Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ





Тақырыбы «Жұқпалы аурулар» 09_

$$$001

Бактериалды дизентерияда улкен дәреттің түрі:

A) «Батпақ мүгі»

B) «Ректалді түкірік»

C) «Бұршақ ботқасындай»

D) «Таңқурай танбасынбай»

E) «Күріш қайнатпасы»

{Дұрыс жауабы}= В

 

 

$$$003

32 жастағы ер азамат 4 күннен бері субфебрильді температура, «иттің абала» жөтел, тамағының қарлығуы, дауысының шықпауы пайда болды. Жұмыс орнында осындай көріністерімен бір неше адамдар ауырды.

Сіздің болжам диагнозыңыз:

A) Парагрипп

B) Аденовирусты инфекция

C) Энтеровирусты инфекция

D) Грипп

E) Риновирусты инфекция

{Дұрыс жауабы}=А

 

$$$004

28 жастағы әйел сүйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің, басының ауырсынуына, мұрнының бітелуіне, құрғақ жөтел,тамағының аздап ауырсынуына шағымданады. 10 күннен бері дене қызуының субфебрильді болуы сақталуда. Эпигастрий аймағының ауырсынуы, 1-2 рет ішінің өтуі болған. Қараған кезде: склерасының қан тамырларының инъекциясы және конъюнктивиті, жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы, полилимфоаденопатия байқалады. Сіздің болжам диагнозыңыз?

A) РС инфекция

B) Грипп

C) Аденовирусты инфекция

D) Парагрипп

E) Риновирусты инфекция

{Дұрыс жауабы}=С

 

$$$005

44 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ºС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Нақты зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) Қанды бактериологиялық зерттеу

B) Комплемент байланыстыру реакциясы

C) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

D) Копрология

E) Полимеразды тізбектік реакциясы

{Дұрыс жауабы}=С

 

$$$006

33 жастағы еразамат тұрмыстық жағдайы төмен жұқпалы аурулар ауруханасына қызба, қалтырау, басының ауырсынуы, бөртпелердің шығуымен шағымданып келген. Клинико-эпидемиологиялық диагноз «Эпидемиялық бөртпелі сүзек» қойылды. Ең тиімді этиотропты препаратты көрсетіңіз:

A) Трихопол

B) Пенициллин

C) Фуразолидон

D) Доксицилин

E) Стрептомицин

{Дұрыс жауабы}=D

 

Тақырыбы «Жұқпалы аурулар» 09_

$$$001

Бауыр комасының негізі белгісі:

A) Естің толық айырылуы және рефлекстердің болмағандығы

B) Сопор, рефлекстердің тежелеуі

C) Қозу, рефлекстердің жоғарлауы

D) Тежелу, рефлекстердің сақталуы

E) Тырысулар, рефлекстердің сақталуы

{Дұрыс жауабы}=А

 

$$$003

20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ºС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейк. – 20х109/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромб. – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Қандай аурулар туралы ойлануға болады?

A) Грипп, асқынуы менингит

B) Менингококкты инфекция, менингит

C) Менингококкты инфекция, менингит + менингококкемия

D) Менингококкты инфекция, менингококкемия

E) Екіншілік іріңді менингит

{Дұрыс жауабы}=С

 

$$$004

34 жастағы еркісі ауруының 2-ші күні ішінің ұстама тәрізді ауырсынуы, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, тәулігіне 15 – ретке дейін ішінің өтуіне шағымданады. Қараған кезде: дене қызуы 38,8ºС. АҚ- 100/70мм с.бағ. Пульс 92 рет мин. Сигма тәрізді ішегі қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Үлкен дәреті аз мөлшерде, кілегей, қан аралас. Зерттеу әдісін таңдаңыз:

A) Қанды бактериологиялық зерттеу

B) Комплемент байланыстыру реакциясы

C) Полимеразды тізбектік реакциясы

D) Копрология

E) Нәжісті бактериологиялық зерттеу

{Дұрыс жауабы}=Е

 

$$$005

20 жастағы еразамат, ауру жедел басталған дене қызыуы 40ºС–қа дейін көтерілген, басының ауырсынуы, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, аяқ және бел аймағының бұлшық еттерінің ауырсынуы. Келесі күні сан, жамбас,балтырда геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Тері жамылғылары бозғылт түсті. Мойын бұлшық еттерінің құрысуы байқалады. АҚ – 90/60мм.с.бағ. пульс 100 рет мин. Лабораторлы зерттеулері: ЖҚА: лейкоцит – 20х10 9/л лейкоцитарлы формуланың солға ығысуымен, ЭТЖ – 40 мм/сағ, тромбоциттер – 120000. Жұлын сұйықтығының зерттеуінде: бұлдыр, қысыммен шығады, Панди (+++), нейтрофильдермен байланысты цитоз анықталды. Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапияның компоненті болып табылады:

A) Регидратация

B) Дегидратация

C) Гемостатикалық терапия

D) Десенсибилизация

E) Серотерапия

{Дұрыс жауабы}=В

 

$$$006

50 жастағы еразамат тері зауытында жұмыс істейді. Ауруы жедел басталған дене қызуының 39ºС-қа көтерілуі, қалтырау, айқын тершеңдік. Қатты жөтел қан аралас қақырықпен, науқастың санасы тежелген. Жалпы жағдайы ауырлық дәрежеде жалпы интоксикация және тыныс шамасыздық белгілеріне байланысты. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. Этиотропты емге препаратты таңдаңыз:

A) Стрептомицин

B) Канамицин

C) доксициклин

D) Цефтриаксон

E) Бисептол

{Дұрыс жауабы}= D

 

 

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

 

 

ЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙЙ

 

01_09_қаз

 

$$$001

АИТВ (адам иммунды тапшылық витусы)-мен залалданған кезде қай белгі ең ерте пайда болады?

А) Ас қорыту жүйенің зақымдалуы

В) Лимфатикалық жүйенің зақымдалуы

С) Тыныс алу жүйенің зақымдалуы

D) Шеткі нерв жүйенің зақымдалуы

Е) Жүрек қан тамыр жүйенің зақымдалуы

{Дұрыс жауап}= B

 

$$$004

40 жастағы науқас, диагнозы «Вирусты гепатит В», сарғаю сатысының 10-шы күнінде қорқынышты түс көруіне, бастың айналуына, бір жаққа «түсіп кету» сезіміне шағымданады.

Объективті: уақыт және кеңістік ориентациясы бұзылған, саусақ ұштарының треморы, ауызынан «бауыр иісі» шығады, склерасы мен тері қабаты интенсивті сарғайған, бауырдың консистенциясы жұмсақ, эластикалық.

Ауру ағымын бағалаңыз.

А) Вирусты гепатит В, ауыр ағымы

В) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, IV дәреже

С) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, III дәреже

D) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, II дәреже

Е) Жедел бауыр энцелофалопатиясы, I дәреже

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$005

17 жасар ер бала, аудандық ауруханаға терапевт дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы көтерілген, қалтырау, тершеңдік. Ауырғанына 2 ай болған, қалтырау, кешкі уақытта дене қызуы 39°С дейін көтерілуі байқалған, түнгі уақытта тершеңдік, тізе буындарының ауырсынуы болған. Жанүйясында науқастар жоқ.

Объективті: t 36,3°С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, жақ асты және қолтық асты лимфатүйіндері ұлғайған. Гепатомегалия, спленомегалия.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

А) Біріншілік созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

В) Біріншілік созылмалы бруцеллёз, субкомпенсация

С) Екіншілік-созылмалы бруцеллёз, декомпенсация

D) Жеделдеу (баяу) бруцеллёз

Е) Жедел бруцеллёз

{Дұрыс жауап}= E

 

$$$006

32 жасар ер адам, азық-түлік қоймасының жұмысшысы, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Шағымдары: дене қызуы 39°С, қалтырау, тершеңдік, бастың ауырсынуы, бұлшық еттердің, буындардың, іштің ауырсынуы. Ауырғанына 6 күн болған.

Объективті: беті, мойыны қызарған, склерит. Аяқ-қол, дене тері қабаттарында, әсіресе аяқ-қол бүгілісінде шоғарланған ұсақ, нүктелі қызыл түсті бөртпелер байқалады. Тілі «таңқұрай» тәрізді, іші бос, жұмсақ, оң жақ мықын аймағының ауырсынуы бар, бауыр 2 см қабырға астынан шығып тұр. Сіздің болжам диагнозыңыз.

А) Псевдотуберкулёз

В) Скарлатина

С) Лептоспироз

D) Қызылша

Е) Листериоз

{Дұрыс жауап}=A

 

$$$007

35 жастағы әйел адам келесі шағымдармен аудандық ауруханаға келді: 40°С-дейін дене қызыуның көтерілуі, әлсіздік, бастың ауруы. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезі бойынша: науқас мал дәрігері болып жұмыс істейді. Жанұйясында барлығы сау.Объективно: оң жақ қолдың сыртқы тері жамылғысында көлемі 3мм серозды-геморрагиялық сұйықтықпен пустула байқалады. Оң жақ қолы иығына дейін ісінген. Стефанский симптомы оң. Оң жақ қолтық асты лимфа түйіні ұлғайған.

Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?

А) Дексаметазон

В) Сарысу

С) Интерферон

D) Иммуноглобуллин

Е) Вакцина

{Дұрыс жауап}=D

 

$$$009

25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39° С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі ауырсынады, түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.

Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?

A) Серологиялық зерттеу

B) Паразитологиялық зерттеу

C) Биохимиялық зерттеу

D) Бактериологиялық зерттеу

E) Копроцитологиялық зерттеу

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$010

45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағындағы ауырсыну, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.

Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ 80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД -38 /мин.

Болжам диагноз қандай?

А) Кенелі энцефалит

В) Энтеовирусты инфекция

С) Ботулизм

D) Сіреспе

Е) Құтыру

{Дұрыс жауап}=C

 

$$$011

55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуілік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын вирусты гепатитпен ауырған.

Қарағанда: іші кепкен, аяқтары ісінкі, іш аймағындағы тері қабатында венозды сызықтың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.

Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:

А) Бауырдың биохимиялық сынамасы
В) Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау  
С) Несепті өт пигметтеріне зерттеу  
D) Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ  
Е) Зонд арқылы өтті тексеруге алу  
   

{Дұрыс жауап}=E

 

$$$012

16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.

Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет?
А) Пенициллин  
В) Левомицетин  
С) Тетрациклин  
D) Цефтриаксон  
Е) Кларитромицин  

{Дұрыс жауап}=B

 

ФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФФ

01_09_қаз

Терапия 01_

Тақырып «Инфекциялық аурулар» 09_

 

$$$001

Сарғаю алды кезеңіндегі вирусты гепатитті диагностикалау мақсатында қолданылатын бихимиялық көрсеткіш:

A) АЛТ белсенділігі

B) билирубин деңгейі

C) тимол сынамасы

D) сулема титрі

E) сілтілі фосфатаза

{ Дұрыс жауабы }=A

 

$$$002

Вирусты гепатит В-ның қай маркері қанда анықталмайды.

A) Hbs Ag

B) HbсAg

C) HbeAgIg M

D) HbeAgIg G

E) HbeAg

{Дұрыс жауабы}=В

 

$$$004

Науқас А. 27 жаста, сырқатының 8-ші күні келесі шағымдармен келді: басының ауырсынуы, ұйқысының қашуы, дене қызуы (4 күн бойы) 39,5°C көтерілген, тәбетінің болмауы. Ауруы біртіндеп дамыды. Обьективті: терісі бозарған, ішінде біраз розеола тәрізді бөртпе, пульс 82 рет минутына (дене қызуы 39,5°C болып тұрғанда), ішінің вздутие живота, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, Падалка симптомының оң болуы. Қандай зерттеу диагнозды негіздейді?

A) биосынама

B) ИФА

C) микроскопия

D) Гемокультура

E) Райт реакциясы

{Дұрыс жауабы}= D

 

$$$005

Науқас Н., 20 жаста, ауруханаға ауруының 2-ші күні сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуына, жиі,сұйық нәжісінің шырыш және қан аралас болуына (күніне 20 ретке дейін), дене температурасы 39,5°C жоғарылауына, жалған шақыруларға, жүрек айнуына, қайталамалы құсуға, әлсіздікке шағымданады. Берілген сырқатқа негізгі емді тағайындаңыз.

A) этиотропты

B) патогенетикалық

C) регидрациялық

D) дегидрациялық

E) симптоматикалық

{Дұрыс жауабы}=А

 

$$$006

Дәрігерге 20 жастағы шабан қаралды, бұл науқаста мынандай симптомокомплекс анықталды: аурудың жедел басталуы, 6 апта бойы толқын тәрізді қызба, қалтырау, түнгі уақыттағы тершеңдік, лимфа түйіндерінің, бауыры, көкбауырының ұлғаюы, оң жақ тізе буының ауырсынуы және ісінуі. Болжам диагнозды қай реакция арқылы нақтылауға болады.

A) Видаль реакциясы

B) Пауль-Буннель реакциясы

C) Комплементтердің байланысу реакциясы

D) Райт реакциясы

E) Тура емес гемаглютинация реакциясы

{Дұрыс жауабы}= D

 

$$$007

Науқас Ж, 67 жаста, енжарлыққа, жара аймағы бұлшық еттерінің кернеп тартылуына шағымданып жанұялық дәрігерлік амбулаторияға келді. Бақшада жұмыс істеп жүргенде оң аяғының табанын терең жарақаттанған соң 12 күннен кейін ауырған. 2 күннен кейін аузын ашу және тамақты шайнау қиындаған, жұтынғанда ауырсыну пайда болған. Одан кейін бет бұлшық еттері қатайып, кеудесінде қысу сезімі пайда болған. Болжам диагнозыңыз.

А) Құтыру

В) Сіреспе

С) Кене энцефалиті

D) Жара ботулизмі

E) Менингит

{Дұрыс жауабы }=В

 

$$$008

Емханаға 25 жастағы әйел адам дене температурасының 37,8 көтерілуіне, тәбетінің төмендеуіне, тамағының ауырсынуына шағымданып келді. Эпид. анамнез: жұқпалы аурулармен қатынаста болмаған. Объективті: терісі таза, бозғылт. Ауыз қуысында – тілшеде, таңдай доғасында қызыл шеңбермен қоршалған везикулезді элементтер. Жақ асты, алдыңғы және артқы мойын лимфа түйіндері үлкейген. Ағзалар бойынша патология жоқ. Дұрыс диагноз қойыңыз.

А) Лакунарлық баспа

В) ЖРВИ, жедел бронхит

С) Фолекулярлы баспа

D) энтеровирусты инфекция

E) жұтқыншақ дифтериясы

{Дұрыс жауабы }=D

 

 







ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Что будет с Землей, если ось ее сместится на 6666 км? Что будет с Землей? - задался я вопросом...

Что способствует осуществлению желаний? Стопроцентная, непоколебимая уверенность в своем...

Система охраняемых территорий в США Изучение особо охраняемых природных территорий(ООПТ) США представляет особый интерес по многим причинам...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.