Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Казахский Национальный университет имени аль-Фараби





Алматы 2015

«5В030200 – халықаралық құқық» мамандығы бойыншабағдарлама «Халықаралық жария құқық» және «Халықаралық жеке құқық» пәндерінің Типтік бағдарламалары негізінде жасалды.

Автор: С.Ж. Айдарбаев з.ғ.д., халықаралық құқық кафедрасы профессоры, Ж.С. Жүнісов халықаралық құқық кафедрасы аға оқытушысы, халықаралық құқық магистрі.

Бағдарлама халықаралық құқық кафедрасы мәжілісінде қарастырылды

Хаттама № «» 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі __________________ Айдарбаев С.Ж.

 

 

Бағдарлама халықаралық қатынастар факультеті Әдістемелік бюросы мәжілісінде бекітілді

Хаттама № «» 2015 ж.

Әдістемелік бюро төрайымы ____________ Сайрамбаева Ж.Т.

 

 

Бағдарлама Факультеттің Ғылыми Кеңесінде бекітілген

Хаттама №___, «___»____________________2015 ж.

 

Халықаралық қатынастар факультетінің

Ғылыми кеңесінің төрағасы

з.ғ.д., профессор Шакиров К.Н.

 

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

Мемлекеттік емтиханның мазмұны «5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бакалавриаттың оқу жоспарларындағы пәндердің оқу бағдарламаларына сәйкес академиялық, әлеуметтік-тұлғалық және кәсіби құзіреттіліктер негізінде бакалаврларды дайындау деңгейінің талаптарына сай анықталады.

«5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша мемлекеттік емтиханның мақсаты – бітірушілердің дайындықтары деңгейі білім беру стандарттары талаптарына сай келуі дәрежесін анықтау. Сонымен қатар студнттердің мамандық және біліктілікке сәйкес теориялық білімдері мен тәжірибелік машықтары текеріледі. Мақсаттарына, сонымен қатар халықаралық жария құқықтың халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу құралы ретінде студенттердің толық көлемде түсінігін қалыптастыру.

Халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды дамуы Сыртқы істер министрлігі мен сыртқы экономикалық ведомство қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құқықшығармашылық, атқарушылық және құқық қорғау органдарында, сондай ақ кәсіпкерлік салада қызмет атқаратын кез келген заңгердің халықаралық жария және жеке құқық саласындағы білімді иленеуін талап етеді.

Мемлекеттік емтиханның міндеттері:

- жоғарғы білім берудің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқу кезінде оқушылардың жинаған теориялық және тәжірибелік білімдерінің деңгейін анықтау;

- «5В030200 – Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талптарына оқушылардың алған білімі мен машықтарының сәйкестігін анықтау;

- Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығын реттейтін ұлттық заңнамасымен танысу;

- халықаралық құқық саласындағы заңгер ретінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен жеке құрылымдарда жұмыс істеу үшін қажетті машықтарды қалыптастыру.

Бағдарламаға кіретін пәндер тізімі:

Базалық компоненттегі міндетті арнайы пәндер:

1. Халықаралық жария құқық.

2. Халықаралық жеке құқық.

 

Мемлекеттік емтиханды қабылдау нысаны: аралас жазбаша-ауызша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан билетінің сұрақтарына өз жауаптарын жауап қағазына жазады және емтихан комиссиясына ауызша жауап береді. Апелляция жағдайында шағымды қарауға жауап парағындағы жазбалар негіз болады.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫ

1. тақырып. Халықаралық құқық түсінігі, қайнар көздері және негізгі қағидалары

Қазіргі халықаралық жария құқығының түсінігі, белгілері және ерекшеліктері. Халықаралық құқықтық және ұлттық құқықтық жүйелердің арақатынасының негізгі теориялары. Халықаралық құқық қайнар көздері түсінігі мен түрлері. Халықаралық құқықты кодификациялау және оның прогрессивті дамуының мәні мен маңызы. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының түсінігі, маңызы мен олардың жіктелуі. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының нормативтік мазмұны.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

 

2 тақырып. Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік

Халықаралық құқық субъектілерінің түсінігі мен түрлері. Мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, мемлекет тәріздес құрылымдардың, өз тәуелсіздігі үшін күресетін халықтар мен ұлттардың халықаралық құқықсубъектілігі.

Халықаралық құқықтағы тану институты.

Құқықмирасқорлық институтын халықаралық-құқықтық реттеу.

Кеңестер Одағы ыдырауынан кейінгі құқықмирасқорлық институтының ерекшеліктері.

Тұрғын халықтар мәртебесін халықаралық-құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

 

 

3 тақырып. Халықаралық құқықтағы аумақ. Сыртқы қатынастар құқығы

Халықаралық құқықтағы аумақтың түсінігі мен түрлері. Мемлекеттік аумақтың құрылымы және құқықтық режимі. Халықаралық режимдегі аумақтардың құрылымы және құқықтық режимі. Аралас режимдегі аумақтардың құрылымы және құқықтық режимі.

Мемлекеттік шекараның түсінігі және режимі.

Арктиканың және Антарктиканың құқықтық режимі.

Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері. Мемлекеттік сыртқы қатынас органдарының жіктелуі, мәртебесі және функциялары. Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттердің жалпы сипаттамасы. Консулдық мекемелердің құқықтық мәртебесі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Ерджанов Т.К. Международно-правовой статус внутриконтинентальных государств. - Алматы, 2001.

5. Блищенко И.И. Дипломатическое право. - М., 1990.

6. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

7. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

8. Василевская Э.Г. Правовые проблемы освоения Луны и планет. - М., 1986.

9. Клименко В.М. Государственная территория: вопросы теории и практики международного права. - М., 1974.

4 тақырып. Халықаралық жауапкершілік және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу құқығы

Халықаралық жауапкершілік түсінігі, түрлері және нысандары. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу институтының түсінігі мен маңызы, құқықтық мазмұны.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің негізгі құралдары. Халықаралық дауларды халықаралық ұйымдар шегінде шешу.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудегі халықаралық арбитраждық және сот органдарының қызметтері.

Әдебиеттер тізімі:

1.Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

6. Лукашук И.И. Право международной ответственности. - М., 2004.

 

5 тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы. Қарулы қақтығыстар құқығы

Халықаралық қауіпсіздік құқығының түсінігі мен қайнар көздері. Халықаралық қауіпсіздікті әмбебабтық және аймақтық деңгейде қамтамасыз ету тетіктері.

Қарусыздануды халықаралық-құқықтық реттеу. Сенімді бекіту шаралары мен қауіпсіздіктің кепілденген шаралары түрлері, ролі және маңызы.

Халықаралық қауіпсіздіктің ядролық қырлары.

Қарулы қақтығыстар құқығының түсінігі мен қайнар көздері. Қарулы қақтығысқа қатысушылардың құқықтық жағдайы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

5. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

6. Всеобъемлющая система международной безопасности и международное право. - М., 1987.

7. Курс международного права. В 7-ми томах. - М., Наука, 1989-1993.

6 тақырып. Халықаралық әуе, ғарыш, теңіз, экономикалық және экологиялық құқығы

Халықаралық әуе құқығының түсінігі, қайнар көздері және қағидалары. Халықаралық әуе қатынастарын құқықтық реттеу.

Халықаралық ғарыш құқығының түсінігі, қайнар көздері және қағидалары. Ғарыш кеңістігі мен аспан денелерінің құқықтық режимі. Ғарыш объектілері мен ғарышкерлердің құқықтық мәртебесі.

Халықаралық теңіз құқығы түсінігі мен қайнар көздері. Теңіз кеңістіктерінің құқықтық режимі.

Халықаралық экономикалық құқықтың түсінігі, қайнар көздері және қағидалары. Экономикалық құқық аясындағы халықаралық ұйымдар.

Халықаралық экологиялық құқықтың түсінігі, қайнар көздері және қағидалары. Қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы халықаралық құрылымдар қызметі.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 2013.

2. Айдарбаев С.Ж., Шумилов В.М. Международное публичное право. Учебное пособие. – Алматы, 2012.

3. Василевская Э.Г. Правовые проблемы освоения Луны и планет. - М., 1986.

4. Ерджанов Т.К. Международное право. Учебник. - Алматы, 2006.

5. Колбасов О.С. Международно-правовая охрана окружающей среды. - М., 1982.

6. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық. Оқулық. - Алматы, 2003.

7. Сарсембаев М.А. Международное право. Уч. пособие. - Алматы, 1996.

8. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. - М., 1980.

2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚ

 

1 тақырып. Халықаралық жеке құқықтың жалпы түсінігі

Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен ерекшеліктері.

Коллизиялық және материалдық-құқықтық реттеу әдістері. Коллизиялық байланыстардың түсінігі мен құрылымы. Құқықтық қатынастарды реттеудегі материалдық-құқықтық нормалардың орны мен ролі.

Коллизиялық нормаларды қолдану кезіндегі құқықтық түсініктерді саралау. Үшінші елдердің құқығына кері сілтеме жасау мәселесі. Жария тәртіп жөніндегі ескертпе. Қолайлы жағдай жасау режимі. Ұлттық режим түсінігі. Қазақстанда шетелдік азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесін анықтау кезіндегі ұлттық режим қағидасы. Қазақстан заңнамасындағы коллизиялық нормалар.

Әдебиеттер тізімі:

1. Международное частное право. Учебное пособие /под ред. М.А. Сарсембаева. - Алматы, 1998.

2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

3. Республика Казахстан и актуальные проблемы международного частного права: мат-лы круглого стола (9 января 2008 г.) /Отв.ред. С.Ж. Айдарбаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2008.

4. Богуславский М.М. Международное частное право. - М., 2010.

 

2 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заңды және жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы

Әртүрлі мемлекеттердегі шетелдіктердің жағдайы. Қазақстандағы шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың азматтық құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі.

Заңды тұлғалардың халықаралық шаруашылық қатынастарға қатысуы және олардың мемлекетке қатыстылығын анықтау. Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын реттейтін Қазақстан заңнамасы мен халықаралық шарттар ережелері. Азаматтық-құқықтық қатынастардағы заңды тұлғалар құқыққабалеттілігінің көлемі. Заңды тұлғаның жауапкершілігі. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың түрлері.

Әдебиеттер тізімі:

1. Международное частное право. Учебное пособие /под ред. М.А. Сарсембаева. - Алматы, 1998.

2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

3. Ануфриева Л.П. Международное частное право. В 3-х т. – М., 2002.

4. Богуславский М.М. Международное частное право. - М., Юрист, 1998.

 

3 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар

Халықаралық қатынастардағы меншік мәселелері.

Меншіктің коллизиялық мәселелері.

Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу. Инвестициялық мәселелерге қатысты халықаралық-құқықтық құжаттар. Қазақстанның және шетелдегі қазақстандық заңды тұлғалардың меншігінің құқықтық жағдайы.

Әртүрлі елдердердің еркін экономикалық аймақтарындағы шетелдік инвестициялар. Қазақстан аумағындағы еркін экономикалық аймақтар.

Әдебиеттер тізімі:

1. Мауленов К.С. Государственное управление и правовое регулирование в сфере иностранных инвестиций. – Алматы, 2000.

2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

3. Право и собственность в Республике Казахстан. /Отв. ред. М.К. Сулейменов. – Алматы, 1997.

4. Сарсембаев М.А. Правовой статус экономических зон Казахстана и мира. - Алматы, 2002.

5. Ануфриева Л.П. Международное частное право. В 3-х т. – М., 2002.

 

 

4 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы сыртқы экономикалық шарттар

Сыртқы экономикалық мәмілелер түсінігі. Шарт нысаны.

Сыртқы саудадағы сатып алу-сату бойынша халықаралық әмбебап конвенциялар. Типтік шарттар. Сауда терминдері. Жеткізілімнің жалпы шарттары. Өтемдік (компенсациялық) келісімдер. Техникалық көмек көрсету және кәсіпорындарды салу бойынша контрактілер. Концессиялық және басқа да келісімдер. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы шарттар.

Әдебиеттер тізімі:

1. Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению к международным договорам купли-продажи товаров. - Алматы, 1999.

2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

3. Право и внешнеэкономическая деятельность в РК / Отв. ред. М.К. Сулейменов. - Алматы, 2001.

4. Ануфриева Л.П. Международное частное право. В 3-х т. – М., 2002.

 

5 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық тасымалдау

Халықаралық тасымалдау түсінігі. Халықаралық темір жол тасымалы. Халықаралық автомобиль тасымалы. Халықаралық әуе тасымалы. Халықаралық теңіз тасымалы. Халықаралық тасымалдау мәселелері бойынша халықаралық-құқықтық актілер.

Әдебиеттер тізімі:

1. Международное частное право. Учебное пособие /Под ред. М.А. Сарсембаева. - Алматы, 1998.

2. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

3. Тулеугалиев Г.И., Тулеугалиев М.Г. Международное транспортное право. - Алматы, 2001.

4. Ануфриева Л.П. Международное частное право. В 3-х т. – М., 2002.

5. Иванов Г.Г., Маковский А.Л. Международное частное морское право. - М., 1984.

6. Малеев Ю.Н. Международное воздушное право: вопросы теории и практики. - М., 1986.

 

6 тақырып. Халықаралық жеке құқықтағы дауларды сот тәртібімен қарау

Халықаралық азаматтық іс жүргізу түсінігі. Азаматтық іс жүргізу бойынша Қазақстанның негізгі заңдары. Қазақстандағы сотпен қорғану құқығы және шетелдіктердің азаматтық іс жүргізу құқығы. Шетелдік мемлекеттің процессуалдық жағдайы.

Шетелдік құқық мазмұнын анықтау.

Шетелдік соттар шешімін мойындау және орындау.

Арбитраж түсінігі және төрелік (арбитраждық) соттар түрлері. Арбитраждық келісім түсінігі. Халықаралық сауда арбитражы туралы ЮНСИТРАЛ Типтік заңы.

Әдебиеттер тізімі:

1. Айдарбаев С.Ж., Ешниязов Н.С. Халықаралық азаматтық процесс. – Алматы, 2012.

2. Айдарбаев С.Ж., Түменбаев С.А. Қазақстан Республикасының және шетелдердің азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы, 2012.

3. Международный коммерческий арбитраж. Сборник статей и документов / Отв. ред. П.Я. Грешников. - Алматы. 2002.

4. Международное частное право. Учебное пособие /Под ред. М.А. Сарсембаева. - Алматы, 1998.

5. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. - Алматы, 2011.

6. Нешатаева Т.Н. Международный гражданский процесс. Учебный курс. - М., 2004.

7. Федоров А.Г. Международный коммерческий арбитраж. - М., 2000.

8. Шак Х. Международное гражданское процессуальное право. Перевод с нем. - М., 2001.

мемлекеттік емтихан сұрақтары

1. Халықаралық жария құқық

1. Халықаралық жүйенің түсінігі және оның құрамдас бөліктері.

2. Халықаралық және ішкімемлекеттік құқықтардың арақатынасы.

3. Халықаралық жария құқық және халықаралық жеке құқық: арақатынасы және өзара әрекеттесуі.

4. Халықаралық құқықтың тарихы.

5. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.

6. Халықаралық-құқықтық нормалар, олардың түрлері мен құрылымы.

7. Халықаралық құқықтың кодификациялануы.

8. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.

9. Күш қолданбаудың халықаралық-құқықтық қағидасы.

10. Мемлекеттік аумақтықтың біртұтастығы халықаралық-құқықтық қағидасы. Қырым жарты аралының Ресейдің юрисдикциясына өтуінің құқықтық қырлары.

11. Шекараның қол сұғылмаушылығы мен бұзылмастығы халықаралық-құқықтық қағидасы.

12. Мемлекеттердің ішкі істеріне араласпауы халықаралық-құқықтық қағидасы.

13. Мемлекеттер егемендігінің теңдігі халықаралық-құқықтық қағидасы.

14. Халықаралық құқық бойынша міндеттемелерді адал орындау халықаралық-құқықтық қағидасы.

15. Адам құқығын құрметтеу халықаралық-құқықтық қағидасы.

16. Халықтардың тең құқылығы және өзін-өзі анықтау халықаралық-құқықтық қағидасы.

17. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу халықаралық-құқықтық қағидасы.

18. Халықаралық құқық субъектілері.

19. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер егемендігі мәселелері.

20. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер юрисдикциясы мәселелері.

21. Халықаралық құқықтағы мемлекеттер иммунитеті мәселелері.

22. Мемлекеттер конституциясы және халықаралық құқық.

23. Халықаралық құқықтағы тану институты.

24. Халықаралық құқықтағы жартылай танылған және танылмаған мемлекеттер (Саяси-құқықтық және экономикалық қырлары).

25. Халықаралық құқықтағы құқықмирасқорлық институты.

26. КСРО ыдырағаннан кейінгі құқықмирасқорлық мәселелерін шешу.

27. Халықаралық шарттардың түсінігі мен түрлері.

28. Шарттарды жасасу сатылары.

29. Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы.

30. Сыртқы қатынас құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде.

31. Мемлекеттердің сыртқы қатынас органдарының жіктелуі.

32. Құқыққа қайшы әрекеттер үшін халықаралық-құқықтық жауапкершілік.

33. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және мазмұны.

34. Құқыққа сай әрекеттерден туындаған зиянды салдар үшін жауапкершілік.

35. Халықаралық құқықтағы тұрғын-халықтар. Бипатридтер мен апатридтердің құқықтық мәртебесі.

36. Халықаралық қауіпсіздік құқығы халықаралық құқықтың саласы ретінде.

37. Халықаралық құқықтағы жаппай қырып-жою қаруы туралы мәселе.

38. Стратегиялық және қарапайым қарулануды халықаралық-құқықтық реттеу.

39. Халықаралық құқықтағы қарусыздану мәселесі.

40. Халықаралық гуманитарлық құқықтың түсінігі. Қарулы қақтығыс қатысушыларының құқықтық мәртебесі.

41. Қарулы қақтығыс құрбандарын халықаралық-құқықтық қорғау.

42. Соғыс жүргізудің тыйым салынған әдістері мен құралдары.

43. Халықаралық құқықтағы бейтараптылық институты.

44. Халықаралық экономикалық құқықтың пәні мен жүйесі.

45. Халықаралық экономикалық құқықтың қағидалары.

46. Халықаралық сауда жүйесі және оның құрамдас бөліктері.

47. Халықаралық сауда құқығының түсінігі және қағидалары.

48. Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ): жалпы сипаттамасы.

49. ДСҰ құқығы және оның ерекшеліктері.

50. Халықаралық қаржылық жүйе және халықаралық қаржылық құқық: жалпы сипаттамасы.

51. Көпжақты валюталық жүйе: жалпы сипаттамасы.

52. Халықаралық инвестициялық жүйе және халықаралық инвестициялық құқық: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

53. Қылмыстылықпен күрестегі мемлекеттер ынтымақтастығы.

54. Халықаралық құқықтағы адам құқығы.

55. Халықаралық қылмыстық құқық: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

56. Терроризммен халықаралық-құқықтық күрес.

57. Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі.

58. Халықаралық экологилық құқық: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

59. Халықаралық теңіз құқығы: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

60. Суэц, Киль және Панама каналдарының халықаралық-құқықтық режимі.

61. Халықаралық әуе құқығы: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

62. Халықаралық коммерциялық әуе қатынастарын құықтық реттеу.

63. Халықаралық ғарыш құқығы: түсінігі және жалпы сипаттамасы.

64. БҰҰ халықаралық соты. Жалпы сипаттама.

65. Халықаралық сот мекемелері (Халықаралық қылмыстық сот,теңіз құқығы бойынша Халықаралық трибунал, басқа да халықарлық трибуналдар және арнайы соттар).

66. ТМД-ның халықаралық-құқықтық мәртебесі және оның келешегі.

67. ТМД қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық негіздері (мақсаттары, мүшелік, органдары).

68. Еуразиялық экономикалық одақ: қалыптасуы және келешегі.

69. Нұрлы жол – гоесаяси дағдарыс және санкциялық саясат жағдайындағы болашаққа жол.

70. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстанның дәйекті де болжамды сыртқы саясаты.

 

 

2. Халықаралық жеке құқық

1. Халықаралық жеке құқықтың түсінігі мен құқықтық табиғаты. Халықаралық жеке құқықтың басқа құқық салаларымен арақатынасы.

2. Халықаралық жеке құқықтың реттеу әдістері.

3. Халықаралық жеке құқықтың қайнар көздері. Халықаралық жеке құқық нормаларын унификациялау.

4. Коллизиялық нормалардың түсінігі, құрылымы және түрлері.

5. Коллизиялық норманың заңи түсінігінің дәрежеленуі. Алдын ала коллизиялық мәселе.

6. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдік құқық мазмұнын анықтау.

7. Үшінші елдің құқығына кері сілтеме және сілтеме.

8. Жария тәртіп туралы ескертпе, халықаралық жеке құқықтағы императивтік нормаларды қолдану және заңды айналып өту.

9. Халықаралық жеке құқықтағы өзаралық және реторсиялар (материалдық, процессуалдық және коллизиялық қырлары).

10. Халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы.

11. Халықаралық жеке құқықтағы заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы.

12. Халықаралық жеке құқықтағы мемлекеттердің құқықтық жағдайы.

13. Халықаралық жеке құқықтағы шетелдіктерге қолданылатын режимдер. ҚР заңнамасындағы шетелдік жеке және заңды тұлғалар құқықтарына арнайы шектеулер.

14. Халықаралық жеке құқықтағы заттық құқықтар.

15. Халықаралық жеке құқықтағы мәміленің (шарттың) формальды статуты. Сыртқы экономикалық мәмілелер түсінігі және дәрежелейтін белгілері.

16. Халықаралық жеке құқықтағы шарттардың міндеттемелік статуты.

17. Сыртқы экономикалық мәмілелер бойынша есеп айырысу нысандары (чек, вексель, инкассо, аккредитив).

18. ИНКОТЕРМС терминдерін талқылайтын Ереженің жалпы мазмұны.

19. Халықаралық жеке құқықтағы шарттан тыс міндеттемелер.

20. Некеге тұрудың коллизиялық мәселелері.

21. Некені бұзудың коллизиялық мәселелері.

22. Отбасы мүшелері арасындағы мүліктік, мүліктік емес, сондай ақ алименттік қатынастардың коллизиялық мәселелері.

23. Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу.

24. Халықаралық жеке құқықтағы мұра мәселесі.

25. Халықаралық жеке құқықтағы зияткерлік меншік.

26. Халықаралық азаматтық іс жүргізу.

27. Шетелдіктер қатысатын істер бойынша соттылықты анықтау. Қазақстандық азаматтық іс жүргізу кодексінде қарастырылатын ережелер.

28. Юрисдикциялар қақтығысы. Шектеулі және баламалы құзірет.

29. Халықаралық жеке құқықтағы құжаттарды консулдық заңдастыру. Апостиль.

30. Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау.

31. Халықаралық коммерциялық арбитраждың заңи табиғаты. Арбитраждық келісім түсінігі мен түрлері.

32. Арбитраждық өндірістің алдын ала мәселелері (арбитраждың орнын, тілін, құрамын, құзіретін, регламентін анықтау).

33. Арбитраждық өндірістің негізгі сатылары (талап арызды беру және талап бойынша қарсылық білдіру, дауды мәні бойынша қарау, арбитраж шешіміне қосымшалар және түзетілер, арбитраждық шығыстарды жабу).

34. Шетелдік сот тапсырысын орындау.

35. Шетелдік арбираж шешімдерін тану және орындау.

36. «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлі.

Емтихан нәтижелерін бағалау шкаласы

Билет өзіне 3 сұрақты қамтиды. Пән бойынша әрбір сұрақ 100% бағаланады.

 

 

Әріптік жүйе бойынша бағалау Балдардың сандық баламасы %-дық мәні Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F   0-49 Қанағаттанарлық емес

 

«А» бағасы, егер білім алушы:

- материалдың мазмұнын бағдарламада көзделген көлемде толығымен ашқан жағдайда;

- материалды белгілі бір логикалық бірізділік бойынша сауатты тілмен баяндаған жағдайда;

- теориялық ережелерді нақты мысалдармен келтіре білген жағдайда;

- бұрын өткен сауалдарды меңгерген, жауап беру кезінде өз білімі мен дағдыларын нақты және ұйымдасқан түрде жауап берген жағдайда қойылады.

«А-» бағасы, егер:

– қосымша сұрақтарға жауп беру кезінде бір-екі қателіктер жіберген жағдайда;

– жұмысында білместік пен оқу материалын түсінбегендіктің салдары болып саналмайтын бір-екі түрлі дәлсіздіктер мен жаңылыстар болған жағдайда қойылады.

«В+» бағасы, егер:

– жұмыс толығымен орындалған, бірақ шешімді негіздеу қадамдары жеткіліксіз болған жағдайда қойылады.

«В» бағасы, егер:

– баяндауда жауаптың логикалық және ақпараттық мазмұнын бұрмаламайтын бірнеше қателіктер жіберілген жағдайда;

– жауаптың негізгі мазмұнын баяндауда бір-екі кемшіліктер жіберген жағдайда қойылады.

«В-» бағасы, егер:

– қосымша сұрақтарды баяндауда қателіктер жіберген немесе екіден астам кемшіліктер жіберген жағдайда қойылады.

«С+» бағасы, егер:

материалдыңмазмұнытолығымен немесе жүйелі түрде ашылмаса, бірақ жауапты жалпы түсінгенде және бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге жеткілікті білімді көрсеткенде, түсініктерді анықтауда, терминді қолдануда қиындықтар мен қателіктер жіберген жағдайда қойылады.

«С» бағасы, егер:

– тәжірибелік тапсырманы орындау кезінде теорияны жаңа жағдайда қолдана алмаған жағдайда қойылады.

«С-» бағасы, егер:

– теориялық материалдың білімін аңғару кезінде негізгі біліктілік пен машықтардың жеткіліксіз қалыптасқандығын байқатқан жағдайда қойылады.

«Д+» бағасы, егер:

– оқу материалының негізгі мазмұны ашылмаған жағдайда;

– оқу материалын білмеген немесе оның анағұрлым немесе маңызды бөлігін түсінбегендігі анықталған жағдайда қойылады.

«Д» бағасы, егер:

– терминдерді пайдалану кезінде түсініктерді анықтауда қателіктер жіберген жағдайда қойылады.

«F» бағасы, егер:

– жұмыста білім алушының тексеріліп отырған пән бойынша міндетті білімі мен машықтарының толығымен жоқтығын байқатқан жағдайда қойылады.

 


ПРОГРАММА

Алматы 2015

Программа по специальности 5В030200-Международное право подготовлена на основании Типовых программ по предметам «Международное публичное право» и «Международное частное право»

Авторы: д.ю.н., профессор кафедры Айдарбаев С.Ж., старший преподавател кафедры, магистр международного права Ж.С. Жунисов.

 

 

Программа рассмотрена на заседании кафедры международного права

Протокол от «» 2015 г.

Зав. кафедрой__________________ Айдарбаев С.Ж.

 

 

Программа утверждена на заседании Методбюро факультета международных отношений

Протокол от «» 2015 г.

Председатель Методбюро___________ Сайрамбаева Ж.Т.

 

 

Утверждена на заседании Ученого совета факультета

Протокол № от «___»____________________2015 г.

 

Председатель Ученого совета факультета

международных отношений

д.ю.н., профессор Шакиров К.Н.

 

ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА

Содержание государственного экзамена определяется программой по специальности «5В030200 – международное право» в соответствии с требованиями к уровню подготовки бакалавров на основе формирования академических, социально-личностных и профессиональных компетенций, в соответствии с действующими учебными программами дисциплин учебных планов бакалавриата.

Цель го<







ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Конфликты в семейной жизни. Как это изменить? Редкий брак и взаимоотношения существуют без конфликтов и напряженности. Через это проходят все...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.