|
Отряд. КЕМІРУШІЛЕР (RОDЕNТІА)Кемірушілер сүт қоректілердін, ішіндегі өте көп және кеңінен тараған жануарлар болып саналады. Кемірушілердің үш мыңға жуық түрі бар, жер шарының барлық бөліміне тараған организмдер. Дене мөлшеріне қарай ұсақ немесе орташа болып келетін көбінесе өсімдікпен қоректенетін жануарлар. Осыған байланысты тісінің құрылысында өзгешіліктері болады. Шошақ тісі болмайды, керісінше күрек тістері өте жақсы жетілген. Күрек тістері мен шөпті тістеп жұлады, ағаштарды кеміреді, қатты қабығы бар тұқымдарды шағып, дәнін жейді. Азу тістерінің үсті бұдырлы болады. Күрек тістерінің, кейбір түрлерінде азу тісте-рінің де түбірі болмайды. Сондықтан тістері өмір бойы өсіп отырады. Қатты өсімдік тектес азықтармен қоректенуі/к байланысты ішегі өте ұзын және барлығында да бүйен болады, Корегінің көпшілігі шөп немесе ағаш қабықтары болатындарының (қоян- дардың) бүйені ұзын болады да, ал дәндермен қоректенетін-дерінің (тышқандардың) бүйені қысқа болады. Жыныстық жағынан ерте жетілуі мен көп бала тууына бай- ланысты көпшілігі өте тез көбейіп кете алады. Кемірушілердің ішінде жер бетінде, жер астында, орманда және жартылай суда тіршілік ететіндері бар. Кемірушілердің көпшілігінің терісі құнды болады. Сондықтан олардың кәсіптік маңызы үлкен. Бірсыпыра кемірушілер ауыл шаруашылық өсімдіктерінің зиянкестері болып есептеледі. Енді біреулері адамға қауіпті аурулар (оба) таратады. Кемі-рушілер отрядына көптеген тұқымдастар және түрлер жатады. Тиіндер тұқымдасы (Sсіигdае). Тиіндер тұқымдасы Евразияда және Солтүстік Америкада тараған. Біздін. Отаны-мыздың барлық облысындағы ормандарда кәдімгі тиін (Sсlигиs vиlgагіs) тіршілік етеді. Қырым, Кавказ және Тянь-Шаньда бұл тиін қолдан жерсіндірілген. Тиіндер ағаш қуыстарына ұя салып, тіршілік етеді. Қыста ұйқыға кетпейді. Қорегінің басым көпшілігі қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары, азда болса жемістермен және саңырауқұлақтар-мен де қоректенеді. Құнарлы әрі жұмсақ азықтармен қоректенуіне байланысты бүйені нашар жетілген. Азу тістерінің түбі болғандықтан олар өмір бойы өсіп отырмайды. Әдетте олар қысқа азық қорын жи-намайды. Бірақ кейде тиіндер саңырауқұлақтарды жинап, ағашта кептіреді. Тиіндер жылына екі-үш рет көбейеді. Өсім-талдығы азық жағдайына байланысты. Азықтары мол жылдары көбейіп, ал азық қоры аз жылдары саны өте кеміп кетеді. Қоректері аз жылдары олар ауып ауыл шетіндегі бау-бакшаға, парктерге келеді. Бағалы терісі үшін аң аулау кәсібінде маңызды орын алады. Шұбар тышқандардың бірнеше ерекшелігіне тоқтап кетейік. Біріншіден — олардың денесі жолақ болады, екіншіден — құй-рығының жүні тықырлау келеді. Олар жерге ін қазып ұя сала-ды. Негізгі тіршілігі жер бетінде өтеді де, қысқа қарай ұйқыға кетеді. Күзге қарай самырсын жаңғақтарынан және астық дән-дерінен, бұршақтан қор жинайды. Бізде Сибирьде және Европаның шығыс бөлігіндегі ормандарда жолақ тышқан (Еиіатіаз зіЬігісиз) деген бір ғана түрі кездеседі. Тиіндер тұқымдасына жататын саршунақтар мен суырлар-дың да көптеген түрлері жер бетінде тіршілік етеді. Бұған жататын түрлердің көпшілігі індерде бірнешеуі бірігіп, топтанып көбінесе далалы және таулы жерлерде мекендейді. Бұлардың тиіндерден айырмашылығы — жылына бір-ақ рет көбейеді. Олар шөптермен және астықтардың дәнімен қоректенеді. Сондықтан да бұлардың көпшілігі ауыл шаруашылығының зиянкестері. Сондықтан оларға қарсы аяусыз күрес жүргізіледі. Сонымен қатар саршұнақтар мен суырлар адамдарға оба және басқа жр,палы ауруларды жұқтырады. Қысқы ұйқыға қоректік шөптері қурап кеткен жылдары жаздың ішінде де жата береді. Заволжье, Қазақстан даласында және Орта Азия жартылай шөлді даласында мекендейтін сары саршұнақтың (Сіtеllиs fulvиs) қысқы ұйқысы ерекше ұзын болады. Сары сар-шұнақтар егістік жерлерден қашығырақ мекендейді, сондықтан ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкесі болып саналмайды. Жыл бойына төрт ай ғана активті тіршілік етеді. Саршұнақтардың терісі басқа өкілдерінін, терісіне қарағанда өте құнды және сапалы болады. СССР-дің Европалық бөлігінде. Кавказдың, Қазақстанның далаларында кіші саршұнақ (Сіt руgтаеиs) деген түрі тара- ған. СССР-дің Европалық бөлігінен шығыста — Еділ өзеніне дейін шұбар саршұнақ (С. sиslіса) кездеседі. Орта Азияньщ құмды шөлінде таращұйрык, саршұнақ (Sрегmорһіlорsіs Іерtоdасtуlиs) тіршілік етеді. Олар қысқы ұй-қыға жатпайтын, бұталарға тез өрмелеп шығатын және шөбі сирек құмды жерлерді мекендейтін организм. Індерінен ұзақ жерлерге өрістеп жайылып кетеді, өте жүйрік болады. Оңтүстік-шығыс Европаның, Қазақстанның, Батыс Сибирьдің далаларында және Орта Азияның тауларында суырлар тір-шілік етеді. Суырлар систематикалық және биологиялық белгі-лері бойынша саршұнақтарға жақын организмдер, бірақ олар-дан анағұрлым ірі болады. Олардың нағыз өкілі — дала суыры (Магтоtа bоЬаз) болып есептеледі. Қанатты тышқан (Рtегmуіdае) тұқымдасы негізінен тропик-тік зоналарға тараған. Бізде ұшатын тиін (Рtегmуs vоtпs) де-ген бір ғана түрі Европа мен Сибирьдің ормандарын мекендейді. Күндіз ағаш қуыстарына жасырынып, түнге қарай шығатын түн жануары. Алдыңғы және артқы аяқтарының арасьшда болатын тері жарғағының көмегімен ұшатын тиіндер ағаштан-ағашқа секіріп, қалықтай “ұшып”, 10 ж-дей жерге барып түседі. Бұлар сирек кездесетін, кәсіптік маңызы жоқ жануарлар. Жайра тұқымдастары (Нуstгісіdае). Жайралардың денесінің арқа жағы ұзын, өткір қатты инелермен қапталған. Жайраның бізде (Нузһгіх һігзІШгозігіз) деген бір ғана түрі Закавказьенің шығысында Орта Азияның тау бөктерлерінде кездеседі. Ағаш арасында, інде мекендейді. Кейбір жерлерде бақшаға зиянын тигізеді. Жайра қорғанғанда арқа жағындағы ұзын, өткір инелерін түкситіп, тез секіріп жауына инелерін төсейді. Халық арасында бұлар жауына инелерін атып жібереді-мыс деген жалған түсінік бар, од дұрыс емес. Қ ұ н д ы з тұқымдасы (Сазtгidае). Қазіргі кезде құндыздың екі түрі белгілі. Біреуі Солтүстік Америкада тараған, ал екіншісі бізде тіршілік ететін (Саstог fiЬег). Құндыздар топтанып жүріп ағашты өзендердің бойын мекендейді. Ағаш бұтақтарының және сабақтарының кескіндерінен “үйшік” және ін жасайды. Олар өзен бойына орналасқансын, сол өзенді төменгі жағынан байлап бөгеу жасап, өзен суынын, деңгейінің бір қалыпта болуын реттейді. Жазда шөптесін азықтармен, ал қыста ағаштардың қабығы және бұтақтарымен қоректенеді. Олар ағаш бұтақтарын кесіп, ұясының маңына қыстық қор жинайды. Жылына бір-ақ рет көбейіп, 2—4-ке дейін бала туады. Үш жасқа келгенде ғана жыныстық жағынан толығады. Қарақас тұқымдасы (Муохidае). Бұлар сырт пішіні тиіндерге ұқсас ұсақ кемірушілер. Негізінен Европаның, Орта және Оңтүстік Азияның жапырақты ормандарына тараған. Олар тіршілігін ағашта да өткізеді және қысқы ұйқыға жатады. Қа-ракас соня — полчак (Glis glіs) деген ірі түрі бау-бақшаларда-ғы жемісті жеп, зиянын тигізеді. Қосаяқтар тұқымдасы (Dіроdіdіdае). Бұлардың алдыңғы аяқтары қысқа, артқы аяқтары ұзын болады. Қосаяқтар далалы, шөлді жерлерде тіршілік етеді. Құйрығы ұзын, оньщ ұшы көпшілік жағдайда шашақты болады. Артқы аяқтарымен секіріп, өте тез қозғалады. Кейбір түрлері бақша және техника-лык, өсімдіктерді жеп зиянын тигізеді. Соқырлар тұқымдасы (Sраlасіdае. Бұл — жер астында тіршілік етуге бейімделген кемірушілер.'Бұл тұқымдасқа жататын кемірушілердің денесі жұмыр, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, басы екі бүйірінен қысылыңқы, құлақ қалқаны болмайды. Табандары қысқа, көзі терісінің астына жасырынған, түгі қысқа, барқыт сияқты болады. Олар жерді күрек тістерімен қазып, басымен итеріп, топырақты сыртқа шығарады. Соқырлар өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Қоректерін іздеп жер астынан күрделі ін жолдарын жасайды. Кейбір жерлерде шаруашылыққа зиянын тигізеді. Соқырлар Отанымыздың Европалық бөлігінің далалық жерлерінде және Кавказда кең тараған. Тышқандар тұқымдасы (Мигісіае). Тышқандар — көбінесе інде тіршілік ететін, кеңінен тараған кемірушілер. Бұлар негізінен өсімдіктермен, кейбір түрлері ұсақ жәндіктермен, насекомдармен қоректенеді. Тышқандар — тез жетілетін, өсім-тал жануарлар. Қоректік азық мол болып, қолайлы жағдай туса, кейбір түрлері жыл бойы көбейе береді. Тышқан тұқымдастарынан біздің елімізде егеуқйрықтар (Rаttиз) кездеседі. Бұл топтың негізгі өкілдері сүр егеуқұйрық немесе қаптесерлер (R. погЬеgісиs). Бұлар — көбінесе құрылыстарда, адам мекендейтін жерлерде болады. Тышқандардың көптеген түрі барлық жерлерде кездеседі. -Мысалы, үй тышқаны (Миз mиsсиlиs), дала тышқаны (Аросdеmеs аgгогіиs), орман тышқаны (Ароdеmts sуlvаtісиs) т.б. Орман тышқандары ағаштың себілген тұқымын тасып, өскінін жойып, зиянын тигіэеді. Егіс тышқаны — басқа тышқандардан азу тісінің құрылысындағы ерекшелігімен және құйрығының қысқа болуымен ажыратылады. Бұлар — астық шаруашылырының зиянкестері. Арктикада лемминге деген бір түрі кездөседі. Олардың кейбіреулері кыс- қа қарай түсін аққа өзгертеді. Шөлді жерлерде құм тышқан-дары кездеседі. Бұлардың басқаларына қарағанда ірі, сүйретілген ұзын құйрығы болады. Тышқандар тұқымдасына терісі өте бағалы ондатра (Оп-dаtта zіЬеtһіса) деген ірі кеміргіш те жатады. Оның отаны — Солтүстік Америка. Олар Отанымыздың көпшілік жеріне жер-сіндірілген. Ондатра — жартылай су жануары. Көбінесе өсімдігі қалың су қоймаларында тіршілік етеді. Шөптен және жапырақтан жасаған үйшіктері немесе індері болады. Су өсімдіктерімен коректенеді. Өте өсімтал келеді. Әр балалағанда баласының саны 4—12-ге дейін жетеді. Жылына бұлар 2—4 рет көбейеді. Бір жылға жетпей-ақ жастарының жыныс органдары жетіледі- 7-отряд. ҚОЯН ТӘРІЗДІЛБР (LАСОМОRРНА) Бұлардын. жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағына орналасқан, нашар жетілген тағы да екі күрек тісі бо-лады. Пишухалар және қояндар болып екі тұқымдаск;а бөлінеді: Шиқылдақтар немесе шөп жинағыштар тұқымдасы (Осһоіопісіае). Бұларға бойы аласа, ұсақ аңдар жатады. Шиқылдақтардың құлақтары және табандары қысқа болады. Олар Азияның таулы облыстарында көбірек кездеседі. Бізде Орта Азияның және Сибирьдің тауларында, Забайкальенің, Қазақстанның және Заволжьенің далаларына тараған. Бұлар қысқа азықтық қор жинайды. Мысалы, даур шиқылдақтары (Осһоtопа dаигіса) шөптерді бір жерге жинап кептіреді, ал тау-лы жерде тіршілік ететін түрлері — мысалы солтүстік шиқыл-дақтары (Осһ. һурегЬогеа) жинаған шөптерін тас арасындағы қуыстарға тығып, қысқа сақтайды. Қояндар тұқымдасы (Lерогіdае). Қояндардың артқы аяқ-тары және құлақтары ұзын болады. Бізде жабайы қояндар-дың төрт түрі және кроликтер бар. Көбірек тараған түрлері: ақ қоян (Ьериз іітісіиз) — бүкіл тундраға, Европаның және Си-бирьдің ормандарына және далаларына тараған. Қыста түсі ақ болады. Ор қоян (Ь. еигораеиs) Отанымыздың Европалық бөлігінде, Кавказда, Қазақстанның солтүстігінде және Батыс Сибирьдің даласына тараған. Бұлар ағашсыз далалы жерді мекендейді. Қысқа қарай олардың денесінің біраз жері ғана ағарады, ал Қы-рымда мүлде өзгермейді. Орта Азияның шөлінде ұсақ түрі — құм қояндары (Ь. Іоlаі) кездеседі. Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді. Жазда шөппен, қыста — ағаштың қабығымен, жіңішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректене- тін болғандықтан олардңң азу тістері үздіксіз өседі және бүйені де өте ұзын болады. Қыстық қор жинамайды арнаулы ін қазық, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе қалың шөптін, арасына жатып дем алады, көбейеді. Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт (50 күн шамасында) көтереді. Көжектерінің түгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп жүріп кетеді. Қояндар жылына екі-үш рет балалайды. Жабайы кролик (Огусtоlаgиs сипісиlиs) батыс Европаның барлық жерінде, бізде Одесса және Херсон маңайында кездеседі. Қояндарға қарағанда бұлардың құлақтары және табандары қысқарақ болады. Кроликтердің бірнешеуі бірігіп, топталып жүреді және ін қазады. Көжектерін отыз шақты күн көтереді. Туғанда көжектері қызылшақа, нашар болады. Жалпы қояндардың кәсіптік маңызы өте үлкен- 8-отряд. ЖЫРТҚЫШТАР (САRNІVОRА) Сүт қоректілердің азды-көпті болса да жануарлар тектес азықпен қоректенетін түрлері бар. Олардың көпшілігі тамағын тірідей ұстап жесе, кейде өлекселерді де пайдаланады, ал бір-қатары өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы, мы-сық — өсімдік тектес азықтарды өте аз пайдаланса, қоңыр аю лар мен күзендер көбірек пайдаланады. Бұл отрядқа дене мөлшері әр түрлі болатын сүт қоректілер жатады. Бұлардың тістерінің құрылысы өз ара ұқсас болады. Күрек тістері кішірек болады, керісінше шошақ тістері жақсы жетілген. Азу тістерінің үстіңгі жағы пышақ сияқты өткір болып келеді. Жоғарғы жағының соңғы жалған азу тісі мен төменгі жағының бірінші нағыз азу тісі ерекше үлкен, әрі өткір болады. Бұл тісті — жыртқыш тістері деп атайды. Бұғанасы кейбіреуінде рудимент түрінде болады, немесе тіпті болмайды да. Алдыңғы миы жетілген, үстінде иректері көп болады. Жыртқыштар Антрактикадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Үлкен практикалық маңызы бар. Иттер тұқымдасы (Сапідае). Дене мөлшері орташа, аяғы ұзын болатын жануарлар. Бұлардың барлығы да саусак-тарымен басып, тез қозғалады. Құйрығы әдетте жүндесінді және оның ұзындығы кеудесінің ұзындығындай болады. Жыртқыш тістері жақсы жетілген. Тіс формуласы: Бұлардың көбнесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Жануарлардың аңдып жүріп ұстап жейді.Бүлардың жабайы түрлері жылына бір рет көбейеді. Тундра облысында тундра түлкісі і (Alopex lagopus) кездеседі.Олардың көпшілігі қыста қардың түсіндей ақ түсті болады.Кейде бұдан басқа түстісі де кездеседі.Оны көгілдір түлкі деп атайды. Өйткені олардың түсі жыл бойы сұр-көгілдір түсті бо-лады. Бұлар бізде Командор аралында ғана кездеседі. Олар негізінен леммингалармен қоректенеді. Қыста қорегі азайса, оңтүстікке қарай ауысады. Олар інде он сегізге жуық күшік туады. Қоректік азық қорының өзгеруіне және әр түрлі ауруларға ұшырап, жыл сайын сан жағынан өзгеріп тұрады. Осы туысқа жататын түлкілердің кәсіптік маңызы зор. Нағыз түлкі (Vиlреs vиlреs) бұлар — Отанымызда тундра-дан басқа жерінің барлығына дерлік тараған. Тіршілік еткен ортасына байланысты нағыз түлкілердің түсі, дене мөлшері, жүнінің маңыздылығы әр түрлі болып кездөседі. Солтүстік Сибирьдің түлкілерінің түсі ашығырақ, ірі, жүні қалыңырақ болса, ал керісінше Орта Азияның, Қазақстанның түлкілерінің түсі ашықтау, ұсағырақ болады. Бұлда 4—8-дей күшік күшіктейді. Түлкілер көбінесе тышқан тәрізділермен, құстармен және басқа жануарлармен, кейде насекомдармен, өсімдік тектес азықтармен және,өлекселермен де қоректенеді. Түлкілердің терісі өте бағалы және кәсіптік маңызы өте зор. Қасқырлардьщ (Сапіs Іириs) тундра түлкісінен және нағыз түлкілерден айырмашылығы —( олар әдетте ін қазбайды, бірақ таса жерлерге күшіктейді. Олар СССР-дің барлық жерлеріне тараған. Қасқыр мал шаруашылығына үлкен зиянын тигізеді. Олар тышқан тәрізді кемірушілерді аз пайдаланады. Қасқыр-мен аяусыз күрес жүргізеді. Шие бөрі (Сапіs аигеиs) Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда кездеседі. Бұлар пайдалы жануарларды жеп зиян келтіреді. Жанат тәрізді ит (Мисtегеиtеs росуопоіdіеs) осы тұқымдастың басқа түрлерімен салыстырғанда, өзінше көп ерекшелігі бар және қысқы ұйқыға жататын жыртқыштар болып саналады. Олар СССР-дің Европалық бөлігінде, Кавказда, Орта Азияда және Сибирьде жерсіндірілген. Жанат тәрізді иттің отаны Қиыр Шығыстың оңтүстік облыстары. Жанаттар тұқымдасы (Ргосуопіdае) орташа бола-тын, қысқа табанды, ұзын ілмек құйрығы бар жануарлар. Жыртқыш тістері нашар жетілген. Солтүстік және оңтүстік Америкаға тараған, Гималайда бір ғана түрі тіршілік етеді. Шайқама жанат (Ргосуоп Іоlог) деген түрі Азербайжанда және Қырғызстанда жерсіндірілген. Шайқама жанат — ағаштардың басына жақсы өрмелеп шығатын андар, бұлар ағаштардың қуысына індерін жасайды. Қысқы ұйқыға жатады. Әр түрлі заттармен қоректенеді. Олар тамағын алдымен суға шайқап, одан кейін ғана жейді. Сондықтан да шайқама жанат деп атай-ды. Мұның терісі өте құнды болады. Аюлар тұқымдасы (Uгsіdае) бұған ірі, құйрығы қыс-қа, табанымен басып жүретін жыртқыштар жатады. Негізінен олар солтүетік жарты шарға тараған. Бізде бұлардьщ үш түрі бар. Ақ аю (Таіаsагсtоs mагitmиs). Мұзды мұхит жағалауын және оның аралдарын мекендейді. Олар тюленьдерді жеп тір- шілік етеді. Ақ аюлар қысқы ұйқыға жатпайды, бірақ буаз ке-зінде, яғни қыста ұрғашылары індерінде болады. Қоңыр аю (Uгsиs агсіоs) Кавказдың, Орта Азияның таулы және ағашты далаларын мекендейді. Олар жануар тектес және көпшілік жер-лерде өсімдік тектес азықтармен қоректенеді. Қыста қоректік затының молдығына байланысты шала ұйқыға, кіріседі. Мысалы, Архангельск облысында олар ноябрьден апрель айына дейін қысқы ұйқыда болса, ал оңтүстік Кавказда 1—1,5 айдай ғана ұйықтайды. Қоңыр аюлар қыста, інде күшіктейді. Қара аю (Sеlепагctоs tilеtапиs) басқа аюлардан кішірек тү-сі қара, төсінде ақ теңбілі болады. Олар Азияның оқтүстік-шы-ғысында, бізде Уссури өлкесінде мекендейді. Бұлардың қоре-гінің негізі өсімдік тектес азықтар болып есептеледі. Қара аю-лар тіршілігін жартылай ағашта өткізетін аңдар, олар қыста үлкен теректердің қуысына еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Сусар тұқымдасына (Миstеlіdае) үсақ және көлемі орташа келген табандарымен немесе жартылай табандарымен жүретін жыртқыштар жатады. Олардың жыртқыш тістері айқын көрініп тұрады. Тіс формуласы түрліше, бірақ нағыз азу тістері 1/2 болады. Артқы тесігінін, маңына орналасқан сасық иіс шығаратын өте үлкен безі болады. Австралияда ғана қолдан жерсіндірілген, ал басқа жердің барлығында да кездеседі. Бізде мынандай түрлері бар: 1. Бұлғын (Магtеs zіЬеlliпа) —Сибирь тайгасында кездеседі. Олар негізінен жер бетінде тіршілік етеді, қауіп төнгенде ғана ағаш басына шығып кетеді. Бұлғын ұясын ағаштардың және тастардың қуысына салады. Өсімдік және жануар тектес азықтармен қоректенеді. Әйткенмен қорегінің басым көпшілігі жануар тектес азықтар (тышқан тәрізді кемірушілер) болады. Жылына олар бір-ақ рет көбейеді, баласын 230—280 күн көте-реді. Олардың ұрықтары өте баяу жетіледі. Мұндай жағдайды — буаздықтың латентті фазасы деп атайды. Бұлғын — бағалы кәсіптік аң. ¥лы Октябрь революциясына дейін көп жерде оны қырып жіберген. Революциядан кейін қалпына келтіру үшін көптеген шаралар қолданды. Заповед-никтер мен аңшылар шаруашылығы ұйымдастырылды. Аң совхоздарында өсірілді. 2. Орман сусары (М. таrtез) — СССР-дің Европалық бөлі-гіне және Кавказдын, ормандарына тараған. Бұлғынға қарағанда, сусар орманды жерлерде жиі кездеседі. Олар індерін тиіндердің ескі ұяларына салады. Сусардын, да қорегінің басым көпшілігі — жануар тектес азықтар. Бұлардың көбеюі бұлғындардікіне ұқсас. Кавказда, Қырымда, Украинада және Прибалтикада тас сусары (М. fоіпа) — тіршілік етеді. Бұлар жерде мекендейді. Тас сусары —тасты жерлерде болып, індерін тастардың қуысына салады. 3. Ұсақ күзендердің бірнеше түрі (Putjrius.Kоtопосиз) және қара күзен (Lutгеоlа) — жер бетінде тіршілік етіп, індерде ұялайды. Олар тышқан тәрізді кемірушілермен қоректенеді. Буаз кезінде латентті фазасыз болмайды немесе фазасы өте қысқа болады. Сасық иіс шығаратын бездері өте жақ.сы жетілген, ол қорғаныш құралы болып саналады. Сон-дықтан “сасық күзен” деп атайды. Жоғарыда көрсетілген түр-лерінің кәсіптік маңызы өте үлкен. Ақ күзен (Миstеlа егтіпеа) және ақкіс (М. піvаlіs) — бұлар сусар тұқымдасының ең ұсақ түрлері болып саналады. Бізде көп жерлерде тараған. Олар жерден ін қазып, ұя салады. Ақ күзен және ақкістер зиянды кемірушілерді қырып, пайдасын тигізеді. Бұлардың тeрісі өте құнды, әсіресе ақ күзеннің терісі өте бағалы. Солтүстік облыстарда бұлардың екеуі де қыста ақ түсті болады. 4. Борсық (Меlеs теlеs) теред інде тіршілік етеді. Олардың үлкендігі кішігірім иттей болады. Бізде тундрадан басқа жер-дің барлығында да кездеседі. Жыртқыштардын, ішіндегі жа-нуар тектес азықтарды көбірек жейтіндерінің бірі борсықтар болып саналады. Бұлардың қорегінің көпшілігі — насекомдар, сүт қоректілер, кейде амфибилер, құстар, сонымен қатар өсім-дік тектес азықтарды да жейді. Олар зиянды насекомдарды, кемірушілерді қырып, шаруашылыққа үлкен пайда келтіреді. Қыста ұйқыға жатады. 5. Өзен камшаты (L иtга Іиtга) жартылай суда болатын аң. Ол өзеннің, көлдің және теңіздін. жағалауында тіршілік етеді. Судағы балықтармен, амфибилермен, шаяндармен қоректенеді. Теңіз камшатын немесе қаланды камшат кұндызы (Епһuіdга Іиtгіs) деп теріс атайды. Бұл түрі ірі, денесінін, ұзындығы (құйрығымен косқанда) 1,5 метр болады. Олар Тынық мұхиттың солтүстік теңіздерінде мекендейді, қорегінің негізі — теңіз кірпісі, моллюскалар, кейде балықтармен де қоректенеді. Бұлар судың жағасына дем алуға және күшіктеуге ғана шығады. Олардың терісі өте құнды болатын, өте сирек кездесетін аңдар. Көбейту мақсатымен бізде камшаттарды аулауға тыйым салынған. Мысықтар тұқымдасына (Fеlіdае) ірі және орташа болатын, саусақтарымен басып жүретін, аяғы ұзын (гепардтан басқалары) және өткір тырнақтары бар жыртқыштар жатады. Тірі жануарларды тасаланып барып, байқатпай шабуыл жасап, ұстап жейді. Гепард (Асіпопух jиЬаtиз) және арыстан мен сілеусін — жануарларды иттерше куып жүріп ұстайды. Бұлардың жырт-қыш тісі өте жақсы жетілген. Тіс формуласы: Олар Австралиядан басқа жердің барлығында да кездеседі, көптеген түрі тропикада тараған. Бізде кездесетін түрлері: жолбарыс (Тigгіз tіgгіs) — Қиыр Шығыста және Орта Азиянын, кейбір жерлерінде кездеседі. Қабыланнық (Рапthега рагdиs) — негізгі тараған жері Азия және Африка, бізде Кавказда, Түркменияда және Қиыр Шы-ғыста кездеседі. Барыс (Unсіа ипсіа) — Орта және Орталык, Азия тауларының биік шыңдарында тіршілік етеді. Бұл тұқым-дасқа жататын ұсақ мысықтардың бірнеше түрі бар. Мысалы, Батыс Украинаның, Кавказдың тоғайларында — 'Европаның жабайы мысығы (Ғеls sіlvеstгіs), Орта Азияның шөлінде — теңбіл мысық (Ғеlіs осгеаtа), Қиыр Шығыстың орман мысығы (Fеlіs еирtlига) кездеседі. Бұл түрлері кемірушілермен және дұстармен қоректенеді. Сілеусін (Lупх Іупх) — биік таулардың жыл бойы қар ба- сып жатқан жерлерінде тіршілік етеді. Қары қалың жерлерде тіршілік етуіне байланысты аяқтары ұзын және табаны жалпақ болады. Ақ қояндарды ұйықтап жатқанда тап беріп немесе ит- терше қуып жетіп ұстап жейді. Гепард (Асіпопух jиЬаtиs) — басқа мысықтардан ерекшелігі — табаны ұзын, тырнағы жасырынбайды. Бұлар негізінен Оңтүстік Азияның шөлді аудандарында тараған. Бізде гепард-тар оңтүстік Туркменияда кездеседі. Олар ашық далалы жердегі жануарларды қуып жүріп ұстап, жейді. Гепардтарды қолға үйретіп ақ бөкендерді ұстауға пайдаланады. Мьгсық тұқымдастар сирек кездесетін болғандықтан, кәсіп-тік маңызы аз жануарлар болып саналады. Қорқау қасқыр (Нуаепіdае) — ірі сүт қоректілердің өлек-селерін жеп, тіршілік етеді. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын-дау, жерді қазып, көмген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Тіс форму-ласы: Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Закавказьеде және Орта Азияның оңтүстігінде бір 'түрі — тец-біл қорқау қасқыр (Нуаепа һуаепа) кездеседі. В и в е р р т ұ қ ы м д а с ы (Vіvеггіdае) — сыртқы пішіні су-сарларға ұқсайды. Тіс формуласы: Виверрлер — Африкада, Оңтүстік Езропада және Оңтүстік Азияда тараған, бізде кездеспейді. 9-отряд. ЕСКЕК АЯҚТЫЛАР (РINNІРЕDІА) Ескек аяқтылар суда тіршілік етуге бейімделген жыртқыш-тарға жақын сүт қоректілер болып есептеледі. Суда олар қо-ректенеді және дем алады. Бұлар жағаға немесе мұздың үсті-не шағылысу, күшіктеу және түлеу үшін ғана шығады. Құрлық-пен байланысы әрбір түрінде түрліше болады. Суда тіршілік етуіне байланысты, дене құрылысында бірнеше бейімделу-шіліктері бар. Жалпы денесі ұзын және ұршық тәрізді болады. Мойыны қысқа, денесінен айқын айрылып тұрмайды. Аяқтары ескек сияқты болады. Денесінде түгі болмайды. Денесіндегі жылуды реттеп отыратын, сыртқы механикалық әсерден сақтайтын және жануардың меншікті салмағын азайтатын тері астындағы май қабаты жақсы жетілген. М. М. Слепцовтың зерттеуінің, нәтижесінде, кейбір түр-лерінің терісінің астыңғы қабатында өңешпен жалғасып жата-тын бір немесе екі ауа қапшығының болатыны анықталған. Ауа қапшығындағы ауаның біріншіден — организмнің меншікті салмағын кемітуі, екіншіден — суда жүзген кезде тыныс алуға да пайдаланылуы мүмкін. Құлақ қалқаны редукцияра ұшыраған, бірақ бұлар өте нәзік дыбысты естиді. Иіс - мүшесі жақсы жетілген, керісінше көзі нашар көреді. Тіс системасы жер бетінде тіршілік ететін жыртқыштардың тісінің құрылысы-на ұқсас. Ескек аяқтылардың үлкен кәсіптік маңызы бар. Олардың майы мен терісін пайдаланады. Кейбір түрлерінің терісі өте құнды болады. Құлақты тюленьдер тұқымдасы (Dtагііdае). Бұлардың құлақ қалқанының нұсқасы ғана бар. Артқы аяғының ескегі алға карай иіліп, құрлықта қозғалуына мүмкіндік береді.Шошақ тістері жақсы жетілген. Бұл тұқымдасқа жататындар — теңіз арыстандары, сивучтар және теңіз мысықтары. Бұл түрлерінің барлығы да туар кезінде жер бетіне шығады. Теңіз мысығыньщ (Саllогһіnus игsіпиs) маңызы үлкен. Бұл ұзындығы 2 метрдей болатын тюленьдердің ірі түрі. Тынық мұ-хиттың солтүстік жағына тараған. Жазда түлеу және көбею үшін мысықтар кейбір аралдарға жиналады. Жағада май айы-нан август айына дейін болады. Бұлардың осы топтанып шо-ғырланған жерін “жатақ” деп атайды. Күзде түлеп болған соң оңтүстікке миграциялайды. Теңіз мысығының мұндай жатағы бізде Командор аралдарында және Тюленье (Сахалиннің жа-нындағы) аралдарында бар. Теңіз мысығы — полигамдар, яғни бір еркегі 30—80-ге жуық ұрғашысын ұрықтандырады. Ұрғашысы қара түсті бір ғана күшік туады. Ересектері қоңыр-сұр түсті болады. Терісі қысқа қалың түбітті және бірен-саран ұзын қылшығы болады. Терісін өндегенде осы ұзын қылшығын жұ- лып тастап, тегіс етіп қырқып, әдетте қара түске бояйды. Теңіз мысығын жазда жатағында жатқанда аулайды, сонымен қатар олардың санын арттыруда ғылми жұмыстар жүргізіледі. Нағыз тюленьдер тұқымдасы (Рһосidе). Бұларда құлақ қалқандары болмайды. Артқы аяқтарының ескегі алдына қарай бүгілмейді. Сондықтан да артқы аяғының жер бетімен козғалуына көмегі тимейді. Бұлардын, көпшілік түрлері екі жарты шардағы мұзды теңіздерде тараған. Түлеу, шағылысу және күшіктеу үшін мұздың үстіне шығады. Бұл кезде бірнешеуі бірігеді. Мұны “залежка” деп атайды. Кейбір түрлері кеңінен миграцияласа, енді бір түрлері барынша бір жерде тұ-рақтап тіршілік етеді. Мысалы, Гренландия тюленьдері (Ра-gорһоса gгоепlапdіса) Арктикадан қыста оңтүстікке қарай миграциялап, Ақ теңіздің жиегінде және тұйықтарына, Нью-Фаундленд және Ян-Майен аралдарының мұздарының үстіне топтанып, күшіктейді, түлейді және шағылысады. Осы кезде оларды аулайды. Күшіктері үш жұмаға дейін ақ түсті болады. Балықтармен қоректенеді. Теңіз қояны (Егіgпаtһиs ЬагЬаtus). Олардың ұзындығы екі метрден астам болады. Теңіз қояндары Мұзды мұхиттың, Бе-рингов және Охот теңіздерінің таиыз жағалауында тұрақты тіршілік етеді. Су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Олар үлкен топ құрамайды. Мұздың үстінде күшіктейді. Нер-паньщ (Рһоса һіsріdа) түсі ала, ірі болмайды. Бұл дй мигра-цияламайды. Атлантика мұхитынын. солтүстік теңіздерінде, Мұзды мұхитка және Тынық мүхиттың солтүстігіне, Ладога және Сайма көлдеріне тараған. Бұлар қыста мұздан ін жасап, соған балалайды. Байкал мен Каспий көлдерінде нерпаға жа-қын тюленьнің ерекше түрі тіршілік етеді. Нерпа — көпшілігін-де балықтармен және шаян тәрізділермен қоректенеді. Бала-лары ақ түсті, үлпілдек жүнді болады. Оларды “ақ тиндер” деп атайды. Морждар тұқымдасы (ОdоЬаепidае) Евразия мен Солтүстік Американың поляр жақ жиегінде және Мұзды мұхиттың Архипелагіндегі Франц-Иосиф аралына тараған. Морждардың денесінің ұзындығы 3—4 м, салмағы 1000 кг бөлады. Артқы аяқтарының ескектері, құлақты тюленьдердікі сияқты, алдына карай иіледі де құрлыққа жүруіне қатысады. Құлағының сыртқы қалқаны болмайды.Терісінің түгі жоқ деуге де болады. Жоғарғы жағының шошақ тістері үлкен,.сойдиып аузынан шығып тұрады. Осы тістерінің көмегімен олар мұздың үстіне шығады және судың түбіндегі омыртқасыздарды қазып алып, қоректенеді. Судың жиегіне, мұздың үстіне шығып, бірнешеуі бірігіп топ құрайды. 10-отряд. КИТ ТӘРІЗДІЛЕР (СЕТАСЕА) Кит тәрізділердің барлық тіршілігі суда өтеді. Бір себептен судан шығып қалса, өздігінен қайтадан суға түсе алмайды. Бұ-лардың денесі ұзын, басы үлкен болады. Мойын бөлімін денесінен айыруға болмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Жамбас белдеуінен омыртқа жотасына бекімеген, бос жататын екі рудименггі сүйек сақталған. Денесінде түгі болмайды, тек қана басында бірен-саран түгі болады. Терісінде тер және май бездері болмайды. Бір пар сүт безі болады. Емшегінің ұшы шап маңында болатын қалта сияқты қуысқа ашылады. Емшегінің ұшының мұндай қалталардың түбінде болуы, балаларын емізгенде сүттің сумен араласып кетпеуін қамтамасыз етеді. Тері астындағы май қабаты өте жақсы жетілген, ірі түрле-рінде бұл қабатының қалыңдығы 50 см-ге жетеді. Май денесін салқы ЧТО ПРОИСХОДИТ ВО ВЗРОСЛОЙ ЖИЗНИ? Если вы все еще «неправильно» связаны с матерью, вы избегаете отделения и независимого взрослого существования... Что делать, если нет взаимности? А теперь спустимся с небес на землю. Приземлились? Продолжаем разговор... Что делает отдел по эксплуатации и сопровождению ИС? Отвечает за сохранность данных (расписания копирования, копирование и пр.)... ЧТО И КАК ПИСАЛИ О МОДЕ В ЖУРНАЛАХ НАЧАЛА XX ВЕКА Первый номер журнала «Аполлон» за 1909 г. начинался, по сути, с программного заявления редакции журнала... Не нашли то, что искали? Воспользуйтесь поиском гугл на сайте:
|