Сдам Сам

ПОЛЕЗНОЕ


КАТЕГОРИИ







Отряд. ТЫРНАЛАР (GRUIFОRКМЕS)





Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады.

Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кезде-седі. Бізде тырналар (Gгuіdае) деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна (Gгиs dгиs). Бұл ұзындыры 120 см салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік

таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-яарын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде дала-ларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары щирақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен, насекомдармен, бақалармен, рептилермен, тышқандармен қоректенеді. Жаздың соңғы кездерінде топтанып астық далаларына барып, шаруа-шылыққа аздап зиянын тигізеді. Оңтүстіктің далалы аудандарында кіші тырна, немесе ақбас тырна (Grus virgo) дейтін түрі ұялайды. Мұның салмағы 2,5 кг болады. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары, Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.

9. Отряд. СУТАРТАРЛЫҚТАР (RАLLIFОRМЕS)

Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары кысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3—12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Кейбір түрлері қорегін кешке, түнге қарай іздейді Бұлар өте көп тараған құстар, біздін, фаунамызда он шақты түрі кездеседі. Қалың шөптің арасында жасырынып жүретін салмағы 200 г болатын тартар (Сгех сгех) деген түрі болады. Шөпті батпақта жүретін, батпақты жердің тауықтары деп аталатын түрлері кездеседі: су тауығы (Рогzапа рогzапа, сутартар, немесе цамыс тауыгы (Gаllіпиlа сһlогриs) т. б. Көлдердің жағасында, қалың шөптің арасында, салмағы 1 кг- дай қасқалдақ (Ғиlіса аtга) деген түрі кездеседі. Қасқалдақтар жақсы жүзеді, қауіп төне қалса сүңгіп кетеді. Осы қасқалдақтардың ғана кәсіптік маңызы бар.

10. Отряд. ДУАДАҚТАР (ОТІDІРОRМЕS)

Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойыны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарыньщ шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құймышақ безі болмайды. Еркектерінде жұтқыншарымен жалғасатын тері қалташығы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фаунада үш түрі кездеседі. Көбірек та-

раған түрі дуадақ (Otis tагdа). Салмағы 16 кг-дай болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды, түрлі шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмыртқаларын тек қана ұрғашысы басады, Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқада шыққан балапандары ширақ келеді. Жұмыртқа салмайтын уйқытта топтанып жүреді. Жыл құстарын топтанып жүрген кезінде аулайды.

Жыртылмаған тың жерлерде үлкендігі тауықтай безгелдек (Оtіз tеtгах) деген дуадақтардың бір түрі мекендейді. Биологиясы жөнінен дуадақтарға жақын, бірақ жыртылған жерде кездеспейді. Закавказьеде, Индияда, Африкада қыстайды. Аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы.

ll Отряд. БАЛШЫҚШЫЛАР (СНАRАDРІFОRМЕS)

Бұлардын, көпшілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қа-наттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшерлері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады, балапандары жүмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200-ге жуық түрі бел-гілі, бізде оның 50-ден аса түрі кездеседі.

Р ж а н к ы л а р т ұ қ ы м д а с ы (Сһагаdrііdае). Бұларға дене мөлшері орташа балшықшылар жатады. Олардың тұмсығы түзу, бірақ қысқа ұшы катты мүйізді болады. Аяғы ұзындау келеді, артқы саусағы кішкене немесе тіпті болмайды. Кейбір түрлері тундраны және солүстік ағашты аудандарды мекен етеді. Мысалы, түлес (Sqиаtагоlа sqиаtагоlа), алтын түсті ржанка (Сһагаdгius аргісагіиs) т. б. Олар батбақты мүкті тундраларда, өзен және көлдердің тайыз жерлерінде сирек кездеседі. Ұясын саларда жұп құрап, ал балапандарын шығарған соң бірнешеуі бірігіп жүреді.

Қызғыштар бізде кең тараған. Желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш (Vапеllиs сгіstаtus) жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР-де тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батбақты және сазды көгал жерлерге салады.

Т а у қ ұ д р е т т е р т ұ қ ы м д а с ы (SсоІорасіdае). Бұл балшықшылардың ұзын және көпшілігінде жұмсақ терілі тұмсығы болады. Аяқтары әдетте ұзын және төрт саусақты келеді. Отрядтың көпшілік түрі осы туысқа жатады. Төменде бұлардың кейбіреулеріне тоқталамыз.

Кәсіптік маңызы бар ірі, к р о н ш н е п деген балшықшылар-дың тұмсығы орақ тәрізді иілген аяғында ұзын төрт саусағы бо-

лады. Біздің жерімізде бұлардың 4 түрі ұялайды. Далалы жер-лерге өзен жағалауларына, батпақты жерлерге ұялайтын үлкен! кроншнеп (Nиmепius агqиаtа) жui кездеседі. Олар Закавказьеде, Индияда және Африкада қыстайды.

Веретенник (Limоsа fіmоsа) деген түрінің тұмсығы ұзын, тү-зу, ұшы қатты мүйізденген, аздап жалпақтау болады. Бұлар ірі балшықшы деп есептеледі. СССР-дің Европалық бөлімі мен Сибирьде көбірек тараған. Шөпті, батпақты жерге ұя салады. Балапан басып шығаруға еркегі мен ұрғашысы да қатысады.

Турухтан (Рһіlотасһиs риgпах) деген балшықшының еркегі-нің мойнында, жазғытұрым “күй салтанаты” кезінде ашық түсті “жаға” пайда болады. Басқа балшықшылардан тағы бір ерекшелігі — бұлардың еркектері бүкіл шағылысу кезінде бір-нешеуі бір жерде топтанып жүреді. Ұясын батпақгы жерлерге жеке жүріп немесе бірнешеуі бірігіп бір жерге салады. СССР-дің барлық жеріне де тараған Күзде және қыста ауланады.

Песочниктер (Егоlіа) деген балшықшы кішірек келген, тұм-сығының ұзындығы орташа, көбінесе тузу, аяқтары аса ұзын болмайтын, төрт саусақты, саусағының арасында тері жарғағы болмайтын құстар. Ұрғашылары еркектерінен үлкенірек келеді. Тайганың солтүстік батпақты бөлімі мен тундраға көбірек тараған. Ұя салатын кезде топтанбайды, қыста және қайту кезінде топтанып жүреді.

Бұларды қыстағында және өрісіне ұшқанда аулауға болады. Бізде кездесетін түрлері: қаражемсаулы балшықшы (Егоlіа аl-ріпа), балшықшы торғайлар (Е. mіпиtа).

Жылқышы (Sсоlорах rиstісоlа) біздегі балшықшылардың ең ірісі, салмағы 300—400 г СССР-дің солтүстік ендігінен басқа, орманды жерлердің барлығында ұялайды. Оңтүстік Азияда және Оңтүстік Европаның біраз жерінде қыстап шығады. Бізде Қавказда, Қырымда, Түркменияда кездеседі. Жылқышылар жазғытұрым шағылысар алдында “күй ойнақ” жасайды. Олардың “күй ойнағын” “тяга” деп атайды. Жылқышының еркектері күн батқан соң ағашты жердің ашық аландарында ерекше дыбыс шығарып ұшады. Кейбір кезде ұрғашылары да еркектері сияқты ұшады, бірақ даусы шықпайды немесе еркектерінің дауысынан өзгеше дыбыс шығарады. Жылқышыларға жататын дупел мен тауқұдыреттер туыстық жағынан жақын, бірақ бұлар ормандарда болмайды. Сазды шабындықта немесе шөптесін батбақты жерлерде болады. Оларда жылқышылардың қыстаған жерлеріне қыстайды.

12. Отряд. ШАҒАЛАЛАР (LАRІFОRMЕS)

Шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан. Шағалалардың қауырсыны қалың,

майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.

Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар.

П о м о р н и к т е р т ұ қ ы м д а с ы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.

Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі. Бізде тундрада, мұзды мұхиттың теңіздерінің жағалауларына және Тынық мұхиттың солтүстік жағалауларына ұялайды. Ұясын жерге салады, қосарланып жүреді. Жыртқыш құс. Олар шағалалар мен құзғын қарғалардың аузындағы балықтарын тартып жеуге әрекет етеді. Жазда үйректер мен қаздардың ұяларын талқандап бұзады, ұсақ торғай тәрізді құстарды және балшықшыларды ұстап жейді'. Бізде үш түрі ұялайды.

Ш а ғ а л а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Lагіdае). Шағалалар тұ-қымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2—3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.

Қоректері алуан түрлі. Шағалалар балықтарды, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдарды, құрттарды теріп жейді. Өлекселер-мен де қоректенеді. Шағалалардың ірі түрлері кемірушілерді және құстарды ұстап жейді. Кейбір жерлерде көптеген зиянды насекомдарды қырады. Шағалалардың балық шаруашылығына тигізетін зиянын көбінде асырып бағалайды. Шынында шағалалар ауру және өлген балықтармен қорекгенеді. Сөйтіп олар судағы балық өлекселерін жеп, су қоймасын тазартып, пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісін “кұс елтірісі” деген атпен қолданады.

СССР-де шағалалардың 10 түрі бар. Соның ішінде: ұсақ өзен шағаласы (Lагиз гіdіdипdиs), солтүстіктегі — сұр шагала (L. агgепtаtиs) және ұсағырақ үш саусақты — маевка Rissa ігуdасtуlа) деген шағалалар бізде мекендейді.

Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды. СССР-де бүлардың он (шақты түрі мекен етеді. Көбінде топтанып ұялайды. Көбірек кездесетін бір түрі — өзен құзғындары. (Stегпа һіrundо).

12. Отряд. ЧИСТИКТЕР (АLСІҒОRМЕS)

Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік те-ңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.

Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Ғг. согпісulа) мекен етеді. Кейде Жана Жердің және Мурманскінің жағалауында (Ғг. агtіса) да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жүмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.

Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы бол-майды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика те-ңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.

Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.

Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық ке-зеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі.

Қайрлар Жаңа Жердегі “базарларына” майдың аяғы, июнь-нің бас кезінде келеді. Балапандары мамыққа оралып шығады. Олар ұзақ уақыт ұяларында болады. Ата-аналары балапандарын балықтармен (август айына дейін) қоректендіреді, одан кейін олар теңізге туседі. Қайрлар ұя салған жерінен сентябрьдің басында ұшып кетеді.

Ертеден-ақ қайрларды аулау және олардың жұмыртқасын жинау кәсібі іске асырылып келген. Жұмыртқалары ірі, ұзын-дығы 78 мм, сыйымдылығы 86 см3 болады. Олардың екі жұмыртқасының ішіндегі затына бір шай стақаны толады. Қайрлар адамнан оншама қорықпайды. Соңымен бірге олардың баспаған жұмыртқасын жинап алса, олар қайтадан жұмыртка салады.

13. Отряд. ҚӨГЕРШІНДЕР (СОLUMВІFORМЕS)

Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (Str ерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.

14. Отряд. КӨКЕКТЕР (СUСULІFОРМЕS)

Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірде кездесетін ағаштъі және бұталы жердің құстары. Аздаған турлері өздеріне ұя салады және жұмыртқаларын баса-

ды. Көпшілігі ұя салып, жұмыртқа басу инстинктің жоғалтқан. Мысалы,қаршыға көкек (Неігососсух sрагvегоіdеs) деген шы-ғыс Азияда мекендейтін түрі кейде жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Теңбіл көкек (Соссуstеs glandагіus)жұмыртқаларын тек қарға тәрізділердің ұяларына салады. Бұлардың балапандары, ұяның иесі болып саналатын құстың балапандарын, ұядан итеріп құлатпайды.

Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмырт-қасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.







Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор...

Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право...

Конфликты в семейной жизни. Как это изменить? Редкий брак и взаимоотношения существуют без конфликтов и напряженности. Через это проходят все...

ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования...





Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:


©2015- 2024 zdamsam.ru Размещенные материалы защищены законодательством РФ.