды. Беймазалармен күресу шаралары
Бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асады. 1. Беймазаны биотоптарда жою: 1. Гидромелиоративтік шаралар - шаруашылыққа қажеті жоқ, майда өзендерді, көлдерді құрғату; оның орнына жасанды жайылым жасау; гидрогеологиялық режимді ұстау. 2. Химиялық шаралар: а) ларвоцидтік дәрілер: Цифлунит-ON («Нита фарм», Ресей) дәрісін мал қораларында масаны жою үшін 1:400 қатынасында 1 л суға 2 мл дәріні қосып, сіңбейтін беткі қабатқа 1 м2 50 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу; сіңетін беткі қабатқа 1 м2 100 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу. б) Ересек сатыларды жою үшін: 2,5% Диазивет 60% (Ветсинтез, Украина) дәрісін мал қораларының 1м2 аумағын 25-50 мл мөлшерінде шашу арқылы эктопаразиттерге қарсы өңдеу үшін (1 л Диазивет 60% ерітіндісін 24 л суға қосамыз). Шашуды 15-200С 10-20 күндік интервалмен шашу арқылы екі рет жүргіземіз (200С болса 2 рет 5-8 күндік интервалмен). Цифлунит-ON («Нита фарм», Ресей) дәрісін мал қораларында масаны жою үшін 1:400 қатынасында 1 л суға 2 мл дәріні қосып, сіңбейтін беткі қабатқа 1 м2 50 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу; сіңетін беткі қабатқа 1 м2 100 мл мөлшерінде ерітіндіні шашу. Диакан 300 СS (1л мөлшердегі суспензия) – дезинсекция жүргізу үшін суспензияның 50 мл/м2 жүргізу үшін, сонда дәрінің 0,6% жұмсаймыз (1 л дәріні 50 л суға қосамыз); Неопитроид ЕС 20 (флакондағы эмульсия) – 0,1% ерітінді түрінде (25 мл эмульсияны 5 л суға қосамыз) 500-1000 мл мөлшерінде ірі қараға шашамыз; Пирвол (2% аэрозольды баллондағы эмульсия) – 385 мл мөлшерінде 40-45 м2 жерге баллонмен шашамыз. 3. Биологиялық шаралар. Шаруашылыққа керекті өзендерде, көлдерде пайдалы балықтар өсіру. Балықтар беймазалардың балаңдары мен қуыршақтарын жеп көректенеді. 2. Беймазаларды малдың денесінде жою: Инсектицидтерді қолдану: Цифлунит, Адвантикс, Байофлай Пур-он 1% және Неоцидол 600 дәрілерін қолдануға болады:
Энтомологиялық және т.б зерттеулер Энтомологиялық және ауру қоздырушыларын таратуы бойынша зерттеу: Кешенді түрде жүргізіледі: Шаруашылық жағдайын энтомологиялық зерттеу (жәндіктерді жинау), Жәндіктердің түрлерін зертханалық зерттеу, Зертханалық зерттеулер: (a) Серологиялық: ИФТ (ELISA, ИФА) әдісі арқылы Phlebotomus papatasi түрінен Лейшманиоз ауруының қоздырушысын анықтауға болады [ 2 ]. (b) Молекулярлық-биологиялық әдіс: ПТР (PCR, ПЦР) базалық амплификация Anopheles maculipennis түрлерін ажырату үшін рибосомалық ДНК арқылы ITS2 аймағымен секвинациялау арқылы түрлерін молекулярлық деңгейде ажырату үшін қолданылады [ 4 ]. ПТР базалық амплификация Anopheles maculipennis, Culex pipiens pipiens/Culex pipiens molestus түрлерін ажырату үшін COX1 генімен секвинациялау арқылы түрлерін молекулярлық деңгейде ажырату үшін қолданылады [ 6 ]. Semi-quantitative real-time RT-PCR (sqPCR) әдісімен Culicoides туысындағы құмытылардың арбовирустарды тарататынын РНК арқылы анықтайтын базалық әдіс [ 5 ]. ПТР базалық амплификация 16S rRNA генімен секвинациялау арқылы Dermacentor немесе Tabanus туыстарының Anaplasma marginale мен риккетсияларды тарататынын анықтайтын әдіс [ 3 ]. ПТР базалық әдіс тері Лейшманиозын P. papatasi and P. caucasicus түрлерінің тарататынын анықтайтын әдіс [ 1 ].
Әдебиеттер: 1. Abai MA, Rassi Y, Imamian H, Fateh M, Mohebali M, Rafizadeh S, Hajjaran H, Azizi K, Ismaiili M. PCR based on identification of vectors of zoonotic cutaneous leishmaniasis in Shahrood District, central of Iran. Pak J Biol Sci. 2007 Jun 15;10(12):2061-5. 2. Burniston I, Roy L, Picado A, Das M, Rijal S, Rogers M, Coosemans M, Boelaert M, Davies C, Cameron M. Development of an enzyme-linked immunosorbent assay to identify host-feeding preferences of Phlebotomus species (Diptera: Psychodidae) in endemic foci of visceral leishmaniasis in Nepal. J Med Entomol. 2010 Sep;47(5):902-6. 3. Hornok S, Földvári G, Elek V, Naranjo V, Farkas R, de la Fuente J. Molecular identification of Anaplasma marginale and rickettsial endosymbionts in blood-sucking flies (Diptera: Tabanidae, Muscidae) and hard ticks (Acari: Ixodidae). Vet Parasitol. 2008 Jul 4;154(3-4):354-9. doi: 10.1016/j.vetpar.2008.03.019. 4. Ivanescu ML, Acatrinei D, Pavel I, Sulesco T, Miron L. PCR identification of five species from the Anopheles maculipennis complex (Diptera: Culicidae) in North-Eastern Romania. Acta Parasitol. 2015 Jun;60(2):283-9. doi: 10.1515/ap-2015-0040. 5. Veronesi E, Henstock M, Gubbins S, Batten C, Manley R, Barber J, Hoffmann B, Beer M, Attoui H, Mertens PP, Carpenter S. Implicating Culicoides biting midges as vectors of Schmallenberg virus using semi-quantitative RT-PCR. PLoS One. 2013;8(3):e57747. doi: 10.1371/journal.pone.0057747. 6. Werblow A, Flechl E, Klimpel S, Zittra C, Lebl K, Kieser K, Laciny A, Silbermayr K, Melaun C1, Fuehrer HP. Direct PCR of indigenous and invasive mosquito species: a time- and cost-effective technique of mosquito barcoding. Med Vet Entomol. 2016 Mar;30(1):8-13. doi: 10.1111/mve.12154.
№2 Зертханалық сабақ
Тақырып: Тері асты бөгелегінің диагностикасы. Ірі қара гиподерматозы және онымен күрес шаралары Сабақтың мақсаты: Ірі қара гиподерматозын анықтауды үйрену және онымен күрес шараларын жүргізу. Қысқартулар: Б1, Б2, Б3- (балаң құрттың сатылары); ИФА- (иммуноферментный анализ); ИФТ-(иммуноферменттік талдау); ПТР –(полимеразды тізбектік реакция); ПЦР- (полимеразная цепная реакция); CD3+- (Cluster of differentiation: T lymphocyte; дифференцациялау кластері: Т-лимфоцит); ELISA- (enzyme-linked immunosorbent assay); IgG- (Immunoglobulin G); PCR – (Polymerase chain reaction).
2. БөгелектІҢ БАЛАҢ ҚҰРТТАРЫ тудыратын аурулар
Тұқымдасы Oestridae (бөгелектер, bot fly)
Oestridae (бөгелектер) тұқымдасына келесі туыстар жатады: Hypoderma, Oestrus, Rhinoestrus, Cephalopina және Gastrophilus. Ауруды бөгелектің балаң құрттары тудырады. Ауру тудыруына байланысты бөгелектер келесі түрлерге бөлінеді: 1) Тері асты бөгелегіне жататын: Hypoderma туысы, 2) Танау қуысы бөгелектеріне жататындар: Oestrus, Rhinoestrus, Cephalopina туыстары және 3) Қарын бөгелектеріне жататын: Gastrophilus туысы.
Туысы OESTRUS Oestrus туысы тек бір түрден тұрады: Oestrus ovis
Туысы Cephalopina Cephalopina туысы тек бір түрден тұрады: Cephalopina titillator (Clark 1797)
Туысы Gastrophilus Gastrophilus туысы келесі түрлерден тұрады: Gastrophilus intestinalis, Gastrophilus haemorrhoidalis, Gastrophilus peсorum, Gastrophilus veterinus, Gastrophilus inermis, Gastrophilus nigricornis, Gastrophilus flavipes, Gastrophilus nasalis және Gastrophilus magnicornis.
Gastrophilus intestinalis, Gastrophilus haemorrhoidalis, Gastrophilus peсorum, Gastrophilus veterinus, Gastrophilus inermis, Gastrophilus nigricornis, Gastrophilus flavipes, Gastrophilus nasalis және Gastrophilus magnicornis Overview/Cипаттамасы: Gastrophilus spp. (Гастрофилез, Gastrophilosis) – жылқының, сонымен қатар қашырдың және т.б тақтұяқтылардың ас қорыту жолдарында паразиттік тіршілік ететін бөгелектердің балаңдары қоздыратын, стоматитпен, анорексиямен, фарингитпен, қоңдылығының төмендеуімен, іш өтумен, коликпен және атаксиямен сипатталатын энтомоз ауру [ Dart AJ et al., 1987 ]. Gastrophilus spp. түрлерінің балаң құрттары қоздыратын ауруды ғылыми тілмен «Гастрофилез» деп атайды, сонымен қатар халық арасында бөгелек түрлерін «Қарынның үлкен бөгелегі, большой желудочный овод» (G. Intestinalis), «Қызыл құйрықты бөгелек, краснохвостый овод, или усоклей» (G. haemorrhoidalis), «Шөптік немесе шығыс бөгелегі, восточный овод, или травник» (G. peсorum), «12 иелі ішек бөгелегі, кишечный овод» (G. veterinus), «Кіші қарын бөгелегі» (G. inermis), «Қара мұртты бөгелек» (G. nigricoonis), «Есек пен қашыр бөгелегі» (G. flavipes) және «Ұзын мұртты бөгелек» (G. magnicornis). Гастрофилез ауруы кезінде балаң құрттар жылқыларда ас қорыту жолының миаз ауруын тудырады [ Ibrayev B et al., 2015 ]. Балаң құрттар созылмалы гастрит, перитонит, қарынның жарылуы және анемия тудырады [ Hoglund J et al., 1997; Brocard P, Pfister K., 1991 ]. Genomics/Геномика: 1.Митохондриялық геном (mt genome): Ғалымдар G. intestinalis түрінің митохондриялық геномын Қытайда (mt genome) анықтады [ Gao D et al., 2016 ]. Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында анықталған G. intestinalis түрінің митохондриялық геном салмағы 15,687 bp (а base pair) және Қытайдың Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданынан анықталған G. intestinalis түрінің митохондриялық геном салмағы 15,660 bp (а Что способствует осуществлению желаний? Стопроцентная, непоколебимая уверенность в своем... Что будет с Землей, если ось ее сместится на 6666 км? Что будет с Землей? - задался я вопросом... ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры... Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право... Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:
|