|
Отряд. ЕШКІЕМЕРЛЕР (САРRNULGIfОRMES)Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үл-кендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сүр-қоңыр болады. Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйт-кені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады. Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдар-дың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Қорегін ұстауға кең аузынын, және оның, жиегіндегі қатты қылтандарының маңызы үлкен. Бұлар суық жақта ғана болмайды. Бізде құрғақ орманды жерлерде — кәдімгі ешкіемер (Саргіmulgіs europaeus) кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1—2 жұмыртқа болады.Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс. 17. Отряд. ҰЗЫН ҚАНАТТЫЛАР (АРОDІҒОRMЕS) Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады. Қаңқасы мен ішкі органдарының құрылысында өзіндік өзгешеліктері болады. Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні және тіршілік ету тәсілі жа-ғынан қарлығаштарға ұқсайды. Бұл ұқсастығы систематикалық жақындығынан емес, конвергенцияның нәтижесі екендігін салыстырмалы анатомия көрсетіп отыр. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталрандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына, жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш (Сурsеlus арus) кең тараған. Малай архипелаг аралдарында сұр қарлығаштардың ерекше түрі салангандар (Соllосаlіа)мекен етеді. Ұяларын сілекей бездерінен шыққан, жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады, Бұны жергілікті халық “қарлығаш ұясы” деген атпен тамақ есе-бінде пайдаланады. Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ, ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігін-дей болады. Түсі ашық, жарқырауық келеді. Олар өте тез ұша-ды, қанатын өте жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектарымен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды. Ұясында 2 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балапанының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозаңдандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және Солтүсті к Америкада мекендейді. Солтүстік Американың батыс жағалауынан, солтүстікке — Алясканың оңтүстігіне дейін тараған. 18. Отряд. ТОҚЫЛДАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (РІСІҒОMЕS) Тоқылдақ тәрізділердің. көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады. Т у к а н д а р н е м е с е б ұ р ы ш ж е у ш і л е р (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды. Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді. Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3— 5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді. Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б. Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды. 19. Отряд. ЖАПАЛАҚТАР (PASSERFОRМЕS) Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жырт-қыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады. Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан. Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұ-рады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды. Күндізгі жыртқыш құстардан айырмашылығы, жапалақтың жемсауы болмайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200-ге жуык, түрлері бар. Ал бізде соның 20-дай түрі кездеседі. Балапанда-ры әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады. Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады. Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2— 3 жүмыртқа болады. Жемін түнде аулайды. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай, қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Орта Азияда қыста негізінен 'құстармен қоректенеді (үйректер, қасқалдақтар т. б.). Оңтүстікте жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенеді. Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі. Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)— ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды. Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және Орта Азияның орманды жерлеріне тараған. Отырықшы, баяу қозғалатын құс. Олар ұяларын ағаштарға, ағаш қуыстарына салады. Жемін түнде аулайды. Тышқан сияқты кемірушілер, насекомдар, құстармен қоректенеді. Жапалақтардың тағы бір пайдасы, басқа жыртқыш құстар түнде ұйқыда болған кезде жемін аулайды. 20. Отряд. ТОРҒАЙ ТӘРІЗДІЛЕР (РАSSЕRІРОRМЕS) Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жарты-сынан көбі жатады. Оныд 5000-ға тарта түрі белгілі. Сыртқы пішіні мен дене мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы королек, оныңсалмағы5—6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100—1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай тәрізділер үш отряд тармағына бөлінеді. 1. Үншіл торғай тәрізділердің (Сіатоtогеs) дыбыс еттері симметриясыз орналасқан қарапайым құстар. Тропиктік ұсақ орман құстары. 1000-ға тарта түрі белгілі, 11 тұқымдасқа топ- тасады. 2. Жалған жыршы торғай тәрізділер ( Мепигае) бұған Авст-ралияға тараған бір азғана түрлері жатады. Нағыз торғай тәрізділермен салыстырғанда, дыбыс байланыстары нашар жетілген. Негізгі тұқымдасы — лиралар (Мепигіdае). 3. Жыршы торғай тәрізділер (Оsсіпеs) бұл отряд тармағына, отрядтағы түрлердің 2/3 бөлігі жатады. Дыбыс аппараты толық жетілген, 5—7 пар дыбыс еттері болады. 4000-ға тарта түрі белгілі, олар 5/2 тұқымдасқа бірігеді. Оның кейбір түрлерін ғана қарастырамыз. Бозторрайлар (Аlаиdіdае) далада, шөлді жерлерде тіршілік ететін ұсақ құстар. Артқы саусарының тырнағы түзу және ұзын болады. Бұлар ауада ұшып жүріп жырлайды. Насекомдармен, дәндермен қоректенеді. Бозторғайлар өте пайдалы құстар бо-льш есептеледі. Қарлыраштар (Нігипdіпіdае) өте тез ұшатын, ұсақ қүстар. Олар насекомдарды ауада ұшып бара жатып қағып, ұстап жейді. Бізде қарлығаштардың үш түрі қыстау қарлығашы (Нігипdо гиstіса), қала қарлығашы (Dеlісһоп игbіса) және жаға қарлығашы. (Rірагіа гірагіа) кездеседі. Қаратамақтар (Моtасіllіdае) шабындық және далалы жер-лердегі үлкендігі торғайдай болатын ұсақ құстар. Қонып отыр-ғанда үзын құйрығын әрдайым қозғап отырады. Сушылқара (Оляпка) (Сіпсlіdае) насекомдарды және олар-дың личинкаларын іздеп суға жақсы сүңгіп, судың түбімен тез жугіретін ұсақ құстар. Бізде кәдімгі оляпка немесе сушыл қара (Сіnсlus сіnсlus) деген түрі тіршілік етеді. Шымшықтар (дрозды) (Тurdіdае) — дене мөлшері орташа және ұсақ болып келетін орманда және жер бетінде тіршілік ететін құстар. Ағаштың басына, қуысына жарлардың қуысына ұялайды. Көпшілігінің әтештері жақсы жырлайды. Бұл тұқымдасқа: ә нші (Тuгdus рһіlотеlоs), қара шымшық (Мегulа mегulа), шақшақай (Sахісоlа), бұлбұл (Lusсіпіа) т. б. жатады. Шыбын қаққыштар (Мusсісаріdае) — ормандарда тіршілік ететін насекомдармен қоректенетін ұсақ кұстар. Көбінесе ағаштардың қуысына ұялайды. Бау-бақшаларға іліп қойған жасанды ұяларға да ұя салады. Насекомдарды ұшып жүріп ұстайды. Таганак, торғай (Lапііdае) — дене мөлшері орта және ұсақ болып келетін, орман арасындағы кеңістіктерді, бұталарды, ағаштары кесілген алаңдарды мекен ететін құстар. Олар ауада ұшып бара жатқан насекомдарды үстап, қоректенеді. Ірі түрлері тышқандарды, өзінен кіші құстарды ұстап жейді және олардың ұяларын бүлдіреді. Тағанақтар қоректік заттарын ағаштың қүрғақ бұтақтарына іліп қойып, тамақ қорын жасайды. Қараторғайлар (Sturnidae) — жерде қоректенетін, ағашта және жер бетінде мекендейтін, ұяларын ағаштардың қуысына немесе тастардың арасына салатын кұстар. Қараторғайлардың екі түрі бар: кә дімгі қараторгай (Sturdus vulgaris) және бізде оңтүстікте болатын күлгін қараторғай (Раstог гозеus) көптеген шегірткелерді құртып, пайда келтіретін құстар. Қарғалардың (Согvidае) — дене мөлшері орташа, ірі болып келетін құстар. Бірсыпырасы орманда, бірсыпырасы жер бетінде тіршілік етеді. Қарғалар кез келген затпен қоректенеді. Бұл тұқымдасқа — қүзғын. қарға, қара қарға, ұзақ, сауысқан, самырсын қус, ақтұмсық, қара қарға және қ оргаторғайлар жатады. “Жұмақ” қустары (Рагаdisеіdае) — ашық түсті болатын Ав-стралия мен Жаңа Гвинейдің құстары. Бұлардың жыныс диморфизмі өте айқын ажыратылған. Қейбір түрлері шағылысу кезінде жерге “балаған” жасап, оны әдемі, ашык, түсті тастармен, өздерінің қауырсындарымен және басқа заттармен әшекейлейді. Осы жерде олардың “күй ойнағы” өтеді. Сарышымшық (Рагісіае) — ағаш діңімен, бұтағымен тез қоз-ғалатын құстар. Олар ағаштардың қабығының және жапырақ-тарының үстінен немесе ағаштардың жарығынан насекомдарды теріп жейді. Көбіне ағаш қуысына ұялайды. Өсімдік қалдықтарының талшықтарынан ұя жасайтын құрқылтай дейтін түрі бар. Өрмелегіш торғай (поползни) (Sittidае) — таулы және ор-манды жерлерде тіршілік етеді. Олар тегіс жардың, ағаштың үстімен жақсы жорғалай алады. Өрмелегіш торғайлар жіңішке 186 ҚҰСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ Осы кезде тіршілік құстар — ағашты, бұталы, батпақты, сулы орталарды мекен етеді. Бірақ сүт қоректілерге қара-ғанда, қүстардың бейімделген орталары оншама көп емес. Мысалы, кұстардың ішінде тек қана суда тіршілік ететін немесе топырақтың қалың қабатында тіршілік етуге бейімделген түрлері болмайды. 1. Бұталы-орман құстары. Құстардың бұл тобына олардың өте көптеген түрлері жатады. Бұл ортада көбірек мамандалған құстардың тобы — ағаш-та өрмелеушілер болып саналады. Олар қоректерін ағаштан, немесе бұталардан алып, осы жерге ұялайды. Көбінесе ұя-ларын ағаштардың бұтағына салмай, діңіндегі қуыс жерлеріне салады. Қоректерін ағаштан табатын болғандықтан, олар ағаш бойымен тез өрмелей алады. Олардың аяқтары қуатты және иілген тырнақтары болады. Көпшілігінің (тоқылдақтар) екі саусағы алдына қарай, қалған екі саусағы артына қарай бағытталған. Ағаш бойымен өрмелегенде, серпімді құйрық қауырсындары тірек қызметін атқарады, мысалы тоқылдақтар. Ал тотылар тұмсығымен бұтақтарды қармап қозғалады. Қоректену сипатына карай бүталы-орман қүстары: насеком жемділер, жеміс-тұқым жемділер, нектар жемділер деп бөлінеді. Қоректерін әр түрлі тәсілмен табады: тоқылдақтар мыкты қашау сияқты түмсығымен ағаштардың қабығын тесіп, оның арасынан насекомдарды және оның личинкаларын тауып жей-ді. Пищухилар — шиқылдауықтар, өрмелегішторғайлар, дүпіл-дектер ұзын, әрі жінішке тұмсығының көмегімен ағаштың қабығының жарықтарынан, саңылауларынан насекомдарды және олардың личинкаларын теріп жейді. Дәнмен қоректенетің орман құстарының тұмсығы қысқарақ, формасы түрліше болады. Чечеткалар, щеголдар, шымшықтар ұсақ дәндерді конус тәрізді сүйір және нәзік тұмсығымен шүқып алады. Емен тұмсықтылар қатты қабығы бар ірі түқымдармен қоректенеді. Өйткені олардың қысқа болса да ірі, әрі қуатты тұмсықтары дәнді дән жарнағынан шығарып қана қоймай, оның сыртындағы қатты қабығын уатуға да мүмкіндік береді. Щуралар мен шыршаторгайлардың қылқан жапырақты ағаштардың бүрінен дәнін шығарып алуға бейімделген тұмсы-ғы болады. Мысалы, щуралардың түмсығы төмен қарай иілген, ал шыршаторғайдьщ үстіңгі және астыңғы жақтары бір-бірімен айқасып түрады. Жеміспен қоректенетін құстардың тұмсығы өсімдік жемісін үзіп алып, дәнінің қабығын жаруға ыңғайлы ірі, көпшілік жағ-дайда ұзын болады. Мұндай тұмсықты тукандардан, мүйіз тұмсықтылардан т. б көруге болады. Н е к т а р ж е у ш і л е р г е — колибрилер, Африканың нектарницалары, Австралия-малайлық бал сорушылары сияқты құстар жатады. Бұлардың тұмсығы гүлдің түбіне қарай ене алатындай ұзын, әрі жіңішке, көпшілік жағдайда аздап иілген түрде болады. Тілі нектар соруға бейім бір немесе екі түтік іспеттес. Құстың мұндай экологиялық тобына жататындары өте нашар ұшады. Бірақ, ағаштың вегетативтік органдарымен өте тез өрмелеп жүре алады. Бұдан басқа орманда немесе қалың бұтада тіршілік етіп, ұя-сын ағашқа салғанымен қорегін ауада ұшып жүріп ұстайтын құстар да бар. Мысалы, шыбынқаққыш бұтақтарға қонып оты-рып, ұшып бара жатқан насекомдарды ұстап жейді. Олар үшып бара жатқан насекомдарды ұстау үшін өте тез ұшады және тез бұрылып,әр түрлі қозғалыстар жасайды. Оны жеп болған соң, ағаштың бұтағына қайтадан келіп қонып, тағыда насекомдарды күтіп отырады. Қаршығалар да ағашта тығылып отырып, ұшып бара жатқан қүстарға тосыннан шабуыл жасап, ауада ұстайды. Шабуылынын. сәтті болуы олардың тез ұшуымен қатар, ауада тез, жеңіл бұрыла алуына да байланысты болады. Орманда және бұтада тіршілік ететін құстардын, кейбір түрлері қоректік заттарын ағаштан да, жерден де іздеп табады. Бірақ ұясын жерге салып, жерге қонақтайды. Бұған құрлар мен шілдер мысал бола алады. Жазда олар жемістермен, насекомдармен қоректенеді де, қыста қорегін тек қана ағаштан табады. Қыста меңіреуқұр қылқан жапырақты ағаштың бүрімен қоректенеді, ал шілдер қылқанды ағаштын, түқымымен, қайыңның бүршігімен, құрлар — қайыңның бүршігімен қоректенеді. Сондықтан қысқа қарай мұндай құстардың саусақтарының жиегінде қатты мүйізді өсінділер пайда болады да, тайғақ, мұз. қатқан бұтақтарға нық отыруына мүмкіндік береді. Орман құстарының көпшілігі орман ағаштарының өсіп-дамуы үшін алуан түрлі әрекет етеді. Насекоммен қоректенетін түрлері көптеген орман зиянкестерін жойып жібереді. Мысалы, тоқылдақтын, қарнын жарып карағанда, оның ішінен көптеген жапырақжемірлерін, слониктерді басқа зиянкестерді көрген. Өсімдіктермен қоректенетін құстардың көпшілігі, өсімдіктер-дің жер-жерлерге тарауына себепші болады. Құстар өсімдік тердің жемісімен бірге олардың тұқымын жегенде тұқым олардың ас қорыту жолында өзінің өсу қабілетін жоймай, құс саңырағымен екінші бір жерге түсіп, өне бастайды. Кейбір құстар, мысалы, сойкалар мен кедровкалар майқарағайдық жаңғағын топыраққа көміп қояды т. б. Нектар жеуші құстар өсімдіктердің айқас тозаңдануына се-бепші болады. II. Батпақты-шалғындықтың құстары. Бұл құстар су қой-маларының суы тайыз агашсыз, аздап та болса батпақты, топырағы дымқыл жағауларда мекендейді. жер бетінен, тайыз балшықты сулардың түбінен табады. Жоғарыда көрсетілген биологиялық ерекшеліктеріне байланысты, бұл топқа жататын құстардың аяғы кауырсынсыз ұзын, саусақтары жіңішке, олардың арасын жалғастырып тұратын жарғақтары болмайды. 1. Шалшық суларда жүретін сирақты құстарға дене мөлшері ірі және орташа болып келетін аяқтары өте ұзын — тырналар, құтандар, дегелектер жатады. Олар батпақты-шылғындық-тарды, мүкті-батпақтарды, қалың өскен қамыстарды мекен-дейді. Кейбір түрлері ағаштың басына ұялайды. Топырақтың бетінен немесе судан ұсақ жәндіктерін теріп жейді. Кейде тұмсығымен топырақты қазады. Әдетте олар өзінің қоректік заттарын өсімдігі аласа жерлерді мұқият аралап жүріп табады. Ұзын, әрі қатты болатын тұмсығы іскек тәрізді қызмет атқарады. Ұзын сирағы төніп келе жатқан қауіпті алыстан байқап, ұшып кетуіне мүмкіндік береді. Жақсы ұшады. 2. Өрмелеп қозғалатын батпақты жер құстары — көлемдері орташа және шағын болады да батпақты жерде немесе шалғындықтың қалың шөптесін жерлерін мекен етеді. Бұған әр түрлі батпақты жер тауықтары, тартарлар, по-гоныштар, сұлтан тауығы т. б. жатады. Алдында айтылған құстардан бұл типке жататын құстардың ерекшелігі — қалың шөптің арасында жасырынып жүріп тіршілік етеді. Аяғы бұның алдында айтылған құстардың аяғынан гөрі қысқа, бірак саусақтары тым ұзын, иілімді, шырмалған қалың өсімдіктердің арасымен тез қозғалуға бейім болады. Нашар ұшады, жауларынан құтылу үшін қалың шөптің арасына кіріп кетеді. Тұмсығы қысқа, қоректік заттарын жер бетінен және өсімдіктің вегетативтік органдарынан тауып жейді. Бұл құстарға жақын: тауқұдыреттер, дупелдер және гаршнептер, балшықшылар т. б. 3. Тайыз судың балшықшылары — ұсақ, әдетте тұмсықтары ұзындау келетін кұстар. Тайыз жерлерде ұсақ тастардың үстінен немесе астынан және судың түбінен қоректерін теріп жейді. Бұлардың көпшілігінің аяғы ұзын келеді. Бұларға жататын құстар: песочниктер (Егоlіа), бізтұмсық-тар (Rесигvігоstга аvосеtta), балшықшылар (Нітапtориs һітап-tориs), тас кезушілер (Агепагіа) т. б. III. Шөлді дала құстары. Бұларға — түйеқұстар, дуадақтар және тағы басқалары жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен етеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын кұстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге бөлінеді. Жүрдек құстарға аяқтары ұзын, тез жүгіре алатын ірі құстар жатады. Бұлар қорегін үшпай, жер бетімен жүріп іздейді. Жүру қабілетінің артуына байланысты, олардың аяқтары ұзын ғана болып коймай, саусақтары қысқарып, саны үшке дейін, кейбір түрлерінде екіге дейін азайған. Бұлардың мойны ұзын, көзі үлкен келеді. Бұл құстар қырағы, жауын алыстан көріп қашады. Бұлар өте сирек бұғып, жасырынады және сирек ұшады, ал түйеқұстар мүлдем ұшпайды. Бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді. Олар өсімдіктерді, ұсақ жәндіктерді жер бетінен шоқып, теріп жейді. Құстардың бұл тобына дуадақтар, түйеқұстар жатады. Тез ұшатын құстарға — шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Мұның алдында қарастырған құстардан ерек-шелігі — қауіп төнгенде жерге бауырын төсеп жата қалады. Түсі өзі тіршілік еткен жердін, түсіндей болады. Тіршілік еткен орнын ауыстырып, су іздеп үзақ жол жүреді. Өте тез ұшады. Бұл екі топқа жататын құстар жерге ұялайды. Ұясын өте ка-рапайым етіп салады. IV. Су құстары. Бұған сегіз отрядтың өкілдері: пингвиндер, чистик тәрізділер, шағалалар, түтік түмсықтылар, гагар тәрізділер, ескек аяқтылар, қаз тәрізділер енеді. Сулы ортада тіршілік етуі және олардың дене құрылысындағы бейімделушілік әр- бір түрінде түрліше болады. Жалпы белгілері қауырсыны өте тығыз, мамығы өте жақсы, құймышақ безі жақсы жегілген, саусақтарының арасында тері жарғағы болады. Сүңгуірлер — өмірінің көпшілігін суда өткізетін, сулы ортада тіршілік етуге бейімделген құстардың тобы. Қорегінің бірқатарын судың ішінен, ал енді бірқатарын судың түбінен та-бады. Бұлар балықтармен, шаян тәрізділер және моллюскалармен қоректенеді. Олардың көпшілік түрі нашар ұшады, ал барлығы да суға жақсы сүңгиді. Сулы ортаға өте жақсы бейімделген пингвиндер мүлдем ұша алмайды. Бірақ өте жақсы сүңгиді. Сол сияқты чистиктер де жақсы сүңгиді. Жер бетімен нашар қозғалады. Құрлыққа тек қана ұя салу, балапан басу кезінде ғана шығады. Нашар ұшады, кейбір түрлері тіпті ұшпайды. Ұясын су жағаларынан қашықтатпайды. Сүңгуірлерге: қ айрлар, балта тұмсықтар, гагарлар, поганкалар жатады. Ауада — суда кездесетін кұстар тобына шағалалар, крачкалар, түтік тумсықтылар жатады. Сүңгуірлерден ерекшелігі жақсы ұшады. Сонымен қатар жақсы жүзеді. Кейбір түрлері ғана сүңги алады. Олар ұяларын суға жақын жерге салады. Балық аулайды. Оны ұшып жүріп байқап, кұйылып келіп ұстап, қоректенеді. Тұмсығы қуатты, ұзындау әрі ұшы төмен қарай иіліп тұрады. Құрлықта жақсы жүре алады. Өкілдері: дауылпаздар, теңіз және өзен шағалалары,. Жерді және суды мекендеуші — құстар тобына: үйректер, аққулар, қаздар жатады. Олар ұясын су коймалары- нан жырағырақ салады. Басқаларына қарағанда еулы ортамен тіршілігі тығыз байланыстысы — сүңгуір үйрек, олар жақсы сүңгиді, су қоймаларында ғана қоректенеді. Қоректік заттарына балықтар мен омыртқасыздар жатады. Оларды сүңгуір үйректер судың терең қабатынан да тауып ала алады. Сүңгуір үйректер жақсы ұшады, бірақ ауаға тез көтеріле алмай су бетімен біраз жерге жүгіріп барып көтеріледі. Нағыз немесе өзен үйректерінің сумен байланысы нашар, көпшілік жағдайда құрлықтан қорек табады. Судың тайыз бө-ліктерін мекендейді. Нашар сүңгиді. Отырған жерінен бірден тік жоғары көтеріліп, жақсы ұшады. Бұталы, шөптесін су қой-маларында жиі кездеседі. Қаздардың сулы ортамен байланысы шамалы. Су жағасына ұялағанымен суға өте сирек түседі. Құрлықтағы өсімдіктердің тұқымымен, көк жасыл бөліктерімен қоректенеді. Аузындағы “сүзгі аппараты” үйректерге қарағанда нашар жетілген, жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады, осының жәрдемімен өсімдіктерді жұлып алып жейді. V. Жыртқыш құстардың белгілі мекен ететін экологиялық ортасы болмайды, олар түрлі ортада; тоғайда, тауда, далада, батпакты жерлерде мекен ете береді. 1. Өлексе жеушілерге бізде тазқаралар, ал жер шарының батыс бөлімінде болатын кондорлар жатады. Бұлар биікте қалқып ұшып жүріп, жерде жатқан өлекселерді көруге бейім-делген құстар. Тірі жануарларға түспейді. Сондықтан олардың саусақтары әлсіз, тырнағы қысқа, жіңішке болады. Басы мен мойнында қауырсыны болмайды. Барлығы да таулы өлкелерді мекендейді. 2. Бүркіт пен аксарылар — тазқараларға қарағанда, қалық-тап үшуға қабілеті нашар құстар. Үлкенді-кішілі әр түрлі жануарлармен қоректенеді. Оларды ауада ұшып жүріп байқап, жерден ұстайды. Сонымен қатар жерде, кемірушілердің інінің маңында да отырып аулайды. Бұл жөнінен олар жыртқыш аңдарға ұқсайды. Жапалақтар — жемін аулау жөнінен, бүркіттерге ұқсас бо-лады. Бұларда тірі жемдерін ауада ұшып жүріп немесе бір жер-де бұғып отырып байқайды, оны бүріп ұстайды және мықты тұмсықтарымен жұлып жейді. 3. Құладындар — ашық жерлерді мекендейді. Денесі сымбатты кұйрығы мен қанаты өте үзын әсем, өзіндік ұшу мәнері бар құстар. Қорек ететін жәндіктерін аулағанда (ұсақ аңдар мен құстарды) жер бетіне өте жақын ұшып, мұқият қарап, оларды жер бетінде ұстайды. 4. Қаршығалар — барынша маманданған, орман жырт-кыштары. Олар тек қана қүстармен қоректенеді деп айтуға бо-лады. Құстарды ағаштың немесе бұтаның бұтағынын, арасында тығылып отырып, байқап кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Қаршығалардың құйрығы ұзын, қанаттары қысқа және мо- қал болады. Денесінің мұндай құрылыста болуы, олардың же- мін ұстауда ағаштың және бұтақтардың арасымен тез бұрылып ұшуға мүмкіндік береді. 5. Сұңқарлар — жыртқыш құстардың ішіндегі өте жақсы ұшатын, жемін ауада ұстайтын құстар. Ұсақ түрлері, мысалы, куйкентай жерде жүрген жануарларды да ұстайды. Бірақ, оларды ауада бір орында қалықтап тұрып байқайды. Сұңқарлардың үлкен түрлері — лашын, сұңқар, кейбір ителгілер ауада ұшып жүріп жемдерін іздейді. Алыс жерден көрсе де қуып жетеді. Олар көбінесе үйректерді, көгершіндерді және балшықшыларды аулайды. Жемдерін ауада жүріп өлтіреді. Бұл кезде сұңқар одан жоғарырақ көтеріліп, үлкен жылдамдықцен жанап өте беріп, аяғының артқы саусағының тырнағымен кұстың мойнын шалып өлтіреді. Сұңқарлардың денесі жемін осы көрсетілген әдіспен аулауына бейімделген қанаттары ұзын және жіңішке, құйрығы керісінше, қаршығаларға қарағанда қысқа келеді. Сұңқарлар түрлі жерлерді мекендейді, бірақ жемдерін ашық жерлерден аулайды. Егерде каршыға жемін мысықтар сияқты аулайды десек, ірі сұңқарларды “ауадағы иттер” деп айтуға болады. Себебі, бұлар иттер сияқты қорегін қуалап жүріп ұстайды. Құстардың көбеюі. Құстардың көбею биологиясында бірнеше тамаша прогрессивті ерекшеліктер бар. Олардың негізгілері мыналар: 1) құстар ұрықтанған жұмыртқаларын арнаулы ұя-ларға салады; 2) жұмыртқалары ата-аналарының денесінен шыққан қызудың әсерінен дамиды. Сондықтан құстар жұмыртқасының дамуы сыртқы ортаның температурасына байланысты емес; 3) Ата-аналары жауларынан ұяларын әр түрлі тәсілмен қорғайды; 4) ата-аналары шыққан балапандарын бағады. Құстардың жыныс бездерінің жетілуі түрліше: ұсақ торғай тәрізді құстардың жыныс безі 8—12 айда, қарғалар, ұсақ ша-ғалалар, үйректер, ұсақ күндізгі жыртқыштар — өмірінің екін-ші жылында, ал ірі шағалалар, гагарлар мен бүркіттер үшінійі жылында жетіледі. Көптеген құстардың жыныс безі жетілген кезде жыныстық диморфизмі байқалады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерійің дене мөлшерінде, дауысында, пластикалық белгілерінде, түсінде ерекшелік білінеді. Еркектері әрқашанда ұрғашыларынан ірі болады. Бірақ бұл заңдылыққа сәйкес келмейтін қазуарлар, кивилер, тинамулар, күндізгі жыртқыштар сияқты құстар да бар. Әтештерінің түсі ашық, әсем болады. Мысалы, тауық тәрізділерде, Керісінше солтүстікте тіршілік ететін жүзгіш балшықшының (Рһаіагориs) мекиенінің түсі ашық, айқын болады. Бұларда жұмыртқасын еркектері басады. Тауықтардың, құрлардың және қыргауылдардың әтештері-нің құйрығында қауырсындары және аяқтарының арт жағында мүйізді өсінді — тегеуіріні болады. Жыныс диморфизмі құстардың бір азғанасында болмайды. Бұл сияқты құстарға пингвиндер, түтік тұмсықтылар, ескек аяк-тылар, гагарлар, сұр қарлығаштар т. б. жатады. Ал кейбір құс-тардың жыныс диморфизмі (шағалалар, чистиктер, пастушка-лар, балшы Что способствует осуществлению желаний? Стопроцентная, непоколебимая уверенность в своем... Что будет с Землей, если ось ее сместится на 6666 км? Что будет с Землей? - задался я вопросом... Живите по правилу: МАЛО ЛИ ЧТО НА СВЕТЕ СУЩЕСТВУЕТ? Я неслучайно подчеркиваю, что место в голове ограничено, а информации вокруг много, и что ваше право... Что делает отдел по эксплуатации и сопровождению ИС? Отвечает за сохранность данных (расписания копирования, копирование и пр.)... Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:
|