Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







ЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯЯ





 

02_03_ Балалар жұқпалы аурулары_каз

 

$$$001

Аденовирусты инфекцияда аталған мүшелердің қайсысы көбінесе зақымдалады:

A) бронхтар

B) көмей

C) өкпе

D) жұтқыншақ

E) кеңірдек

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$002

Паротит кезінде ретромандибулярлық ойыққа басқанда ауырсыну– оң симптом:

A) Боткин

B) Кох

C) Мурсо

D) Нисевич

E) Филатов

{Дұрыс жауап}= Е

 

 

$$$003

Бала менингитке күдікпен ауруханаға түсті. Дәрігер оң менингеальдік симптомдарды анықтады: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы мен Керниг симптомы.

Диагнозды дәлелдеу үшін маңызды қандай диагностикалық зерттеу қажет?

A) биохимиялық қан анализі

B) копроскопия

C) люмбальдік пункция

D) жалпы қан анализі

Е) жалпы зәр анализі

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$004

Қарағанда балада: аңқасында аздаған қызару мен айқын ісіну бар, бадамша бездерінде қалың, тығыз, ақшыл-сұр жабынды, қиын алынады, орны қанайды.

Қандай диагноз болуы мүмкін?

A) аденовирусты инфекция

B) аңқа дифтериясы

C) жұқпалы мононуклеоз

D) лакунарлық баспа

Е) листериоз

{Дұрыс жауап}= В

 

$$$009

Бала менингитке күдікпен ауруханаға түсті. Дәрігер оң менингеальдік симптомдарды анықтады: шүйде бұлшық еттерінің тартылуы мен Керниг симптомы.

Ең дұрыс тактика қандай?

A) биохимиялық қан анализі

B) копроскопия

C) люмбальді пункция

D) жалпы қан анализі

Е) жалпы зәр анализі

{Дұрыс жауап}= С

 

 

$$$011

7 жастағы қыз бала жедел ауырды. Жалпы әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 37,5 – 37,8 С дейін жоғарылауы, түшкіру, жөтелу, тамағының қырнауына шағымданды. Жалпы көңіл күйі түсіңкі - басының аздап ауырсынуы (мұрнының үсті) және әлсіздік, енжарлық бар. Мұрнының алды қызарып, жара болған. Мұрнымен тыныс алу қиындаған және көп мөлшерде сұйық-серозды бөліністер ағады. Аузымен дем алады. Қандай диагноз болуы мүмкін:

A) аденовирусты инфекция

B) тұмау

C) парагрипп

D) респираторлы-синцитиальді инфекция

Е) риновирусты инфекция

{Дұрыс жауап}= Е

 

$$$012

Желшешек диагнозы қойылған науқаста қабыршақтану кезеңінде басының ауыруы, құсу, дене қызуының 38,20С дейін жоғарылауы анықталды. Бір тәуліктен кейін жүрісі бұзылып, басы айналу, сөзінің бұзылуы (баяу, созып сөйлеу), қозғалыс координациясының бұзылуы пайда болды. Менингеальдік симптомдар теріс. Сіздіңше, балада желшешектің қандай спецификалық асқынуы дамыған?

A) желшешектік вентрикулит

B) желшешектік менингит

C) желшешектік менингоэнцефалит

D) желшешектік полирадикулоневрит

Е) желшешектік энцефалит

{Дұрыс жауап}= Е

 

 

$$$014

Бала ауруханаға басының ауырсынуы мен қызбаға шағымданып түсті. Дәрігер жамбасы мен санындағы жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелерді байқады.

Қолданыстағы тиімді этиотропты емге алғашқы дәріні тағайындаңыз?

A) ампициллин

B) азитромицин

C) левомицетин

D) цефтриаксон

E) ципрофлоксацин

{Дұрыс жауап}= С

 

$$$015

Науқас 4 жаста, басының қатты ауыруымен, 4 рет қайталап құсумен, дене Т қызуының 41оС жоғарылауымен жедел ауырды. Сырқатының 2-ші күні менингеальдік симптомдар, шаршағыштық және аяқтарында өтпелі әлсіздіке шағымданды.

Ликворында: цитоз 400 х 109 /л лимфоцитарлық, ақуыз 0,8 г/л, қант – 0,9 г/л.

Перифериялық қанында: лейкоциттер 15х 109/л, лимфоциттер – 88%, ЭТЖ – 11 мм/сағ.

Қандай аурумен салыстырмалы диагностиканы ең алдымен жүргізу қажет:

A) менингококкты менингит

B) пневмококкты менингит

C) сальмонеллёздік менингит

D) стафилококкты менингит

Е) энтеровирусты менингит

{Дұрыс жауап}= Е

 

$$$016

7 жастағы бала, жұқпалы аурулар ауруханасына мынадай шағымдарымен түсті: температурасының жоғарылауы, басының қатты ауырсынуы, денесінің барлық жерінде шашты бөлігінде де бөртпелердің болуы. Өзі оқитын мектепте жел шешек бар. Бала жел шешек диагнозымен ауруханаға жатқызылды.

Науқасты қандай мерзімге дейін оқшаулау қажеттігін анықтаңыз:

A) 3 күн

B) 5 күн

C) 7 күн

D) 10 күн

Е) 15 күн

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$017

3 жастағы бала жедел ауырды: дене қызуы 39,8оС дейін көтерілді, басы ауырды, жөтел және мұрнынбітелуі.

Балаға қандай антипиретикалық дәрі тағайындау керек екенін анықтаңыз

A) аспирин

B) баралгин

C) индометацин

D) парацетамол

Е) пироксикам

{Дұрыс жауап}= D

 

$$$018

ЖІИ науқас баланың нәжісінде қан бар. БЖАИЖ бағдарламасы бойынша балаға қандай дәрі тағайындау қажет:

A) амикацин

B) левомицетин

C) налидикс қышқылы

D) фурозолидон

Е) ципрофлоксацин

{Дұрыс жауап}= Е

 

$$$024

5 жастағы қыз бір апта бұрын ауырып, енжарланып, тәбеті төмендеді. Әредік зәрінің түсі қоюланып, 10.11. - бір рет құсу болды. Аймақтық дәрігер зертханалық тексеруге жіберді, АлАТ белсенділігі – 1080 нмоль/л. Анасы бір ай бұрын вирустық гепатитпен ауырған және ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Баланың қан сарысуынан анти – HAVIgM анықталды. Бала барып жүрген балабақшасында эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізу керек:

A) вирусқа қарсы дәрі

B) карантин 35 күнге дейін

C) бөлмені желдету

D) вакцинация жүргізу

Е) № 5 диета сақтау

{Дұрыс жауап}= B

 

ХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХХ

 

02­_03_ каз

Педиатрия 02

Тақырыбы «Балалар жұқпалы аурулары» 03_

 

$$$001

Дифтерияның уытты түрінің негізгі ерекшелігі болып табылады:

A) Жұмсақ таңдайда жабындының түзілуі

B) Тері асты май қабатының ісінуі

C) Жақ асты лимфа бездерінің ұлғаюымен ауырсынуы

D) Ауыздан шіріктің иісінің шығуы

E) Шайнау бұлшық еттерінің тризмі

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$002

3 жастағы бала жедел ауырған, 1-ші күндері дене қызуы 400С, қайтымды құсу, аз уақытты ұстамалар, денесінде, бетінде майда қызыл бөртпелер, мұрын мен бет үшбұрышында бөртпелер жоқ. Жұтқыншақ ашық гиперемияланған, бадамшада – іріңді ангина! Жүрек тоны бәсеңдеген, тахикардия. АҚ 60/30, бала әлсіз.

Қай болжам диагнозы ең ықтимал болуы мүмкін?

A) Жәншау орташа ауыр түрі

B) Жәншау токсикалық түрі

C) Менингококты инфекция

D) Менингококты инфекция, инфекциялық токсикалық шок

E) Лейкоз

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$003

12 жастағы бала, Индиядан келген соң 3 күннен кейін сұйық энтеритті нәжіс пайда болған, құсу. Нәжіс 20-30 рет «күріш қайнатпасы» тәрізді. Дене қызуы жоғарлаған, жүрегі айнуы. Ішінде ауырсыну жоқ.

Қай болжам диагноз ең қолайлы?

A) Сальмонеллез

B) Эшерихиоз

C) Шигеллез

D) Тырысқақ

E) Ротавирусты инфекция

{Дұрыс жауап}=D

 

$$$004

4 жастағы бала, 6 күн ауырған. Ауруы басталған дене қызуының жоғарлауымен 380С дейін, катаралді белгілер: жөтел, мұрыннан су ағу, жарықтан қорқу 3 күннен кейін анық катаральды белгілердің көрінісінде дақты-папулезді жерлері біріккен қара-қызыл түсті бөртпелер 1-ші күні құлағында, бетінде, мойнында, 2-ші күні қолында, құрсағында, 3-ші күні аяқтарында пайда болған.

Қай болжам диагноз ықтимал болуы мүмкін?

A) Желшешек

B) Қызылша

C) Қызамық

D) Жәншау

E) Иерсиниоз

{Дұрыс жауап}=В

$$$005

6 айлық балада кенеттен дене қызуы 39, 50С-қа дейін жоғарылаған, мазасызданған. Көп реттік құсу, аяқтары мұздап терісінің мрамор суреті тәрізді болған, тахикардия. Үлкен еңбегі ісінген, шошиды. Жарықтан қорқады. Геморрагиялық жұлдызшалы бөртпе.

Қай болжам диагноз ықтимал болуы мүмкін?

A) Тұмау, менингоэнцефалит

B) Менингококцемия, инфекциялық токсикалық шок

C) Тұмау, токсикалық шок

D) Тұмау, гиповолемиялық шок

E) Менингоэнцефалит, жұлындық түрі

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$006

Бала 6 жаста. Әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының жоғарылауы 37, 50С-қа дейін, оң қабырға астында ауырсыну. Склерасы және тері жамылғысы сарғайған. Бауыры 3, 5 см қабырға доғасынан шыққан. ИФА-да анықталған анти HAV IgM.

Мына аталған диагноздың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?

A) Вирусты гепатит Е

B) Вирусты гепатит В

C) Вирусты гепатит А

D) Вирусты гепатит С

E) Вирусты гепатит Д

{Дұрыс жауап}=С

 

$$$007

9 айлық нәресте. «Энтеротоксигенді эшерихиоз» диагнозымен ауруханаға ауруының 2-ші күні мынадай шағымдарымен жеткізілді: дене қызуы 39, 50С, жиі құсу, сұйық жиіленген нәжіс, мазасыздану, тыныс алу жиіленуі, аяқ қолының мұздауы. Пульстің жиіленуі, тахикардия. Жүрек тондары тұйықталған, айқын сусыздану.

Қай синдромның дамығаны ықтимал?

A) Мидың ісінуі

B) Орталықтанған цианоз

C) Ауыр тыныс жетіспеушілігі

D) Инфекциялы-токсикалық шок

E) Гиповолемиялық шок

{Дұрыс жауап}=Е

 

$$$009

5 жасар кішкентай балада дене қызуы 380С көтерілген, дене және аяқ-қол терісінде ұсақ нүктелі бөртпе, ал бүгілу аймақтарында қоюланған, тілі «таңқурай» тәрізді, баспа белгілері бар. Дәрігер «Жәншау» диагнозын қойды.

Емдеу жоспарына қандай препараттарды тағайындаған тиімді?

A) Левомицетин

B) Сумамед

C) Пенициллин

D) Азитромицин

E) Ампициллин

{Дұрыс жауап}=С

 

$$$011

6 айлық балада тәбетінің төмендеуі, дене қызуы 37, 50С жоғарылауы, 2 рет құсу болған. Нәжістік сипаттағы сұйық, көп мөлшердегі «батпақ мүгі» түсті, сасық иісті шырыш қоспасымен нәжіс массалары мен араласқан, іш өту болған.

Нақты диагнозды қою үшін қандай зерттеу әдісін қолданған тиімді?

A) Жалпы қан анализі, нәжісті копрологияға алу

B) Нәжісті, құсық массаларын бактериологиялық себу

C) Гемодақылға қанды алу, зәр анализі

D) Нәжісті құртқа копрологияға алу

E) Рентген және құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ-сі

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$002

Бала 2 жаста, дене қызуының тез 390С дейін көтерілуінен ауырған, тынышсыздық, құсу. Тексеру кезіндегі жағдайы нашар, терісі әртүрлі түсте, жұлдыз тәріздес, бозғылт, майда геморрагиялық бөртпелермен: бозғылт қызғыштан қанық қызылға дейін сан аяқ терілерін жамылған. Жүрек тоны ритмді, үнсізденген. Менингеальды симптомдары теріс.

Қай болжам диагноз ең қолайлы?

A) Қызылшаның геморрагиялық түрі

B) Менингококты инфекция

C) Геморрагиялық васкулит

D) Тромбоцитопения

E) Тұмау, ауыр түрі

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$003

Соматикалық бөлімде қызылшадан карантин. Бала 5 жаста, байланысқа қатысты қызылшаға қарсы иммуноглобулин енгізілген. Баланы жөтел мазалаған, дене қызуы 37, 20С дейін көтерілген. Майда дақты бөртпелер, бетте, денеде, аяқта біруақытта шыққан, сирек бозғылт-қызғыш түсті. Шүйденің, артқы жағының лимфа түйіндерінің үлкеюіне пальпация жасалған. Қызылшаға қарсы антидене РПГА-да 1:100 IgG есебінен, қызамыққа қарсы 1:10 IgM есебінен.

Осы айтылған диагноздың қайсысы ең қолайлы?

A) Қызылша, атипті, жеңіл түрі

B) Ққызылша, типті, жеңіл ауырлық дәрежесі

C) Қызамық, атипті, орташа-ауыр түрі

D) Қызылша, атипті, орташа-ауыр түрі

E) Қызамық, типті, жеңіл дәрежесі

{Дұрыс жауап}=Е

 

$$$004

5 жасар баланың дене қызуы көтерілген, жұтыну кезінде тамағының аздап ауыру сезімі, жұтқыншақ гиперемияланған, бадамшасында қалың, қатты ақ-сары түрінде жабынды бар, қиын алынады. Алынған жерлері қансырайды. Егулер туралы мәлімет жоқ.

Қай болжам диагноз ең қолайлы?

A) Лакунарлы баспа

B) Қызылша, катаральды кезең

C) Фолликулярлы баспа

D) Жұтқыншақ дифтериясы

E) Паратонзилярлы абцесс

{Дұрыс жауап}=D

 

 

$$$005

Бала 7 жаста, дистальді колит синдромы анықталған. Қандай копрологиялық тексерудің нәтижесін күтеміз?

A) Лейкоциттер, эритроцит, шырыш

B) Лейкоциттер, нейтральды май

C) Бұлшық етті талшық, крахмал, шырыш

D) Шырыш, цилиндрлі эпителий

E) Лейкоциттер, сабын, шырыш

{Дұрыс жауап}=А

 

$$$006

13 жастағы науқас клиникаға мынадай шағыммен түсті: іштің сол жағында толғақ тәрізді ауырсыну, жиі сұйық нәжіс 6-8 рет тәулігіне аз мөлшерде кілігейлі, әлсіздік, 38, 30С-қа дейін дене қызуының жоғарлауына, жүрегі айнуына. Жедел ауырған. Екінші күні нәжістің жиілігі азайған, кілігей пайда болған, тәбеті жақсарған. Алдын асханадан тамақтанған, салат, балық, жұмыртқа жеген. Қолын сабынмен жумаған. Жағдайы орташа ауырлықта, тілі сұр жабындымен қапталған, іші жұмсақ, сол жақ мықын аймағы ауырсынады. Сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты. Нәжісі аз мөлшерде шырыш, қан араласқан.

Қай болжам диагноз ықтимал болуы мүмкін?

A) Сальмонеллез

B) Дизентерия

C) Ішектік иерсиниоз

D) Псевдотуберкулез

E) Клебсиелиозды инфекция

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$007

Науқас балада аңқасы, бадамша бездері, таңдай доғасы, жұмсақ таңдайды, жұтқыншақтың артқы қабырғасы аздап қызарған. Тілшектің, жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында айналасын қызыл иінмен көмкерілген папула, везикулалар байқалады.

Бұндай өзгерістер жиі кездесуі мүмкін:

A) Аденовирусты инфекцияда

B) Энтеровирусты инфекцияда

C) Респираторлы инфекцияда

D) Скарлатинада

E) Короновирусты инфекцияда

{Дұрыс жауап}=В

 

$$$008

12 жастағы бала әлсіздік, бірреттік құсу, оң қабырға астының ауырсынуына шағымданады. Склера, тері жамылғысы қалыпты түсте. Бауыр + 4 см қабырға доғасынан 4 ай бұрын стоматологта емделген.

Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлы зерттеулер тиімді?

A) Қанның биохимиялық анализі - билирубин

B) Қанның биохимиялық анализі - сілтілі фосфатаза

C) ИФА әдісімен ВГ спецификалық антиген, антиделеррін анықтау

D) Қанның биохимиялық анализі - АЛТ

E) Қанның биохимиялық анализі – тимолды сынама

{Дұрыс жауап}=С

 

$$$009

10 жасар тұмаумен ауыратын кішкентай бала ауруының 2-ші күнінде дене қызуы жоғарылап, қатты бас ауру пайда болған, 2 рет құсу, тахикардия, айқын шүйде бұлшық етінің тартылуы, оң мәнді Керниг симптомы.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізу керек?

A) Люмбальді пункция

B) Қанның биохимиялық анализі

C) Мұрыннан менингококқа жағынды алу

D) Бас сүйегінің проекцияда түсірілген рентгенографиясы

E) Электроэнцефалограмма

{Дұрыс жауап}=А

 

$$$010

Бала 2 жаста жедел қызуы 390С-дейін жоғарлаған, мазасыз, бірреттік құсу болған, қарағанда жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозғылт түрлі түстегі жұлдызша формадағы ұсақ геморрагиялық бөртпелер: бөксе және төменгі аяқтарында ақшыл-қызылдан қою қызылға дейін анықталады. Жүрек тондары ритмді, тұйықталған менингеальды симптомдар теріс.

Емдеу жоспарына қай антибиотикті тағайындаған тиімді?

A) Пенициллин

B) Рифампицин

C) Ампициллин

D) Цефазолин

E) Левомицетин

{Дұрыс жауап}=Е

 

$$$011

13 жасар балада аяқ буыны, басы ауырады, терлегіштік, ұйқысы бұзылған тәбеті төмендеген 8 күн ішінде дене температурасы 37, 60С жоғарлаған. Шап, мойын лимфа түйіндері ұлғайған. Үйінде сиыр асырайды. Үнемі қаймақ, кілігей, ірімшік қолданады. Диагнозды анықтауда қандай зерттеулер жүргізген тиіс?

A) Нәжісті бактериологиялық тексеру, жалпы қан анализі

B) Биохимиялық қан анализі, буын маңы сұйықтығын зерттеу

C) Ішкі мүшелер УДЗ-і, тізе буынының рентген суреті

D) Гемокультураға қанды тексеру, Райт, Хеддльсон реакциялары

E) Жалпы қан анализі, лимфа түйіндерінің пункциясы

{Дұрыс жауап}=D

 







Что вызывает тренды на фондовых и товарных рынках Объяснение теории грузового поезда Первые 17 лет моих рыночных исследований сводились к попыткам вычис­лить, когда этот...

ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала...

ЧТО ПРОИСХОДИТ, КОГДА МЫ ССОРИМСЯ Не понимая различий, существующих между мужчинами и женщинами, очень легко довести дело до ссоры...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.